«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

«Трансферттік баға белгілеу туралы»

бет10/10
Дата16.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#139772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Трансферттік баға белгілеу туралы»

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV Заңы

2-баб

1-1) тармақша

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...

    1. жоқ;

3) белгіленім кезеңі – мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған қатарынан күнтізбелік отыз күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі;

3-1) жоқ;

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

...

1-1) қолайсыз әлеуметтiк - экономикалық салдарлар – ұлттық мүдделерді іске асыруға бөгет жасайтын немесе оларға қауіп тудыратын, сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қатер келтіретін әлеуметтік және экономикалық салдарлардың жиынтығы;

3) белгіленім кезеңі – мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі;

3-1) белгіленім күні – ресми танылған ақпарат көздерінде жарияланған тауарға (жұмысқа, қызмет көрсетуге) баға белгіленімі бар күн;

«қолайсыз әлеуметтiк - экономикалық салдарлар» деген ұғымды енгізу «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында қолданумен негізделген.
Халықаралық сауда тәжірибесіне сәйкес келтіру мақсатында. Жекелеген тауар позицияларының құнына баға белгілеудің халықаралық жүйесі белгіленім кезеңі ретінде күнтізбелік айды қолданады, бұл ретте жылдың 12 айы ішінде 7 айы 31 күннен тұрады.

31 күннен тұратын айлардың бірінде тауар өткізілген жағдайда «белгіленім кезеңі» деген ұғымның қолданыстағы редакциясын негізге ала отырып, көрсетілген күн саны бар толық күнтізбелік айды пайдалану мүмкін емес.

Халықаралық сауда тәжірибесіне сәйкес келтіру мақсатында.

нарықтық бағалар туралы ақпаратты ақпарат көздері демалыс және мереке күндері, әдетте, жарияламайды, тиісінше «белгіленім күні» деген ұғымды енгізу талап етіледі.

10-баб

10-тармақ

10-бап. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету

...

10. Бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы кезінде салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге мынадай жағдайларда:

...

2-1) Жоқ;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасы және (немесе) баға белгілеу тәртібі (әдістемесі) белгіленген кезде түзету жасалмайды.

Мәміле бағасының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген және (немесе) қалыптастырылған бағадан ауытқуы кезінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осы Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2-1) Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған
алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасы және (немесе) баға белгілеу тәртібі (әдістемесі) белгіленген кезде түзету жасалмайды.

Мәміле бағасының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген және (немесе) қалыптастырылған бағадан ауытқуы кезінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осы Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістерін) белгілеу туралы өтінішті мәмілеге қатысушы ұсынылып отырған бағаның және (немесе) баға белгілеу тәртібінің (әдісінің) экономикалық негіздемесін, жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарлардың туындау қаупін растайтын құжаттарды (есептерді, негіздемелерді) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістерін) белгілеу қажеттігін растайтын негіздемені қоса тиісті қызмет саласының басшылығын жүзеге асыратын уәкілетті органға табыс етеді.

Өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті қызмет саласының басшылығын жүзеге асыратын уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістерін) белгілеудің қисындылығы және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістерін) белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын жолдайды;

2) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістерін) белгілеудің қисынсыздығы және мәмілеге қатысушыға дәлелді бас тартуды жібереді.

...

2011 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

1. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған
алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өндіру және шығару субъектілерінен тазартылған алтынды қабылдау кезінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әрі қарай экспортқа сатып алынған бағадан жоғары бағаға сату барысында салық салу мақсатында табысты түзету және қосымша салықтар, өсімпұл және айыппұл есептеу болмауы үшін 10 тармақты 2-1) тармақшамен толықтыру ұсынылады.

2. Тиісті шешім жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарастыру және жолдау бойынша 3) тармақшаға айқындау енгізіледі.

13-баб

2-тармақ

13-бап. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі

2. Осы Заңның мақсаттары үшін шарт шеңберінде тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) құжаттамалық расталған әрбір берілімі мәміле болып танылады, ал өткізу бағасын нарықтық бағамен салыстыру сатып алушының тіркелген еліне қарамастан тиісті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығында ғана жүзеге асырылады.

Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға меншік құқығының ауысқан күні тауардың өткізілген кезі болып табылады.

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартында белгіленген белгіленім кезеңі ол белгіленген күннен бастап он екі айлық кезең ішінде өзгертуге жатпайды.

Осы Заңның мақсаттары үшін белгіленім кезеңі келісімшарт талаптарына сәйкес мынадай уақыт аралығында айқындалуға тиіс:

мұнай бойынша - тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік бес күннен аспауға және тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік бес күннен аспауға;

мұнайды қоспағанда, биржалық тауарлар бойынша - тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік отыз күннен аспауға және тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік отыз күннен аспауға;

бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлар бойынша - тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік отыз күннен аспауға және тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартында белгіленген белгіленім кезеңі осы бапта белгіленген белгіленім кезеңін айқындау шарттарына сәйкес келмеген жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағалары осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу кезінде қабылданады.

Ұзақ мерзімдік бағасы көрсетілген биржалық емес тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) ұзақ мерзімдік келісімшарттар бойынша нарықтық бағаны айқындау үшін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу кезі, мына шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда, шарттың жасалған кезі болып табылады:

1) шарт бойынша мәмілелердің жасалуы шарт жасалған күннен бастап бір ай ішінде басталады;

2) нарықтық баға ұзақ мерзімдік келісімшарттар үшін осы Заңға сәйкес шарт жасалатын күннің алдындағы соңғы күнге белгіленген, ресми түрде танылған ақпарат көздерінен айқындалады;

3) ұзақ мерзімдік баға бір жылдан артық қолданылмайды және мәмілеге қатысушылар арасындағы түпкі келісімшартпен немесе трейдер, мәмілеге қатысушымен аффилиирленген Қазақстан Республикасының резиденті және тәуелсіз тарап болып табылатын түпкі тұтынушы арасындағы келесі келісімшартпен расталады. Уәкілетті органдардың сұратуы бойынша ұсынылған құжаттар келісімшарттың орындалуының дәлелдемесі болып табылады.

13-бап. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі

2. Осы Заңның мақсаттары үшін шарт шеңберінде тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) құжаттамалық расталған әрбір берілімі мәміле болып танылады, ал өткізу бағасын нарықтық бағамен салыстыру сатып алушының тіркелген еліне қарамастан тиісті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығында ғана жүзеге асырылады.

Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға меншік құқығының ауысқан күні тауардың өткізілген кезі болып табылады.

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартында белгіленген белгіленім кезеңі ол белгіленген күннен бастап он екі айлық кезең ішінде өзгертуге жатпайды.

Осы Заңның мақсаттары үшін белгіленім кезеңі келісімшарт талаптарына сәйкес мынадай уақыт аралығында айқындалуға тиіс:

мұнай бойынша:

1) тауарды теңіз көлігімен өткізген кезде – тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін бес белгіленім күнінен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін бес белгіленім күнінен аспауға;

2) теңіз көлігімен өткізуді қоспағанда, магистральдық құбыр жолымен және өзге көлік түрімен тауар өткізу кезінде, – тауарға меншік құқығы сатып алушыға өткен айдың бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін;

мұнайды қоспағанда, биржалық тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша – тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға;

бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлар бойынша – тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік жүз жиырма күннен аспауға тиіс.

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартында белгіленген белгіленім кезеңі осы бапта белгіленген белгіленім кезеңін айқындау шарттарына сәйкес келмеген жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағалары осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу кезінде қабылданады.

Ұзақ мерзімдік бағасы көрсетілген биржалық емес тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) ұзақ мерзімдік келісімшарттар бойынша нарықтық бағаны айқындау үшін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу кезі, мына шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда, шарттың жасалған кезі болып табылады:

1) шарт бойынша мәмілелердің жасалуы шарт жасалған күннен бастап бір ай ішінде басталады;

2) нарықтық баға ұзақ мерзімдік келісімшарттар үшін осы Заңға сәйкес шарт жасалатын күннің алдындағы соңғы күнге белгіленген, ресми түрде танылған ақпарат көздерінен айқындалады;

3) ұзақ мерзімдік баға бір жылдан артық қолданылмайды және мәмілеге қатысушылар арасындағы түпкі келісімшартпен немесе трейдер, мәмілеге қатысушымен аффилиирленген Қазақстан Республикасының резиденті және тәуелсіз тарап болып табылатын түпкі тұтынушы арасындағы келесі келісімшартпен расталады. Уәкілетті органдардың сұратуы бойынша ұсынылған құжаттар келісімшарттың орындалуының дәлелдемесі болып табылады.

Халықаралық сауда тәжірибесіне сәйкес келтіру мақсатында, бұл мынадай құжаттармен расталады:

1) «CRU Strategies» компаниясының (тең иесі Metal Bulletin) зерттеуі;

2) «Қытай тұтынушыларымен келісімдерде мыс өндірушілер пайдаланатын үлгілік бағалар» атты Metal Bulletin-нің құпия есебі;

3) халықаралық тәжірибеде ұсынылатын белгіленім кезеңдерінің қолданылатынын растайтын «Thomson Reuters», қолданыстағы белгіленім кезеңі бойынша жекелеген бағыттар бойынша келісімшарттар жасасу мүмкін еместігін растайтын «Укртатнафта» ПАО және «Wimar Energy Trading B.V» компанияларының хаттары.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)

Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы»Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңы

12-баптың 1-тармағы

12-бап. Осы бапқа сәйкес тоқтатыла тұру кезеңіне қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктерін айқындай отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 66-бабының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
1. Қосылған құн салығы бойынша декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және мыналар:

...

Бұл ретте, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кеткен сомасын қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.

12-баптың 1-тарматы 2014 жылғы 01.01. бастап ж қолданысқа енгізілсін.

21-бап

21-бап.

21-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде мыналар белгілене отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 280-бабының 4-тармағы 1) тармақшасы 1-13 жолдарының қолданылуы - 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін, 14-18 жолдарының қолданылуы - 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:

Рет
N

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдiк пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

43.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт  750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

60 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 75 теңге/литр

5-1.

3003,3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт 500 теңге/литр

6.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100% спирт 1000 теңге/литр

7.

2208

Коньяк, бренди

100% спирт 250 теңге/ литр

8.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

11.

2203 00

Сыра

26 теңге/литр

12.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра

0 теңге/литр

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:

100% спирт 1200 теңге/литр

7.

2208

Коньяк, бренди

100% спирт 250 теңге/ литр

8.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

11.

2203 00

Сыра

26 теңге/литр

12.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра

0 теңге/литр

2014 жылғы 1 қаңтардан 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін келесі акциздік ставкалар қолданылады:

1.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

3000 теңге/
1000 дана

2.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

3000 теңге/
1000 дана

3.

2402-ден

Сигариллдер

3700 теңге/
1000 дана

4.

2402-ден

Сигаралар

475

теңге/
1дана

5.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

3800

теңге/
килограмм

2015 жылғы 1 қаңтардан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін келесі акциздік ставкалар қолданылады:

1.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

3900 теңге/
1000 дана

2.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

3900 теңге/
1000 дана

3.

2402-ден

Сигариллдер

4800 теңге/
1000 дана

4.

2402-ден

Сигаралар

620

теңге/
1дана

5.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

4900

теңге/
килограмм

2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін келесі акциздік ставкалар қолданылады:

1.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

4680 теңге/
1000 дана

2.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

4680 теңге/
1000 дана

3.

2402-ден

Сигариллдер

5750 теңге/
1000 дана

4.

2402-ден

Сигаралар

750

теңге/
1дана

5.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

5900

теңге/
килограмм

2017 жылғы 1 қаңтардан 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін келесі акциздік ставкалар қолданылады:

1.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

5620 теңге/
1000 дана

2.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

5620 теңге/
1000 дана

3.

2402-ден

Сигариллдер

6900 теңге/
1000 дана

4.

2402-ден

Сигаралар

900

теңге/
1дана

5.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7100

теңге/
килограмм

2018 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін келесі акциздік ставкалар қолданылады:

1.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

6740 теңге/
1000 дана

2.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

6740 теңге/
1000 дана

3.

2402-ден

Сигариллдер

8300 теңге/
1000 дана

4.

2402-ден

Сигаралар

1100

теңге/
1дана

5.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

8500

теңге/
килограмм

2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін келесі акциздік ставкалар қолданылады:

1.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

7760 теңге/
1000 дана

2.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

7760 теңге/
1000 дана

3.

2402-ден

Сигариллдер

9500 теңге/
1000 дана

4.

2402-ден

Сигаралар

1250

теңге/
1дана

5.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

9800

теңге/
килограмм

Мемлекет басшысының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 01-25.30-1 тапсырмасына сәйкес Үкіметке алкоголь өнімдеріне акциз ставкаларын кезең-кезеңімен ұлғайту мерзімін 2020 жылдан 2016 жылға дейін қысқарту тапсырылды.

Сондай-ақ, Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасымен алкоголь өнімдеріне және темекі бұйымдарына акциз ставкаларын кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген.

Түзетулер отандық және импортталған өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди ставкаларын біріктіруге бағытталған, себебі бұл норма КО және БЭК құру қағидаларына, сонымен қатар ДСҰ талаптарына қайшы келеді.

38-бап

38-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 7-тарауының ережелері салық салу жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын дара кәсіпкерлерден басқа, осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаларға қолданылмайды деп белгіленсін.

Алып тасталсын.

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жолғы талон негізіндегі АСР жойылуына байланысты

49-бап

49-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің:

1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі)

...

2012 жылдың 1 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылатын 250-бапты:

«250-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу»

...

5. Осы баптың 5-1 және 6-тармақтарында көрсетілгендерді өткізуден басқа, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төленуге жатады.

49-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің қолданысқа енгізілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің:

 1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексінің

...

2012 жылдың 1 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылатын 250-бапты:

«250-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу»

...

5. Осы баптың 5-1 және 6-тармақтарында көрсетілгендерді өткізуден басқа, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төленуге жатады.

Егер Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар еркін айналыс үшін немесе ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде, осы баптың 9) тармақшасында көрсетілген асыл тұқымды жануарлардың, өлім-жетім, жарамсыздық, жойылу салдарынан осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген табиғи шығын нормалары шегінде жойылуы орын алса, жоғалған асыл-тұқымдық жануарларды.

Отаындық мал шаруашылығын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге және негізгі мал өсімін молайтуды жаңарту және толықтыру кезінде артықшылықтарын қаржы лизингінің қолдануды қолдау пайдалану мүмкіндігін беру мақсатында

49-1 бап

49-1-бап. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:

1) жабдықтар;

2) ауыл шаруашылығы техникасы;3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;

4) тікұшақтар мен ұшақтар;

5) темір жол локомотивтері мен вагондар;

6) теңіз кемелері;

7) қосалқы бөлшектер;

8) пестицидтер (улы химикаттар);

9) асыл тұқымды малдың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.

Жоқ.

Егер Қазақстан Республикасы аумағында бос айналым немесе ішкі қолдану үшін тауарларды шығарған мерзімінен бес жыл ішінде, осы баптың 9) тармақшасында көрсетілген құнарлы жануарларды жоғалту болса, өлу, жарамсыздығы, жою ережесі осы тармақтың екінші бөлігінде табиғи шығын шегінде жоғалған құнарлы жануарларды Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген.

Отындық мал шаруашылығын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржылық лизинг және негізгі мал өсімін молайту басылымдылықты қолдануды қолдау мақсатында

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы»

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңы

Статья 18 пункт 8

18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

...

12. Жоқ.

18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

...

12. Мұнай беруші Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес өндірушіге акциз төлеу бойынша салынған салық міндеттемені орындау көмірсугегі шикізат азық-түлігі бойынша өндіруші қайтарады, егер берушімен өндіруші арасында келісім шартында осындай қайтару қарастырылған болса.

26- бап

1)-тармақша

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң мыналарды:

1) оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 17-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарын және 21-бабының 1-тармағының бірінші бөлігін;

қоспағанда оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

  1. Осы Заң мыналарды:

  1. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 18-баптың 12-тармағын;

1-1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 17-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарын және 21-бабының 1-тармағының бірінші бөлігін;

қоспағанда оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»

2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IVҚазақстан Республикасы Заңы

9-бап

9-бап. Дiни әдебиет және дiни мақсаттағы заттар

1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, дiни бiрлестiктер өздерінің қалауы бойынша діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды сатып алуға және пайдалануға құқылы.

Жоқ

Дiни мақсаттағы заттарға Құдайға сиынуға жөнелтуге, діни әдет-ғұрыптарға және рәсімдерге қажетті бұйымдар мен ерекше, және де діни элементтерді бейнелейтін заттар болып табылады.

«Дiни мақсаттағы заттарға» түсінігін анықтау мақсатында.

Қазақстан Республикасының

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»

2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы

29-бабының 2-тармағы

29-бап. Аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді табыс ету

2. Салық органдарына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнінде есепті осы Заңның 24-бабы 2-4-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдар табыс етпейді.

29-бап. Аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді табыс ету

...

2. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда осы Заңның 24-бабының 2-4-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарға қатысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде мәліметтер көрсетілмейді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 61-V Заңында міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнінде есептеуді емес, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны табыс ету міндеттемелері көзделген.

ҚР Заңының 2-бабы

Жоқ.

2-бап.

Операциялар бойынша (мәмілелер) 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі редакцияда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 237-бабына сәйкес мерзімі болып белгіленеді 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап кезеніне келетін тауар өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау мерзімі 2013 жылғы 31 желтоқсан салық салынатын айналымы датасы болып табылатындығын белгілеу

Операциялар бойынша (мәмілелер) 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін салық салынатын айналымы датасын белгілеу

ҚР Заңының 3-бабы

Жоқ.

3-бап.

2009 жылғы 1 қаңтардан дейін алыс-беріс шикізатынан бензин (авияциялық бензинді қоспағанда) дизельді отын өндірген тұлға үшін мыналарды

1) корпоративтік табыс салығы алыс-беріс шикізатынан өндірілген бензинге, дизельді отын (ауеден басқа) акциз төлеу бойынша салық міндеттемесі орындауы есебінен осындай тұлғаның шотына алуға (алынған) жататын сомасы табыс ретінде қаралмайтын-;

2) алыс-беріс шикізатынан өндірілген (авияциялық бензинді қоспағанда) дизельді отын акциз төлеу бойынша салық міндеттемесі орындау осындай тұлғалардың шотына алуға (алынған) қайтаруға жататын акциз сомманы салуға жатаны айналым – қосылған құн салығы.

2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге қатысты мәселені реттеу мақсатында

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет