Қазақстан республикасының Ұлттық стандарты автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларғА Қызмет көрсету пункттерінің Қызметі жалпы талаптар


-кесте – Тәуліктік жіберуіне байланысты автостанция бөлмелерінің сипаттамалары



бет3/5
Дата24.02.2016
өлшемі414 Kb.
#16395
1   2   3   4   5

3-кесте – Тәуліктік жіберуіне байланысты автостанция бөлмелерінің сипаттамалары


Бөлме

Тәулігіне жіберу

100-200

200-400

400-600

600-1000

Жолаушылар залы, м2

35

60

100

150

Кассалар, м2/ұяшықтар саны

4/1

4/1

4/1

8/2

Сақтау камералары, м2

-

-

12

16

Қоғамдық тамақтану пункттері, отыратын орындар саны

-

12

12

16

Диспетчерлік бөлмелер, м2,

18

18

24

24

соның ішінде жолаушылық, м2

6

6

8

8

Жүргізушілердің демалу бөлмесі, м2

9

9

9

9

Дәрігерлік пункт, м2

-

-

6

6

Қоғамдық дәретхана,

едендік құтылар мен қабырғалық құтылардың саны



6

8

8

10


5.4 Автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері мен олардың үй-жайларының көлемдік-жоспарлау шешімдеріне қойылатын талаптар

5.4.1 Автовокзал аумағының жалпы ауданы 5 мың м2 кем болмауға тиіс.

Автостанция аумағының жалпы ауданы 2,5 мың м2 кем болмауға тиіс.

5.4.2 Автовокзал аумағында (автостанция) орналасатындар: автовокзал (автостанция) ғимараты (тары), жолаушылардың отыруына және түсуіне арналған перрондар, автобустар тұрақтауға арналған перрондар, автобустарды техникалық тексеруге арналған аймақ (пост), жеңіл автомобильдерге арналған тұрағы бар және қоғамдық көліктерінің аялдамалық пункттері бар, вокзал алды алаңы.

5.4.3 Автовокзалдар мен автостанциялардың ғимараттарының көдемдік-жоспарлау шешімдері, мынадай жалпы талаптарға сай болуы керек:

а) автовокзал мен автостанция аумағында жолаушылардың негізгі легі, жолаушылар келіп кетуі кезінде, көлік ағынымен қиылыспауы керек;

б) күтуге арналған және қоғамдық тамақтану бөлмелері, тұрмыстық сауда қызмет көрсету бөлмелері, жолаушылар қозғалатын басқы жолдан бөлек, перронға жақын орналасуы керек;

в) жолаушыларға қызмет көрсету бөлмелері (анықтамалық бюро, билет және багаж кассасы, сақтау камерасы және т.б.) жолаушылар қозғалатын негізгі жолға жақын орналастырылуы керек;

г) Ұзақ уақыт күту, ана мен бала бөлмесі және мүгедектерге арналған бөлмелер, автовокзалдың және автостанцияның шулы бөлмелері мен аумақтарынан оқшаулы жерде орналасуы керек;

д) келуші және кетуші жолаушылардың легі бөлек болуы керек;

е) жұмыскерлер мен перрон тексерушілеріне арналған, перронға шығатын жеке есіктер болуы керек.

5.4.4 Кассалық ұяшықтар өзара жеке болуы керек. Әр ұяшықтың өлшемі 4 м2 кем болмауы керек.

Жолаушылардың тәуліктік жіберілуіне қарай автовокзалдар мен автостанциялардың кассалық ұяшықтарының ауданы мен саны 2-кестеде және 3-кестеде келтірілген.

5.4.5 Билет кассаларының жолаушылар жиналатындай кең аймағы болуы керек.

5.4.6 Касса залы жіберетін перронның деңгейінде орналасуы керек. Кассалық залдың перронға шығатын және вокзал алды алаңынан кіретін есіктері болуы керек. Кассалық залға кіретін есік, тікелей ғимаратқа кіретін болуы керек.

5.4.7 Күту залдары перронның деңгейінде орналасқан, перронға шығатын есіктерге ие болуы керек. Ғимараттан перронға шығатын өтпеде қалқа болуы керек.

Үлкен автовокзалдарда халықаралық, қалааралық және қаламаңы бағдарлары жолаушыларының күту залдары, алдын ала билет сату залынан бөлек болуы мүмкін.

Жолаушылардың тәуліктік жіберілуіне қарай автовокзалдар мен автостанциялардың күту залдарының ауданы мен саны 2-кестеде және 3-кестеде келтірілген.

Орындық қатарларының ара қашықтығы, егер олар бір бағытқа қараған болса, 1,3 м кем болмауы керек, егер бір-біріне қараған болса – 1,6 м кем болмауы керек.

5.4.8 Қоғамдық тамақтану залдарының бөлмелері, әрлі-берлі өтетін болмауы және күту залдарымен жапсарлас орналастырылуы керек. Кіші автовокзалдарда буфеттер, орташа және кіші автовокзалдарда – кафе немесе буфетті кафе болуы керек.

5.4.9 Автоматтық ұяшықтармен жабдықталған, қол заттарын сақтау камералары, жолаушылардың пайдалануына ыңғайлы жерлерде, келуші жолаушылардың жолына жақын орналастырылуы керек.

5.4.10 Жүргізушілердің рейсалды медициналық куәландыру бөлмелері, жүргізушілер бөлмесінің жанында болуы керек.

5.4.11 Диспетчерлік бөлмелердің орналасуы, келіп-кету посттарының толық көруін қамтамасыз етуі керек.

Еден деңгейі, жол бөлігінен 90 см жоғары болуы керек.

5.4.12 Жүргізушілер бөлмесі диспетчерлік бөлмемен қосарланған болуы керек және онымен құжаттарды рәсімдейтін ойықпен жалғасуы керек.

5.4.13 Жүргізушілердің қысқа уақытқа демалу бөлмелерін, жүргізушілердің демалысын қадағалау үшін диспетчерлік және жүргізушілер бөлмесінің жанында орналастыру керек.

2 адамға арналған жатын бөлмеден, кезекші жұмыскерлер бөлмесінен, вестибюльден, холлдан, жуынатын, жинайстыратын, себеттік бөлмелерден тұратын, жүргізушілердің ұзақ уақыт демалатын бөлмелері, бекітілген қозғалыс кестесі бойынша рейс арасында ұзақ уақыт тұрақтайтын, басқа қала автобустарының экипаждарына арналған. Олар негізгі жолаушылар ағынынан оқшау орналастырылады.

5.4.14 Автовокзал (автостанция) ғимаратында, жеке қоғамдық санитарлық тораптар (еркектердің және әйелдердің дәретханасы) орналастырылады. Санитарлық тораптарды жолаушылардың келу және кету негізгі жолдарының арасына орналастырған жөн, себебі олардан тікелей жолаушылар залына шығу болмас үшін. Үлкен автовокзалдарда қол жуғыштардан бөлек душтар қарастырылуы мүмкін. Қоғамдық дәретханаларды ғимараттан бөлек, перрон мен ғимаратқа ыңғайлы жақын орналасқан ғимараттарда орналастыруға рұқсат етіледі.


5.5 Автовокзал, автостанция және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтеріне қойылатын талаптар

5.5.1 Автовокзалдар автобустардың қозғалыс кестесіне сәйкес барлық рейстерге билеттердің және төлеуге жататын жүктерді өткізуді ұйымдастырады.

Билеттерді сату алдын ала сату кассаларында және ағымдағы сату кассаларында 24 сағ бұрын және одан аз уақытта жүргізіледі.

Билет кассаларының жұмыс уақыты, автобус қозғалысының кестесіне сай болады.

5.5.2 Автовокзал (автостанция) жолаушылар көлігінің қозғалысын реттеу және басқару бойынша диспетчерлік қызметтерді ұйымдастырады. Диспетчерлік қызмет қозғалыс кестесінің бұзылмауын және оның өзгерісін қадағалайды, жолаушылардың отыруын және түсуін қадағалайды, жолаушыларды ақпараттандырады, жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртіптерін бұзбауын қадағалайды, сонымен қатар медициналық көрсеткіштер бойынша тасымалдарды орындауға жүргізушілерді жіберуді қадағалайды.

Автовокзал (автостанция) жолдама қағаздарын белгілей отырып, автобустардың жіберілуін және келуіне есеп жүргізеді. Автобустардың келуі мен кетуіне және диспетчерлік қызметпен байланысты барлық өзгерістерге есеп жүргізу, диспетчерлік журналда жазылады. Қажет болған жағдайда рейстен шығып қалған автобусты басқасымен алмастырады. Диспетчерлік қызмет жүйелі түрде басқада тасымалдаушылар мен және көршілес автовокзалдармен автобус қозғалысының барлық мәселелері бойынша, өзара ақпарат мақсатында байланыс ұстап тұруы керек. Автовокзалдың диспетчерлік қызметі автобус жолындағы шектес автовокзалдарғы мынадай мәліметтерді алуды және беруді қамтамасыз етеді: жіберу уақыты; қозғалыс кестесінің өзеруі; автобустағы бос орындар жайлы.

5.5.3 Жолаушылар автостанцияларында, кіші және орташа автовокзалдарда қолдық заттарды сақтау автоматты сақтау камераларында, ал үлкен заттарды – стеллаждармен жабдықталған жүк бөлмелерінде жүргізіледі.

Сақтауға қосымша ақысына, жолаушының жол жүру билеті бар жоқтығына қарамай, автобустарда алып жүруге рұқсат етілген заттар қабылданады.

Жүк және қолдық заттарды сақтау камераларына кіретіндер: автоматты сақтау камералары, жүк бөлмелері, жүктерді сақтау камерасының алдындағы аймақ, жоғалған заттарды сақтау камераланың кезекшілерінің бөлмесі.

4.5.4 Автовокзалдың территориясында, автобустың техникалық күйін анықтауға мүмкіндігі жоқ тасымалдаушылар үшін, автокөлік құралын техникалық бақылау аймақтары ұйыдастрылады (автостанция).


5.6 Автовокзалдарды, автостанцияларды және жолаушылар пункттерін безендіру

5.6.1 Автовокзал ғимаратының және жолаушылар пункті ғимараттарының маңдайшасында немесе шатырында, мемлекеттік тілде «Автовокзал», «Автостанция» және «Аялдамалық пункт» жазбалары болуы керек. Жазбаның өлшемі ғимараттың немесе құрылыстың өлшемімен сай болуы керек.

5.6.2 Автовокзал (автостанция) ғимаратына кіреберісте ұйымның атауымен, оның құрамы туралы және тәртібі туралы ақпраты бар кесте болуы керек.

5.6.3. Автовокзалдардың (автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) ғимараттары мен құрылыстары, сонымен қатар инфрақұрылымдық құрылыстары (перрондар, отырғызу-түсіру пункттері және т.б.) көзбен шолатын ақпаратпен безендіріледі.

5.6.4 Міндетті көзбен шолатын ақпарат мәтін түрінде, кесте немесе сұлба түрінде безендіріледі және оған кіретіндер:

- қозғалыс кестесі;

- жол жүру қашықтығы мен тарифтер кестесі;

- Жолаушыларды және жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінен үзінділер;

- жол жүру билеттерін бірінші кезекте алатын тұрғындар санатының тізімі;

- өрт және басқада апаттық жағдайларда бөлмелерден адамдарды эвакуациялау сұлбасы;

- қызметтік бөлмелердің жұмыс тәртібі және орналасқан жері туралы ақпараттан тұратын анықтамалық және сілтемелік кестелер болуы керек.

Одан бөлек, автовокзалдар мен автостанцияларда қосымша мынадай ақпарат болуы керек:

- қызметтер мен бөлмелерді орналастыру сұлбасы;

- жүретін бағдарлар сұлбасы;

- автовокзал және автостанция аумағы бойынша жаяу жүргіншілер қауіпсіздігінің сұлбасы.

5.6.5 Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтік бөлмелерінде, ғимаратқа кіру және шығу жазбалары және бөлмелердің атауы жазылады: «Кіру», «Шығу», «Анықтама бюросы», «Вокзал бойынша кезекші», «Сақтау камерасы» және т.б.

5.6.6 Жолаушылар мен көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орта және үлкен автовокзалдың аумағында жол бөлігіне белгілер жүргізіледі.
5.7 Инфрақұрылымға қойылатын талаптар

5.7.1 Автовокзалдардың (автостанциялардың) инфрақұрылым құраушыларына кіретіндер:

- перрондар;

- жолаушыларды отырғызу және түсіру постылары;

- жолаушыларды отырғызу және түсіру алаңдары және перрондар, рейс арасында автобустардың тұруына арналған алаңдар, техникалық тексеру пункті орналасқан ішкі территория;

- қалалық көліктерге арналған және қалалық көліктер аялдау пункттеріне арналған алаңдары бар және жеңіл автомобильдер мен таксилерге арналған вокзал алды алаңы.

5.7.2 Автовокзалдар (автостанциялар) жолаушылардың қауіпсіз отырып түсуі үшін автобустардың келіп кету перрондарын ұйымдастырады.

5.7.2.1 Автобустарды қоюға арналған жиектеріне қарай перрондар төмендегідей түрде болады:

- түзу сызықты;

- қиғаш сатылы;

- ирек.

Отырып-түсу постылар саны 4 аспаған кезде, түзу сызықты перрондарды қолдану ұсынылады, постылар саны 4 артық болған кезде – қиғаш сатылы тәріздес.

5.7.2.2 Перрондар жолаушыларды қолайсыз ауа-райынан қорғау үшін, отырып-түсетін жерлерде және автовокзал ғимаратына апаратын жолдар қалқалармен жабдықталуға тиіс.

5.7.2.3 Перрондар автобустардың алдымен келетініндей етіп есептелінуі керек.

5.7.2.4 Жіберу перрондары, жолаушылар бөлмелерінен қысқа жолды қамтамасыз ете отырып, максималды жақын орналасуы керек.

Жіберу перрондарына жапсарластыра, жолаушыларды жауын-шашыннан қорғайтын төбесі қалқаланған, ені 2,5 м жолаушылар күтетін аймақ қарастырылуы керек.

5.7.2.5 Келу перрондарын орналастыру, жолаушылардың вокзал алаңына ғимаратқа кірмей қысқа жолмен жетуі қамтамасыз етілуі керек.

5.7.2.6 Тәуліктік жіберуі 3 мың жолаушыдан көп болған кезде және автобустардың қозғалыс интервалдары 20 мин кес болған кезде, келу және кету перрондары бөлек орналастырылады.

5.7.2.7 Транзиттік автобустар үшін, жіберу перрондарының аумағында, жеке отырғызу-түсіру постылары бөлінуі керек.

5.7.3 Жолаушылардың қауіпсіз және ұйымдасқан түрде отыруын және түсуін қамтамасыз ету үшін, автобустардың келу және кету перрондарында жолаушыларды отырғызып түсіретін постылар орналастырылуы керек.

5.7.3.1 Жолаушыларды отырғызып түсіру посттары төмендегілерге ие болуы керек:

- қалқа;


- жолаушылардың отырып-түсетін орындарын көрсеткіштер;

- жолаушыларды хабардар етуге арналған дыбыстық колонкалар;

- жүретін бөліктен отыратын алаңды қоршап тұратын турникетті қоршаулар;

- мүгедек-жолаушыларды отырғызып-түсіруге арналған құрылғылар;

- урналар.

5.7.3.2 Жолаушыларды отырғызып-түсіру посттары жол жиегінен 25 см биік болуы керек.



5.7.3.3 Отырғызып-түсіру посттарының саны, тәулігіне жіберуіне байланысты белгіленеді (4-кесте).
4-кесте – Тәулігіне жіберілуіне байланысты, автобустардың тұрақтау алаңдарындағы орындар мен жолаушыларды отырғызу және түсіру посттарының саны


Тәуліктік жіберілуі, жолаушы

Халықаралық бағдарларды

Қаламаңы бағдарларда

постылар

тұрақтау алаңындағы орын

постылар

тұрақтау алаңындағы орын

кету

келу

кету

келу

100 бастап 200 дейін қоса

1

1

2

1

1

3

200 жоғары « 400 «

2

1

3

1

1

4

« 400 « 600 «

2

1

4

1

1

6

« 600 « 1000 «

3

2

6

2

1

8

« 1000 « 2000 «

5

3

10

3

2

12

« 2000 « 3000 «

6

3

12

3

2

14

« 3000 « 4000 «

7

4

14

4

2

16

« 4000 « 6000 «

8

4

16

4

2

18

« 6000 « 8000 «

9

5

18

5

3

20

« 8000 « 10000 «

10

5

20

5

3

22

« 10000

кету постылары бойынша әрбір 2000 жол. 1 пост қосылады және 4000 жол. қалааралық келу постылары бойынша және 4000 жол. қаламаңы бағдарларында келу және кету постылары бойынша, әрбір 1000 жол. тұрақтау алаңында 1 пост.

5.7.3.4 Оқыста басып кетуді болдырмау отыратын алаңдардың, көлік құралдары келетін жиегінде маяктар орнатылады. Маяктар көлденең қара және ақ жолақтармен боялуы керек, ал қараңғы кездерде маякта сары жыпылықтаушы сигнал қосылуы керек.

5.7.3.5 Жолаушыларға қызмет көрсету пункттернің отырғызатын алаңдарының ұзындығы автобустың габаритті ұзындығынан 5 м кем болмайтындай үлкен болуы керек.

Автобустардың келуі қарқынды болған жағдайда, отырғызу алаңдарының ұзындығы автобустың екі еселенген ұзындығынан 5 м кем болмайтындай үлкен болмауы керек.

Отыру алаңдарының ені жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жолаушылар алмасуының шамасымен және жолаушылардың автобусты күту уақытымен анықталады. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің отыру алаңдарының ені 1,5 м кем болмауы керек.

5.7.3.6 Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің беті, арықтар бағытына қарай 0,010 нан 0,015 дейін көлбеу еңіске ие болуы керек және қатты жабынды болуы керек (асфальт, бетонды жабын және т.б.).

5.7.4 Автобустардың рейсалды тұрақтайтын орындарының саны, тәуліктік жіберілуіне байланысты анықталады (4-кесте).

5.7.5 Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің құрылысы және жолаушыларды отырғызу-түсіру аймақтары, қауіпсіздік аймақтарымен жүру бөлігінен жеке болуы керек.

5.7.6 Автовокзал аумағы қатты жабынға ие болуы керек.

5.7.7 Жеңіл автокөліктің және таксидің тұрағы, сонымен қатар қалалық көліктердің аялдамалық пункттері, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылады және жабдықталады.

5.7.8 Вокзал маңы алаңда қалалық көлік құралдарының аялдамалық пункттерін жарақтандыру, Жолаушыларды және жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінде және ҚР ҚНжЕ 3.01-01 келтірілген талаптарға сай болуы керек.

5.7.9 Пайдалануға енгізілетін жаңа автовокзалдар және автостанциялар үшін, ұсынылатын территория аудандары, сонымен қатар жеңіл автомобиль және такси тұрақтарының алаңы 5 және 6-кестелерде келтірілген.




5-кесте – Автовокзалдың (автостанцияның) ұсынылатын алаңы










Жолаушыларды тәуліктік жіберудің шамасы, жол.

Отырғызу-түсіру постыларының саны

Ауданы, м2

100 бастап 200 дейін қоса.

2

2600

200 жоғары « 400 «

3

3900

« 400 « 600 «

4

5200

« 600 « 1000 «

5

6500

« 1000 « 2000 «

8

10400

« 2000 « 3000 «

9

11700

« 3000 « 4000 «

11

13750

« 4000 « 6000 «

12

14400

« 6000 « 8000 «

14

16100

« 8000 « 10000 «

15

18750

« 10000 « 15000 «

19

19000

« 15000 « 20000 «

22

17600

« 20000 « 25000 «

27

18900

« 25000 « 30000 «

30

21000



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет