Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелері). Астана: ЕҰу рбб, 2010. 300 б


Сот билігі туралы халықаралық құқық пен Қазақстан заңнамасының арақатынасы



бет9/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.51 Mb.
#21953
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

3.2 Сот билігі туралы халықаралық құқық пен Қазақстан заңнамасының арақатынасы

КСРО құлағаннан кейін жаңа пайда болған нарықтық қатынастар әркімнің өз мүдделерін соттық қорғау құқығы, тәуелсіз, ең алдымен мемлекеттен тәуелсіз және объективті сот талқылауын жүзеге асыратын сот төрелігі механизмін талап етті. Осы мақсатпен барлық ТМД мен Балтық елдерінде 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында соттық құқықтық реформа басталды. Посткеңестік елдердің көпшілігінде соттық құқықық реформаның негізгі бағыттары олар қабылдаған әр түрлі актілерде, заңдарда, Президент жарлықтарында, бағдарламалар мен тұжырымдамаларда бекітілген. Ресей Федерациясында 1991 жылы 24 қазандағы Жоғары Кеңестің Қаулысымен Ресей Кеңестік Социалистік Федерациясындағы сот реформасы туралы Тұжырымдама қабылданды.

1992 жылы 23 сәуірдегі Беларусь Республикасы Жоғары Сотының Қаулысымен Беларусь Республикасындағы соттық құқықтық реформаның Тұжырымдамасы қабылданды.

1995 жылы 19 маусымда Украинада «Украинада құқықтық реформаны жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» Президент Жарлығы қабылданды.

Өзбекстанда тәуелсіздік жылдары құқықтық мемлекет құрудың маңызды бөлігі болып табылатын соттық құқықтық жүйені қалыптастырудың мүлдем жаңа тұжырымдамасы енгізілді.

Қырғызстанда 1997 жылы 6 қаңтардағы «Қырғыз Республикасында сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы» Президент Жарлығына сәйкес соттық құқықтық реформаны жүзеге асыру басталды.

1994 жылы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Біздің ойымызша, халықаралық құқық талаптарына сәйкес келетін және шетелдік тәжірибе жетістіктерін ескерген соттық құқықтық реформаның басталу кезеңін тәуелсіздіктің үшінші жылында арнайы құжаттың қабылдануынан бастап есептеу дұрыс емес. Себебі, соттық реформа негіздері ертерек, еліміздің тәуелсіздігін қалыптастырған құжаттарда, біздің тәуелсіздігімізді жариялаған құжаттарда, 1993 жылғы алғашқы Конституцияда бекітіліп, 1995 жылғы Конституцияда дамытылды. Бұл құжаттар соттық құқықтық реформаны дамытудың негізгі бағыттарын ғана анықтап қойған жоқ, сонымен бірге, жаңа материалдық және іс жүргізушілік нормалардың пайда болуына, тіпті посткеңестік кеңістіктің жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси шындықтарына бейімделген заңдық ойлаудың жаңа типінің қалыптасуына әсер етті.

Осыған байланысты халықаралық құқық нормаларының құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге имплементациялануының екі деңгейін бөліп көрстеуге болады: а) құқықтық реформаның дамуының негізгі бағыттарын анықтаған және б) Қазақстан Республикасында сот билігі туралы қазіргі заңнаманы қалыптастырған:

бірінші деңгей – бұл 1990 жылы 25 қазанда КазКСР Жоғары Кеңесі қабылдаған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияның ережелері;

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңының нормалары;

Қазақстанның бүкіл құқықтық жүйесінің қалыптасуына әсерін тигізген халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларына негізделген 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялар нормалары;

екінші деңгей – сот билігін реформалауға тікелей қатысты ұлттық бағдарламалар, тұжырымдамалар, мазмұны бойынша тиісті халықаралық құқық құжаттарына сай келетін екі Конституция мен тәуелсіздік туралы акті ережелерін дамыту үшін қабылданған нормативтік құқықтық актілер;

Сот төрелігін жүзеге асыруға қатысты халықаралық стандарттарды қамтыған, олардың қағидалары елдің Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасында көрініс тапқан негізгі құжаттар жүйесіне мыналар кіреді:

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы (1945 жылы 26 маусымда қабылданып, 1945 жылы 24 қазанда күшіне енген);

Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы (1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 217А (ІІІ) қарарымен қабылданған);

Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт (1966 жылы 16 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 21 сессиясында қабылданған)

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт (1966 жылы 16 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 21 сессиясында қабылданған)

1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдаған соттардың тәуелсіздігі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі қағидалары;

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын ешқандай бөлусіз сыйлау мен көтермелеудегі халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мен әділдікті сақтау үшін барлық жағдайларды жасауға шешім қабылданды.

Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының ережелерінде заң алдындағы теңдік, кінәсіздік презумпциясы, әркімнің заңға сәйкес құрылған құзіретті, тәуелсіз, әділ сотта әділ және жариялы түрде ісі сотта қаралуға құқығы. Бұл ережелер Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактіде және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пактіде бекітілді, оларда адам құқықтарына, соның ішінде дәлелсіз ұстау негізінде сотталмау құқығына кепілдік беріледі. Пактілерді ратификациялау туралы заң жобалары 2005 жылы 21 маусымда Парламентке келіп түсті, мемлекет басшысы оларды басымдыққа ие деп жариялады.

Сот билігінің біртектес стандарттарының қалыптасуында маңызды рөлді БҰҰ бөліктерінің бірі Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің қызметі атқарады. Бұл орган адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сыйлау мен көтермелеу мақсатында барлығына арналған ұсыныстар беруге, өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша конвенция жобаларын БҰҰ Бас Ассамблеясына енгізу үшін дайындауға, Ұйымда бекітілген ережелерге сәйкес өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша конференциялар шақыруға өкілетті.

Мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің құрылымында көмекші органдар құрылды, солардың ішінде 1950 жылы құрылған Қылмыстылықтың алдын алу және құқықбұзушылармен қатынас бойынша сарапшылар Комитеті бар. 1971 жылы ол Қылмыстылықтың алдын алу және онымен күрес бойынша Комитет деп аталды, ал 1993 жылы Қылмыстылықтың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша Комиссия құрылды. Бұл Комиссия Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеске қылмыстылықпен тиімді күресу мен құқықбұзушыларға неғұрлым ізгі көзқарасқа бағытталған ұсыныстар мен кеңестер ұсынады. Бас Ассамблея бұл органға бес жылда бір рет Қылмыстылықтың алдын алу және құқықбұзушылармен қатынас бойынша БҰҰ Конгресін өткізуді тапсырды. Бұдан басқа бұл Комиссия қылмыстылықтың алдын алу және қылмыстық әділсот бойынша БҰҰ бағдарламаларын іске асырылуын бақылайды, аймақтық институттардың шараларын үйлестіруге көмектеседі.

БҰҰ Конгрестері қылмыстылықтың алдын алу және қылмыстық әділсот бойынша халықаралық ережелер, стандарттар дайындауда маңызды рөл атқарады.

1985 жылы 26 тамыз бен 6 қыркүйегі аралығында Миланда өткен қылмыстылықтың алдын алу және құқықбұзушылармен қатынас бойынша БҰҰ Жетінші Конгресі «Сот органдарының тәуелсіздігіне қатысты негізгі қағидаларды» (ары қарай Негізгі қағидалар – А.Е.) қабылдады. Және әр елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайы мен дәстүрін ескере отырып, ұлттық, аймақтық, аймақаралық деңгейде шараларды қабылдап, жүзеге асыру үшін оларды қолдануға кеңес берді.

Негізгі қағидаларда, соның ішінде «Сот органдарының тәуелсіздігі» атты тарауда сот органдарының тәуелсіздігіне мемлекет кепілдік беретіні және ол ел конституциясында немесе заңдарында бекітілетіндігі айтылған. Барлық мемлекеттік және басқа да мекемелер сот органдарының тәуелсіздігін сыйлауы қажет. Сот органдары өздеріне берілген істерді әділ, фактілер мен заңдар негізінде, ешқандай шектеусіз, заңсыз әсерсіз, мәжбүрлеусіз, күш көрсетусіз, тікелей немесе жанама және себепсіз араласусыз шешеді.

Негізгі қағидалар сот төрелігін асыру процесіне заңсыз, санкцияланбаған араласуға, соттар шығарған шешімдерді заңсыз қайта қарауға тыйым салады. Бірақ бұл қағида заңға сәйкес сот шешімдерін қайта қарауға, сот органдары шығарған үкімдерді жеңілдетуге кедергі келтірмеуі тиіс.

Негізгі қағидалар биліктің қалған тармақтарынан сот органдарының өздерінің функцияларын тиісті жүзеге асыруына жағдай жасайтын қажетті құралдарды беруді талап етеді.

Судьяларға өз мүдделерін қорғау үшін, кәсіби дайындығын арттыру үшін және соттық тәуелсіздікті сақтау үшін соттар ассоциациясын немесе басқа да ұйымдар құруға, оларға мүше болуға құқық берілді.

Негізгі қағидалардың мына ережесі маңызды сияқты: «Сот органдары сот сипатындағы барлық сұрақтар бойынша құзіретке ие және өздеріне берілген істің өз құзіретіне жататындығын шешудің айрықша құқығына ие». Бұл барлық деңгейдегі соттардың құзіретіне лауазымдарына қарамастан осы мемлекеттің барлық азаматтарына қатысты істерді, шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысқан істерді енгізу мүмкіндігін, сондай –ақ, республика таныған халықаралық шарттар мен халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормаларын және қағидаларын қолдану мүмкіндігін қарастырады.

Бұған қатысты Қ.Х.Халиков өте дұрыс жазған: «соттар өздеріне берілген бөлікте (аудан, қала, облыс) өз құзіретінің шегінде биліктің тікелей өкілі болып табылады. Бұл маңызды ережені бүкіл қазақстандық сот өндірісінің теориялық негізі ретінде мойындау және іс жүзінде жүзеге асыру өте қажет. Соттардың мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны олардың барлық басқа билік органдарынан тәуелсіздігімен және тек қана заңға бағынатындығымен анықталады. Осы конституциялық ереженің өзі ғана сот жүйесінің кез келген деңгейіндегі, сот билігін жүзеге асыратын сотты биліктің жоғары органының тікелей өкілі ретінде тануға жеткілікті»/27/.

Негізгі қағидалар мүше мемлекеттерге сот органдарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен нығайтуға қатысты міндеттерді шешуге көмектесу үшін қабылданды. Қағидалар негізінен кәсіби судьялар үшін қабылданған, бірақ қажет болған жағдайларда кәсіби емес судьяларға да, біздің жағдайымызда билер мен алқа билерге де тең қолданылады.

Негізгі қағидалар сот лауазымына алынған тұлғалардан ең алдымен «жоғары моральдық қасиеттер мен қабілеттер және де құқық саласында тиісті дайындық пен біліктілікке ие болуды» талап етеді. Соттардың лауазымы бойынша өрлеуі де объективтік факторлар, соның ішінде қабілеті, моральдық қасиеті және тәжірибесі негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Судьялыққа үміткерлердің моральдық қасиеттері туралы Қазақстан Республикасы судьяларының ІV съезінде (Астана қаласы, 2005 жыл 3 маусым. ) Мемлекет басшысы да айтқан: «...соттардың өнегелілік және этикалық бейнесіне талапты күшейту қажет. Сот болып қызмет атқару шенеуік, әсіресе заңгер карьерасының жоғары шегі, сондықтан біздің мемлекетімізде соттардың мәртебесінің осындай қағидасын бекітуіміз қажет»/28/.

Қылмыстылықтың алдын алу және құқықбұзушылармен қатынас бойынша БҰҰ Жетінші Конгресі осы қағидалар туралы түсінік пен ұлттық соттардағы істердің фактілі жағдайының арасында сәйкеспеушіліктер жиі болатынын айтты. Сондықтан халықаралық қауымдастық Негізгі қағидаларды бекіткен соң да бірнеше рет сот билігі саласында басқа құжаттарды дайындап, талқылауға жүгінді. Соның ішінде, 1989 жылы 24 мамырда Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 1989/60 қарарымен «Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаларын жүзеге асырудың процедурасы» қабылданды. Бұған сәйкес барлық мүше мемлекеттер өздерінің сот жүйелерінде конституциялық процесі мен мемлекетішілік тәжірибеге сәйкес сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаларын қабылдап, жүзеге асырады. Негізгі қағидалар барлық соттарға, тиісті жағдайларда кәсіби заңгер емес соттарға қатысты да қолданылады.

Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 1989/60 қарарының V бөліміне сәйкес мүше мемлекеттер 1988 жылдан бастап, әр бес жыл сайын Бас Хатшыға Негізгі қағидаларды жүзеге асыру барысы туралы ақпарат береді. Соның ішінде, қағидалардың таратылуы, ұлттық заңнамаға енгізілуі, ұлттық деңгейде оларды жүзеге асыру кезінде туындаған проблемалар мен қиындықтар, халықаралық қауымдастық тарапынан қажет көмектер туралы ақпарат берілуі тиіс.

Қылмыстылықтың алдын алу және онымен күрес бойынша Комитет Бас Ассамблеяға және Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеске негізгі қағидаларды жүзеге асырудың осы процедурасын орындаумен байланысты қызметті жүргізуге, соның ішінде мерзімді баяндамаларды ұсынуға көмектеседі. Осы мақсатпен Комитет Негізгі қағидаларды жүзеге асырумен байланысты қиындықтар мен кемшіліктерді, олардың себептерін анықтайды. Қажет болған жағдайларда Комитет Ассамблеяға және Кеңеске және адам құқықтары мәселесімен айналысатын БҰҰ кез келген тиісті органына Негізгі қағидаларды тиімді жүзеге асыру үшін қажет кейінгі шараларға қатысты ұсыныстар бере алады.

Біздің жас егеменді мемлекетіміз егеменділікті бекіткен алғашқы құжаттарда-ақ өзінің халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидаларын ұстанатындығын жариялады. 1993 жылғы Конституцияның «Конституциялық құрылым негіздері» атты І бөлімінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидасы жарияланды. Қазақстан Республикасында ең жоғары құндылық болып адам, оның өмірі, бостандығы және ажырымас құқықтары танылатындығы және республика өз қызметін азамат пен қоғамның мүддесі үшін атқаратындығы айтылды.

Бірақ 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы сот билігі туралы халықаралық құқықтың барлық дерлік ережелерін қамтығанымен, іс жүзінде сот реформасы тым ақырын жүріп жатты және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Бұл сол кездегі экономикалық қиындықтармен байланысты болды, себебі кез келген жаңа мемлекеттік құрылыс, соның ішінде сот билігіндегі құрылыс көп мөлшерде қаржылық шығындарды қажет етеді. Енді бір себеп, сол кездегі Қазақстандағы сот билігі біртұтас болған жоқ, ол Конституциялық Сотқа, Жоғары Сотқа, Жоғары арбитраждық сотқа және төменгі соттарға тиесілі болды. Ал Қазақстанның саяси, экономикалық және құқықтық қалыптасуының күрделілігі барлық күшті мемлекет дамуының басым бағыттарына, соның ішінде сот төрелігіне аударуды талап етті. Сондықтан бұл Конституция өтпелі Негізгі Заң рөлін атқарды және бұл оның жағымды тарихи мәнін мүлдем жоғалтпайды.

1994 жылы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы негізінен сол кезде қолданыста болған 1993 жылғы Конституция мен халықаралық құқық нормаларына негізделді. Осы құжаттарға сәйкес Бағдарламада адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру шешімі жарияланды және «заңдық жүйені идеологиялық және саяси ұрандарды жамылған кеңестік тоталитаризмнен қалған ақаулардан, социалистік құқықтың, соттың және құқық қорғау органдарының репрессивтік сипатынан тазалауды» міндеті қойылды.

Жаңа іс жүргізушілік заңнама адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиісті халықаралық актілерін ескере отырып, құқық қорғау органдарының назарын іс жүргізудің жарыспалылығы, ар ождан мен намысты сыйлау, кінәсіздік презумпциясы, сот төрелігінің кез келген сатысында кәсіби заңи көмек пен қорғануға құқық қағидаларын қамтамасыз етуге аударуы, сонымен қатар сот төрелігін іс жүргізудің шектен тыс формальдылығынан айырып, тиімділігін арттыруы тиіс болды.

Сонымен бірге, сот төрелігін айыптау функцияларының элементтерінен айыру, сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексерудің апелляциялық тәртібін енгізу міндеттері шешілді. Сот жүйесінің тиімділігін арттыру және соттардың тәуелсіздігін, кәсіпқойлығын, мамандандырылуын толық қамтамасыз ету мақсатында соттар ұйымдасып нығайтылды және оларды жалпы және арбитраждық және тағы басқаларға бөлуден бас тартылды.

Нәтижесінде 1994 жылдан бастап сот реформасы барысында елде кәсіби сот төрелігінің біртұтас құрылымы құрылды, ол Жоғары Сот пен жергілікті соттарды қамтыды. Судьялардың ауыстырылмайтындығы қағидасы бекітілді және соттар корпусының материалдық жағдайы жақсара бастады. Д-р Рольф Книпер айтқандай, Қазақстанда 2001 жылы 1 қаңтардағы редакциямен «Соттар мен судьялардың құқықтық мәртебесі туралы» Заңының жасалуымен соттық құқықтық реформа бір нәтижеге жетті. Яғни, біртұтас сот өндірісі құрылды және ескі мемлекеттік арбитраждық соттар жойылды, сот жүйесінің аясында палаталар бойынша мамандандырылуы қалыптасты. Бұл жеткілікті мөлшерде прогрессивті реформа, тіпті бұдан Ресей Федерация мен Германия да үлгі алуына болады /29/.

Құқықтық реформа аясында қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жүрді. Осы мақсаттар үшін 2002 жылы 21 желтоқсанда қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару кодекстеріне өзгертулер мен толықтырулар туралы Заң қабылданды. Заң кейбір пайдақорлық қылмыстарды орташа дәрежедегі қылмыстар санатына көшірді және бұл соттарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды кең қолдануға мүмкіндік берді. Жеңіл дәрежедегі қылмыстардың барлығына және орташа дәрежедегі қылмыстардың көпшілігіне бас бостандығын шектеу жазасын тағайындау мүмкіндігі берілді. Қылмыстық қудалауды тоқтату негіздерін кеңейтіп, оған айыпталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты сияқты негіздерді қосты. Бір сөзбен, соттық реформаны жүзеге асыру бөлігінде көптеген шаралар іске асырылды және көптеген халықаралық ұйымдар мен тәуелсіз сарапшылар тарапынан оң бағаланды /30/. Қылмыстық ізгілендіру саясатына ұстанып, соттар да жаза ретінде бас бостандығынан айыруды аз қолдана бастады. Бас бостандығынан айырылғандардың үлесі 2000 жылғы 51 пайыздан өткен жылы 45 пайызға төмендеді ( 2000 ж.- 50,8%, 2001 ж.- 47,2%, 2004 ж. – 45,4%). Соған қарамастан бұл жаза түрін ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандарға қолдану тәжірибесі күшейтілді. Бүгінгі күні мұндай қымыс жасағандардың үштен екісі бас бостандығынан айыруға сотталады (2000ж. – 64,9%, 2001 ж. – 59,2%, 2004 ж. – 73,1%). Ақтау үкімі шығарылғандар саны екі есеге артты (2000 ж. - 201, 2001 ж. - 199 адам, 2004 ж. - 348 адам), бұл соттың азаматтардың құқықтарын нақты қорғаудың институты ретінде бекітілгенін куәландырады. Жылына соттар орташа есеппен екі жүзден астам адамды ақтайды /31/. Заңнаманы ізгілендірумен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға қатаң жаза қолдану, ал алғашқы рет жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандар тұлғаларға ізгілік танытудың дифференцияланған жолдары қарастырылуда. Соның нәтижесінде бас бостандығынан айыруға сотталғандар үлесі 2000 жылы 34 мың болса, 2004 жылы 19 мыңға төмендеді деді Қ.А.Мәми. Түрме зерттеулеріХалықаралық Орталығының мәліметтері бойынша 100 мың адамға шаққанда түрмеде отырғандар саны бойынша 2000 жылы біздің республикамыз әлемде төртінші орыннан он екінші орынға жылжыды/32/. Мұны әлемдік қауымдастық қолдауда.

Сот билігі саласындағы ұлттық заңнаманың қалыптасуына еуропа құқығы да әсер етеді. Посткеңестік республикалар ішінен үш прибалтика, үш кавказ республикалары, Молдова, Ресей және Украина Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа Конвенциясының қатысушысы болып табылады. Олар Конвенция ережелеріне сәйкес Адам құқықтары бойынша Еуропалық Соттың арыздарды қарайтын юрисдикциясын мойындады.

Қазақстан жоғары да аталған мемлекеттер сияқты Еуропалық Одаққа да, Еуропа Кеңесіне де кірмейтініне қарамастан, 1992 жылдан ЕҚЫҰ (құрлықтық Еуропаның, Кавказ, Орта Азия мен Солтүстік Американың 50-ден астам мемлекетін біріктіретін) мүшесі және оның осы беделді ұйымға төраға болуы туралы келіссөздер жүріліп жатыр. Еуропа елдерінің лидерлері бұл мәселені оң шешудегі талап ретінде ең алдымен адам құқықтары саласындағы ұлттық заңнаманы еуропа елдері мойындаған стандарттарға сәйкестендіруді қоюда.

Осы жерден қазақстандық заңнамаға Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа Конвенциясы (Рим, 1950 жыл 4 қараша) сияқты құжаттардың нормаларын ескеру талабы қойылады (ары қарай -АҚЕК-А.Е.).

АҚЕК қатысушылары өз юрисдикциясына жататын кез келген адамға құқықтары мен бостандықтарын, өмір сүруге құқығын, қинауға тыйым салуды, құлдыққа және мәжбүрлі еңбекке тыйым салуды, бостандық пен жеке басының тиіспеушілігіне, әділ сот талқылауына құқықты, тек заң негізінде жазалауды және т.б. қамтамасыз етуге келісті. «Әділ сот талқылауына құқық» деген 6 бапта мынадай маңызды норма берілген: «кез келген адам заң негізінде құрылған, тәуелсіз және әділ сотта ақылға қонымды мерзім ішінде әділ және жариялы сот талқылауына құқылы».

Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропа Конвенциясында «қылмыстық істі жасады деп күдік келтірілген әр адам заң тәртібімен оның кінәлілігі дәлелденбегенше, кінәлі болып саналмайды» делінген негізгі ереже бекітілді. Сонымен қоса, осы Конвенция қылмыстық іс жасады деп жауапқа тартылған әр адамның құқықтарын нақтылады: өзіне түсінікті тілде өзінің не үшін айыпталғандығын білуге; өзін қорғалуға дайындалу үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіншілікке ие болуға; өзін өзі қорғауға немесе адвокат көмегіне жүгінуге; адвокат жалдауға мүмкіндігі, қаржысы болмаса, сот төрелігі талап еткен жағдайда тегін қорғаушы көмегін алуға; өзіне қарсы айғақ беріп жатқан куәлардан жауап алуға немесе осы куәлардан жауап алынуына құқылы, осылармен бірдей жағдайда мұның пайдасына куәлік беретін куәларды шақыру және олардан жауап алуға құқылы; егер ол сот ісі жүргізіліп жатқан тілді білмесе немесе осы тілде сөйлемесе, аудармашының тегін көмегіне құқылы.

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституцияның VII тараудың 75 бабында халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормасын бекітіліп, «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана соттар атқарады» жазылды. 1993 жылғы Конституцияға қарағанда біртұтас сот жүйесі қарастырылған: Республика соттары болып заңға сәйкес құрылған Республиканың Жоғары Соты мен жергілікті соттары табылады. Басқа ешқандай, соның ішінде арнайы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.

1995 жылы 20 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының соттары және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығының 4 бабы бойынша Республика сот жүйесінің бiрлiгi:

1) сот төрелiгiнің конституциялық принциптерiмен;

2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;

3) соттардың қолданыстағы құқықты қолдануымен;

4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;

5) заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;

6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.

Жаңалық болған және кейін 1997-жылы конституциялық бекітілген ереже «заңда көзделген жағдайларда» алқа билерінің қатысуымен қылмыстық сот өндірісін жүргізу болды.

Конституция сот билігінің басқа билік тармақтарынан тәуелсіздігіне жетудің басты шартын бекітті, яғни, 80-бап бойынша соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Конституцияның бұл ережесі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңда одан ары дамытылып, нақтыланды.

«Судьялардың мәртебесі туралы» Заң туралы Еуропалық Хартияны Еуропалық Кеңес 1998 жылы 10 шілдеде Лиссабонда (Португалия) қабылдаған (ары қарай «Судьялардың мәртебесі туралы» Хартия – А.Е.), мәтінде берілген ережеге сәйкес «барлық еуропалық мемлекеттерге арналған ресми құжат» болып табылады. Бұл құжат демократиялық мемлекеттерде құқықтың үстемдігін және тұлғаның еркіндігін қорғау үшін қажетті соттардың тәуелсіздігінің дамуына ықпал жасауға арналған, сонымен бірге негізгі міндеті – тек еуропа мемлекеттеріне ұсыныс беруші заңнамалық акт ретінде емес, басқа да өздерінің сот билігі туралы заңнамасын еуропалық заңнамамен үйлестіру қажет деп шешкен мемлекеттер үшін де кеңес береді. Сондықтан, бұл құжат Қазақстан үшін маңызды.

Кез келген соттарды таңдауға, қызметке тағайындауға, қызметтегі көтерілуге немесе сот лауазымында болудың аяқталуына байланысты шешімдерге қатысты Заң атқарушысы және заң шығару билігіне тәуелсіз органның араласуын қарастырады, ол органның отырыстарына қатысушылардың жартысынан көп бөлігі соттың өте кең өкілдігін кепілдейтін дәл осындай жолмен таңдалынған соттар болып табылады.

«Судьялардың мәртебесі туралы» Хартияда көрсетілгендей соттардың мәртебесі туралы заңның мақсаты біріншіден құзіреттілік, кейін – тәуелсіздікті және әділеттілік, оған сотқа өздерінің құқықтарын қорғау үшін жүгінген әрбір адам заңды түрде арқа сүйейді. Оның ішінде құзіреттілік, кейін – тәуелсіздікті және әділеттілік сенімді бұзуға себеп болатын жағдайлар мен процедуралар болмауы қажет. Осыдан соттардың мәртебесі туралы заңға ең бірінші талап, әрбір еуропалық мемлекеттердегі соттардың мәртебесінің негізгі қағидалары ішкі жоғарғы деңгейлі нормаларда, ал оның ережесі – заңнамалық деңгейдегі нормадан төмен емес бекітілкуі қажет. Жоғары деңгейдегі нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясында мазмұндалған, «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңнамада сот билігінің мәртебесі мен қызметі туралы терең қарастырылған.

«Судьялардың мәртебесі туралы» Хартияда құзіретті сот кадрларын таңдауға ерекше назар аударады, олардың негізгі қасиеті болып қарауына берілген істер бойынша құқықтық мәселелерді тәуелсіз, еркін және басқалармен ақылдаспай бағалау мүмкіндігінің болуы, оларға заңдарды қолдана білуі табылады.

Заң үміткерлерге білімдік біліктілікпен немесе тәжірибенің болуымен байланысты талаптарды, соттық міндеттерді нақты орындау қабілетін қарастырады. Сонымен бірге, соттық міндеттерді тиімді орындау үшін үміткерлерді мемлекеттің есебінен алғашқы оқытуды және ары қарай қайта оқытуды қамтамасыз ету де талап етіледі.

Заңдар соттарға мемлекет есебінен қайта оқуға мүмкіндік беру арқылы олардың өз міндеттерін орындауға қажет кәсіби, сонымен қатар әлуметтік-мәдени эрудицияларын белгілі бір деңгейде ұстап тұруға және кеңейтуге кепілдік беруі тиіс.

Сонымен, сот лауазымына таңдау, тағайындау, қызметте көтеру немесе соттық міндетін тоқтату туралы шешімдерді «Судьялардың мәртебесі туралы» Хартиясының 1.3 тармағына сәйкес атқарушы және заң шығару билігінен тәуелсіз, құрамында жартысынан көбі соттар болатын орган қабылдауы тиіс немесе оның ұсыныстары мен шешімдері берілуі тиіс, немесе құптауы тиіс, немесе қорытынды беруі тиіс.

Осы ережеге сәйкес Қазақстанды Жоғары Сот Кеңесі қызмет атқарады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативті- кеңесші орган болып табылады. Кеңес біршама өкілетті құрамнан тұрады: төрағадан, Конституциялық Кеңестің төрағасынан, Жоғары Сот төрағасынан, Бас прокурордан, Әділет министрінен, Парламент Сенатының екі депутатынан, алты судьядан (Жоғары Соттың екі судьясы, облыстық немесе оған теңестірілген соттардың екі судьясы, аудандық немесе оған теңестірілген соттардың екі судьясы), Кеңес хатшысынан және басқа да Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен тұлғалардан тұрады. Кеңестің негізгі қызметі – соттардың тәуелсіздігі және қолсұқпаушылығына кепілдік береді. Сонымен қатар, Кеңес облыстық соттардың судьясы бос лауазымдарына үміткерлерді тандайды; байқаудын нәтижесінде облыстық соттардың судьясы бос лауазымдарына қызметке бекіту үшін үміткерді Қазақстан Республикасы Президентіне ұсынады; Жоғары Соттың төрағасы ұсынысымен облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос лауазымына үміткерлікті қарастырады; облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос лауазымына қызметке бекіту үшін үміткерді Қазақстан Республикасы Президентіне ұсынады; Жоғары Соттың төрағасы ұсынысымен Жоғары сот судьясы мен алқа төрағасының бос лауазымдарына үміткерлікті қарастырады; Жоғары Соттың төрағалық қызметіне үміткерлікті қарастырады, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне Жоғары Соттың төрағасының, алға төрағасының және судьяның бос лауазымына үміткерге кеңес береді; Жоғары Сот төрағасын, Жоғары Соттың судьясы және алқа төрағаларын, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын, алқа төрағалары мен судьяларын отставка, отставканы тоқтату нысанында, өз еркімен, медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайларына байланысты, өкілеттік мерзімі бітуіне байланысты қызметтерінен босату сұрақтарын қарастырады; Жоғары Соттың судьясы мен алқа төрағаларын, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын, алқа төрағалары мен судьяларын сот таратылуына байланысты, егер судья (төраға) басқа соттағы бос орынға баруға келіспесе, қызметтерінен босату сұрақтарын қарастырады; соттық жүйені және заңнаманы дамыту үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар береді; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің регламентін бекітеді; басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Хартияның 5.2. тармағы қызық көрінеді, онда соттың өзінің міндеттерін атқару кезіндегі шешімі немесе әрекеті заңсыз зардап әкелгені үшін өтемақы төленуге мемлекет кепілдік береді делінген. Заң бойынша соттық міндеттерді атқаруды реттейтін ережелерді өрескел және қатаң бұзушылығы кезінде ғана белгіленген мөлшерден аспайтын көлемде ондай шығындарды өтеуді мемлекет соттан соттық тәртіп бойынша талап етуге құқылы. Тиісті сотқа талап беру «Судьялардың мәртебесі туралы» Хартияның 1.3. тармағында көрсетілгендей органмен келісіліп беріледі.

1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияларда қазақстандық соттардың мәртебесі халықаралық стандарттар деңгейінде бекітілген. 1995 жылғы Конституцияның 77 бабында соттың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігі және тек Конституция мен заңдарға бағынатындығы туралы норма берілген; сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттың қызметіне кез келген араласуға тыйым салынған. Конституцияның 79 бабына сәйкес Республиканың Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз судьялар қамалмайды, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік мәжбүрлеу шараларына тартылмайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды және т.б. Судьялардың мәртебесі 2000 жылы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңда бекітілді. Заңның тиісті бөлімі 32 баптан тұрады, ол жердегі 23-бапты ерекше атауға болады, онда былай делінген: «Қазақстан Республикасының барлық судьялары бірдей мәртебеге ие болады және олар өкілеттіліктерімен ғана ерекшеленеді». Заңда сот мәртебесінің құрамдас бөліктері, мысалы, соттардың өзгертілмейтіндігі, соттың тәуелсіздігі және тәуелсіздігіне кепілдіктер, сот лауазымына үміткерлер мен судьяларға талаптар, үміткерлерді сот лауазымына таңдаудан бастап қызметінен босатуға дейін және өкіметтілігінің тоқтатылуына дейін; үй жеңілдіктерінен бастап жерлеуге қатысты шығындарды өтеуге дейінгі барлық сот қызметтері анықталған, яғни Қазақстанда мемлекет соттың сапалы жұмыс жасауына барлық жағдайды жасайды. 2001 жылы Судьялардың халықаралық ассоциациясы (СХА) оргкомитетінің 47 отырысында Қазақстан Республикасының судьялар Одағы оның штаттық емес мүшесі болып қабылданды. СХА 1953 жылы Зальцбургте (Австрия) кәсіби, саяси емес, халықаралық ұйым ретінде құрылған. Ассоциацияға 5 құрлықтың судьяларының 70 ұлттық бірлестіктер мен өкілді топтары кіреді. Ассоциацияның негізгі мақсаты – соттық институт қызмет етуінің бөлінбейтін бөлігі ретінде соттық биліктің тәуелсіздігін қорғау және адамның бостандығы мен құқықтарына кепілдік беру. Ұйым 65 судьялардың ұлттық ассоциациясын біріктіреді. СХА Орталық Кеңесі өзінің құрамында әр ұлттық ассоциацияның екі өкілі бар кеңесуші орган болып табылады. Сонымен қатар СХА БҰҰ және Еуропа Кеңесінде кеңес беруші мәртебесі бар. Ассоциацияның сот төрелігі мәселелері бойынша жаһандық жобалары БҰҰ шараларының бағдарламасына енгізілген және оның тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. СХА-ға ену қазақстандық судьяларға кәсіби халықаралық корпорацияға интеграциялануға, шетелдік әріптестерімен бірігіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

1999 жылы 17 қазанда СХА Орталық Кеңесі сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне толығымен арналған Судьялардың жалпыға бірдей Хартиясын (ары қарай – Хартия – А.Е.) қабылдады. Хартияда сот билігінің басқа мемлекеттік биліктермен өзара қатынасындағы ерекше мәртебесі 14 бапта көрсетілген, яғни мемлекеттік биліктің басқа тармақтары сот билігін өзінің қызметін адекватты атқаруына қажет құралдармен қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар сот билігі олардан тәуелсіз болуы тиіс. Біріншіден бұл «соттың тәуелсіздігі заңға сәйкес сот төрелігін әділ атқару үшін міндетті болады, ол бөлінбейді. Биліктің барлық институттары және органдары, яғни халықаралық және ұлттық органдар бұл тәуелсіздікті қорғауы және сыйлауы тиіс» дегенмен байланысты. Хартияның 2 бабында соттың тәуелсіздігі мемлекеттік биліктік басқа тармақтарынан тәуелсіз сотты құратын және қорғайтын заңмен қамтамасыз етілуі тиіс деген ережені бекітеді және судья әлеуметтік, саяси және экономикалық қысымнан еркін түрде, басқа соттардан және соттар әкімшілігінен тәуелсіз сот билігін жүзеге асыра алатын жағдайда болуы тиіс.

Хартияның «соттық міндеттерді атқару кезінде судья заңға ғана бағынады және заңды ғана басшылыққа алуы тиіс» деген ережесі кейбір түсінік беруді қажет етеді. Бұл соттардың өздерінің қызметінде тек қана заңды емес, сонымен қатар мемлекеттегі бүкіл қолданыстағы құқықты қолданатындығын анықтағанымызбен байланысты. Бірақ Хартиядағы бұл норманың мәтіні тәжірибеде соттың қолданыстағы құқықты қолдануына қайшы келмейді, өйткені сотқа қойылатын бұл талап мемлекеттегі Негізгі заңда көрсетілген. Осыған сәйкес біздің мемлекетіміз «өзін құқықтық деп бекітеді», бұл құқықтық үстемдігі дегенді білдіреді, ал құқық нормалары тек заңда ғана көрсетілмейді.

Хартияда «судьяның жеке автономдығы» деген түсінік енгізілген. Бұл кейбір жағдайлардан басқа, яғни жоғарғы инстанциядағы соттың апелляция бойынша пікірі болмаса кімде-кім болмасын сотқа оның шешіміне әсер ететіна кез-келген бұйрық немесе нұсқау беруіне болмайды дегенді білдіреді.

Соттың тәуелсіздігі тек басқалардың әсерімен қамтамасыз етілмейді, Хартияға сәйкес ол көбіне соттың өзіне де байланысты, яғни өзінің міндеттерін орындауда басқалармен байланыспау және ұстамды болуына міндеттейді; өзінің міндеттерін орындауда сотқа және жалпы процеске қатысушылардың бәріне сыйластықпен және назармен қарау; өзінің міндеттерін құқықтық емес әрекеттерді көрсетпей ұқыпты және тиімді атқару, сонымен қатар соттан тыс кезде өзін сот мәртебесіне сәйкес ұстау; сот мәртебесі мен міндеттеріне сәйкес емес қандай да бір жария немесе жеке, ақылы немесе ақысыз қызметтерді атқармауы тиіс.

Хартияға сәйкес соттың тәуелсіздігіне кепілдіктердің біріне сотты сот лауазымына өмір бойы тағайындау немесе соттың тәуелсіздігіне қауіп әкелмейтіндей кезеңге және шартта тағайындау жатады. Сонымен судья үшін міндетті кез-келген жастық ценз кері күші болмайды.

Қазақстанда 1993 жылғы Конституцияның 100 бабы бойынша Қазақстан Республикасы судьяларының өкілеттік мерзімі 10 жыл деп көрсетілген. Ал 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы соттың лауазымда болу мерзімін халықаралық құқық нормасы сәйкес көрсетті. 79 бапқа сәйкес «соттар тұрақты судьялардан тұрады және олардың тәуелсіздіктері Конституциямен және заңмен қорғалады».

2004 жылы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Конституцияның осы нормасына түсінік берген Қаулы қабылдады. Қаулының негізгі бөлімінде бекітілді, «Негізгі Заңда судьяға оның мәртебесі өмір бойы берілетіндігі туралы ереже жоқ. Конституция нормаларынан судьяның өз қызметінде өмір бойы отырып және өз құзыретін өмір бойы атқаратындығы, сонымен қатар мемлекеттің бұл үшін оған конституциялық-құқықтық кепілдік беретіндігі көрінбейді. Сот лауазымында отыру үшін жоғары жас шегі оның кәсіби қызметінің ерекшелігімен, сот билігінің қызмет ету міндеттері мен қағидаларына байланысты. Ол сот тәуелсіздігінің конституциялық қағидасының шектелуі деп бағаланбайды, өйткені зейнеткерлік жасқа жетуі бойынша қызметтен босатылған судья ары қарай соттық өкілеттік жүзеге асыра алмайды».

Нәтижесінде Конституциялық Кеңес қаулы етті: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 79 бабы 1 тармағындағы норманың «соттар тұрақты судьялардан тұрады…» деген бөлігін былай түсіну қажет: судьялар белгісіз мерзімге мемлекет атынан сот төрелігін жүзеге асыру өкілеттігіне ие, мемлекеттің кәсіби жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Олар судья лауазымына отырған барлық уақытта конституциялық заңдармен және басқа заңдармен қарастырылған тәртіпке сәйкес өкілеттіктері аяқталғанша тұрақты болады».

Судья қызметінің жастық шеңбері аясындағы мәселе үлкен мағынаға ие. Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты К. Ахметов «барлық соттық-құқықтық реформалардың күшін судьялардың жеке басына, сот төрелігінің өнегелілік аспектісін қамтамасыз етуге аудару керек... Судьялар жүргізіліп отырған соттық құқықтық реформаның басты объектісі болуы тиіс. Ал қалған өзгерістер осының төңірегінде болады» деп санайды /34/. Шынында да бұл осылай. Біздің ойымызша, Қазақстан судьялар Одағының төрағасы Б. Тұрғараевтың сот лауазымына бекіту үшін жастық ценз 25 –тен 30-ға көтеру керек деген ойымен келісуі тиіс. Сонымен қатар үміткердің заңтану саласындағы жұмыс өтілімі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Және судьяларға басқа мемлекеттік қызметкерлермен тең деңгейде зейнеткерлікке 63 жаста шығуына құқық берілу керек және соттарға қажетті жұмысқабілетті болған жағдайда 68-ден 70 жасқа дейін еңбектенуіне мүмкіндік берілуі тиіс /35/.

Судья қызметіне оның келісімінсіз сырттан тағайындалатын субъект болмауы тиіс; ол заңға сәйкес негіздер немесе тәртіптік процедура шешімдері болмаса, ауыстырылуы, уақытша шеттетілуі немесе лауазымынан алынбауы тиіс. Жоғары Сот төрағасы Қ.А.Мәмидің хабарлауынша, Қазақстанда 2001 жылы жағымсыз негіздермен екі судья өкілеттігін тоқтатса, 2002 жылы 24 судья, ал 2003 жылы 25 судья осындай негіздермен қызметтен шығарылды. 2004 жылы 80 астам судья лауазымынан босатылуға ұсынылса, олардың үштен бірі судья лауазымына қойылатын талаптарға сай келмегені үшін болды, 11 судья лауазымынан босатылды. 2005 жылы 36 лауазымынан босатылған судьялардың 14-і жағымсыз негіздермен босатылды /36/.

Хартияда бекітілгендей, судьялардың тәуелсіздігі оның нақты экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті еңбек жалақысын алуы тиіс. Бұл еңбекақы судьяның жұмыс нәтижесіне байланысты болмауы керек және оның соттық қызметі кезінде азайтылмауы тиіс. Бұл ережені орындау өтпелі кезеңдегі мемлекеттер үшін оңай емес екенін айтқан жөн. Бірақ Қазақстанда бұл мәселе біртіндеп шешіліп келеді, судьялардың жалақысы тұрақты өсуде.

Судьяның белгілі бір сыртқы араласулардан тәуелсіздігін нығайту және оның тек қолданыстағы құқыққа ғана бағынуы азаматтығына қарамастан әрбір адамды қорғайтын құқықтық мемлекет құрудағы мемлекеттің бірізді саясат жүргізуде екені куәландырады.

Соттық құқықтық реформалар жоспарлы және табысты орындалуда. Бұнда маңызды рөлді Қазақстан Республикасының Президенті атқарды. 1995 жылғы Конституция бойынша қайта сайланған қос палаталы кәсіби Парламент өз жұмысына кіріспеген кезеңде мемлекет басшысы 1995 жылы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының соттары және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлық қабылдады. 2000 жылы Мемлекет басшысы «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Заңның қабылдануына бастамашы болды және ол бізге «сот жүйесі тәуелсіздігін нығайту, сот төрелігін жүзеге асыру және азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарының соттық қорғалу сапасын жоғарлату үшін» қажет екенін көрсетті. «Сот кадрларын атқарушы биліктен бөліп, адамдардың сот инстанцияларындағы бітпейтін кедергілерін азайту қажет. Судьялардың беделін көтеру қажет»/37/. Нәтижесінде мемлекеттік биліктің барлық тармақтары Президенттің бастамасымен Үкімет Парламентке еңгізген «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Заңның дайындалуына қатысты. Заңның негізін Парламент депутаттары жасаған жоба құрайды. Оның мәтіні бойынша Үкімет пен сот билігінің өкілдері жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі тәуелсіздігін күшейту шаралары туралы» Жарлығының нәтижесінде жоғары сот органдары қасында Соттық әкімшілік бойынша Комитет (ары қарай – Комитет – А.Е.) құрылды. Соттардың қызметін қамтамасыз ету жүйесі Әділет министрлігінің құрылымынан Жоғары Сотқа берілді. Бірақ Жарлық Комитеттің Жоғары Соттан автономдығын қарастырған болатын, Комитет төрағасын мемлекет басшысы қызметіне тағайындап, Комитет туралы ережені бекітетін. Жергілікті соттар деңгейінде олардың қызметін қамтамасыз етумен Комитетке бағынатын әкімшілер атқарды. Солай соттар әкімшілік шаруашылық функцияларды атқарудан босатылды және толығымен сот төрелігін жүзеге асыру сұрақтарына көңіл бөлді. Осы Жарлықта Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне әділеттің біліктілік алқасының қызметін қамтамасыз ету функциясын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне беру міндеті қойылды. Осылай әділеттің біліктілік алқасы «толығымен атқарушы билігі жүйесінен алшақтатылды, соның арқасында әділеттің біліктілік алқасы автономды, тәуелсіз мекеме ретінде конституциялық мәртебесін бірізді және толық іске асуы қамтамасыз етілді»/38/.

Мемлекет басшысы 1996-2005 жылдар аралығында 147 заң жобасын тез басымдыққа ие деп жариялады. Оның ішінде «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң, «Алқабилер туралы» заң бар. Бұл республиканың сот жүйесін іс жүзінде мемлекет басшысы қалыптастырғанын көрсетеді. Оған қоса Президент «құқық реформасы бізде артта қалған» деп бірнеше рет ескертті және «соттық құқықтық процедуралардың мөлдірлігін, сот төрелігін жүзеге асырудағы әділдікті қамтамасыз ету мен судьялардың қоғам алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуді... » шешу міндеттерін қойды.

Президент қойған міндеттерді ары қарай дамыта отырып, Жоғары Сот төрағасы Қ.А.Мәми сот жүйесі дамуының басым бағыттарына сот өндірісін жеңілдету; сот шешімдерінің объективтілігін, тұрақтылығын, орындалуын қамтамасыз етуді; азаматтардың құқықтарын қорғауға кепілдікті күшейтуді; әділ сот төрелігіне кепілдік ретінде судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуді; судьялардың біліктілігін көтеруді; сот процесінде адвокат рөлінің күшейтуді; алқабилер сотын енгізудің заңнамалық базасын қабылдауды; сот процедуралардың ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз етуді жатқызды.

Мұның барлығы ұлттық заңнаманы халықаралық қағидалар мен стандарттарына ары қарай сәйкес келтіруге жасалған нақты қадам болып табылады. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі ретінде сот билігін нығайтуды талап етеді. Құзіретті, тәуелсіз, объективті сотты қалыптастыру бүкіл қоғамның стратегиялық міндеті болып табылады. Реформа азаматтардың сөзсіз соттық қорғалуын қарастыратын мемлекеттің құқық қорғаушылық механизмінің күшеюіне; соттық бақылаудың кеңеюіне; қамауға алу санкцияны соттың беруі туралы конституциялық ережені іске асыруға және алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі қарау мүмкіндігіне әкелуіне тиіс /31/.

Соңғы жылдары сот төрелігін іске асыру сапасы мен жеделдігі жақсарды. Бұған Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының төрағасы Қ.А.Мәмидің аудандық соттарда іс қараудың мамандандырылуын енгізу, мамандандырылған экономикалық және әкімшілік соттарды құру туралы ұсынысы көмектесті. Бұл аудандық соттардың судьялардың қызметі жеңілдеді және оларға өз біліктілігін көтеруге мүмкіндік туды. Бір әкімшілік аумақтық бөлініс шегінде тек қана азаматтық немесе қылмыстық істерді қарайтын соттарға бөлу қағидасына сай аудандық соттарды мамандандырылу басталды. Болашақта ювеналдық соттарды құру жоспарлануда. «Қазақстандағы ювеналдық әділет» жобасы Алматы облысының Қарасай ауданында және Алматы қаласында Әуезов аудандарында табысты сыналды.

Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында Алматы қалалық сотының төрағасы М.Т.Әлімбековтің бастамасымен көмекші лауазымы ашылды. Ол істі сотқа дейін дайындаумен айналысады және сотта істің талқылануы басталғанға дейін судья екі тараппен кездеспейді. Судья сот талқылауына дейін тараптармен кездесуден босатылған және бұл .

Сот кадрларымен жұмысқа мемлекет назары мен ерекше қамқоры бола бермек. Соңғы төрт жылда сот корпусының саны үш еседен аса көбейді. Қазіргі таңда еліміз соттары корпусының жартысын екі жылдан кем жұмыс стажы бар жас судьялар құрайды (2003-2004 жылдары жергілікті соттарға 608 судья қайта тағайындалды). Республикада судьялардың біліктілігін көтеруді қамтамасыз ететін және осы жоғары және жауапты қызметке үміткерлерді оқытатын Сот академиясы (магистратурасы бар) құрылды. Тек 2004 жылы осында жергілікті соттардың 394 судьясы, сот әкімшілігі Комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің 144 қызметкері қайта дайындықтан және оқудан өтті.

Қазақстанның практикадағы заңгерлері өздерінің біліктілігін көтеруді міндет етіп және ол үшін мүмкіндікке ие болу керек. Бұндай біліктілікті көтеру бойынша құқықтар мен міндеттер әлемде бар. Құқық қоғамдық қатынастарға сай өзгеріп отыратын болғандықтан бұл қажет. Қазақстанда бұл қажеттілік ушығып кеткен. Себебі қысқа уақыт ішінде көптеген іргелі өзгерістер болды және көп мөлшерде жаңа заңдар қабылданды. Әр түрлі өзгерістерді мойындаудың қиынға соғатынын 1990 жылдары Германияның 20% судьясының өз қызметтерін тастап кеткендерінен көруге болады. Себебі Германияда бір ғана жаңа заң қабылданды, ал судьялар осы азаматтық заңды қайтадан оқудан бас тартты.

Қазақстандағы сот реформасының даулы сұрақтарының бірі – тұтқынға алуға соттың санкция беруі. Және бұл Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабының 2-тармағында: «заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ұстауға болады» делінгеніне қарамастан болып отыр.

К.Х.Халиков, тұтқынға алу және қамауға алуға соттың санкциясы мәселелерін талқылай отырып, бұл мәселе әлемнің 110 мемлекетінде соттардың айрықша құзіретінде екенін, тек 17 мемлекетте ғана прокуратура тұтқынға алуға санкция беретінін айтады. Егер Ресей, Әзірбайжан, Украина, Литва, Эстония, Грузия сияқты Достастық мемлекеттерінде бұл сұрақ бойынша мәселелерді шешу жолдары сот құзіретіне жатса, тек Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Белорусь, Қазақстан секілді мемлекеттерде тұтқынға алу туралы санкцияны прокурор береді. Ал Қазақстанда бұған соттың құқығы да болу керек. Әрі қарай ғалым тұтқынға алу – латынның «arrestum» сөзінен cот қаулысы деген мағынаны білдіреді,- деп пайымдайды. Сондықтан тұтқынға алу – соттың ерекше құқықтары /39/.

Біз Х.К.Халиковтың болашақта тұтқынға алу мен қамауға алу санкциясы негізінен сот жүзеге асырады деген ойын қолдаймыз. Бірақ заңда көзделген негіздерде оны прокурор жүзеге асырады.

Сот төрелігін тиімді жүзеге асырылуына сот актілерін орындаумен байланысты сұрақтар маңызды әсерін тигізеді. Олардың орындалмауының негізі себебі қарыздар адамда ақшаның, мүлігінің болмауымен ғана байланысты емес, сонымен қатар бұл жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылмауында да болып отыр. Әрбір үшінші сот актілері орындалмайды. Сол себепті, әсіресе кәсіпкерлік қызмет саласындағы даулар бойынша негізді шағымдар көп кездеседі. Сондықтан Қазақстан Республикасы судьяларының 4 съезінде Н.Ә.Назарбаев сот орындаушыларының жеке институтын құру туралы идеяны ұсынды. Мұндай институт қазіргі таңда кейбір шет елдерде бар.

Қазақстанның сот реформасын ары қарай дамыту, құқық жүйесін жетілдіру мәселелерін шешу сұрақтары ғалымдар мен практиктердің тығыз ынтымақтастығына негізделу керек. Мұндай әріптестік заң жобаларының жоғары сапасын қамтамасыз ете алады.

Б.Ж.Әбдірайымов қабылданған заңдардың жүзеге асырылуы мен сапасының жақсаруына негізгі жол Жоғарғы Соттың Парламентпен бірлесіп арнайы механизм құруы деп санайды. Бұл бір жағынан процеске судьялардың белсенді қатысуларына мүмкіндік береді, екінші жағынан, депутаттар судьялардың бай сот тәжірибесі мен кәсіби дайындығын пайдалана алады. Ұсынылып отырған механизм құрамына Парламент депутаттары, Жоғары Сот, Үкімет және Президент әкімшілігінің өкілдері кіретін бірлескен консультативтік-кеңес беруші орган үлгісінде болмақ. Бұл орган консультативтік-кеңес беруші функцияны атқарады, оның кварталда бір реттен кем емес өтетін отырыстарында кәсіби білім иегерлері өздерінің тәжірибелерімен алмасады, талқылау жүргізеді және судьялардың заңдарды қолдануда кездесетін қиындықтарын зерттейді. Ал егер заң нормаларында кемшіліктер мен қарама қайшылықтар болса, кеңес мүшесі депутаттар Парламентке заң шығару бастамасымен өз ұсыныстарын енгізе алады. Осылай, өкінішке орай заң шығару бастамасы жоқтығынан заң шығару процесінен шығарып тасталған судьялар корпусының зияткерлік әлеуетін біріктіретін, заң базасын жетілдіруге, заң шығару бастамасы үшін ұсыныстарды қалыптастыру мен зерттеуге көмектесетін жедел орган құрылады /40/.

2005 жылы маусымда Қазақстан Республикасы Парламентіне Адам құқықтары туралы Пактілерді ратификациялау туралы заң жобалары енгізілді. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы осы құжаттарға сай келтіріліп қойған. Бірақ Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактіге факультативті Хаттамаға (1966 жылы 16-желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 2200А(XX1) қарарымен қосылу және ратификациялау үшін қабылданып, қол қоюға ашылған), Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактіге өлім жазасын жоюға бағытталған факультативті Хаттамаға (1989 жылы 15-желтоқсанда 82 пленарлық отырыста қабылданған) қосылуға әлі бастама болмады.

Қазақстанда өлім жазасын алып тастау мәселесі толығымен шешілуге келе жатса, Бірінші факультативтік Хаттаманы ратификациялау ісі күрделі болып тұр. Бұл құжат Пакіге қатысқан мемлекеттердің азаматтары құқықтық қорғаныстың ішкі құралдарын бітіргеннен кейін Пактіде бекітілген құқықтарын осы мемлекеттің заңсыз бұзуына шағым беру құқығын қарастырады. Бірінші факультативті Хаттаманы ратификациялау күн тәртібінде тұрған жоқ, мұны біздің еліміз құқықтық дауларды саяси мақсаттарға қолдануға мүмкіндік бермес үшін жасап отырған сияқты.

Адамзат алдында жеке тұлғалар мен жеке мемлекеттерге қатысты нақты шешімдер қабылдауға өкілетті бақылау органдарының шағымдарын қарайтын БҰҰ халықаралық сотын құру міндеті тұр /41, 134б./. Страсбург сотында «Сливенко Латвияға қарсы» деген істі қарауы халықаралық сотқа жүгінудің тиімділігін көрсетті. Бұл сотта сонымен қатар Латвияға қарсы Викуловтар отбасының шағымы, Ресей азаматы А. Михеевтің милициялардың азаптағаны үшін шағымы қаралып жатыр.

Халықаралық ұйымдардың қатысуымен болған саясаттандырылған құқықтық қақтығыстар Қазақстанның жаңа тарихында да болды. Мысалы, 2002 жылы 2- сәуірде Қазақстандағы ЕҚЫҰ орталығы Ғ.Жақияновтың Алматыдағы Франция елшілігінде болуымен, М.Әбілязовтың тұтқындалуына байланысты Қазақстан қоғамындағы алаңдаушылыққа өз өкінішін білдірген пресс-релизін жариялады. Бұған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тез арада өздерінің жауаптарын ұсынды. Оның пресс-релизінде былай жазылған болатын: «Қазақстан ЕҚЫҰ мүшесі ретінде тұрақты жағдай мен берік бейбітшілікті, қауіпсіздікті, әділдікті және ынтымақтастықты қалыптастыруда адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын толық сыйлау, плюралистік демократия мен заңның үстемдігіне негізделген қоғамды дамыту қажетті шарт екеніне сенімді». Осыған байланысты республика өзінің ЕҚЫҰ Қорытынды актісі мен басқа да адам өлшемдері саласындағы құжаттардан туындайтын міндеттемелерін толық орындайтындығын нақтылады. Және М.Әбілязовтың ұсталуы мен Ғ.Жақияновқа қатысты қылмыстық істің қозғалуында «ешқандай саяси астар жоқ және 1999 жылы Қазақстанның құқық қорғау органдары заңсыз және сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен мемлекетке едәуір шығындар әкелген бұрынғы шенеуіктерге қатысты тергеу жүргізуімен байланысты, бұл олардың әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын көрсетеді».

Бұл шаралар Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабына (барлығы заң мен сот алдында тең) сай келеді және ЕҚЫК адам өлшемдері конференциясының Копенгагендік Жиналыс Құжатының (1990 жылы 5-29 маусым) мазмұнына қайшы емес. Бұл құжаттың 24-бабында былай делінген: «...қатысушы мемлекеттер адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүзеге асыру... заңмен көзделген немесе халықаралық құқықтық міндеттемелерден туындамаған жағдайларда шектеу объектісі болмауын қамтамасыз етуі тиіс... Демократиялық қоғамдағы кез келген құқық пен бостандықтың шектелуі заңның қолдану мақсатымен байланысты болуы және осы заңның шегінен қатал түрдле шықпауы тиіс...»/42/.

Бұл жерде айта кететін бір жәйт, заң алдындағы теңдік теріс пиғылды шенеуніктерге өз қылмыстарын жасырып, оны саясаттандыруға құқық бермейді.

Осылай, Қазақстанның ұлттық заңнамасы халықаралық құқықтың барлық талаптарына сай келеді. Бірақ адам құқықтары туралы пактілерді ратификациялауға байланысты ұлттық заңнаманы осы халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкестендіру жұмыстары тағы жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет