26.7 Оптикалық құралдар, фото- және киножабдықтар өндіру
26.70 Оптикалық құралдар, фото- және киножабдықтар өндіру
Аталған класқа дүрбілер, микроскоптар (электрондық және протондық түрлерінен басқа), телескоптар, призмалар мен линзалар (офтальмологиялық топ басқа) сияқты оптикалық құралдар және линзалар өндіру; жабындыларды жабу немесе линзаларды жылтырату (офтальмологиялықты қоспағанда); линзалар орнату (офтальмологиялықтан басқа) және фотоаппараттар мен жарқылдар сияқты фотографиялық жабдықтар өндіру кіреді.
26.70.1 Оптикалық құралдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- оптикалық айналар өндіру
- оптикалық нысанаға арналған жабдықтар өндіру
- мақсаттардың координаталарын анықтау үшін оптикалық жабдықтарын өндіру
- оптикалық үлкейту құралдарын өндіру
- дәлдік механикалық жұмыстарға арналған оптикалық құралдар өндіру
- оптикалық оқып алатын құралдарын өндіру
- өлшеу және бақылау үшін оптикалық құралдар өндіру (мысалы, өртке қарсы жабдықтар, фотометрлер, қашықтық өлшеуіштер)
- линзалар, оптикалық микроскоптар, дүрбілер мен телескоптар өндіру
- лазерлер өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- лазерлік компоненттерді пайдаланумен күрделі жабдықтар өндіру, (жабдықтардың осындай типінің өндіру бойынша класты қараңыз (мысалы, медициналық лазерлік жабдықтар), (26.60.0 қараңыз)
- көшірме машиналар өндіру, (28.23.0 қараңыз)
- офтальмологиялық өнімдерді өндіру кірмейді, (32.50.3 қараңыз)
26.70.2 Фото- және кино жабдықтарын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- үлдірлі және цифрлық фото- және кинокамераларды өндіру
- слайдтарға арналған кинопроекторлар және проекторлар өндіру
- өте дәл проекторлар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- компьютерлік проекторлар өндіру, (26.20.0 қараңыз)
- өндірістік мақсаттағы теле және бейнекамералар өндіру, ( 26.30.1 қараңыз)
- үйде пайдалану үшін бейне камералар өндіру кірмейді, (26.40.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |