85.41 Орта білімнен кейінгі білім беру
85.41.0 Орта білімнен кейінгі білім беру
Бұл ішкі класқа жоғарғы білім беру болып саналмайтын орта немесе техникалық және кәсіби білім беру алғаннан кейінгі білім беруді ұсыну кіреді. Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегі мамандарын даярлауға бағытталған. Әдетте олар практикаға, кәсіби бағдарлануға және оқушыларды еңбек нарығына шығаруға дайындаумен байланысты. Алайда, бұл бағдарламалар да жоғары білім беру жүйесінде оқуды жалғастыру үшін жол аша алады.
85.42 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
85.42.1 Жоғары білім беру
Бұл ішкі класқа:
- мамандарға біліктілік және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып дайындау, олардың кәсіби даярлықтарының деңгейін жүйелі түрде көтеру
- жоғары білім беруді ұсынатын мекемелердің қызметі кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- жоғары білім беруді ұсынатын көркемөнер академиясында, өнер мектептерінде оқыту кіреді
85.42.2 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Бұл ішкі класқа:
- «магистр», «резидентура тыңдаушысы» академиялық дәрежесін және «докторант» ғылыми дәрежесін бере отырып мамандарды даярлау және олардың кәсіби даярлық деңгейін жүйелі түрде көтеру
- жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ұсынатын мекемелердің қызметі кіреді
85.5 Білім берудің өзге де түрлері
Аталған топқа жалпы және кәсіптік білім берудің жалғасы болып табылатын, білім беру қызметін, сондай-ақ демалысты немесе өзін-өзі дамытудың кәсіби мақсаттарында тренингтер кіреді.
Аталған топқа 85.1-85.4 топтарда көрсетілген оқытуды қоспағанда, топтық немесе жеке оқытуды ұсынатын спорттық секциялар мен мектептердің денешынықтыру салансында, шет тілдерге оқыту, бейнелеу және драма өнеріне, музыкаға немесе басқадай оқытуды немесе арнаулы оқыту қызметі кіреді.
Аталған топқа 85.1-85.4 топтарында сипатталған білім беру қызметі, яғни мектепке дейінгі, бастауыш, орта немесе жоғары білім беру кірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |