32.1 Зергерлік бұйымдар, бижутерия және ұқсас бұйымдар өндіру
Бұл топқа зергерлік бұйымдар және бижутерия өндіру кіреді.
32.11 Тиындар және медальдар соғу/шығару
32.11.0 Тиындар және медальдар соғу/шығару
Бұл ішкі класқа:
- төлем құралы ретінде пайдалануға арналған тиындарды қоса алғанда, бағалы және бағалы емес металдардан тиындар өндіру кіреді
32.12 Зергерлік және ұқсас бұйымдар өндіру
32.12.0 Зергерлік және ұқсас бұйымдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- өңделген маржан өндіру
- өнеркәсіптік қолданыстағы тастарды өңдеуді және синтетикалық немесе қалпына келтірілген бағалы немесе жартылай бағалы тастарды қоса алғанда өңделген бағалы және жартылай бағалы тастарды өндіру
- алмастар өңдеу
- бағалы металдармен, бағалы немесе жартылай бағалы тастардан, немесе бағалы металдармен бағалы немесе жартылай бағалы тастармен немесе өзге де материалдардан апталған бағалы және бағалы емес металдардан зергерлік бұйымдар өндіру
- бағалы металдармен апталған бағалы металдардан немесе бағалы емес металдардан, бұйымдар: асханалық құралдар, ұсақ және терең ыдыстар, жуыну керек-жарақтарын, кеңселік үстел бұйымдарын, діни мақсаттағы бұйымдар және т.б. өндіру
- бағалы металдардан техникалық немесе лабораториялық бұйымдар (құралдар мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда): ожаулар, қалақшалар, электр қаптауға арналған анодтар және т.б. өндіру
- бағалы металдан қол сағаттарына арналған білезіктер, сағатбаулар, сағаттардың білезіктеріне және портсигараларға арналған түймеліктерді өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- дербес тапсырыс бойынша бағалы және бағалы емес металдан жасалған бұйымдарды оюлау кіреді
Бұл ішкі класқа:
- қол сағаттарына арналған металл емес сағатбаулар өндіру (тоқымалық, теріден, пластмассадан және т.б.), (15.12.1 қараңыз)
- бағалы металдармен апталған бағалы емес металдан жасалған бұйымдар өндіру (бижутерияны қоспағанда), (25-бөлімді қараңыз)
- сағаттар үшін корпустар өндіру, (26.52.3 қараңыз)
- қол сағаттарына арналған бағалы емес металдардан білезіктер өндіру, (32.13.0 қараңыз)
- бижутерия өндіру, (32.13.0 қараңыз)
- зергерлік бұйымдарды жөндеу кірмейді, (95.25.2 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |