Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау



бет148/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   290
ОКЭД kz

43.22 Сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау

43.22.0 Сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау


Аталған ішкі класқа сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау (орнату), баптау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету кіреді.


Бұл ішкі класқа:


- ғимараттар мен өзге де құрылыс объектілерінде, жылыту жүйелерін (қатты отынды көмір, электрлік, газ және майлы), пештер (сонымен қоса күйдіру), су салқындататын бағаналарды, электрлік емес күн энергиясының коллекторларын, суқұбырлары және сантехникалық жабдықтарды, ауаны желдетуге және баптауға арналған жабдықтар мен ауа бөлгіштерді, газ жүйелерін және жабдықтарын, бу беруге арналған құбырларды, автоматты түрде өрт сөндіру жүйелерін, көгал алаңдарын сулауға арналған автоматты жүйелерді монтаждау, оның ішінде сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптауды реттеудің автоматтандырылған жүйелерін, автоматтандырылған жылу пунктілерін монтаждау
- ауа бөлгіштерді монтаждау жұмыстары
- газ, су және жылу шығыстарын есептейтін құрылғыларды орнату кіреді

Бұл ішкі класқа:


- газ шығынын есептейтін құрылғыларға техникалық қызмет көрсету, (35.22.0 қараңыз)
- су шығыстарын есептейтін құрылғыларға техникалық қызмет көрсету, (36.00.0 қараңыз)
- электрлік плитус жылытуды орнату, (43.21.9 қараңыз)
- электр энергия шығыстарын есептейтін құрылғыларды орнату (43.21.9 қараңыз)
- газ бен су шығыстарын есептейтін құрылғыдан көрсетімін алу кірмейді, (82.99.0 қараңыз)


43.29 Өзге де құрылыс-монтаждау жұмыстары

Аталған класқа электр жүйелер, сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерінен немесе азаматтық құрылыс ғимараттары мен объектілерінде өнеркәсіптік жабдықтардан басқа, жабдықтарды монтаждау (орнату) кіреді.


43.29.1 Оқшаулау жұмыстары


Бұл ішкі класқа:


- жылу, дыбыс және діріл оқшаулағыштарды, оның ішінде тиімді энергияны оқшаулау материалдарын пайдалана отырып, ғимараттар немесе өзге де құрылыс объектілерін монтаждау кіреді

43.29.8 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары


Бұл ішкі класқа:


- ғимараттар немесе өзге де құрылыс объектілерінде: лифтілер, эскалаторлар, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсетулерді қоса алғанда; автоматты және айналмалы есіктер; жайтартқышта; орталық ауа тазалау жүйелерін монтаждау
- жабдықты жобаға сәйкес түзету және іргетасқа бекітіп орнату
- жабдықтың жиынтығына кіретін конструкцияларды, арматураларды, құбырларды, кабельдерді, қосуды реттейтін құрылғыларды және т.б. орнату
- монтаждың дұрыстығын тексеру
- жабдықты бос және жүктемемен сынау
- жабдықтың ерекшелігін ескере отырып, қосылыстардың беріктігін және олардың тығыздығын сынау кіреді

Бұл ішкі класқа:


- өнеркәсіптік жабдықтарды орнату кірмейді, (33.20.0 қараңыз)

43.29.9 Құрастырылған жабдықты қосу және реттеу


Бұл ішкі класқа:


- жабдықты реттеу және кешенді сынау (жабдықты монтаждау процесін техникалық аяқтайтын кезең) кіреді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет