«Адам және қоғам» білім беру саласын оқытудың жалпы мақсаттары:
- тарихи ойлауын, өткенді түсінуі мен зерделеуін, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік ақпарат көздерінің материалдарын оқи, талдай білуі және солардың негізінде тәуелсіз пайымдаулар құра білуі;
- демократиялық қоғамның мұраттары мен құндылықтарын түсіну, отансүйгіштікке тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
- жалпыадамзаттық, этномәдениеттік құндылықтар жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдаяттарға тұлғалық қатынасын анықтауды, адамгершілік таңдауын жүзеге асыруға қажетті құбылыстар мен оқиғаларды бақылау және бағалау біліктіліктерін қалыптастыру.
6.3.4.1 «Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, мерекелерін, елордасының атауын және ірі қалаларын білуі;
- Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғалар туралы жалпы түсінігінің болуы;
- бала құқығы туралы, отбасындағы, сыныптағы міндеттері туралы жалпы түсінігінің болуы;
- қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын өзге де халықтардың мәдени құндылықтары, дәстүрлері туралы жалпы түсінігінің болуы;
- Қазақстанның экономикасы мен экономикадағы табиғи байлықтардың рөлі туралы жалпы түсінігінің болуы;
- адам мен қоғам өміріндегі еңбектің маңызы туралы жалпы түсінігінің болуы;
- бұрынғы зерделенген құндылықтар туралы кең көлемді түсінігінің және құндылық: еңбек, қызмет ету, шындық, үйлесім, сұлулық, руханияттылық, өнегелілік, адамгершілік туралы жаңа түсінігінің болуы;
- тәртіптің адамгершіліктік–этикалық нормаларын сақтауы;
- Отанның, отбасы мен қоғамның мән-мағынасын түсінуі;
- адами сезімдер мен эмоцияларды айыра білуі, өзінің эмоциялық күйін ажырата алуы, өзінің сезімдері мен талпыныстарын жеткізе білуі;
- жағымсыз эмоциялар мен іс-әрекеттерді ұстай алуы;
- өз сөзі мен ісіне жауапкершілігін көрсетуі;
- адамның мейірімді және мейірімсіз сезімдері мен қылықтарын ажырата алуы, олардың себептері мен салдарын талдай білуі;
- денені дамыту қажеттігін түсінуі, сауықтыру әдістемесі мен өмір қарекетінің қауіпсіздік шараларын практикада қолдана білуі;
- өз ойы мен алған әсерлерін жеткізе білуі;
- адамдарға көңіл бөлуі және сыйлауы, өзін сыйлауы, дармен өзара жағымды достық қарым-қатынас жасай білуі; топта, сыныпта, үйде, сондай-ақ таныс емес адам;
- өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете білуі;
- оқитын әдебиеттерді саналы түрде таңдауды; өз мінез-құлқын әдеби кейіпкерлердің әрекеттері арқылы бағалай білуі;
- өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінуі; ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатысы барын түсінуі; қоғамға қызмет етудің мәнін түсінуі керек.
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын және негізгі институттарын, олардың қызметтерін білуі;
- өткен заманды қалыптастырған оқиғалар, мүдделер мен түрткілер себептерінің сан қырлылығы мен көп түрлілігін түсінуі және оларды қазіргі заманмен салыстыра алуы;
- қоғам тарихының кезеңдену қағидаларын қолдануы;
- негізгі заңдарды және кәмелетке толмағандардың қоғамдағы азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік және басқа қатынастар аясындағы өз құқықтарын білуі, оларды нақты жағдаяттарда қолдануы;
- тұтынушылардың өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасына әсер ету сипаты туралы түсінігінің болуы;
- елді әлеуметтік және саяси ұйымдастырудағы экономиканың рөлін түсінуі;
- зорлық көрсету мен қаталдық көріністерінің жағымсыз салдарын білуі;
- болашақ мамандығын саналы түрде таңдаудың маңыздылығын түсінуі;
- өзінің жеке уақытын тиімді ұйымдастыра және пайдалана алуы;
- тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды орнатуы;
- отбасындағы, мектептегі және социумдағы әлеуметтік рөлдердің мәнін түсінуі;
- мемлекеттердің құрылымы мен қызметтерін, әлеуметтік, экономикалық жүйелерінің ерекшеліктерін ажырата алуы;
- әртүрлі мәселелерді шешуде экономикалық терминдерді ажырата және қолдана алуы;
- өз көзқарасы мен іс-әрекеттерін, сондай-ақ басқа адамдардың көзқарастары мен іс-әрекеттерін талдай және сыни тұрғыдан бағалай, өзінің сөзі мен ісіне жауапкершілікпен қарай білуі;
- өмірлік жағдаяттардағы (тамаша, көтеріңкі, мұңды, күлкілі) жайларды ажырата алуы, өзінің қатынасын білдіре алуы;
- отбасындағы жағымды қарым-қатынасты және ата-аналары, тәрбиешілері немесе қамқоршылары алдындағы адамгершілік борышын сезінуі, оларға сүйіспеншілік, сыйластық, шыдамдылық таныта алуы;
- өмір мен денсаулықты жалпыадамдық құндылық ретінде сезінуі;
- өзінің келешектегі дене және рухани даму жолдарын анықтай алуы;
- салауатты өмір салты, сауықтыру әдістемесінің пайдасы туралы білімдерін іс жүзінде қолданып, зиянды әрекеттердің тигізетін әсерін білуі;
- тілегі мен мүмкіндіктерін объективті бағалап өлшей алуы, материалдық және материалдық емес қажеттіліктерді ажырата алуы;
- әр түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды салыстыруы, талдауы, сыни тұрғыдан бағалай білуі;
- өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дәйекті түрде жеткізе және негіздей алуы; өз пікірінен өзгеше айтылған пікірлерге шыдамдылық таныта білуі;
- мінездегі кейбір ауытқушылық көріністерді тануы және бағалай білуі;
- басқа ұлттар мен дін өкілдеріне құрмет көрсетуі және шыдамдылық таныта алуы;
- тұлғаның қоғамдағы рөлін, Қазақстан Республикасы халықтарының этномәденилік ерекшеліктерін, жалпыадами, этномәдени және ұлттық құндылықтардың өзара байланысы мен қатынастарын түсіне алуы;
- белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін өзара көмектің мәнін түсінуі; жақындары мен достарына шамасына қарай көмек көрсетіп қолдай алуы;
- азаматтығын сезінуге талпынуы, тілдерге және ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарай білуі;
- жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгеруі және оны тәжірибе мен күнделікті өмірде қолдана білуі керек.
б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:
- Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы геосаяси және экономикалық маңызын;қоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық үдерістердің даму ерекшеліктерін білуі;
- әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдаяттар мен құбылыстарды бағалай алуы;
- отбасы институтының қазіргі қоғамдағы рөлін түсінуі;
- әлеуметтік өзара іс-әрекеттердің мәнін (еркіндік пен жауапкершіліктің, құқықтар мен міндеттердің байланыстары) түсінуі;
- қоғам дамуындағы идеялардың, этномәдени дәстүрлер мен технологиялардың өзара өзара алмасуы мен өзара ену рөлі туралы түсінігінің болуы;
- өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсінуі;
- азамат, сайлаушы, салық төлеуші, меншік иесі, қызметкер құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, тұтынушылардың құқықтарын білуі және оларды жеке мүдделерін қорғау үшін қолдана алуы;
- түрлі мемлекеттердің саяси тәртібін, әлеуметтік және экономикалық жүйелерін тануы;
- мемлекеттің экономикалық саясаты, нарықтық экономиканың негіздері, тауар нарықтарының өзара байланысы, экономикалық жаһандануы туралы түсінігінің болуы;
- іскерлік пен кәсіпкерлік негіздерін білуі және оларды қолдануы;
- қоршаған әлеммен үйлесімді қатынастың маңыздылығын білуі;
- тарихи оқиғаларды уақыттық және кеңістіктік тұрғыдан баяндай алуы;
- түрлі ұлт пен наным өкілдеріне шыдамдылық танытуы, сындарлы әрекеттесе алуы;
- экономикалық жағдаяттарға баға беру алгоритмін білуі және қолдана алуы;
- адами өзара қарым-қатынастарды тани және бағалай білуі;
- айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната алуы, ұжымда еңбектенуі; топта, ұжымда өз мәртебесін теңестіре алуы;
- өз отбасын құрудың маңызын және есею өміріндегі алдағы болашағын сезінуі;
- өзінің мінез-құлқын, дене және психикалық жағдайын басқара алуы; эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алуы, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана білуі; өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алуы;
- өзінің ұстанымдары мен сенімдерін қорғай білуі;
- салауатты өмір сүруі; сыныпта, мектепте, үйде денсаулық сақтау ортасы жағдайларын жасау үшін білімдері мен біліктерін қолдануды меңгеруі;
- өзін-өзі жетілдіру үшін ақпараттық және коммуникативтік технологияларды шығармашылықпен және өнімді пайдалана білуі;
- күрделі жағдаяттарда жауапты шешім қабылдауы, азаматтық ұстанымын көрсете білуі;
- нақты жағдаятты бағалауы, әр түрлі мәселелердің шешімін іздестіре алуы; қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба алуы керек.
6.3.5 «Өнер» білім беру саласы
«Өнер» білім беру саласын оқытудың жалпы мақсаттары:
- эмоциялық орта мен эстетикалық талғамын, көркемдік-іс әрекетінің негізгі дағдыларын қалыптастыру;
- рухани мәдениеттің, тіршіліктің эмоциялық-құндылықтық ынталарының ажырамас бөлігі ретінде оқушының көркем мәдениетін қалыптастыру;
- қазақтың және Қазақстанның өзге де халықтары мен әлемдік қауымдастықтың ұлттық және кәсіби өнерінің озық үлгілерін саналы түрде қабылдауға тәрбиелеу.
6.3.5.1 «Өнер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері
а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:
- өнер туындыларының мазмұны мен көңіл-күйін бейнелі түрде қабылдай алуы, олардың көркемдік тұстарына эмоциялық жауап қатуы, қарым-қатынас жасауда және мақсатты оқу үдерісінде өзінің түсінігін ауызша көрсете білуі;
- мазмұны, орындау сипаты, көңіл-күйі бойынша әртүрлі өнер туындыларын ажырата алуы;
- танымал өнер туындыларының бейнелерін (өз халқының, басқа халықтардың)қарапайым талдай, бағалай, сәйкестендіре білуі;
- негізгі көркемдік материалдар мен аспаптарды қолдана білуі;
- өнер түрлерін көрсетудің негізгі құралдарын білуі;
- өз халқының және өзге де халықтардың дәстүрлі өнері мен кәсіби өнерін білуі;
- бейнелеу ілімінің бастамасы, көркем құрастыру және орындау шеберлігінің негіздерін игеруі;
- өнер саласында жиі кездесетін арнайы терминдер мен ұғымдардың мәнін түсіне білуікерек.
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:
- әралуан өнер түрлерінің ерекшіліктерін, олардың жанрдағы, стильдеріндегі және көркемдік мазмұндарындағы байланыстарын түсіне білуі;
- түрлі тарихи кезеңдердің өнер туындыларын түсіндіре алуы;
- стиль, дүниетаным және т.б. тұрғыдан түрлі жанрлар, әр дәуірдегі халықтардың өнер туындыларын талдай алуы;
- қазақ халқының тарихи қалыптасқан өнер түрлерін және олардың осы заманғы жағдайын білуі керек.
б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:
- Қазақстан мәдениетінің әлемдік мәдениеттегі ролі мен орнын және оның Қазақстан мәдениетінің қалыптасуына әсерін білуі;
- сан алуан өнер түрлерінде тарихи қалыптасқан ағымдар мен бағыттарды білуі;
- өнер саласының негізгі ұғымдары мен терминдерін қолдана білуі;
- мәдениет, өнер мәселелері жөніндегі пікірталастар мен қарым-қатынастар үдерісінде ұстамдылық танытуы;
- өнердің адам өмірінің түрлі салаларымен (әлеуметтік қатынастар, саясат, мораль, дін, ғылым және тағы басқа) байланысын түсінуі;
- мәдениетті әлеуметтік өзара ықпалдасу ретінде түсінуі, соның ішінде - түрлі ұлттар мен діни конфессиялардың әрекеттестігін ескеруі;
- көркемдік бейнелерді түсіндіре алуы керек.
-
-
-
«Технология» білім беру саласы
«Технология» білім беру саласын оқытудың жалпы мақсаттары:
- әлемнің қазіргі заманғы ғылыми көрінісіндегі технологияның рөлі мен орны туралы түсініктерді қалыптастыру;
- технологиялық ойлауды, жобалау әрекетін ұйымдастыру негіздерін, графикалық мәдениетін қалыптастыру;
- технологиялық және техникалық іс-әрекет саласында қолданбалы міндеттерді қою және шешу сынағының тәжірибесін қалыптастыру;
- түрлі қызмет саласында технологияларды пайдалану;
- еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып табысты дербес іс-әрекетке дайындау.
-
-
-
-
«Технология» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері
а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:
- түрлі материалдардың қасиеттерін және оларды пайдалану тәсілдерін білуі; қолөнер кәсібінің негізі жөнінде алғашқы түсінігінің болуы; безендіру-қолданбалы өнердің түрлерін, әралуан қызмет және мамандық түрлерін, графикалық бейнелеуді орындаудың негіздерін (нобай,сызба,схема) білуі;
- қарапайым құралдардың қолдану аясын және олардың әсер ету қағидаларын, техникалық қондырғылар мен машиналарды пайдалану аясын білуі; қол саймандарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтай алуы;
- өндірілетін өнім мен қызметтің пайдалылық шамасын түсіне алуы;
- берілген үлгідегі заттардың сызбаларын оқи алуы және орындай алуы;
- қолда бар материалдарды пайдаланып үлгі, сурет, сұлба, эскиз, сызба бойынша бұйымдарды жасай алуы;
- нобайлағыш бөлшектерінен обьектілерді модельдей білуі;
- табиғи материалдардан бұйымдар жасай алуы керек.
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:
- түрлі материалдарды өңдеу технологиясын білуі;
- қол және механикалық аспаптарды, құрал-жабдықтарды қолдануда еңбек қауіпсіздігінің ережелерін білуі және пайдалануы;
- графикалық бейнелеудің әралуан түрлерін (сұлбалар, сызбалар, схемалар, белгілер) дәстүрлі және қазіргі заманғы графикалық компьютерлік технологияларды пайдаланып, түрлендіру іс-әрекетінде қолдана алуы;
- графикалық модельдерді, сұлбаларды, сызбаларды, символдарды зерттеу және жобалау іс-әрекетінде қазіргі заманғы графикалық компьютерлік технологияларды пайдалана алуы;
- сыртқы белгілері бойынша материалдарды таңдай білуі және әртүрлі технологияларды пайдаланып бұйымдарды дайындауы (үлгі, суреті, құрама схема, сұлба, сызба бойынша);
- бұйым жасау немесе өнім алу үшін технологиялық операциялар алгоритмдерін құрып, қолдана алуы;
- ұлттық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, түрлі материалдардан қарапайым сәндік-қолданбалы бұйымдарды жасай алуы;
- экономика мен әлеуметтік саланың түрлі секторларындағы кәсіптік іс-әрекет ерекшеліктерін дәлелдей алуы;
- аспаптар, машиналар, жабдықтар мен құрылғыларды (соның ішінде компьютерлерді) пайдалану арқылы өнім алуды немесе бұйым жасай алуды білуі керек.
б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:
- бұйымның (өнімнің) жасалуының технологиялық үдерісін білуі;
- бұйымның дизайнын таңдау дағдысын меңгеруі;
- еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін түсінуі;
- өндірілетін өнімнің немесе қызметтің экономикалық және әлеуметтік әсерін бағалай алуы; әралуан іс-әрекет салаларында өнім алудың технологиясын жобалай және жасай алуы;
- сәндік-қолданбалы өнердің элементтерін осы заманғы дизайн-жобасында қолдануы; техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алуы;
- өз мамандығын таңдауын негіздей білуі керек.
6.3.7 «Дене шынықтыру» білім беру саласы
«Дене шышықтыру» білім беру саласын оқытудың жалпы мақсаттары:
- тұлғаның дене шынықтыруды - салауатты өмір салтын ұйымдастыру тәсілі ретінде түсінуін қалыптастыру; тұлғаның дене шынықтыру сабақтарына дәлелді - құндылықты қатынасын қалыптастыру;
- мектеп оқушыларына денсаулық сақтау жағдайларын жасау, ден саулықты сақтау және нығайтуға арналған дене шынықтыруды ұйымдастырудың құралдары мен түрлерін, әдістерін меңгеру;
- жоғары деңгейде дененің шынығуы мен жемісті ой еңбегін және жалпы қауіпсіздік негіздерін қамтамасыз ететін өмірлік маңызды іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру.
6.3.7.1 «Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері
а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:
- адам ағзасының қызмет етуінің негізгі қағидаларын; салауатты өмір салты қағидаларын (жеке бас және қоғамдық гигиенасын; дұрыс тамақтануды; шынығу мен қозғалыстың оңтайлы тәртібінің қажеттігін, ішімдіктің, темекі шегудің, есірткінің зиянын) білуі;
- қозғалмалы ойындардың мазмұны мен ережелерін біліп, ойын барысында жағдаятқа сәйкес шешім қабылдай алуы;
- дене шынықтыру, шынығу тәсілдері, дене бітімінің бұзылуының алдын алу, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеу білімдерінің негізі туралы түсінігінің болуы;
- жалпы дене тәрбиесін дененің шынығуының мөлшерлік талаптарына сәйкес (жасына сәйкес дене дайындығының тестін орындау) іске асыра алуы;
- күн тәртібін сақтай отырып, өмірдің денсаулық сақтау шарттарын ұйымдастыруды меңгеруі;
- дене тәрбиесі жаттығуларын өз бетінше жасаудың білік пен дағдыларын меңгеруі;
- дене шынықтыру сабағын жүргізуде ұйымдастырушылық қабілеттерінің (өз бетінше ертеңгілік жаттығу жасай білуі, дене шынықтыру сабақтарында жаттығулар жүргізе алуы) болуы керек.
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:
- денсаулықты сақтау мен оны нығайтудың құралдарын, нысандарын және әдістерін білуі;
- түрлі мақсатқа бағытталған дене жаттығуларының дара сабақтар жүйесін жоспарлаудың ережелері мен тәсілдерін білуі;
- еңбек пен демалыс тәртібінің, дұрыс тамақтанудың, қозғалыс белсенділігінің, жұмысқа қабілеттелігі мен денсаулығын сақтау мен дамытудағы, аурудың және зиянды әдеттердің алдын алудағы рөлін білуі және түсінуі;
- денсаулық сақтауға бағытталған жаттығулардың бір қатарын таңдай алуы;
- әр алуан тәсілдерді пайдаланып, табиғи және жасанды кедергілерден өте алуы;
- дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсете білуі;
- қорғаныс, өзін-өзі қорғау, сақтану және өзін-өзі сақтау тәсілдерін жүзеге асыра білуі;
- базалық спорт түрлерінде жалпы және арнайы дене дайындығын үнемі жетілдіруге деген оң ынтасын қалыптастыра білуі;
- дене дайындығының оңтайлы деңгейіне ие болуы;
- дене шынығуының сапасын дамытуы, жалпы дене және спорттық дайындық жаттығу сабақтарын өз бетінше ұйымдастыруы және жүргізудің білімдері мен әдістерін, релаксация мен өз-өзіне массаж жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгеруі;
- дене шынықтыру сабақтары барысында өзіндік бақылау және өзін-өзі басқарудың негізгі тәсілдерін меңгеруі керек.
б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:
- күн тәртібін жобалай алуы, соның ішінде еңбек ету ұзақтығын, демалысын, қозғалыс белсенділігінің ұзақтығын және тамақтану тәртібін;
- денсаулықты нығайтудағы, кәсіптік аурулардың алдын алудағы және өмірді ұзартудағы дене тәрбиесінің сауықтыру жүйелерінің ықпалдарын, белгілі бір бұлшық ет топтарын және ағза қызметтерін дамытуға бағытталған дене шынықтыру жаттығуларының негізгі түрлерін білуі;
- еңбек нарығында дені сау адамдардың сұранысқа ие екендігін түсінуі;
- рухани жетілуіне және дене бітімін жетілдіруге ұмтылуы;
- кешенді дене шынықтыру жаттығуларын, спорттық-сауықтыру жүйелерін, жалпы қолданбалы дене жаттығуларын; сайыс жаттығуларын және таңдаулы спорт түрінің техникалық – тактикалық әрекеттерін; дене шынықтырумен айналысудың қауіпсіздік талаптарын; жеке басының дене дамуы мен дене дайындығын бақылау мен бағалау әдістерін, алғашқы әскери дайындық жаттығуларын білуі және қолдануы;
- дене шынықтырумен айналысуды өзіндік жоспарлауы және орындауы;
- таңдалған спорт түрінде әділ төрелік ете білуі;
- өзіндік реттеу, релаксация және өзіне өзі массаж жасау тәсілдерін меңгеруі;
- дене шынықтыру дайындығының оңтайлы деңгейін меңгеруі;
- саптық дайындықтың негізін меңгеруі;
- жергілікті жерде бағдар жасау, картаны оқу және азимут бойынша жүре алуы;
- топография туралы түсінігінің болуы;
- сақтаудың, өз-өзін қорғаудың, сақтанудың және өзін-өзі сақтандырудың, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәсілдерін білуі екрек.
7 Орта білім берудің базалық мазмұны
Орта білім берудің мазмұны, құрылымы мынадай жеті білім беру саласын қамтиды:
1) Тіл және әдебиет
2) Математика және информатика
3) Жаратылыстану
4) Адам және қоғам
5) Өнер
6) Технология
7) Дене шынықтыру
7.1 «Тіл және әдебиет» білім беру саласының базалық мазмұны
«Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны: сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, орыс тілі, ұйғыр тілі, өзбек тілі, тәжік тілі, шетел тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, әдебиет, дүниежүзілік әдебиет пәндерінде іске асырылады.
7.1.1 «Тіл және әдебиет» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
Тіл және сөйлеу. Мәтін және оның түрлері. Дыбыс және әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Буын. Алфавит. Тасымал ережесі. Екпін. Сөз. Сөз құрамы. Сөздің лексикалық мәні. Сөйлеу құрамы. Сөз тіркесі. Сөйлем және оның түрлері. Сөйлем мүшелері. Сөйлеу мәдениеті: тілдің орфоэпикалық, орфографиялық және пунктуациялық мөлшері (минимальды мөлшерде).
Халық ауыз әдебиеті, әлемдік балалар әдебиеті классиктерінің шығармалары, қазіргі заманғы қазақ, орыс, шетел жазушылары мен ақындарының көркем сөздерінен, әңгімелерінен және шығармаларынан үзінділер.
Тақырыптардың үлгілері: Менің Отаным – Қазақстан. Жер - біздің ортақ үйіміз. Әлем халықтарының фольклоры. Отбасы. Қоршаған әлем. Адамдардың еңбегі және олардың еңбекке қатынасы. Әртүрлі елдер мен халықтардың балаларының өмірі туралы. Фантастика, саяхат және күтпеген оқиғалар. Әзіл-оспақты балалар шығармалары.
Әдебиет теориясынан қарапайым мәліметтер.
7.1.2 «Тіл және әдебиет» білім беру саласындағы негізгі орта білім берудің базалық мазмұны
Тілдің қызметтері. Дамушы құбылыс ретіндегі тіл. Тіл және қоғам. Мәдениеттер диалогындағы тілдер.
Фонетика, графика. Лексика, фразеология. Морфемика, сөзжасам. Орфография. Грамматика. Пунктуация.
Тақырып, негізгі ой, мәтіннің бөліктері. Жоспар. Баяндау, суреттеу, ой жүгірту. Мәтін түрлері.
Сөйлеу стилі. Сөйлесу, ғылыми, публицистикалық және ресми-іскерлік, ауызша және жазба тіл. Ғылыми және публицистикалық мәтіндердің ерекшеліктері.
Сөйлесу әдебі. Этномәдениет лексикасы және фразеологизм.
Қазақ, орыс әдебиеттерінің, Қазақстан халықтары мен әлем әдебиеттері шығармаларының мәтіндері.
Тегі және жанры әртүрлі әдеби шығармаларды лингвистикалық және әдебиеттанушылық талдау алгоритмы.
Ұлттық мәдениеттің бөлігі ретінде көркем әдеби шығармалар.
Әдеби шығарманың жанрлық-тақырыптық және бейнелік-желілік мазмұнының ұлттық-тарихи, эстетикалық және жалпыадамилық мәні.
7.1.3 «Тіл және әдебиет» білім беру саласындағы жалпы орта білім берудіңбазалық мазмұны
Сөйлеудің коммуникативтік сапаларының жиынтығы мен жүйесі ретіндегі сөйлеу мәдениеті. Әлеуметтік қатынастың әртүрлі жағдайларындағы сөйлеу мәдениеті. Осы заманғы әдеби тілдің негізгі мөлшерлерінің жалпы сипаттамасы және олардың сөздіктерде берілуі.
Ұлттық және әлем мәдениетінің компоненті ретінде жазушы-классиктер мен осы заманғы авторлардың көркем мәтіндері. Әдеби шығарманы тұтас және кешенді талдау. Әдеби шығармалардың мазмұнында осы заманғы өзекті мәселелердің көрініс табуы.
7.2 «Математика және информатика» білім беру саласының базалық мазмұны
«Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны математика, алгебра, геометрия, информатика пәндерінде іске асырылады.
7.2.1 «Математика және информатика» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
Теріс емес бүтін сандар және шамалар. Теріс емес бүтін сандарға және шамалардың мәндеріне арифметикалық амалдар қолдану. Есептер және оларды шешу тәсілдері. Алгебра элементтері: сандық теңдіктер мен сандық теңсіздіктер, өрнектер, теңдеулер.
Геометрия элементтері: фигуралар мен олардың қасиеттері, кеңістіктегі қатынастар. Жиын. Бос жиын (Мысалдар арқылы). Қызықты жаттығулар мен шығармашылық тапсырмалар орындауда комбинаторика, графтар және ықтималдылықтар теориясының элементтерін пайдалану.
Ақпарат, оның қасиеттері: мағынасы, сипаттамасы, бағалау. Ақпаратты түрлендірудегі және жаңа ақпарат құрудағы адамның ролі. Ақпарат түрлері. Ақпаратты ұйымдастырудың тәсілдері. Ақпаратты өңдеу, жіберу, сақтау.
Компьютер және оның құрылымы. Оның күнделікті өмірдегі ролі. Компьютерлік жүйені құраушы құрылымдар. Компьютерді басқару. Ақпаратты өңдейтін құралдармен танысу: мәтіндік редактор, графикалық редактор, калькулятор.
Адамның ақпараттық қызметі туралы түсінік. Адамның ақпараттық мәдениеті.
7.2.2 «Математика және информатика» білім беру саласындағы негізгі орта білім берудің базалық мазмұны
Сандар (бүтін, рационал, иррационал) мен есептеулер. Жуықтап есептеулер. Санның логарифмы.
Өрнектер және оларды түрлендіру. Алгебралық өрнектер. Жиын теориясының элементтері.
Сандық тізбектер. Функциялар (сызықты, квадраттық, дәрежелік, көрсеткіштік логарифмдік, тригонометриялық). Функциялардың графиктері және олардың қасиеттері.
Теңдеулер және теңсіздіктер (сызықты, квадраттық, дәрежелік, көрсеткіштік, логарифмдік, қарапайым тригонометриялық). Теңдеулер және теңсіздіктер жүйесі (соның ішінде модуль таңбасымен).
Координаттар жүйесі. Геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттері. Геометриялық шамаларды өлшеу. Жазықтықтағы және кеңістіктегі векторлар.
Геометриялық түрлендірулер (центрлік және осьтық симметриялар, бұру, параллель көшіру, ұқсастық).
Ықтималдылықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері.
Комбинаторика элементтері.
Ақпаратты кодтау. Ақпаратты өлшеу. Ақпаратты өңдеу. Ақпараттық үдерістер.
Компьютер. Компьютер жұмысы және ұйымдастыру. Компьютердің арифметикалық негізі. Компьютер жұмысының логикалық негіздері. Компьютерді бағдарламалық жабдықтау. Операциялық жүйе. Ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын операциялық жүйелердің құралдары. Ақпаратты қысу және қорғау.
Алгоритмдеу. Алгоритмдер және орындаушылар. Программалау. Модельдеу.
Ақпараттық технологиялар. Мәтіндік ақпаратты өңдейтін технологиялар. Графикалық ақпараттарды өңдейтін технологиялар. Сандық ақпараттарды өңдейтін технологиялар. Кең көлемді ақпаратты өңдеу технологиялары. Үй экономикасы мен бизнестегі ақпараттық технологиялар. Оқытуға арналған бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасау.
Копьютерлік коммуникациялар. Интернет. Интернеттің ақпараттық ресурстары. Интернетте ақпаратты қабылдау және жіберу.
Информатика және қоғам. Ақпаратпен жұмыс жасаудың адамгершілік-этикалық нормасы.
7.2.3 «Математика және информатика» білім беру саласындағы жалпы орта білім берудің базалық мазмұны
Рационал және иррационал, логарифмдік, көрсеткіштік, тригонометриялық және қарапайым тригонометриялық өрнектерді түрлендіру.
Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері (оның ішінде модуль таңбасы бар). Математикалық анализ бастамалары. Функциялар және олардың графиктері Математикалық анализ аппаратымен функцияларды зерттеу. Қолданбалы есептерді шығару, соның ішінде шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу.
Ықтималдылықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері.Комбинаторика.
Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар. Көпжақтар. Айналу денелері мен беттері. Координаттар. Векторлар. Түрлендірулер.
Осы заманғы компьютердің бағдарламалық жабдықталуы. Операциялық жүйе. Операциялық жүйені орнату және конфигурациясы. Компьютерлік жүйені оптимизациялау. Ақпаратты қорғау және архивтеу.
Офистік жүйелер. Ақпараттық нысандарды кешенді өңдеу.
Мәтіндік ақпараттық нысандарды өңдеудің технологиялары және құралдары, берілген параметрлері бойынша нысандарды зерттеу.
Компьютерлік графика. Компьютерлік графиканың құралдары. Мультимедиа. Мультимедия технологияларының құралдары. Презентация.
World Wide Web тұжырымдамасы. Интернеттен ақпарат іздеу. Web-құжаттар дайындау.
Жеке тұлға мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі. Ақпаратқа қол жеткізу, қорғау, олармен жұмыс жасау мәселелерін мемлекеттік-құқықтық реттеу. Ақпараттық қоғам.
7.3 «Жаратылыстану» білім беру саласының базалық мазмұны
«Жаратылыстану» білім беру саласының базалық мазмұны: қоршаған әлем, жаратылыстану, география, биология, физика, химия, экология пәндерінде іске асырылады.
7.3.1 «Жаратылыстану» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
Мені қоршаған әлем. Қоршаған әлем туралы жалпы түсінік. Оқушының жақын айналасы. Сынып бөлмесінің сұлбасы. Жергілікті жерде бағдарлау. Жергілікті жер сұлбасы (жалпы түсінік). Табиғат туралы жалпы түсінік. Табиғатты зерттеу әдістері. Жыл мезгілдері. Жергілікті жердің ауа-райын бақылау. Тәуліктік уақыттар. Адам мен тірі және өлі табиғат арасындағы байланыс. Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесі.
Адам. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайлар. Адам денесінің құрылысы мен адам ағзасының негізгі қызметтері туралы жалпы түсінік. Жеке бас гигиенасы. Денсаулық және өмір сүру қауіпсіздігі.
Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Жануарлардың көптүрлілігі: жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер; Олардың сыртқы түрлерінің, қоректенуінің, көбеюінің ерекшеліктері. Жануарлардың өмір сүруіне қажетті шарттар. Үй хайуанаттары және жабайы жануарлар.Жануарлардың тіршілік ету ортасына бейімделуі.
Өсімдіктердің көптүрлілігі: балдырлар, саңырауқұлақтар, мүктер, қыналар, қылқан жапырақтылар мен гүлді өсімдіктер. Өсімдік мүшелері, олардың қызметі. Ағаштар, бұталар, шөптер. Өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайлар.
Жануарлар мен өсімдіктердің жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы. Қазақстанның өсімдіктер әлемінің ерекшеліктері. Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау.
Қоршаған әлем объектілері, олардың атаулары, белгілері, қарапайым қасиеттері. Табиғи және жасанды денелер мен заттар туралы түсінік. Тірі және өлі табиғат. Су, ауа, топырақ, олардың физикалық қасиеттері (ағымдылығы, мөлдірлігі, қаттылығы, жылу өткізгіштігі, түсі, иісі). Табиғаттағы су айналымы.
Жер бетінің формалары. Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары және оларды қорғау. Географиялық картадағы материктер мен мұхиттар. Жер – біздің планетамыз. Күн – жарық пен жылу көзі.
7.3.2 «Жаратылыстану» білім беру саласындағы негізгі орта білім берудің базалық мазмұны
Атомдар мен молекулалар. Химиялық элемент. Денелер мен заттар. Бүкіл әлем, Күн жүйесі, Жер, Жер сфералары.
Биосфера. Тіршілік иелері: өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, бактериялар.
Адам. Адамның денсаулығы. Адамның табиғатты өзгертудегі рөлі.
Табиғат, экожүйелер, табиғи және жасанды қауымдастықтар. Қоршаған ортаның жай-күйі және оны қорғау, табиғи және антропогенді факторлар. Биосаналуандықты сақтау; табиғат жүйелерінің тұрақты дамуы.
Жай және күрделі заттар. Құбылыстар мен үдерістер.
Энергия түрлері, олардың түрлену процесі; қоршаған орта энергия көзі ретінде.
Табиғи жүйелердегі заттар мен энергиялар айналымы.
Маңызды заттар мен материалдарды алу технологиясы.
Табиғат ресурстары және оларды ұтымды пайдалану.
Нысандар туралы жалпы түсінік: категориялау, классифиациялау, ұсақ түрлерге бөлу, нысандардың құрылысы мен қасиеттері; адам өміріндегі рөлі.
Нысандарды сипаттайтын негізгі заңдар мен заңдылықтар. Тірі және өлі табиғат нысандарының өзара байланысы.
Нысандар мен үдерістерді танудың ғылыми жаратылыстану әдістері.
7.3.3 «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша жалпы орта білім берудің базалық мазмұны
Материя және оның ұйымдасу деңгейлері.
Органикалық және бейорганикалық заттар әлемі.
Табиғи және жасанды жүйелер. Әлемнің қазіргі заманғы табиғи-ғылыми бейнесі.
Физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық құбылыстар мен үдерістер.
Табиғи және жасанды нысандар, жүйелер, үдерістер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен өзара қарым-қатынастар.
Күн жүйесінің құрылымы мен пайда болуы жөніндегі қазіргі заманғы түсініктер. Жер сферасы. Жердегі тіршіліктің дамуының кезеңдері.
Биосфераның геохимиялық қызметі. Биосферадағы заттар мен энергиялар айналымы.
Өркениеттің технологизациялануы және оның ортаға әсері. Адам қоғамы мен Жердің ғаламдық экожүйесі арасындағы қарым-қатынас. Адамзаттың ғаламдық проблемалары.
Ғылымның адамзат қоғамындағы рөлі.
Өмірлік маңызы бар өнімдерді өндірудің қазіргі заманғы технологиялары.
Табиғат нысандары туралы жалпы түсінік: категориялау, классификациялау, нысандарды талдау, құрылымы, қасиеттері, дамыту, пайдалану, нысандарды түрлендіру.
Нысандардың қызметін сипаттайтын негізгі заңдылықтар, заңдар және теориялар.
Тірі және өлі табиғат нысандарының арасындағы өзара байланыс және өзара әсер етуі.
Обьектілерді танып білудің осы заманғы ғылыми-жаратылыстану әдістері. Тұрақты даму ұғымы.
7.4 «Адам және қоғам» білім беру саласының базалық мазмұны
«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны: қоғамтану негіздері, қазақстан тарихы, жалпы тарих, өзін-өзі тану, қоғамтану, экономика, құқық пәндерінде іске асырылады.
7.4.1 Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
Менің әлемім. Мен – адаммын, оқушымын, ұлмын/қызбын. Мектептік қоғам және оқушылардың міндеттері. Бала құқығы туралы түсінік.
Отбасы және қоғам. Менің отбасым. Отбасындағы өзара түсіністік және өзара көмек. Отбасылық мерекелер мен отбасылық дәстүрлер. Адамның қоғамдағы, қоршаған ортадағы мінез-құлқы тәртібі. Адамдар еңбегі және мамандық түрлері. Экономика туралы түсінік. МеніңОтаным. Менің қалам мен ауылым-менің кіші отаным. Менің қалам мен ауылымның көзтартарлық орындары. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасының Әнұраны, Елтаңбасы, Туы. Астана – Қазақстанның бас қаласы. Қазақстан Республикасының мерекелері. Қазақ халқы үшін аса маңызды оқиғалар мен атақты тұлғалар. Қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері.
Адамның өзін-өзі тануы. Адам және қоғам. Адам және қоршаған әлем. Адамзаттың рухани тәжірибесі.
7.4.2 «Адам және қоғам» білім беру саласындағы негізгі орта білімнің базалық мазмұны
Табиғат, адам және қоғам. Индивид және тұлғаның әлеуметтенуі. Қоғам түрлері мен құрылымдары.
Тарихи ғылымдардың пәні мен әдістері Адамзаттың ежелгі тарихы. Ежелгі дәуір мен ортағасырлардағы дәстүрлі шығыстық және еуропалық қоғамдар.
Жаңа кезеңде Еуропадағы дәстүрлі қоғамның құлдырауы, индустриалы қоғамның құрылуы.
Жаңа кезеңдегі Шығыстың дәстүрлі қоғамы және шығыс қоғамдарының жаңару үдерісінің дамуы.
ХХ ғ. бірінші жартысындағы батыс индустриалды қоғамының құлдырауы.
ХХ ғ. бірінші жартысындағы Шығыс елдерінің жаңару үдерісінің аймақтық ерекшеліктері қоғамының құлдырауы.
Батыстық қоғамның постиндустриялы (индустриялыдан кейінгі) дәуірге ауысуы (XX ғ. екінші жартысы – XXI ғ. бірінші жартысы). XX ғ. екінші жартысы – XXI ғ. бірінші жартысындағы Азия және Африка елдері. Әртүрлі дәуірдегі Шығыс пен Батыстың халықаралық қатынастар жүйесінің, қоғамдық санасының және рухани кеңістігінің қалыптасуы және дамуы.
Ежелгі дәуірдегі және ежелгі Қазақстан. Қазақстан аумағындағы ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер. Жаңа замандағы Қазақстан.Ресей империясы құрамындағы Қазақстан. Қазақтардың дәстүрлі қоғамы. ХХ ғасырдағы Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстан.
Демократиялық қоғам. Қоғамның мәдениеті, өнері және дәстүрі. Қоғамдық қатынастардағы әлемдік діндердің рөлі. Әлеуметтік жүйе. Отбасы қоғамның негізгі ұяшығы ретінде. Ұлт. Халық. Мемлекет және оның қызметі. Құқық және құқықтық қатынастар. Құқықтық мемлекет.
Саяси жүйелер мен институттар. Саясаттың қызметтері. Саяси мәдениет.
Экономикалық білім негіздері. Тұтынымдар мен шектеулер. Өндіріс және еңбек. Экономика тарихынан. Табиғи, еңбек, капитал ресурстары. Кәсіпкерлік. Жеке меншік. Экономикалық жүйе. Нарықтық экономика және оның құрылымы. Сұраным мен ұсыным:. Ақша. Банктық жүйе. Несие. Несиелік жүйе. Қаржылық жүйе. Салықтық жүйе. Экономикадағы мемлекеттің рөлі. Халықаралық экономикалық қатынастар.
Қазіргі заманның жаһандық проблемалары. Қазақстан Республикасының Заңдары. Әлемдік қауымдастық және Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары.
7.4.3 «Адам және қоғам » білім беру саласындағы жалпы орта білімнің базалық мазмұны
Ғылым мен техниканың даму тарихы. Қазіргі қоғамдағы ғылым мен техниканың рөлі.
Қазақтың мемлекеттілігінің қалыптасуы және даму тарихы: мемлекеттіліктің ерте түрлерінен тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізгенге дейін. Еуразиялық тарихи кеңістіктегі көшпенді өркениеті. Тарихи контекстегі еуразиялық көшпенді өркениетінің динамикасы. Қазақстандағы этноәлеуметтік және этномәдени үдерістердің динамикасы. ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы өтпелі кезеңдегі Орта Азия мемлекеттерінің дамуы: әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси қайта жаңғыру үрдістері. Дін тарихы. Діннің мәні, мағынасы, қызметі, түрлері.. Қазақстан тарихындағы дін. Қазіргі әлемдегі халықаралық қатынастар ролінің артуы.
Көпжақты дипломатия және халықаралық ұйымдар.
Саяси жүйелер мен институттар. Саяси режім. Құқықтық мемлекеттер мен азаматық қоғамдардың дамуы. Азаматтардың құқығын қорғау туралы Декларация.
Қазіргі заманғы қоғам және әлеуметтік–құқықтық қатынастар. Құқық. Құқықтық мемлекет. Құқықтық жүйе. Азаматтық қоғам. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы.
Әлеуметтік мәдениет. Тұлғаның әлеуметтенуі. Индивид. Тұлға. Адамның іс-әрекеті. Отбасы және оның қоғамдық жүйедегі ролі. Халық. Ұлт. Мемлекет. Саяси жүйе және режим. Халықаралық саяси ұйымдар. Әлемдік қауымдастық және қазіргі заманның жаһандық проблемалары.
Базалық экономикалық білім. Микроэкономика. Макроэкономика. Халықаралық әлеуметтік – экономикалық қатынастар. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың дамуы Кәсіпкерлік және іскерлік. Әлемнің жаһандық, әлеуметтік – экономикалық проблемалары.
Достарыңызбен бөлісу: |