Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


ҚАЗАҚCТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖІКТЕУІШІ



бет2/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   290
ОКЭД kz

ҚАЗАҚCТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖІКТЕУІШІ
_____________________________________________________________________________
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖІКТЕУІШІ
______________________________________________________________________________
Енгізілген күні 2020.01.01


1 Қолдану саласы

Осы жіктеуіш экономикалық қызметтің түрлерінің жіктеу және кодтау тәртібін белгілейді.


Ескертпе - Осы жіктеуіш ұлттық деңгейде мынадай негізгі мәселелерді шешу кезінде пайдаланылады:


- тіркеу кезінде заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер (шаруашылық субъектілері) берген экономикалық қызмет түрлерін жіктеу және кодтау;
- шаруашылық субъектілерінің негізгі және нақты жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрлерін анықтау;
- экономикалық процестердің дамуына қызмет түрлері бойынша мемлекеттік статистикалық байқауды жүзеге асыру;
- ұлттық шоттар жүйесі қағидаттарының негізінде макроэкономикалық көрсеткіштердің және қоғамның өсу қарқынына болжамды бағалауды экономикалық дамуын модельдеуді өткізу;
- экономикалық қызмет түрлері туралы ақапартты Статистикалық бизнес-тіркелімде, басқа ақпараттық тіркелімдерде кодтау;
- аналитикалық мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік өкімет және басқарудың экономикалық қызмет түрлері туралы ақпаратта қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
2 Нормативтік сілтемелер

Осы жіктеуішті қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:


ҚР СТ 5.0-2015 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Негізгі ережелер»;

ҚР СТ 5.1-2015 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Техникалық – экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерді әзірлеу тәртібі».


Ескертпе - Осы жіктеуішті пайдалану кезінде сілтемелік жіктеуіштердің іс-қимылын ағымдағы жылға жағдайы бойынша жыл сайын басылып шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» ақпараттық көрсеткіш бойынша және ағымдағы жылы жарияланған тиісті ай сайын басылып шығарылатын ақпараттық көрсеткіштер бойынша тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы жіктеуішті пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай жойылған болса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет