Қазақстан Республикасының кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидасы



бет2/2
Дата12.06.2016
өлшемі310.5 Kb.
#129852
1   2

24. Оқшауланған әскерилендірілген авриялық-құтқару взводының (ОӘАҚВ) немесе әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының (ӘАҚЖ) тізімдік санын есептеу төмендегі формула бойынша жүргізіледі:

Сжт = ΣСвт+ Сшт, мұндағы:

ΣСвт- әскерилендірілген авариялық-құтқару взводтарының, оқшауланған әскерилендірілген авариялық-құтқару взводтарының құрамына кіретін әскерилендірілген авариялық-құтқару пункттерінің, әскерилендірілген авариялық-құтқару жасақтарының қосынды саны,

Сшт - әскерилендірілген авариялық-құтқару взводтарының және әскерилендірілген авариялық-құтқару жасақтарының командалық, техникалық және қызмет көрсету құрамының саны.

Осы санды кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің атқаратын жедел, техникалық және профилактикалық жұмыстарының көлеміне, қазіргі дислокациясына, өнеркәсіп ауданы мен басқа да факторларға байланысты жергілікті филиал басшысы қызмет көрсетілетін ұйым басшылығымен бірге анықтайды.

Оқшауланған әскерилендірілген авариялық-құтқару взводтары мен әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының техникалық және қызмет көрсететін құрамының тізімдік саны 8-кестеде көрсетілген.



8-кесте

Қызметкерлер атауы


ӘАҚЖ үшін

ОӘАҚВ үшін

Командир (директор)

1

-

Командирдің негізгі жұмыс жөніндегі көмекшісі (директордың орынбасары)

1

-

Командирдің профилактикалық жұмыс жөніндегі көмекшісі (директордың орынбасары)

1

-

Командирдің медициналық жұмыс жөніндегі көмекшісі

1

1

Бас (аға) бухгалтер

1

1

Химиялық зертхана меңгерушісі

1

1

Инженер-химик

1

1

Шаруашылық меңгерушісі

1

-

Механик


1

1

Тыныс алу аппаратураларын жөндейтін механик


-

1

Бухгалтер-кассир

1

1

Мемлекеттік сатып алу инженері

1

1

Кадр инспекторы (іс қағаздарын жүргізуші)

1

1

Психолог

1

1

Арнайы автокөліктің жүргізушісі

2

-

Қосымша автокөліктің жүргізушісі

-

1

Қызметтік үй-жайды жуушы (200 шаршы м үй-жайға 1)

1

-

Барлығы:

16

11

Қазақстан Республикасының
кәсіби авариялық-құтқару
қызметтерінің жер қойнауын
пайдаланушыларға қызмет
көрсету қағидасына

5-қосымша



Әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсетуі туралы

шарт жасасу үшін міндетті талаптардың

тізбесі

1. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құрамына жедел, профилактикалық, медициналық, әкімшілік, шаруашылық, оқу және тағы басқа қосалқы қызметтер кіреді.

2. Жедел бөлімдер әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімшелерінен, пункттерден, взводтардан, жасақтардан, филиалдардан тұрады. Бөлімшелерді басқару орталықтандырылған.

3. Зардап шеккендерге көмек көрсете алатын және аварияны жою жөніндегі тапсырмаларды орындай алатын бөлімше кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің алғашқы жедел бірлігі болып саналады. Бөлімше 8-10 респираторщиктен (құтқарушылардан) тұрады, соның ішінде бөлімше командирі мен жедел көлік жүргізушісі бар.

4. Әр взводтағы авариялық-құтқару бөлімшелерінің саны жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау мүмкіндігіне, бөлімшенің, объектілердегі аварияны жою жоспарымен бекітілген күшімен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тәулік бойына дайындығына байланысты анықталады.

5. Авариялық-құтқару жұмыстарын (адамдарды құтқару, авария салдарын жою) жүргізе алатын және оларды ойдағыдай аяғына дейін жеткізе алатын әскерилендірілген авариялық-құтқару взводы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің алғашқы жедел бірлігі болып саналады. ӘАҚВ төрт немесе одан да көп бөлімшелерден құрылады және қызмет көрсетілетен мекемелерде авариялық-құтқару жұмыстарының барлық түрін жүргізеді. Взвод құрамына құтқарушы-сүңгуірлер, құтқарушы-альпинистер бөлімшелері кіруі мүмкін.

6. Взводты басқару взвод командиріне жүктеледі. Взвод құрамында 3-тен көп бөлімше немесе арнайы авариялық-құтқару техникасы мен құрал-жабдықтар болған жағдайда, взвод командирінің жедел-техникалық жұмыстар жөніндегі көмекшісі болады.

7. Қызмет көрсетілетін қауіпті өнеркәсіптік объектілерде табиғи және техногенді сипаттағы авария кезінде өз бетімен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізе алатын бірнеше кәсіби авариялық-құтқару взводтардан (пункттерден) құрылған құрылым әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы болып табылады.

ӘАҚЖ-дағы бөлімшелер саны жұмыс ретіне, жасақ жабдықтарының ішіндегі авариялық-құтқару техникасының ерекшелігіне (криогендік техника, инертті газдың генераторлары және т.б.), сонымен қатар авариялық-құтқару бөлімшелерінің жеке құрамының дайындығына (альпинистер дайындығы, сүңгуірлер дайындығы) байланысты анықталады. ӘАҚЖ басқару жасақ командиріне жүктеледі.

Қажет болған жағдайда ӘАҚЖ құрамына авария арасындағы кезеңде қызмет көрсетілетін кәсіпорындардағы тау-кен өнімдерінің кен атмосфера құрамын тексеру, сонымен қатар авария жою кезінде авариялық сынауға талдау жүргізу қызметін атқаратын шаң-газ талдау зертханасмы кіреді. Жарақаттанғандарға тікелей жұмыс орнында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық қызметтер, реанимациялық-шокқа қарсы топтар (бұдан әрі – РШТ) және көмекші қызметтер (оқу взводы, жөндеу-механикалық шеберханалары (бұдан әрі – ЖМШ), автоқызмет. Саны ара қашықтығына, негізгі бағытына және жұмыс уақытының теңгерімін сақтауға байланысты анықталады. Барлық әскерилендірілген авариялық-құтқару жасақтарына жеке нөмір беріледі.

8. Авария арасындағы құтқарушылардың қалыпты жұмыс уақыты 40 сағаттық жұмыс аптасынан және жер асты жағдайында жұмыс атқарған кезде жұмыс уақыты 30 сағаттық жұмыс аптасынан аспауы керек.

9. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қызметінің ерекшелігіне (кесте бойынша кезекшілік, т.б.) байланысты жұмыс уақытының жиынтықтап есептеу қабылданған. Жиынтықтап есептеу кезінде есеп мерзімі болып, белгіленген жұмыс аптасының орташа ұзақтығы сақталатын, күнтізбелік жыл саналады.

10. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қызметкерінің жұмыс уақытының және кезекшілігінің басталуы болып қызметкердің жұмыс орнына келген немесе кесте бойынша үйінде кезекшілік еткен кезеңі есептеледі, ал жұмыс уақытының немесе кезекшілігінің аяқталуы – жұмыстан және кезекшіліктен толық босаған уақыты.

11. Жұмыс уақыты жиынтықтап есептелетін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің әскерилендірілген құрамында есептеу кезеңіндегі қалыпты жұмыс уақытынан тыс жұмыс артық жұмыс болып есептеледі.

12. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қызметкерінің, кесте бойынша демалыс күні, қызмет көрсетілетін объектілерде аварияның алдын алу жұмыстарын атқаруға (шарт бойынша жұмысқа) жіберілген уақытына қосымша ақы төленеді және қызметкердің жұмыс уақытының теңгерімінде есептелмейді.

13. Жұмыс ауысымының қалыпты ұзақтығы төмендегідей:

4 сағат – респираторда жұмыс істеу;

6 сағат – жер астында респираторды қоспай жұмыс істеу;

8 – сағат жер бетінде жұмыс істеу.

14. Авария салдарын жою және тағы да басқа экстремалдық жағдайлар кезінде, басшылар шешімімен жұмыс ауысымының ұзақтығы жер асты жұмысы барысында ұзартылуы мүмкін. Алайда жалпы жұмыс уақыты мөлшердегі ауысым жұмысының екі есе ұзақтығынан аспауы керек.

15. Авариялық-құтқару және техникалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі есептік кезеңдегі және күнтізбелік жылдағы жұмыс уақыты шектелмейді.

16. Кәсіби авариялық-құтқару қызметінің қолданыстағы нормативтік актілеріне сәйкес белгіленген норма шегінде жоғарғы температура аймағында авариялық-құтқару жұмыстары мен техникалық жұмыстарды атқару уақыты толық жұмыс күні болып саналады.

17. «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына (бұдан әрі– Заң) сәйкес әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушылары мен басқа да қызметкерлерінің еңбекақы мөлшері олар қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауға тиіс. Төлем бойынша тиісті санаттар осы Қағидаға 2-қосымшада келтірілген.

18. Заңға сәйкес әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қызметкерлеріне ай сайын еңбек сіңірген жылдары үшін пайыз көлемінде лауазымдық жалақыларына жұмыс өтіліне байланысты үстеме төленеді.

Еңбек сіңірген жылдарына қосымша пайыздық үстеме алуға құқық беретін құтқарушының жұмыс өтіліне кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарындағы жұмыс уақыты кіреді.

Еңбек сіңірген жылдарына қосымша пайыздық үстеме алуға құқық беретін құтқарушының жұмысы өтіліне сонымен қатар:

әскерилендірілген кен құтқару бөлімдері мен бөлімшелері құрамындағы жұмысы;

атқыламаға қарсы әскерилендірілген құрылымдар, мекемелер құрамындағы жұмысы;

әскерилендірілген газдан құтқару қызметтері, құрылымдары құрамындағы жұмысы;

кәсіби (әскерилендірілген), салалық өрт сөндіру қызметтері құрамындағы жұмысы;

жедел-құтқару құрылымдары, соның ішінде республикалық, облыстық, ведомстволық су-құтқару қызметтері мен бөлімшелері құрамындағы жұмысы;

бірыңғай авиациялық іздеу-құтқару қызметтері құрамындағы жұмысы;

Апаттық медицина орталығындағы жұмысы;

өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы органдары құрамындағы жұмысы;

авариялық-құтқару қызметтері қызмет көрсетуге жататын қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысы;

басқа да төтенше жағдайлар саласындағы мамандандырылған бөлімдер мен бөлімшелер құрамындағы жұмысы кіреді.

Еңбек сіңірген жылдарына қосымша пайыздық үстеме төлеу үшін жұмыс өтіліне сондай-ақ:

Қарулы Күштер және тағы басқа әскери құралымдар қатарындағы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелеріндегі, Ішкі істер министрлігіндегі және басқа да құқық қорғау органдарындағы қызметі уақыты;

кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының жолдамалары бойынша кадрларды дайындау, қайта дайындау және біліктілігін жоғарылату курстарындағы өндірістен қол үзіп оқу уақыты есептеледі.

19. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі келесі қаржы жылына арналып жоспарланған шығындар сметасы ағымдағы жылдың IV тоқсанында, алайда ағымдағы жылдың 30 қарашасынан кешіктірмей жасалады.

20. Әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өздеріне жүктелген міндеттерін атқаруға ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз ету үшін қауіпті өндірістік объектілері бар кәсіпорындар төмендегідей бөлімдерден тұратын қаржы және материалдық қорлар құрады:

кәсіпорынның жанар-жағар майға жұмсайтын шығындары, кәсіпорынды техникалық жарақтандыру үшін алынатын материалдарға, қосалқы бөлшектерді сатып алуға жұмсалатын шығындар, кәсіпорынның ғимараттарына кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізу, кәсіпорынның жеке қазандықтары бар бөлімшелерді жылытуға арналған өз қажеттілігіне жарату үшін сатып алатын отынға жұмсалатын шығын, кәсіпорынның жылыту үшін жұмсалған жылу энергиясы мен ыстық сумен қамтамасыз ету үшін жұмсалған шығындары, кәсіпорынның электр қуатын сатып алуға жұмсайтын шығындары, сумен қамтамасыз ету және канализацияны, өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызмет көрсетудің төлемдері, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізу мен салуға жұмсалатын шығындар кіретін құрылыс сипатындағы жұмыстар мен қызметтер және тағы басқа шығындардан тұратын материалдық шығындар;

іссапар шығындары, соның ішінде жол ақысы, пәтер жалдау, тәуліктік шығынға жұмсалатын қаражат, міндетті төлемдерге сәйкес төленетін салықтарға жұмсалатын шығындар, басқа ұйымдардың қызметтерін өтеуге кеткен шығындар, мұнда стандартизация және метрология орталығының, кәсіпорынды қамтамасыз ететін банк қызметін төлеуге жұмсалатын шығындар, пошта-телеграфтық шығындар кіретін телекоммуникациялар, радиобайланысты қолдануға жұмсалған, байланыс қызметін төлеуге кеткен шығындар, техника мен құрал-жабдықтарды жөндейтін зауыттардың қызметтерін өтеуге кеткен, автотранспорт құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, транспорттық құралдарын техникалық тексеруден өткізуге жұмсалған шығындардан тұратын өзге де шығындар;

негізгі Қағиданың 18-тармағын есепке ала отырып, қызмет көрсетілетін кәсіпорындағы (мекеме, объект) орташа айлық еңбекақы туралы мемлекеттік статистикалық органдар мәліметтері бойынша есептелетін еңбектік төлемақы шығындарын, сонымен қатар авариялық-құтқару қызметтері үшін белгіленген құқықтық және әлеуметтік қорғауға бағытталған шығындар, соның ішінде еңбек демалысына жәрдемақылар;

авариялық-құтқару жарақтатын және тағы басқа негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалатын шығындар;

құтқарушылар мен қосалқы қызмет жұмысшыларын курстық оқытуға жұмсалатын, мәдени-ағарту және сауықтыру шараларын өткізуге жұмсалған, алдын-ала келісілген, жарғылық міндеттерді орындау үшін бөлмелерді жалға алуға жұмсалатын шығындар және т.б.

Қаржы және материалдық ресурстар қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдарға қызмет көрсету шарттарын жасасу кезінде шығыс сметасында анықталады.

21. Жыл ішінде жоспарланбаған жұмыстар атқару кезінде түскен қосымша кіріс шеңберінде нақты шығынның кейбір баптарын көтеруге болады.

22. Филиалдарды ұстауға кететін шығыс сметасын кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің басшысы бекітеді.

23. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 872 қаулысымен бекітілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтері құрылымдары мен кинологиялық1қызметтерді жабдықтау нормасына сәйкес қызмет көрсетілетін мекемелер есебінен құрал-жабдықтармен, аппаратуралармен, штаттық материалдар қорымен және автокөлікпен қамтамасыз етіледі.



Аппаратурамен, құрал-жабдықтармен, материалдар қорымен және автокөлікпен жабдықтау қауіпті өндірістік объектілері бар мекемелерге қызмет көрсету шарттарын жасау кезінде шығыс сметасында анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет