«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте


) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру



бет4/10
Дата16.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#139772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру.



«Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Президент Жарлығына сәйкес келтіру



156-баб

1-тармақ

7) тармақша

156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар

1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады:



7) бір мезгiлде мынадай:



эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.





26-1) жоқ;



156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар

1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады:



7) бір мезгiлде мынадай:



дивидендтер төлейтін заңды тұлға 50 пайыздан азын дивидендтер төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.





26-1) табысты төлеу күнінде қолданыстағы және республикалық бюджет туралы заңында бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінде - міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа туылған бала (баларды) асырап алғаны, жүктілігі мен босануы себебінен табысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемнің соммасы шегеріп тастағанда бала (баларды) асырап алған жұмысшыларға еңбек демалысына, жүктілігі мен босануы бойынша еңбек демалысына жұмыс берушінің төленетін шығындар түрінде табыс.

Осы тармақшаның ережесі жұмыс берушінің актісінде, ұжымдық және (немесе) еңбектік келесімшарттың талаптарында көзделген жағдайда қолданылады.

...

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Редакцияны нақтылау.

2013 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Халықты әлеуметтік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістердің себебінен.






166-бап 1-тармағының 3) тармақшасы

166-бап. Салық шегерімдері

1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішіндегі әрбір ай үшін мынадай салық шегерімдері қолданылады:





3) өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;




166-бап. Салық шегерімдері

1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішіндегі әрбір ай үшін мынадай салық шегерімдері қолданылады:

3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында сәйкес өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;



Нақтылаушы түзету



192-баб

1-тармақ


6) тармақша

192-бап. Резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары

6) талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе резидент емеске борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар;



7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;

...



192-бап. Резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары

6) талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе резидент емеске борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар.



Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады.

7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;



Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері талап ету құқығын беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;

...

Нақтылаушы түзету.

Табыстардың ұқсас түрлері үшін СК 91-б. 2) т. белгіленген табыстарды айқындау тәртібіне ұқсас.





236-баб

2-тармақ 4) және 5) тармақшалар



236-бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткізу орны

2. Мынадай орын:

егер жұмыстар, қызмет көрсетулерді жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің орналасқан жері.


4) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметі жүзеге асыратын орны.



Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушы әділет органдарында мемлекеттік (есепке алыну) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.

Егер жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушы резидент емес болып табылса, ал алушы мемлекеттік (есепке алынуы) тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның филиалы немесе өкілдігі болып табылса, онда өткізу орны Қазақстан Республикасы деп танылады.



5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлғаның кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны болып танылады.



Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында мемлекеттік (есепке алыну) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.

...

236-бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткізу орны

2. Мынадай орын:

егер жұмыстар, қызмет көрсетулерді жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің орналасқан жері.

4) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметі жүзеге асыратын орны.



Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушы әділет органдарында есептік тіркеу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.

Егер жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушы резидент емес болып табылса, ал алушы есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның филиалы немесе өкілдігі болып табылса, онда өткізу орны Қазақстан Республикасы деп танылады.

5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлғаның кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны болып танылады.



Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында есептік тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.

...


Нақтылаушы түзету.




237-бап

237-бап. Өткізу бойынша айналым жасау күні

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні:

егер тауар тұрған жерінде берілуге тиіс болса, тауарды шарттың талаптарына сәйкес оның тұрған жерінде сатып алушыға немесе ол айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ол сенім білдірген тұлғаға беру күні;

егер сатушының тауарды сатып алушыға оның тұрған жерінде беру жөніндегі міндеті көзделмесе, тауарды шарт талаптарында айқындалған орында сатып алушыға немесе ол сенім білдірген тұлғаға беру күні болып табылады.

Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні жұмыстар орындау, қызметтер көрсету күні болып табылады.

Бұл ретте қол қойылған:

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн деп танылады.

1-1. Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні бір күннен артық болған кезде оның неғұрлым ертерек күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.

Егер осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні көрсетілмесе, онда осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ресімделген күн жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.

2. Егер тауарды тиеп-жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, өткізу бойынша айналым жасау күні алушыға тауар меншігінің құқығы берілген күн болып табылады.




8. Күнтізбелік жыл ішінде осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар болмаған кезде:

1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннің;

2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнің қайсысы бiрiншi басталса, сол күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді сатып алған жағдайда, қол қойылған:

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.



Егер осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні көрсетілмесе, онда осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ресімделген күн жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні бір күннен артық болған кезде оның неғұрлым ертерек күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.

237-бап. Өткізу бойынша айналым жасау күні

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні:

1) егер тауар тұрған жерінде берілуге тиіс болса, тауарды шарттың талаптарына сәйкес оның тұрған жерінде сатып алушыға немесе ол айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ол сенім білдірген тұлғаға беру күні;

1) егер тауар жеткізушімен сатып алушыға жеткізілуге тиіс болса:

тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, айқындалған жеткізушімен немесе ол сенім білдірген тұлғамен тауарды беру күні;

жеткізушінің көлік құралына тауарды тиеу күні;

2) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделмеген жағдайларда – тауарға меншік құқығын беру күні.

1-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні жұмыстар орындау, қызметтер көрсету күні болып табылады.

Бұл ретте қол қойылған:

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктерді және жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген қол қою күні сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.



Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда бірнеше күн болған кезде соңғы күн қол қою күні болып танылады.

2. Байланыс қызметтерін көрсетуді, коммуналдық қызмет көрсетуді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызмет көрсетуді іске асыру кезінде, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операциялары, қызмет көрсету, жұмыстарды өткізу бойынша айналым жасау күні, қызметтер көрсетіліп жұмыстар орындалған күнтізбелік айдың соңғы күні болып табылады.



8. Төлем алынған (есеп айырысу нысандарына қарамастан) күнтізбелік жыл ішінде осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар болмаған кезде, осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, төлем алынған (есеп айырысу нысандарына қарамастан) жылдың 31 желтоқсаны өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.



Осы тармақтың ережелері алынған төлемді қайтарған жағдайда (есеп айырысу нысандарына қарамастан) қолданылмайды.

9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді сатып алған жағдайда:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктерді және жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген қол қою күні сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.



Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда бірнеше күн болған кезде соңғы күн қол қою күні болып танылады.

Сатып алушыға тауарды беру және жеткізу келісімінде әр түрлі шарттар болған жағдайда өткізу бойынша айналымдар жасалған күнін айқындау бойынша редакцияны нақтылау.

Құжаттарға қол қойған күні бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күнін айқындау мақсатында.

Редакцияны нақтылаушы

Коммуналдық қызмет көрсетудi, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызмет көрсетудi, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын байланыс қызметтерін өткізу бойынша айналым жасау күнін айқындау мақсатында.


2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызмет көрсету, осындай жұмыстарға алдын ала төлем алынған (есеп айырысу нысандарына қарамастан) жағдайларда жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымға салық салуды тану мақсатында.


Резидент еместен құжаттарға қол қойған күні бойынша алынған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күнін айқындау мақсатында.

Нақтылаушы түзету.






238-бап.

238-бап. Салық салынатын айналым мөлшері



7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.



Салық салынатын айналым мөлшеріне бір мезгілде мынадай:

1) тауардың осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, өңдеушіге алыс-беріс негізінде берілген шикі мұнайдан жасалған өңдеу өнімі болып табылуы;



2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, оған алыс-беріс негізінде берілген шикі мұнайдан акцизделетін тауар жасаған тұлғаның акциз сомасын төлеуді жүзеге асыруы талаптары сақталған кезде акциз сомасы енгізілмейді.

10. Қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:



3) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын, қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күндерге келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде айқындалады.





238-бап. Салық салынатын айналым мөлшері



7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.



Алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша қызметтер көрсететін осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетiн тауарларды өндірушінің салық салынатын айналым мөлшерiне алыс-беріс шикізаты өңдеу өнімі болып табылатын, осындай тауарларды берген кезде осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлеуге (төленген) жататын акциз сомасы енгізілмейді.


10. Қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:





3) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - қаржы лизингі шарты бойынша алынған (алынуға жататын) қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күндерге келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде айқындалады.



2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Салық кодексінің 78-бабын сәйкестікке келтіру мақсатында.



244-4-бап

244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу

1. Алтын өндіруді және шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің алтын-валюта активтерін толықтыру үшін өз өндірісі шикізатынан тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

2. Мыналар:

1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт, осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет