01.21 Жүзімді өсіру
01.21.0 Жүзімді өсіру
Бұл ішкі класқа:
- жүзім алқабында шарап өндіру үшін жүзімді және жүзімнің асханалық сұрыптарын өсіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- шарап өндіру кірмейді, (11.02 қараңыз)
01.22 Тропикалық және субтропикалық жемістерді өсіру
01.22.0 Тропикалық және субтропикалық жемістерді өсіру
Бұл ішкі класқа:
- авокадо, көкөністік банан, плантайндар, құрмалар, інжірлер, манго, папайя, ананастар сияқты басқа да тропикалық және субтропикалық жемістерді өсіру кіреді
01.23 Цитрус жемістерін өсіру
01.23.0 Цитрус жемістерін өсіру
Бұл ішкі класқа:
- грейпфрут және помело, лимондар және лаймдар, апельсиндер, танжериндер, мандариндер, клементиндер сияқты цитрус жемістерін басқа да цитрус жемістерін өсіру кіреді
01.24 Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру
01.24.0 Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру
Бұл ішкі класқа:
- алмалар, өріктер, шие және қызыл шие, шабдалы және нектариндер, алмұрттар және беке, алхоры және терн сияқты басқа да дәнді сүйекті жемістерін өсіру кіреді
01.25 Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру
01.25.0 Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру
Бұл ішкі класқа:
- қара жидек, қарақат, қарлыған, киви, таңқурай, құлпынай/бүлдірген сияқты жидектердің басқа түрлері өсіру
- жемістердің тұқымдарын өсіру
- бадам, кешью, талшын, фундук, пісте жаңғағы, грек жаңғағы сияқты жеуге жарамды жаңғақтардың басқа да жаңғақтарды өсіру
- басқа да ағаштармен бұталы жемістерді өсіру (мысалы, жоңқалы ағаш жемістері) кіреді
Бұл ішкі класқа:
- кокосты жаңғақтарын өсіру кірмейді, (01.26.0 қараңыз)
01.26 Құрамында майы бар жемістерді өсіру
01.26.0 Құрамында майы бар жемістерді өсіру
Бұл ішкі класқа:
- кокос жаңғағы, зәйтүн, майлы пальмалардың жаңғақтары және ядролары сияқты құрамында майы бар басқа да майлы жемістерді өсіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- соя бұршағын, жер жаңғақтарды (арахис) және басқа да майлы дақылдарды өсіру кірмейді, (01.11.2 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |