8 Магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеуге және оның шарттарына қойылатын талаптар
8.1 6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын ғылым және білім беру ұйымдары дербес әзірлейді және бекітеді.
8.2 Магистратураның білім беру бағдарламасы мыналардан тұрады:
- негізгі және бейіндік пәндерді оқудан тұратын теориялық оқыту;
- кәсіптік практика;
- бейіндік магистратурада оқитындар үшін - эксперименттік-зерттеу жұмысы, оған магистрлік диссертацияны орындау кіреді;
- ғылыми және педагогикалық магистратурада оқитындар үшін -ғылыми зерттеу жұмысы, оған магистрлік диссертацияны орындау кіреді;
- аралық және қорытынды аттестаттау.
8.3 Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны оқудың жұмыс жоспарымен, бағдарламалармен анықталады. Жоспар мен бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарты, типтік оқу жоспары мен бағдарламалары негізінде дайындалады.
8.4 Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымында өзіндік жұмысқа маңызды орын бөлінеді.
Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді – магистранттың оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы (МОБӨЖ) және магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ).
МОБӨЖ – магистранттың оқытушымен байланыста өткізетін аудиториядан тыс жұмысы, ол оқу сабақтарының кестесінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс. МОБӨЖ сағаттарына үй тапсырмасын, курстық жобаларды (жұмыстарды), семестрлік және бақылау жұмыстарын, есептерді және МӨЖ тапсырмаларының басқа да түрлерін орындау жөніндегі консультациялар кіреді.
МӨЖ – магистранттың дербес өзі орындайтын аудиториядан тыс жұмысы. МӨЖ оқу-әдістемелік әдебиетпен, ұсыныстармен қамтамасыз етілген және өз бетімен оқуға бөлінген тақырыптардың белгіленген тізімі бойынша орындалады. Ол жұмыс тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, есеп беру жолымен және білімді бақылаудың басқа да формаларымен тексеріледі.
Өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі МОБӨЖ мен МӨЖ арақатынасын білім беру және ғылым ұйымының өзі белгілейді. Ғылыми және педагогикалық дайындықта МОБӨЖ көлемі өзіндік жұмыстың жалпы көлемінің 1/4 бөлігінен кем болмауы керек, бейіндік дайындықта өзіндік жұмыстың жалпы көлемінің 1/3 бөлігінен кем болмауы керек.
8.5 Магистрант ғылыми жетекшінің басшылығымен құрылатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды, ғылыми жетекшінің ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD академиялық дәрежесі болуы және ғылымның осы саласында ғылыми зерттеумен белсенді түрде шұғылдануы шарт. Қажет болған жағдайда ғылымның ұқсас салаларынан ғылыми кеңесшілер тағайындалуы мүмкін. Жеке жоспар барлық оқу кезеңіне толық құрылады.
Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқу мерзімінің барлық кезеңіне жасалады. Ол төмендегі тарауларды қамтиды:
- жеке оқу жоспары (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
- эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысы (зерттеу тақырыбы, бағыты, есеп беру мерзімі мен түрі);
- практика (бағдарлама, негіз, есеп беру мерзімі мен түрі);
- магистрлік диссертация тақырыбы, оған дәлелдемесі және құрылымы қоса беріледі;
- магистрлік диссертацияны орындау жоспары;
- ғылыми жарияланымның, сынақ мерзімінен өтудің жоспары, (қажеттігі болса).
8.6 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау нәтижелерінің халықаралық білім кеңістігінде танылуын қамтамасыз ету үшін білімді бағалау рейтингілік-балдық әріптік жүйемен жүргізіледі.
8.7 Практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
Бейінді магистратураның білім беру бағдарламасына практиканың өндірістік түрі кіруі тиіс.
Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімін бекіту, біліктілікті және практикалық дағдыны үйрену мақсатымен, сонымен қатар озық тәжірибені игеру мақсатымен жүргізіледі. Практика жеке жоспарға сәйкес оқу жоспарында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады. Магистрант шетел ғалымдарының дәрістерін тыңдауға, ғылыми семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысуға, ғылыми жетекшінің қадағалауымен эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізуге тиісті.
Өндірістік практиканы өткізу орны – денсаулық сақтау, мемлекеттік санитария-эпидемиология қызметі және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар.
Ғылыми және педагогиалық магистратураның білім беру бағдарламасында практиканың екі түрі бар:
- педагогикалық;
- зерттеу.
Педагогикалық практика оқыту әдістемесі мен практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатымен жүргізіледі Педагогикалық практика оқу процесінен қол үзбей-ақ теориялық оқыту кезеңінде жүргізілуіне болады.
Магистранттың зерттеу жұмысына бөлінетін практика еліміздің және шетел ғылымының жаңа теориялық, әдістемелік, технологиялық жетістіктерімен, қазіргі ғылыми зерттеу әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу мен түсіндіру әдістерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.
Практиканың өтетін орны:
педагогикалық практика жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру ұйымдарында;
зерттеу практикасы денсаулық сақтау, мемлекеттік санитария-эпидемиология қызметі және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда өткізіледі.
8.8 Өндірістік/зерттеу практикасының мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.
8.9 Практиканың барлық түрлері жеке жоспарға сәйкес оқу жоспарында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
8.10 Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар
Бейіндік магистратурадағы эксперименттік-зерттеу жұмысы:
- магистрлік жұмыс қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы;
- ғылымның, техниканың және өндірістің қазіргі жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсыныстың, басқару міндеттерінің өзіндік шешімі болуы;
- ақпараттық озық технологияны қолдана отырып орындалуы;
- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) тарауларынан тұруы тиіс.
8.11 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар
Ғылыми және педагогикалық магистратураның ғылыми-зерттеу жұмысы:
- магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы;
- өзекті, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы болуы;
- ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
- қазіргі ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып орындалуы;
- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) тарауларынан тұруы;
- білімнің тиісті саласындағы халықаралық озық тәжірибеге негізделуі тиіс.
8.12 Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ) магистрлік диссертацияның орындалуын қосқанда 6 кредитті құрайды.
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ) магистрлік диссертацияның орындалуын қосқанда 11 кредитті құрайды.
8.13 Эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін магистрант әр академиялық кезеңнің соңында есеп түрінде ресімдейді.
Магистранттың эксперименттік-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмысының соңғы қорытындысы - магистрлік диссертация, оны дайындауға 1 кредит бөлінеді.
Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері кем дегенде бір жарияланымда және ғылыми-практикалық конференцияда бір баяндама түрінде ұсынылуы керек.
8.14 Магистрлік диссертацияның мазмұнына және ресімделуіне, оны дайындауға және қорғауға қойылатын талаптар білім саласының өкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
8.15 Кадрлармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Магистратураның білім беру бағдарламалары білім беру қызметін атқаруға лицензиясы бар мекемелерде жүзеге асырылады. Оларда: осы стандарттың негізгі және бейіндік пәндер циклі бойынша дәріс беретін ғылым докторлары, ғылым кандидаттары дәрежесі және философия докторы (РһD), бейіндік доктор академиялық дәрежесі бар штаттағы оқытушылар саны 45% -дан кем болмауы керек.
8.16 Магистратурада оқу сабақтарын ғылым докторы немесе кандидаты, PhD докторы академиялық дәрежесі немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі бар тұлғалар жүргізеді.
Бейіндік магистратурада сабақ жүргізу үшін тиісті профиль басқармасының жоғары буынының практик-мамандарын шақыруға болады.
8.17 Магистратурада оқу сабақтары инновациялық технология және оқытудың интерактивті әдістері қолданыла отырып жүргізілуі керек.
8.18 Оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілу талаптары:
Оқу процесінің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі магистранттардың білім беру бағдарламасын сапалы меңгеру мүмкіндігіне кепілдік беруі тиіс.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында халықаралық ақпараттық жүйеге, деректердің электронды базасына, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке еркін қол жеткізуге мүмкіндік жасалуы қажет.
8.19 Материалдық-техникалық қамтамасыз етілу талаптары:
Магистратураның білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасының (аудитория қоры, компьютер кластары, лабораториялар, аспаптармен жабдықталуы, қор материалдары) болуы шарт, ол база қолданыстағы санитариялық-техникалық нормаларға сай болуы және теориялық, практикалық дайындықтың оқу жоспарында қаралған барлық түрлерін өткізуді, сонымен қатар магистранттың эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысының тиімді орындалуын қамтамасыз етуі керек.
Білім беру және ғылым ұйымдары зерттеу нәтижесінің жариялануына көмектесуі керек.
9 Магистратураның білім беру бағдарламаларын орындаған тұлғалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
9.1 Жалпы талаптар
Магистратураны бітірушінің іргелі ғылыми және кәсіптік дайындығы болуы тиіс және ол қазіргі ақпараттық технологияларды, оның ішінде ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін игеруі, қазіргі ғылыми және практикалық проблемаларды тұжырымдай және шеше алуы, таңдаған ғылыми мамандығы бойынша эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлап, жүргізуі, жоғары оқу орындарында сабақ бере алуы, зерттеу және басқару қызметін табысты атқара алуы керек.
9.2 Арнаулы пәндер бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын меңгеруге қойылатын талаптар сол пәндердің оқу бағдарламасымен анықталады.
А қосымшасы
(міндетті)
6М110500 – Медициналық-профилактикалық іс мамандығының
Типтік оқу жоспары
(бейіндік бағыт)
Оқу мерзімі: 1 жыл
Академиялық дәрежесі: Денсаулық сақтау магистрі
Пәндер циклі
|
Пән коды
|
Пәннің аты
|
Кредит саны
|
Семестр
|
Бақылау формасы
|
НП
|
Негізгі пәндер
|
13
|
|
|
МНП
|
Міндетті компонент
|
8
|
|
|
01 МНП
|
IFN 6201
|
Ғылым тарихы мен философиясы
|
1
|
1
|
Емтихан
|
02 МНП
|
IYa 6202
|
Шетел тілі (кәсіптік)
|
2
|
1
|
Емтихан
|
03 МНП
|
Men 6203
|
Менеджмент
|
1
|
1
|
Емтихан
|
04 МНП
|
Psi 6204
|
Психология
|
1
|
1
|
Емтихан
|
05 МНП
|
OB 6205
|
Биоэтика негіздері
|
1
|
1
|
Емтихан
|
06 МНП
|
Bio 6206
|
Биостатистика
|
1
|
1
|
Емтихан
|
07 МНП
|
EMI 6207
|
Эпидемиология және зерттеу әдістері
|
1
|
1
|
Емтихан
|
ТНП
|
Таңдау компоненті
|
5
|
1
|
|
БП
|
Бейіндік пәндер
|
13
|
|
|
МПП
|
Міндетті компонент
|
3
|
|
|
01 МБП
|
OSES 6301
|
Санитария-эпидемиология қызметін ұйымдастыру
|
1
|
1
|
Емтихан
|
02 МБП
|
ODM 6302
|
Дәлелді медицина негіздері
|
1
|
1
|
Емтихан
|
03 МБП
|
ZZ 6303
|
Денсаулық сақтаудағы заңнама
|
1
|
2
|
Емтихан
|
ТПП
|
Таңдау компоненті
|
10
|
2
|
|
Эксперименттік-зерттеу жұмысы
|
|
4
|
1,2
|
|
Практика
|
Өндірістік
|
3
|
2
|
|
Қорытынды аттестация (ҚА)
|
|
2
|
2
|
|
|
1. Кешенді емтихан (КЕ)
|
1
|
2
|
|
2. Магистрлік диссертацияны (жұмысты) қорғау
|
1
|
2
|
|
|
Барлығы__30'>Барлығы
|
30
|
|
|
Е с к е р т у –
Практика мен қорытынды аттестаттауға бөлінетін кредит саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінетін кредит санын көбейте алады.
|
Б қосымшасы
(міндетті)
6М110500 – Медициналық-профилактикалық іс мамандығының
Типтік оқу жоспары
(бейіндік бағыт)
Оқу мерзімі: 1,5 жыл
Академиялық дәрежесі: Денсаулық сақтау магистрі
Пәндер циклі
|
Пән коды
|
Пәннің аты
|
Кредит саны
|
Семестр
|
Бақылау формасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
НП
|
Негізгі пәндер
|
14
|
|
|
МНП
|
Міндетті компонент
|
8
|
|
|
01 МНП
|
IFN 6201
|
Ғылым тарихы мен философиясы
|
1
|
1
|
Емтихан
|
02 МНП
|
IYa 6202
|
Шетел тілі (кәсіптік)
|
2
|
1
|
Емтихан
|
03 МНП
|
Men 6203
|
Менеджмент
|
1
|
1
|
Емтихан
|
04 МНП
|
Psi 6204
|
Психология
|
1
|
1
|
Емтихан
|
05 МНП
|
OB 6205
|
Биоэтика негіздері
|
1
|
1
|
Емтихан
|
06 МНП
|
Bio 6206
|
Биостатистика
|
1
|
1
|
Емтихан
|
07 МНП
|
EMI 6207
|
Эпидемиология және зерттеу әдістері
|
1
|
1
|
Емтихан
|
ТНП
|
Таңдау компоненті
|
6
|
1,2
|
|
БП
|
Бейіндік пәндер
|
20
|
|
|
МПП
|
Міндетті компонент
|
6
|
|
|
01 МНП
|
OSES 6301
|
Санитария-эпидемиология қызметін ұйымдастыру
|
2
|
1
|
Емтихан
|
02 МНП
|
ODM 6302
|
Дәлелді медицина негіздері
|
2
|
2
|
Емтихан
|
03 МНП
|
ZZ 6303
|
Денсаулық сақтаудағы заңнама
|
2
|
2
|
Емтихан
|
ТПП
|
Таңдау компоненті
|
14
|
2,3
|
|
Эксперименттік-зерттеу жұмысы
|
|
6
|
3
|
|
Практика
|
Өндірістік
|
5
|
2
|
|
Қорытынды аттестация (ҚА)
|
|
2
|
3
|
|
|
1. Кешенді емтихан (КЕ)
|
1
|
3
|
|
|
2. Магистрлік диссертацияны (жұмысты) қорғау
|
1
|
3
|
|
|
Барлығы
|
40
|
|
|
Е с к е р т у –
Практика мен қорытынды аттестаттауға бөлінетін кредит саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінетін кредит санын көбейте алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |