Қазақстан республикасының мемлекеттік стандарты ұялы байланыстың абоненттік стансалары (терминалдары). Техникалық талаптар



бет2/9
Дата25.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#22960
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қолданылу саласы

Осы стандарт Қазақстан Республикасында қолданылатын ұялы байланыстың әртүрлі стандарттарындағы абоненттік стансаларына (терминалдарына), тарайды.

Осы стандарт ұялы байланыстың абоненттік стансаларының радиоинтерфейсіне, сыртқы әрекетке, қауыпсіздікке және қазақ тілін қолдауға қатысты техникалық талаптарды орнатады.

Осы стандартта ұялы байланыстың абоненттік стансаларына жазылған техникалық талаптар Еуропалық байланыс стандарттары институты жасайтын стандарттар мен кепілдемелерге сәйкес.

Стандарт қызмет көрсету уақыты өткен абоненттік стансаларға, сонымен қатар, сувенир ретінде рәсімделген және өндіруші кәсіпорын қарастырмаған сұлбалық немесе конструкциялық өзгерістері бар терминалдарға таралмайды.


  1. Нормативтік сілтемелер

Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

ҚР СТ 34.014-2002. Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге стандарттар кешені. Автоматтандырылған жүйелер. Терминдер мен анықтамалар.

ГОСТ 15150-69 Машиналар, аспаптар және басқа техникалық бұйымдар. Әртүрлі климаттық аудандар үшін орындаулар. Қоршаған ортаның климаттық факторларының ықпалы бөлігінде категориялар, пайдалану шарттары, сақтау және тасымалдау.

ГОСТ 23088-80 Электронндық техника бұйымдары. Қаптамаға, тасымалдауға, талаптар мен сынақ әдістері.

ГОСТ 30428-96 Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Сымды байланыс аппаратурасынан индустриалды радиобөгеу. Сынақ нормалары мен әдістері.

ГОСТ Р 50829-95. Радиостансаның, қабылдау жіберу аппаратурасы мен олардың құрамдас бөліктерін пайдаланған радиоэлектрондық аппаратураның қауіпсіздігі. Жалпы талаптар мен сынақ әдістері.

РД 45.187-2001 GSM 900/1800 стандартының жылжымалы ұялы байланыс жүйесінің абоненттік стансасы. Жалпы талаптар.



Жоба

ЕСКЕРТПЕ Осы стандартты пайдалану кезінде сілтемелік стандарттар мен жіктеуіштердің қолданысын ағымдағы жылдағы жай-күйі бойынша жыл сайын басылып шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар сілтемесі» ақпараттық сілтемесі бойынша жəне ағымдағы жылда жарияланған тиісті ай сайын басылып шығарылатын ақпараттық сілтемелер бойынша тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса, (өзгертілсе), онда осы стандартты пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) стандартты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.


  1. Терминдер, анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар

Осы стандартта ҚР СТ 34.014, ҚР СТ 1091-2002 бойынша, сонымен қатар сәйкес анықтамалары, белгілеулері және қысқартыларымен келесі терминдер қолданылады:



Абонент: Байланыс операторымен байланыс қызметі туралы заңды рәсімділген келесім негізінде байланыс қызметін тұтынушы (физикалық, заңдылық) тұлға.

Абоненттік нөмір: Абононтке ұялы байланыс қызметін көрсету туралы келісімді бекіткен кезде берілетін және байланыс операторының желісіндегі абоненттік құрылғыға басқа абоненттік стансалар жалғанған кезде осы құрылғыны айқындайтын нөмір.

Абоненттік станса; АС: Тұтынушы берген ақпаратты радиоарнамен жіберу немесе қабылдау үшін байланыс операторының желісіне қосылатын электрлбайланыс сигналын құрушы техникалық жабдық

Абоненттік нөмірді автоматты анықтау: Кіріс жалғау кезінде абоненттік құрылғының дисплейінде шығыс жалғауды жүзеге асыратын абоненттік нөмірді бейнелеуге мүмкіндік беретін қызмет.

Базалық станса; БС: Кеңістікте алшақтатылған екі антенамен жұмыс істейтін бірнеше арна бойыншы жұмыс істеуді қамтамасыз ететін қабылдағыш-жібергіш.

Жібергіштің шығыс қуаты: Антена эквивалентіне жеткізілген немесе дестенің пайдалы бөлігін жібергенде ендірілген антеналы абоненттік стансаның шығаратын қуаттың орта мәні.

Байланыс операторының желісіне қол жеткізу: Байланыс қызметін алу үшін ұялы радиотелефон байланысының желісін пайдалану мүмкінділігі.

Байланыс операторының әрекет аймағы: Лицензияға сәйкес байланыс операторының байланыс қызметін өкілетті көрсету территориясы

Қызмет көрсету аймағы: Байланыс операторы аппаратурасының техникалық мүмкіндігінің күшімен ұялы радиотелефондық байланыс қызметін көрсете алатын аймақ.

Абоненттік станса пернетақтасы: Шақыралатын абонент нөмірі мен хабар мәтінін теру үшін түйемелер және абоненттік станса жұмысын басқару үшін батырмалар бар тақташа.

Кодтық бет: Әріптер, цифрлар, тыныс белгілер мен арнаулы символдар тобына сәйкес қойылатын сандық мәндер жиынтығы

Абонентті идентификациялау модулі: Абонентті идентификациялайтын және оған байланыс операторының қызметіне қолжеткізетін абоненттік құрылғысының бөлігі болатын микропроцессорлық модуль.

Шақыруды күту: Басқамен сөйлесіп жатқан абонентке шақыруды қабылдауға және бос емес шақырылатын абонентті қысқа сигналмен хабарлауға мүмкіндік беретін қызмет.

Байланыс операторы: Байланыс қызметін көрсетуге құқығы бар физикалық немесе заңды тұлға.

Желі операторы: Телекоммуникация желісінің иесі және оны желі абоненттеріне телекоммуникациялық қызмет көрсету үшін пайдаланады.

Сөйлеудің ақылы ұзақтығы: Ұялы байланыс қызметінің ақысын анықтағанда алынатын уақыт периоды.

Жиілік бойынша қате: Абоненттік станса жіберетін сигнал жиілігі мен базалық станса жіберетін синхронизация сигналының жиілігі арасындағы немесе абоненттік станса жіберетін сигнал жиілігі мен пайдаланылатын жиілік арнасының номиналды жиілігі арасындағы айырма.

Фаза бойынша қате: Абоненттік станса жіберетін сигнал фазасы мен пайдалынатын модуляция типіне сәйкес фазаның теоретикалық мәні.

Ортаквадратты фаза бойынша қате: Фаза бойынша қатенің траекториясы мен слоттың пайдалы бөлігінің интервалындағы сызықтық регрессиясы арасындағы айырма.

Деректерді жіберу: Абонентке Интернет желісінде электрондық поштаны жіберу мен қабылдауға, файлдармен алмасуға мүмкіндік беретін байланыс қызметі.

Шақыруды қайта адрестеу: Келген кіріс қосылуын басқа абоненттік нөмірге бағыттауды мүмкін ететін қызмет.

Ұялы байланыс желісіне қосылу: Абонентті ұялы радиотелефонды байланыс желісіне қолжеткізуді беретін қызмет.

Ұялы байланыс қызметін көрсету: Оператордың ұялы байланыс желісінің абоненті мен Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланатын байланыс желісінің абоненті арасында шығыс және кіріс қосылуын орнатуға мүмкіндік беру.

Радиотелефонды байланыс: Радиотолқынмен жіберілетін екі жақты, көбінесе сөйлеу түрінде, ақпарат алмасуға арналған электробайланыстың түрі.

Радиотелефонды қосылыс: Абоненттердің екі абоненттік құрылымдары арасында, егер ең болмаса олардың біреуі ұялы радиотелефондық байланыс желісінің абоненті болса, радиотелефонды байланысты орнататын және ақпарат алмасу мүкіндігін қамтитын қызмет.

Роумер: Роуминг қызметін тапсырышу және пайдаланушы абонент.

Роуминг: Абонент бір байланыс операторының қызмет ету аймағынан тыс, бірақ берілген стандарттағы басқа байланыс операторының қызмет ету аймағында болған жағдайда көрсетілетін ұялы байланыс қызметі.

Ұялы байланыс операторының желісі: Коммутация құралдары мен қабылдау-жіберу жабдықтары көмегімен ұялы байланыс қызметін көрсетуге арналған және белгілі байланыс операторының жалпы пайдаланатын жергілікті телефон желісіне қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылыстың кешені мен ұялы байланыстың жабдықтары.

Ұялы байланыс операторының желісі: Коммутация құралдары мен радиосигналдарды қабылдау-жіберу жабдықтары көмегімен ұялы байланыс қызметін көрсетуге арналған және белгілі байланыс операторының жалпы пайдалыныстағы жергілікті телефондық байланыс желісімен қосылуды қамтитын күтімдегі техникалық құрылыстың кешені мен ұялы байланыс жабдықтары

Ұялы байланыс: Қызмет көрсету аймағы өлшемі абоненттік стансаның базалық стансамен байланысының максималды қашықтығымен анықталатын ұяшықтарға (сотыларға) бөлінген әрекет ету радиусы шектелген және жиілігі бекітілген жылжылмалы радиотелефонды байланыс.

Техникалық талаптар; ТТ

Access Grant Channel (Қолжеткізуді беретін арна); AGCH

Advanced Mobile Рhone System (Жақсартылған жылжымалы байланыс жүйесі); AMPS

Associated Control Channel (Ассоцияланған басқару арнасы); ACCH

Bit Error Ratio (Биттік қатенің коэффициенті; BER

Block Error Ratio (Деректер блогының қатесінің коэффициенті); BLER

Broadcast Channel (Кеңауқымды арна); BCH

Broadcast Control Channel (Кеңауқымды басқару арнасы); BCCH

Cellular Digital Packet Data (Деректерді цифрлік ұялық жіберу әдісідестелік овая сотовая пакетная передача данных); CDPD

Code Division Multiple Access (Система множественного доступа с кодовым разделением каналов); CDMA

Common Control Channel (Общие каналы управления); CCCH

Delicated Control Channel (Назначенный канал управления); DCCH

Digital Advanced Mobile Рhone System (Цифровая усовершенствованная система мобильной связи); DAMРS

Digital European Cordless Telecommunications (Европейская цифровая сеть беспроводного доступа); DECT

European Telecommunications Standards Institute (Европейский институт стандартов связи); ETSI

Fast Associated Control Channel (Быстрый ассоциированный канал управления); FACCH

Frame Erasure Ratio (Коэффициент стирания кадров); FER

Frequency Division Multiplie Access (Множественный доступ с частотным разделением) FDMA

Freguency Correction Channel (Канал коррекции частоты); FCCH

General Packed Radio Services (Радиосистемы передачи с пакетной коммутацией); GPRS

Global System for Mobile communications (Глобальная система мобильной связи); GSM

High Speed Circuit Switched Data (Высокоскоростная передача данных по коммутируемым каналам); HSCSD

International Mobile Equipment Identity (Международный идентификатор мобильного устройства); IMEI

International Mobile Telecommunications-2000 (Международные мобильные средства телекоммуникаций-2000); IMT-2000

Multimedia Message Service (Услуга передачи мультимедийных сообщений); MMS

Narrowband Advanced Mobile Рhone System (Узкополосная усовершенствованная система мобильной связи); NAMPS

Nordic Mobile Telephone (Мобильные системы скандинавских стран); NMT

One-time programmable (Однократно программируемой); OTP

Packet Associated Control Channel (Канал управления пакетным режимом передачи); PACCH, совмещенный с PDTCH

Packet Access Grant Channel (Канал предоставления доступа в режиме пакетной передачи); PAGCH

Packet Broadcast Control Channel (Широковещательный канал управления режимом пакетной передачи); PBCCH

Packet Data Traffic Channel (Канал пакетной передачи данных); PDTCH

Packet Paging Channel (Поисковый канал в режиме пакетной передачи); PPCH

Packet Random Access Channel (Канал с произвольным доступом в режиме пакетной передачи); PRACH

Packet Timing advance Control Channel (Канал управления переключением режимов прием/передача); PTTCH

Radio Local Loop (Абонентская радиолиния); RLL

Random Access Channel (Канал с произвольным доступом); RACH

Residual Bit Error Ratio (Остаточный коэффициент битовой ошибки); RBER

Short Message Service (Услуга передачи коротких сообщений); SMS

Slow Associated Control Channel (Медленный ассоциированный канал управления); SACCH

Subscriber Identity Module (Абонентті идентификациялау модулі); SIM

Subscriber Identification Security (Замануй қорғау жүйесі); SIS

Synchronization Channel (Синхронизациялау каналы); SCH

Traffic Channel (Сөйлеу каналы); TCH

Unicode Transformation Format (Уникодтағы түрлендіру пішімі); UTF

Wireless Application Protocol (Протокол беспроводной связи); WAP

Wireless Local Loop (Беспроводной абонентский доступ реализованный на базе новейшей цифровой технологии с кодовым разделением каналов CDMA); WLL



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет