Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулер және эксперименттік әзірлемелер



бет235/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   290
ОКЭД kz

72.19.4 Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулер және эксперименттік әзірлемелер


Бұл ішкі класқа жаңа материалдарды, өнімдер мен құрылғыларды өндіруге, жаңа процестер, жүйелер мен қызметтерді енгізуге бағытталған атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелерді кіреді
72.19.5 Инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер

Бұл ішкі класқа:


- адамдар мен жануарларды бактериялық және вирустық, соның ішінде әлеуметтік маңызды инфекциялардан (туберкулез, ЖИТС және т.б) қорғау мақсатында биомедицина саласындағы зерттеулер
- фармацевтика саласындағы әзірлемелер, бактериялық және вирустық сипаттағы аурулармен күресу үшін инфекцияға қарсы жаңа дәрілік құралдар әзірлеу кіреді

72.19.9 Жаратылыстану және техникалық ғылымдары саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер


Бұл ішкі класқа:


- биотехнологиялық зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер: жаратылыстану, инженерлік, медициналық, ауылшаруашылық ғылымдар; әсіресе жаратылыстану мен техникалық ғылымдар саласындағы пәнаралық зерттеулер мен әзірмелерден басқа, жаратылыстану мен техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер кіреді


72.2 Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер


72.20 Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер

72.20.1 Отандық өндірістерді дамытуға жәрдемдесуге бағытталған қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулер


Бұл ішкі класқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымадр саласындағы зерттеулер жүргізуге байланысты және өнеркәсіпті, сондай – ақ қоғамдық және гуманитарлық ғылымадр саласындағы зерттеулер нәтижелері бойынша ішкі нарықта отандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін жылжыту бойынша қызметті дамытуға бағытталған жүйелі талдауды қамтамасыз ететін қызмет түрлерін кіреді


72.20.2 Индурстрияны дамытуға бағытталған қоғамдық және гуманитарлық ғылымадр саласындағы қолданбалы зерттеулер


Бұл ішкі класқа өнеркәсіпті дамытудың теориялық, әдіснамалық және практикалық мәселелерін, өнеркәсіп салаларын дамытудың экономикалық факторларын зерттеуге, өнеркәсіп салаларын дамыту үрдістерін болжауға бағытталған қоғамдық және гуманитарлық саладағы зерттеулер өткізуге байланысты қызмет түрлерін, сондай-ақ қатар еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған қызметті кіреді


72.20.3 Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер


Бұл ішкі класқа:


- қорғаныс және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер және эксперименттік әзірлемелер
- Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі және жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға бағытталған қорғаныс саласындағы инновациялық жобаларды зерттеулер және эксперименттік әзірлеу
- Қарулы Күштердегі, басқа да әскердегі және әскери құралымдардағы қарулану мен техниканы құру мен жетілдіру, ақпараттық технологияны дамыту бойынша зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер
- қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өнімді, соның ішінде қосарлы мақсаттағы өнімді жаңғырту және/немесе құру бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және зерттеулер
- қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша зерттеулер
- әскери өнер, құрылыс, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дайындау мен қолдану саласындағы зерттеулер
- әскери тәрбие, әскери тәртіп, қолданбалы әскери психология мен әскери әлеуметтану саласындағы зерттеулер кіреді


72.20.4 Экономикалық, бюджеттік және стратегиялық жоспарлау саласындағы пәнаралық зерттеулер мен әзірлемелер


Бұл ішкі класқа:
- мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметін сараптама-талдамалық бағалау
- мемелкеттік жоспарлау және мемлекеттік басқару жүйелерін зерттеу
- экономикалық-математикалық модельдеу мен макроэкономикалық болжау құралдарын зерттеу және әзірлеу
- ұлттық экономика дамуының стратегиялық бағыттарын зерттеу және әзірлеу
- заң жобаларының реттеушілік ықпалын талдау және ғылыми-экономикалық сараптама жүргізу кіреді

72.20.9 Басқа топтамаларға енгізілмеген қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер және эксперименттік әзірлемелер


Бұл ішкі класқа:


- қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер
- гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер
- әсіресе қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнаралық зерттеулер мен әзірлемелерді кіреді

Бұл ішкі класқа:


- нарық коньюнктурасын зерттеу кірмейді, (73.20.0 қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет