85.51 Спорт және демалыс саласындағы білім беру
85.51.0 Спорт және демалыс саласындағы білім беру
Бұл ішкі класқа спорт секциялары мен мектептерде денешынықтыру саласында топтық немесе жеке оқытуды ұсыну кіреді. Спорттық тәулік бойы жұмыс істейтін жаттығу лагерлері де осы ішкі класқа енгізілген. Академиялық мектептер, колледждер мен университеттердің қызметтері енгізілмеген. Оқыту клиенттің немесе кәсіпорынның оқыту үй-жайлары, оқу орындары немесе басқа да жағдайлар сияқты әр түрлі үй-жағдайларда өткізілуі мүмкін. Осы ішкі класта ұсынылатын оқыту ресми түрде ұйымдастырылады.
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- спорт ойындарына үйрету (бейсболға, баскетболға, волейболға, футболға және т.б.)
- спорт секцияларында үйрету
- гимнастикаға үйрету
- академияларда немесе мектептерде атқа салт мініп жүруге үйрету
- жүзуге үйрету
- әртүрлі спорт түрлерінде спорт нұсқаушыларының, мұғалімдерінің, жаттықтырушыларының қызметі
- әскери жекпе жекке үйрету
- карта ойындарын үйрету (мысалы, бридж)
- йогаға үйрету кіреді
Бұл ішкі класқа:
- мәдениет саласындағы білім беру кірмейді, (85.52.0 қараңыз)
85.52 Мәдениет саласындағы білім беру
85.52.0 Мәдениет саласындағы білім беру
Бұл ішкі класқа бейнелеу, драма өнерге және музыкаға үйретуді ұсыну кіреді. Оқытудың осындай типін ұсынатын мекемелер «мектептер», «студиялар», «сыныптар» және т.б. деп атауы мүмкін. Олар демалысты өткізу немесе өзін-өзі дамыту мақсаттары үшін негізінен хобби ретінде оқытуды ресми түрде ұсынады, бірақ мұндай оқу кәсіптік диплом, бакалавр немесе магистр дәрежелерін алуға әкелмейді.
Бұл ішкі класқа:
- музыка оқытушыларының қызметі және басқа да музыкалық оқу
- бейнелеу өнеріне үйрету
- би үйрету және би студияларының қызметі
- драма өнері мектептерінің қызметі (академиялықтан басқа)
- бейнелеу өнері мектептерінің қызметі (академиялықтан басқа)
- театр өнері мектептерінің қызметі (академиялықтан басқа)
- фотография мектептерінің қызметі (коммерциялықтан басқа) кіреді
Бұл ішкі класқа:
- шет тілдерін оқыту курстары кірмейді, (85.59.9 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |