Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет125/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   290
ОКЭД kz

32.40 Ойындар және ойыншықтар өндіру

Осы класқа қуыршақтар, ойыншықтар және ойындар (электрондық ойындарды қоса алғанда), кішірейтілген модельдер және балаларға арналған көлік құралдары (металл екі-, үш дөңгелекті велосипедтерді қоспағанда) өндіру кіреді.


32.40.0 Ойындар және ойыншықтар өндіру


Бұл ішкі класқа:


- қуыршақтар және қуыршақ киімдерін, керек-жарақтарды және аксессуарларды өндіру
- адамдардың ойыншық фигураларын өндіру
- жануарлардың ойыншық фигураларын өндіру
- ойыншық музыкалық аспаптар өндіру
- ойын карталарын өндіру
- үстел ойындарды және сол сияқты ойындар өндіру
- электрондық ойындар: шахматтар және т.б. өндіру
- кішірейтілген (масштабты) ойын үлгілер және сол сияқты ойындық үлгілерін, электрлік темір жолдар, конструкторлар және т.б. өндіру
- тиын салғанда жұмыс істейтін ойындар, бильярдтық керек-жарақтар, казино үшін арнайы үстелдер және т.б. өндіру
- ашық ауада көңіл көтеретін ойындарға арналған бұйымдар үстел немесе бөлме ойындарын өндіру
- пластмассадан жасалған екі- және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, дөңгелектері бар балалардың мінуіне арналған ойыншықтар өндіру
- бас қатырғыштар және осы сияқты бұйымдар өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- бейне ойындарға арналған басқару пульттарын өндіру, (26.40.0 қараңыз)
- велосипедтер өндіру, (30.92.1 қараңыз)
- ұтыс ойындарға және сыйлықтарға арналған бұйымдар өндіру, (32.99.3, 32.99.9 қараңыз)
- пультпен басқарылатын бейне ойындарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және шығару кірмейді, (58.21.0, 62.01.1 қараңыз)


32.5 Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтарды өндіру


32.50 Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтарды өндіру

Осы класқа лабораториялық жабдық, хирургиялық және медициналық құралдар, хирургиялық аспаптар, құрылғылар және керек-жарақтар, стоматологиялық жабдық және керек-жарақтар, тіс протездері тауарларын, стоматологиялық және тіс протезі керек-жарақтарын өндіру кіреді. Осы класқа сонымен қатар медициналық, стоматологиялық және көтеру функциясы бар тіс дәрігеріне креслолары сияқты спецификалық керек-жарақтармен қосымша жабдықталған жиһаз өндіру кіреді.


32.50.1 Медицинада пайдаланылатын цемент өндіру


Бұл ішкі класқа:


- пломбалық материалдар және стоматологиялық цементтер (стоматологиялық жабысқыш құрамдарды қоспағанда) өндіру
- сүйек ұлпасын қалпына келтіру үшін медициналық цементтер өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- стоматологиялық жабысқыш құрамдар өндіру кірмейді, (20.42.0 қараңыз)

32.50.2 Медициналық құралдар, аппараттар мен жабдық өндіру


Бұл ішкі класқа:


- шприцтер, инелер, катетерлер, канюльдері және т.б. өндіру
- стоматологиялық лабораториялық пештер өндіру
- ультрадыбыстық тазалауға арналған лабораториялық жабдық өндіру
- зертханалық зарарсыздандырғыштарды өндіру
- стоматологиялық құралдар өндіру
- медициналық термометрлер өндіру
- лабораториялық дисстилляторлар, лабораториялық центрифугалар өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- электрлік медициналық және электрлік терапиялық жабдық өндіру кірмейді, (26.60.0 қараңыз)

32.50.3 Хирургиялық және ортопедиялық құрылғылар өндіру


Бұл ішкі класқа:


- хирургиялық салфеткаларды, стерилді жаймалаларды және бинттерді өндіру
- сүйектерді бекіту үшін пластиндер және винттерді өндіру
- тіс техникалық лабораторияларда дайындалған тіс протездер, көпірлер және т.б. өндіру
- ортопедтік құрылғылар және протездер өндіру
- көз протездерін өндіру
- офтальмологиялық бұйымдарды, көруді түзетуге арналған көзілдіріктер, күннен қорғайтын көзілдіріктер, көзілдіріктерге линзалар, контактілі линзалар, қорғаныш көзілдіріктерін өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- мақта дәрілік заттармен дымқылданған медициналық таңғыштар және т.б. өндіру, (21.20.1 қараңыз)
- оптиктер қызметі кірмейді, (47.78.1 қараңыз)

32.50.4 Медициналық, хирургиялық, стоматологиялық және ветеринарлық жиһаз өндіру


Бұл ішкі класқа:


- операциялық үстелдері, қарауға арналған үстелдер, механикалық құрылғылары бар ауруханалық керуеттер, қосалқы орналастырылған стоматологиялық жабдығы бар стоматологиялық креслолар сияқты медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринарлық жиһаз өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- мүгедектерге арналған арбалар өндіру кірмейді, (30.92.2 қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет