Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады


Мұнай кен орнын тұрғызу жобасының негізгі принциптері мен жағдайы



бет2/4
Дата12.11.2023
өлшемі22.81 Kb.
#483071
1   2   3   4
Мұнай кен орнын тұрғызу жобасының негізгі принциптері мен жағдайы


1.1.Кен орнын игеру кезіндегі жобалау құжаттары

Мұнай кен орнын тұрғызуды жобалау кезінде жалпыкәсіпшілік шаруашылығымен,бүрғылау техникасы және технологиясымен,пайдаланумен,жинаумен,тасымалдаумен,мұнайды сақтау және дайындаумен байланысты барлық мәселелерді тиімді шешу қажет.


Кез –келген кен орынды жобалау игеру жобасын құрастырудан басталады.Ол келесі бөлімдерден тұрады [6];[12];[22]:
•мұнай мен газ қорларын есептеу;
•кен орнын игеру сұлбасын(схемасын) жасау;
•барлық өнімді қабаттардың (горизонттардың) геологиялық, гидродинамикалық және пайдалану сипаттамаларын анықтау;
•қабат суларының сипаттамасы мен химиялық құрамын анықтау;
•мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиетін анықтау;
•айырудың әр түрлі сатысындағы мұнайдың дифференциалды газсыздануы;
•мұнайды өңдеудің неғұрлым сұлбасын ұсыну;
•кен орнын игеру жүйесі бойынша ұсыныстар;
•игерудің барлық мерзіміндегі әр жыл бойынша мұнайдың сулануын ескере отырып мұнай мен газды өндірудің болашақ жоспарын жасау;
•жақын жатқан аудандардың мұнайлылық болашағы;
•ұңғыны пайдалануға енгізу тәртібі мен уақыты және оларды пайдаланудан шығару;
•игеру кезеңінде ұңғылардағы қабаттық,түптік,буферлік (сағалық) және құбыр сыртындағы қысымдардың өзгеру динамикасынан;
•ұңғыларды сусыз мұнаймен фонтандандыру қысымының есебі және параметрлері,осыған байланысты ұңғыларды фонтандық тәсілден механикалық пайдалану тәсіліне ауыстыру қажеттілігі;
•газ факторын анықтау;
•қабат қысымын ұстау тәсілін таңдау және айдалатын жұмысшы агентінің(су,газ)көлемі мен көрсеткіштерін анықтау;
•айдау ұңғыларының жұиыс режимі,жұмысшы агентінің (су,газ)негізгі көздері;
•кен орнын игеру жүйесі бойынша қабылданған техника-экономикалық көрсеткіштер.
Игеру жобасының негізгі міндеттері: жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін іс-шараларды сақтай отырып максималды мұнай алу және бір тонна мұнайды өндіруге жұмсалатын шығынды азайтып кен орнынан жоспарланған өнім алуды қамтамасыз ету.
Осыдан кейін кен орнын тұрғызудың басты сұлбасы мен техника-экономикалық негізі құрастырылады, және мұнда келесі мәселелер қарастырылады:
І.Мұнай мен газды өндіру, тасымалдау, сақтау және дайындаудың кәсіпшілік кешендерін (объектілерін) орналастыру.
Барлық кешендер 3 категорияға бөлінеді:
1) Технологиялық кешендер
- пайдалану және айдау ұңғылары,
- айыру қондырғылары,
- сығымдайтын және ортадан тепкіш сорап
станциялары, шикізат резервуарлары,
- мұнайды дайындаудың кәсіпшілік қондырғылары,
- кәсіпшіліктік компрессорлы станциялар және
газдыбензинді зауыттар.

2)Мұнайды жинау және дайындау технологиясына тікелей байланысы жоқ кешендер


- мұнайгаз өндіру басқармасының (МГӨБ) базасы,
- бұрғылау ұйымдары,
- транспорттық базалар,
- сумен жабдықтау, канализациялар, энергиямен
жабдықтау және байланыс кешендері,
- құрылыс ұйымдары, өрттен қорғау және т.б.
- жолдар.

3)Кәсіпшілік ішіндегі инженерлік коммуникациялар


- кәсіпшіліктік технологиялық құбырлар (мұнай және
газ құбырлары),
- су құбырлары (ауыз су, шаруашылық және өрткен
қарсы қолданылатын, сондай - ақ су айдау үшін)
- канализация, байланыс, электрмен қамтамасыз ету
желілері (линиялары) және т.б.

ІІ.Ұңғыны бұрғылау. Игеру жобасының мәліметтері бойынша бұрғылау жұмыстапының жалпы көлемі анықталып, бұрғылау түрлері, тәсілдері және әдістері шешіледі және әр жылға бұрғылау жұмыстарына салынатын күрделі қаражат көлемі анықталады.


ІІІ. Мұнай мен газды өндіру. Игеру жобасының негізінде ұңғы қоры, мұнай өндірудің болашақ жоспары, қабат қысымын ұстау тәсілі, ұңғы өнімдерін жинау және тасымалдаудың қабылданған жүйесін ескере отырып ұңғыны тиімді пайдалану, пайдалану жабдықтары, материалдары және т.б.нақтыланып және анықталады.


IV.Мұнай мен газды жинау. Техника – экономикалық есептер негізінде жинау және кәсіпшілікте дайындау пункттеріне дейін мұнай мен газды жинау және оны тасымалдауды толықтай саңылаусыздандыратын (герметизациялайтын), осы кен орнының мұнай және газды жинайтын тиімді жүйесіне ұсыныстар беріледі. Салынған қаржының ең аз көлемі мен пайдалану шығындары, металсыйымдылығы (жұмсалған металл) анықталып, процесстерді автоматтандыру, өнімділігі жоғары жабдықтарды қолдану, саңылаусыздандыру, мұнай мен газды жинау және дайындау пункттерін ірілендіру бойынша шаралар жасалады, ілеспе газды жоюды (утилизациялауды) қамтамасыз ететін мұнайды сатылы айырудың есептері жүргізіледі. Салынған қаржылар көлемі айыру қондырғылары, учаскелік және орталық жинау пункттері, өлшеу қондырғылары, мұнай жинау және газ жинау тораптары, сығымды сорап станциялары, арынды құбырлар, соңғы айыру қондырғылары, компрессорлы станциялар, мұнай қоймалары енетін күрделі құрылыстар тізбектеріне байланысты анықталады.
V. Мұнай мен газды кәсіпшілікте дайындау.Техника – экономикалық есептер арқылы сусыздандыру, тұзсыздандыру және тұрақтандыру (стабилизациялау) процестерінің қажеттілігін анықтайды. Осы процесстерді жүзеге асыру технологиясына : тұрақтандыру прцессінің тереңдігіне, барлық құрылыс комплексінің орналасу орнына, қуаттылығын арттыру және жыл бойынша кезек – кезегімен енгізуге ұсыныстар беріледі. Ал газға қатысты , оны тасымалдау алдында бензиннен айыру және кептіру тәсілі мен дәрежесін көрсетеді. Осы бөлімде негігі технологиялық сұлбалар, негізгі және көмекші процесстердің материалдық балансы келтіріліп, барлық кешендер тізбегі олардың құны, техника - экономикалық көрсеткіштері анықталады, қабылданған шешімдердің тиімділігі бекітіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет