Қазақстан республикасының мемлекеттік стандарты



бет2/9
Дата23.02.2016
өлшемі358 Kb.
#3179
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қолдану аймағы

Осы стандарт әртүрлі байланыс желі операторларының аппаратық құралдарынан есеп ақпаратын автоматты жинау үшін және физикалық немесе заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін көрсету және олармен есеп айыру үрдістерін автоматтандыру үшін арналған байланыс қызметін есептеудің барлық автоматтандырылған жүйелеріне талаптар орнатады.

Осы стандарт телекоммуникация операторлары беретін жалпы пайдалану желісіндегі, радиотелефондық ұялы байланыс желілеріндегі, жылжымалы радиотелефондық желілеріндегі, радиобайланыс желілеріндегі, дербес шақыру желілеріндегі, «Искра» желісіндегі, АТ/Телекс желісіндегі, деректерді жіберу мен жалпы

пайдаланатын телематиктік қызмет желілеріндегі, радиотелефондық желілеріндегі, жалпы пайдалану байланыс желісіне шыға алатын ведомствалық желілеріндегі және өндірістік емес мәнге ие болған ерекшеленген желілеріндегі байланыс қызметтері үшін барлық есептеуді автоматтандыратын жүйелерініне таратылады.

Осы стандарт телеграфтық желілердің операторлары көрсетететін байланыс қызметтерін есептеуді автоматтандырылған жүйелеріне таратылмайды.

  1. Нормативтік сілтемелер

Осы Стандартты қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:

ҚР СТ 1087-2002. Программалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Пайдаланушыға арналған нұсқаулар. Құрамына, мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар.

ҚР СТ 1089-2002. Программалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Программа мен сынақтан өткізу әдістемесі. Программалық қамтамасыз етуді сынақтан өткізуді жоспарлау.

ҚР СТ 1090-2002. Программалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Қазақ және орыс тілдерінде программалық жабдықтамамға қойылатын талаптардың сипаттамасы

ҚР СТ 1091-2002. Программалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 2.21-2007. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі. Өлшем кұралдарына сынақ жургізу және типін бекіту тәртібі.

ҚР СТ 2.4-2007. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі. Өлшеу құралдарын тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі. ҚР СТ 2.4-2000 орнына енгізілген.

ҚР СТ 2.75-2004. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі. Сынақ жабдықтарын аттестациялау тәртібі.




Жоба

ҚР СТ 34.014-2002 Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге стандарттар кешені. Автоматтандырылған жүйелер. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 34.015-2002 Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге стандарттар кешені. Автоматтандырылған жүйе жасауға техникалық тапсырма

ГОСТ 12.1,005-88 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағы ауасына жалпы санитарлы гигиеналықталаптар.

ГОСТ 12.1,003-83 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Шу. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.

ГОСТ 12.1,004-91 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт ГОСТ 12.1,005-88 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағы ауасына жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар.

ГОСТ 12.2,003-91 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндіріс жабдықтары. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.

ГОСТ 12.2,007,0-75 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Электротехникалық бұйымдар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.

ГОСТ 12969-67 Машиналар мен аспаптар үшін кестешелер. Техникалық талаптар.

ГОСТ 12971-67 Машиналар мен аспаптар үшін кестешелер. Мөлшерлері.

ГОСТ 13109-97 Электрлік энергия. Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Жалпыға тағайындалған электрқамту жүйесіндегі электрлік энергияның сапа нормалары.

ГОСТ 14192-96 Жүктерді белгілеу.

ГОСТ 21552-84 Есептеу техникасының құралдары. Жалпы техникалық талаптар, қабылдау, сынақ әдістері, белгілеу, қаптау, тасымалдау және сақтау.

ГОСТ 25861-83 Есептеу машиналары және деректерді өңдеу жүйелері. Электрлік және механикалық қауіпсіздіктер және сынақ әдістері.

ГОСТ 27201-87 Машины вычислительные электронные персональные. Типы, основные параметры, общие технические требования.

ГОСТ 27201-87 Дербес электрондық есептеу машиналары. Типтері, негізгі параметрлері, жалпы техникалық талаптар.

ГОСТ 27954-88 Дербес электрондық есептеу машиналарының бейне мониторлары.

Видеомониторы персональных электронных вычислительных машин. Типтері, негізгі параметрлері, жалпы техникалық талаптар.

ГОСТ Р 50377-92 Электрлік кеңсе жабдықтарын қоса ақпарат технологиялары жабдықтарының қауіпсіздігі

ГОСТ Р 50628-2000 Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Дербес электрондық есептеу машиналарының электромагниттік бөгеулерге тұрақтылығы. Талаптар мен сынақ әдістері.


ЕСКЕРТПЕ Осы стандартты пайдалану кезінде сілтемелік стандарттар мен жіктеуіштердің қолданысын ағымдағы жылдағы жай-күйі бойынша жыл сайын басылып шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар сілтемесі» ақпараттық сілтемесі бойынша жəне ағымдағы жылда жарияланған тиісті ай сайын басылып шығарылатын ақпараттық сілтемелер бойынша тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса, (өзгертілсе), онда осы стандартты пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) стандартты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.
  1. Терминдер, анықтамалар, белгіліер мен қысқартулар

Осы стандартта терминдер бойынша 34,014 ҚР СТ, 1091-2002 ҚР СТ, сонымен қатар тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:



Абонент: Байланыс қызметін көрсету туралы байланыс операторымен жасалған кез келген формадағы келісім-шарт негізінде байланыс құралдарының қызметін пайдаланатын тұлға (жеке немесе заңды).

Абоненттік база: Биллингтік және қаржылық ақпараттар, терминалды пайдаланушы абоненттер туралы ақпараттар мазмұны бар деректер базасы.

Аппараттық қамтамасыз ету: телекоммуникациялық желілердің серверлік және клиенттік бөлігінің техникалық құралдарының жиынтығы.

Автоматтандырылған желі; АЖ

Автоматтандырылған жұмыс орны; АЖО: белгілі бір қызмет түрін автоматтандыруға арналған және адаммен өзара әрекетті қамтамасыз ететін аппараттық программалық құрал.

Автоматты қаларалық телефон станциясы; АҚТС

Автоматты телефон станциясы; АТС

Ақпараттық технология; АТ

Аутсорсинг (Outsourcing): Өндірістің профильдік емес активтері мен үрдістерін нақты бір аймаққа мамандандырылған және сәйкес тәжірибесі, білімі, технологиясы және құралдары бар сыртқы компанияларға басқаруды беру.

Деректер базасы; ДБ

Базалық программалық қамтама: операциялық жүйе, программалау жүйесі, деректер базасын басқару жүйесі, қолданбалы программалар пакеті, программалау және жобалау технологиясы;

Базалық станция (Base station): Абоненттік терминалдарға (телефондарға) күтімге арналған қабылдап-жіберу құрылғысы.

Биллинг (Billing): тарифтік жоспарды пайдаланып байланыс қызметін көрсету (кім және қашан қоңырау соқты, сөйлесу уақыты қаншаға созылды, трафиктің көлемі қанша) және абоненттерге шотты ұсыну және басқа күтімшімен өзара есеп жасауды есепке алуды қамтамасыз ететін үрдіс.

Есепке алу: Ақпаратты жинау, формалдау, жадыға жазу және мерзімді түзетуден тұратын автоматтандырылған жүйенің функциясы.

Есептеуді автоматтандыру жүйесі; ЕАЖ

Кейінге қалдыру биллингісі: байланыс қызметі көрсетілгеннен кейін есеп шот шығарылатын биллинг.

Ыстық биллинг: шот балансының өзгерісі кезінде, байланыс күтім үрдісі кезінде, күтім және осы күтімден кейін бірден абоненттің шотындағы қалдық есептер туралы ақпаратты алу биллингісі.

Биллингтік ақпараттар: тарифтер, қызметтер, абоненттер мен шеткі қызметті жеткізушілер, сонымен бірге төлем құжаттары (ведомостар, реестрлар, түбіртектер, шоттар), анықтамалар, жіктеушілер мен байланыс саласындағы күтімді реттеуші басқа да нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпараттар.

Биллинг жүйесі: байланыс қызметін көрсету үрдісін басқару және оларды онда сақталған биллингтік ақпараттан шығатын есепке алу үшін арналған есепшоттың автоматтандырылған жүйесі.

Биллинг стандарты: Биллингтік ақпаратты алмастыруға арналған файлдар құрылымын анықтайтын сипаттама.
Байланыс қызметтерінің қосымша түрі: абоненттерге негізгі байланыс қызметтеріне қосымша көрсетілетін байланыс қызметтері.

Деректер базасын басқару жүйесі; ДББЖ

Есепшоттың анықтығы: Дұрыс ұйымдастырылған есептер санының есепайырысу аралығындағы ұйымдастырылған шоттардың жалпы санына қатынасы.

Интерфейс (Interface): терминал мен пайдаланушының немесе бір жүйенің басқа жүйемен қарым-қатынасының формасы мен құралы.

Идентификациялық белгі: Нысанды бірмәнді анықтайтын сандық, белгілік немесе белгілік-сандық код.

Есептік деректердің қайнар көздері: Телекоммуникациялық операторлардың бөлімдері, көрсетілген байланыс қызметтерінің атрибуттарын тіркеу функциясын орындайтын аппаратық-программалық құралдар.

Жазба: Бір бүтін ретінде қарастырылатын деректердің байланысқан элементтерінің жиынтығы.

Квитовка: Қол немесе автоматты режимдегі есептерді дұрыс жүзеге асыру үшін ұсынылған шотттар мен төлемдер арасындағы сәйкестік орнату үрдісі.

Қолжетім коды: Деректер базасындағы байланыс қызметінің төлеу карталарын идентификациялауды қамтамасыз ететін бірегей кодтық тізбек немесе осындай тізбектердің жиынтығы.

Нормативтік-анықтамалық ақпарат; НАА

Техникалық құралдар кешені: Біртұтас техникалық платформаға негізделген өзара байланысқан техникалық құралдар жиынтығы.

Бақылау мысалы: Есептеу нәтижелерінің дұрыстығын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін белгілі бір деректер, нұсқаулар және қосымша аппараттық программалық құралдар жиынтығы.

Есеп шот: Абонентке көрсетілген байланыс қызметтерінің құнын есептеу мен олардың төлемдеріне байланысты есепке алу мен несие, есептесу және басқа амалдардың жылжуын көрсететін дербестелген жазбалар.

Байланыс операторы: Байланыс қызметін көрсетуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға.

Желі операторы: Телекоммуникация желілісіне ие болған және оны желі абоненттеріне телекоммуникациялық күтім үшін пайдаланатын байланыс операторы.

Байланыс қызметінің негізгі түрі: Телекоммуникациялық оператордың лицензиясына сәйкес ұсынылатын байланыс қызметін көрсету.

Биллингтік жүйені пайдаланушы: Байланыс қызметін көрсетудің технологиялық үрдістеріне қатысты байланыс кәсіпорынының қызметшісі.

Пайдаланушы жабдықтар: Желіге қолжетім мүмкіндігі бар және желіге қолжетім үшін прогрммаланған немесе енгдірілген SIM–картасы бар телефон аппараты немесе компьютер.

Биллинг постингі: Нәтижесі пайдаланушыға қолжетімді болатын (мысалы, басылады, жіберіледі немесе WWW–да орналастырылады) биллингтік есептеудің нәтижесін бекіту.

Программалық қамтама; ПҚ

Роумер: Роуминг қызметін тапсырышу және пайдаланушы абонент.

Телекоммуникациялық желі: Телекоммуникациялық хабарларды жіберуді қамтамасыз ететін коммутациялық жабдықтардан (стансалар, ішкі стансалар, консентраторлар), жолдық–кабельдік ғимараттарынан (абоненттік, байланыстырушы жолдардың, арналар), жіберу жүйесі мен абоненттік терминалдардан тұратын телекоммуникациялық құралдар мен байланыс жолдарының жиынтығы.

Тариф: Анықталған бірлік уақыттағы бірлік трафигі немесе сөйлесу құны.

Тарифтеу: Қызметтердің қайсыбір жіктемесі немесе төлемдері негізінде тарифті тағайындау.

Тарифтік жоспар: Белгілі бір уақытта белгілі тариф бойынша көрсетілген қызметтерді есептеуге болатын шарттар.

Трафик: Уақыт бірлігі бойынша компьютерлік жадының өлшем бірліктерімен (Бит/с., Кбит/с., Мбит/с. т.б.) өрнектелген желіде берілетін ақпараттардың жиынтық көлемі.

Телекоммуникациялық оператор: Стационарлық, жылжымалы (ұялы) және интернет байланыс операторы;

Телекоммуникациялық қызметтер: Пошталық және арнайы жіберулер немесе телекоммуникация хабарларын қабылдау, өңдеу, жіберу, сақтау және жеткізу әрекетінің өнімі.

Техникалық құралдар кешені; ТҚК

Техникалық шарттар; ТШ

Уақытша есептеу құнының аппаратурасы; УЕҚА

Шақырушы абоненттің номерін автоматты түрде анықтау; ШАНАА


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет