-
Лингвистикалық қамтама пайдаланушыларға ЕАЖ-нің құрамына кіретін программалық компоненттермен қатынас жасауына мүмкіндік береді.
-
Лингвистикалық қамтамаға мына тілдер кіреді: пайдаланушылардың арасында өзара әрекеттесу тілі; пайдаланушы мен техникалық құралдардың арасында өзара әрекетесу тілі; ЕАЖ-нде деректерді сақтау тілі жатады.
-
Лингвистикалық қамтама қазақ және орыс тілдерінде дамытылған диалогтар мен жедел көмектер жүйесін қамтуы қажет.
Ұйымдастыру қамтамасына қойылатын талаптар
-
ЕАЖ-нде оның аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу үшін арнайы дайындықты қажет етпейтін, бірақ олармен жұмыс істеу дағдылары болғанды қалайтын, операциялық жүйелердің шектеулерін ескере отырып деректерді бейнеленудің бірліктігін қамтамасыз ететін және техникалық құралдардың қажеттіктерін толық қанағаттандыратын пайдаланушылық интерфейс ұйымдастырылуы керек.
-
ЕАЖ-нің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін ЕАЖ техникалық күтім телекоммуникациялық оператордың немесе аутсорсингке қою туралы жеке келісім шартына сәйкес сыртқы кәсіпорынның қызмешілерімен жүргізілуі тиіс.
-
ЕАЖ-не техникалық күтім көрсететін қызметшілір төмендегідей міндеттерді атқаруы керек:
-
жабдықтар мен сыртқы құрылғыларды қарау және тексеру жүргізу арқылы аппараттық қамтаманың жұмыс қабілеттілігін сүйемелдеу, профилактикалық және ағымдық жөндеулерді жасау, қосалқы бөлшектер мен материалдарға сұраныстарды рәсімдеу және оларды уақытылы алу;
-
программалық қамтама мен деректер базасын сүйемелдеу және күту;
-
деректер базасын әкімшілеу (талаптар есепке алу, мұрағаттау, резервтік көшіру, қайта қалпына келтіру, жанжалдарды шешу, жүйенің әртүрлі деңгейлері арасындағы деректердің қолжетімдігін, қарама- қайшылықсыздығын, сәйкестілігін қамтамасыз ету);
-
жабдықтардың істен шығуы, жаңартулар дұрыс жасалмауы және рұқсатсыз қолжетім кезінде деректерді бұзылаудан сақтауды қамтамасыз ету;
-
деректер базасын дамыту кезінде деректердің икемділігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету және әрекеттерді үйлестіру;
-
деректер мен программалардың дұрыстығын ақаулар мен бас тартудан кейін қайта қалпына келтіру және растау.
-
ЕАЖ-ге техникалық күтімші қызмешілер төмендегідей қызметтерді атқаруы керек:
-
пайдаланушыларды оқыту;
-
туындаған кез келген сұрақтар бойынша пайдаланушыға консультация беру;
-
пайдаланушылардың жұмысының сапасын бақылау бойынша ұсыныстар дайындау;
-
ЕАЖ-нің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік кешендерді жүргізуге ұсыныстар дайындау.
-
ЕАЖ-нде ЕАЖ техникалық күтімге жауап беретін қызметшілерді ақпараттандыру мына жағдайларда қарастырылуы керек:
-
ЕАЖ функцияларын рұқсатсыз пайдалануды анықтау;
-
ЕАЖ деректер базасында сақталған ақпаратты рұқсатсыз өзгертуді енгізуді, өшіруді, көшіруді немесе жіберуді анықтау.
Метрологиялық қамтамаға қойылатын талаптар
-
ЕАЖ есептеу жүргізген кезде байланыс қызметін көрсетуді бастау уақыты, тарифтік бірліктердің сандары, күтім көлемі мен өлшеу құралдар көмегімен алынған байланыс ұзақтығы туралы алғашқы ақпаратты пайдалану керек.
-
Қолданылатын өлшеу құралдары ҚР СТ 2.21 сәйкес түрін бекіту немесе ҚР СТ 2.4 сәйкес метрологиялық аттестациядан өту және Қазақстан Республикасында өлшеудің бірегейлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйесінің реестріне ену мақсатында сынақтан өтуі тиіс, сынақтан өтетін жабдықтар ҚР СТ 2.75 сәйкес аттестациялануы қажет.
-
ЕАЖ-нің құрамына байланыс қызметінің барлық жүзеге асырылған түрлерінің әртүрлі кіріс деректерінде тарификацияның дұрыстығы мен құн есептеудің растылығын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін бақылау мысалдары кіруі керек.
-
ЕАЖ-нде есептеудің растылығы есепту мерзімінде кіріс (есепке алу) деректерінің растылығында ұсынылған шоттардың жалпы көлемінен 99,99% кем болмауы керек.
-
Абоненттерге ақпараттық-анықтамалық күтім кезінде ЕАЖ-нің ДБ типтік сұратымға реакция уақыты 5 секундтан кем, ал телекоммуникациялық орератордың құрылымдық бөлімшелеріне 15 секундтан артық болмауы тиіс.
-
ЕАЖ-нің деректер базасынан 3–жіктелім белгілері бойынша таңдалған абонент ақпаратын қалыптастыруға жұмсалған уақыт 60 секундтан аспауы керек.
-
Көрсетілген уақыттан асып кеткен жағдайда ЕАЖ-нде орындалған сұратымның ағымдағы көлемі және (немесе) оны аяқтауға қалған уақыты туралы динамикалық индикациялау мүмкіндігі қарастырылу керек.
-
Шегірілген уақыт режімінде тарификация мен байланыс қызметін басқаруды орындайтын ЕАЖ-нің дайындық коэффициентті 98,40% кем болмауы керек, мұнда бір күнтізбелік айда оның бос тұруының қосынды уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс.
-
Нақты уақыт режімінде тарификация мен байланыс желісіне және/немесе байланыс қызметіне қолжетімді басқаруды ақпараттық қолдауды орындайтын ЕАЖ модулінің дайындығының жиынтық коэффициенті 99,95% кем болмауы керек.
ЕАЖ-нің сенімділігіне қойылатын талаптар
7.1 ЕАЖ-нің сенімділігі қолданылатын аппараттық және программалық құралдардың жұмыс істеу сенімділігімен анықталуы қажет және төмендегілермен қамтылады:
-
сенімділігі халықаралық стандарттарға сай және жеткізуші өкілдерінің келісімімен кепілденетін үйлесімді сертификатталынған аппараттық құралдар мен базалық лицензиялық программалық қамтаманы таңдаулығы;
-
арнайы программалық қамтама құру мен верификациялаудың замануи технологияларын қолданулығы;
-
ақауланған программалық және аппараттық құралдардың функционалдық элементтерін жедел алмастырулығы;
-
сыртқы құрылғылардың (қатқыл дискілер, бейнекарталар, модемдер және т.б.) ішкі конфигурациясы бойынша бірізділігі.
7.2 Бастарту болып аппараттық құралдарға жөндеу мен реттеу жұмыстарын немесе программалық құралдарға түзетулерді жүргізбейінше функционалдық элементтер мен оларды құраушылардың істен шыққан жағдайында ЕАЖ-нің келешекте дұрыс жұмыс істемеуіне әкелетін аппараттық және программалық құралдардың жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы есептеледі.
7.3 Жаңылысу болып программалық құралдарды қайта жүктеуді қажет ететін аппараттық және программалық құралдардың функционалдық элемент жұмысының ішінара бұзылуы саналады. Жаңылысу 10 минуттан артық болғанда, ол бастарту деп қарастырылады.
7.4 ГОСТ 21552 және ГОСТ 27201 талаптарына сәйкес ЕАЖ-нің аппараттық-программалық құралдарының келесі сенімділік көрсеткіштері болуы керек:
-
ЕАЖ-нің деректерді сақтау құралдарының бастартуға орташа атқарымы 10 000 сағаттан кем болмауы керек;
-
ЕАЖ-нің жұмыс қабілеттілігін қайтадан қалпына келтірудің орташа уақыты 15 минуттан артық емес болуы керек.
7.5 Жүйедегі ақпараттың сақталу сенімділігі ДБ ұйымдастырудың аппараттық-программалық әдістерін, ДБ-на қатынасу журналының жүргізілуін және орнатылған регламентке сәйкес орындалатын резервтеу мен архивтеудің стандартты құралдарын қолданумен, сонымен қатар кепілді электрқорек жүйелерін пайланумен қамтамасыз етілуі қажет. Сенімділік параметрлері бақылаулы ішкі пайдаланумен тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |