«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте


§ 5-1. Ұзақ мерзімді келісімшарттар



бет3/10
Дата16.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#139772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
§ 5-1. Ұзақ мерзімді келісімшарттар




9-тараудан көшіруге байланысты, сондай-ақ келісімшарт бойынша залалдарды есепке алу мүмкіндігін беру мақсатында



Жаңа 130-1-бап

Жоқ.

130-1-бап. Жалпы ережелер

1. Келісімшарт бойынша көзделген өндіру, орнату, құрылыс басталған корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңінің шегінде аяқталмаған өндіруге, орнатуға, құрылысқа арналған келісімшарт (шарт) осы баптың мақсатында ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.

2. Салық кезеңінде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша іс жүзінде келтірілген шығыстардың сомасы осы Кодекстің 100 - 125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады.

3. Ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс салық төлеушінің таңдауы бойынша іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша айқындалады.

Табыстарды айқындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетіледі және келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгертілмейді.

4. Салықтық есепке алу әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жүргізіледі.

9-тараудан көшіруге байланысты, сондай-ақ келісімшарт бойынша залалдарды есепке алу мүмкіндігін беру мақсатында



Жаңа 130-2-бап

Жоқ.




130-2-бап. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша іс жүзіндегі әдісті қолданғанда табысты айқындау тәртібі

1. Іс жүзіндегі әдіс бойынша есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде келтірілген шығыстар сомасынан кем емес табыс деп танылады.

2. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданысы бітетін салық кезеңін басқа, ұзақ мерзімді келісімшарт басталатын салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдерінде салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіпте, бір мезгілде мынадай шарттарды сақтағанда айқындалады:

халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңдегі ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс есепті салық кезеңі үшін осындай келісімшарт бойынша шегерімге жатқызатын сомасы шығыстардың сомасынан асса;



салық кезеңіндеріне салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес алдыңғы салық кезеңіндері үшін осындай келісімшарт бойынша табыстан артса.

3. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайда, салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған) табыстың мына мәндердің ең кеміне кемітілген мөлшерде айқындалады:

салық кезеңдерінде салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс пен халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес алдыңғы салық кезеңіндері үшін осындай келісімшарт бойынша табыс арасындағы оң мән;

халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңдегі ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс есепті салық кезеңі үшін осындай келісімшарт бойынша шегерімге жатқызатын сомасы шығыстардың оң мән.

4. Егер салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшартың қолданыс мерзімі ішінде табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай келісімшарт бойынша табыстан артқан жағдайда, онда ұзақ мерзімді келісімшартың қолданыс мерзімі бітетін салық кезеңінде осындай артуының мөлшерінде осы Кодекстің 132-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес түзету жүргізіледі.

9-тараудан көшіруге байланысты, сондай-ақ келісімшарт бойынша залалдарды есепке алу мүмкіндігін беру мақсатында



Жаңа 130-3-бап

Жоқ.


130-3-бап. Аяқталу әдісі бойынша есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі

1. Есепті салық кезеңінде салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша аяқтау әдісін қолданғанда салық кезеңі мынадай тәртіпте айқындалады:

осы келісімшарт бойынша оның қолданатын барлық кезеңі үшін алуға жататын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстың жалпы сомасы мен алдыңғы салық кезеңі үшін осындай келісімшарттың үлесінің көбейтіндісі

минус

алдыңғы салық кезеңінде салық салу мақсаты үшін осындай келісімшарт бойынша табыс.

2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, келісімшартты атқару үлесі мынадай формулада есептеледі:

А/(А+Б), онда

А – алдыңғы және есепті салық кезеңдері үшін осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар,

Б - ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша салық кезеңдерінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды аяқтау үшін жүргізілуі тиіс ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар мен ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданысы кейінгі салық кезеңдерінде сәйкес шегерімге жататын шығыстар.

3. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданыс мерзімі аяқталатын салық кезеңінде осындай келісімшарттың атқару үлесі бірге тең.

9-тараудан көшіруге байланысты, сондай-ақ келісімшарт бойынша залалдарды есепке алу мүмкіндігін беру мақсатында



132-бап

132-бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету

1. Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:



7) жоқ.




4. Табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.



Жоқ.


132-бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету

1. Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:



7) осы Кодекстің 130-2-бабында көзделген салық кезеңіндеріне салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес алдыңғы салық кезеңіндері үшін осындай келісімшарт бойынша табыстардың артуы.

4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.



Табыстар мен шегерімдерді түзету осы баптың 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданыс мерзімі аяқталатын салық кезеңінде жүргізіледі.

9-тараудан көшіруге байланысты, сондай-ақ келісімшарт бойынша залалдарды есепке алу мүмкіндігін беру мақсатында



133-баб

1-тармақ 5) тармақша, 2-тармақ 1) тармақша

133-бап. Салық салынатын табысты азайту

1. Салық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне:



5) ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық деп танылған жұмыстарды орындауға тиісті салық кезеңдерінде нақты жұмсалған шығыстардың 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақша Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген жұмыстардың нәтижесі енгізілген жағдайда, өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге берген, осындай жұмыстарды жүзеге асыру нәтижесінде алынған өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары болған кезде қолданылады.

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жатқызылатын жұмыстардың тізбесін, Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау тәртібін, сондай-ақ қорытындының нысаны мен оны беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл ретте салық төлеушінің қорғау құжатын алуға арналған шығыстары ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған шығыстар деп танылмайды.





2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:

1) негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;





133-бап. Салық салынатын табысты азайту

1. Салық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне:



5) өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары бар өнеркәсіптік меншік объектілерін құруға байланысты ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалған шығыстар (шығындар), осындай шығыстар (шығындар) сомасын растау туралы ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылған 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.

Бұл тармақшаның ережелері қорғау құжатты мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңінде қолданылады.



2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:

1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;



.Салық төлеушінің салық салынатын табысына шығыс түрлерін салық әкімшілендіруіне орай оңтайлау мақсатында.



135-бап

135-бап. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы бапта көзделген ұйымдардың табыстарына осы бапта белгіленген талаптар сақталған кезде салық салуға жатпайды.




6. Жоқ.

135-бап. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы бапқа сәйкес қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде, осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген, бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.



6. Осы тармақтың ережелерi осы Кодекстiң 135-1-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды.


КТС төлеуден босатылған барлық салық төлеушілердің санаттары үшін бірдей ұстанымды қолдану мақсатында.

Редакцияны нақтылау.





143-баб

2-тармақ




143-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар

....



2. Мыналар:

...

2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық табыстар;



143-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар

....

2. Мыналар:

...

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;



Салық әкімшілендіруін оңтайландыру мақсатында.



147-бап

2-тармақ



147-бап. Салық ставкалары

...

2. Ауыл шаруашылығы өнімін, аква өсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, бал ара шаруашылығы, аква өсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.





147-бап. Салық ставкалары

...

2. Ауыл шаруашылығы өнімін, аква өсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, бал ара шаруашылығы, аква өсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы өнімін, бал ара шаруашылығы, аква өсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндіру бойынша қызметіе жүзеге асыратын, өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізуден алынған, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, бал ара шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші - заңды тұлғаларға берілген бюджеттік субсидиядан алынған мынадай бағыттар бойынша:

агроөнеркәсіптiк кешен субъектілерiне кредит беру және ауыл шаруашылығы техникасымен және құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету кезіндегі проценттік ставкаларды арзандату;

өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстардың және балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;

тұқым шаруашылығын дамыту ;

мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру;



акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;

басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;

отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;



өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;

жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көп жылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);

ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;

ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарған кезде көлік шығыстарына, жұмсалатын шығындардың құнын арзандату арқылы алынған табыстар танылады.


2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



148-баб

2, 3, 4, 5-тармақтары





148-бап. Салық кезеңі

2. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.

Бұл ретте ұйымның әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күні оның құрылған күні болып есептеледі.

3. Егер ұйым күнтізбелік жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.

4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.




5. Жоқ.


148-бап. Салық кезеңі

2. Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.

Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күні оның құрылған күні болып есептеледі.

3. Егер заңды тұлға күнтізбелік жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.

4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылған заңды тұлға осы жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.

5. Егер заңды тұлға қызметін күнтізбелік жылдың ішінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырса, салық кезеңі шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыттың кезеңіне енгізілмейді.


Салық кодексінің 81-бабына сәйкес келтіру.




149-баб

4-тармақ




149-бап. Салық декларациясы

...

4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.


149-бап. Салық декларациясы

...

4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 427-бабы 3 және 4-тармақтарына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Нақтылаушы түзету.

Салық кодексінің 427-1-бабы 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында.




150-баб

4-тармақ


150-бап. Жалпы ережелер

4. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысанда берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.





150-бап. Жалпы ережелер



4. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағы 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысанда берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.



Нақтылаушы түзету.






151-3-баб 1-тармақ

151-3-бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:





11) жоқ.



151-3-бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет