Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады



бет3/4
Дата12.11.2023
өлшемі22.81 Kb.
#483071
1   2   3   4
1.2. Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы

Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпщілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
Ұңғы өнімдері деп ұңғыдан келіп түсетін және мұнайдан, қабат суларынан, әр түрлі қоспалардан және еріген газдан тұратын көп компоненті заттарды айтады [18].
Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау жүйесінің негізгі элементеріне мыналар жатады:
• өндіру ұңғылары;
• автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары
(АТӨҚ);
• сығымдайтын сорап станциялары (ССС)
• мұнайды, газды және суды жинау мен дайындаудың орталықтандырылған пункті (ОЖП немесе МАДЦ),
Жүйе элементтері өзара бір – бірімен құбырлар арқылы байланысқан.
Мұнай кен орнының тұрғызу жобасын, оның игеру жобасы мен технологиялық сұлбасын негізге ала отырып сол жобалау мекемесі жасайды.
Тұрғызу жобасын құрастыру барысында жергілікті жердің географиялық және климаттық жағдайы ескеріледі: құрылыстың бар жоғы, сулы кедергілердің болуы, кейбір участкілердің батпақтануы, ауыл және орман шаруашылығы үшін жердің құндылығы және т.б. Игеру барысында мұнай кен орнының даму көрсеткіші оның толық зеттелуіне байланысты. Кен орнын пайдаланудың барлық мезгілінде игерудің бірінші сатысынан екінші сатысына өтуі кезінде оның негізгі көрсеткіштері толық анықталып және жете зертеледі. Сондықтан тұрғызудың бастапқы кезінде объектілер мен өндірістік қуаттардың құрылысы мен енгізу кезегін анықтап қана қоймай кенорынды игерудің әр сатысында өндірістік қуаттарды біртіндеп дамытуды жүзеге асыру қажет.
Мұнай кен орындарын игеру кезендері(сатылары) өлшемсіз уақытқа байланысты мұнай өндіру динамикасы бойынша бөлінеді, яғни жинақталған өндірілген сұйықтың мұнайдың баланстық қорына қатынасымен сипаталады[3,13] және 1.1- суретінде көрініс тапқан.
I саты – пайдалану кешенін (объектісін) игеру - өнімінің өсу сатысы – ол мұнай өндірудің максималды берілген деңгейге дейін қарқынды өсуімен сиппаталады және пайдалану қоры шамамен 60 -80 %-ке дейін ұлғаяды. Ұңғы өнімі аздап суланады (егер мұнай тұтқырлығы 5мПа.с дейін болса 3-4%-ке, ал тұтқырлығы жоғары болса 35%-ке дейін суланады). Бұл сатының ұзақтығы 4-5 жылды қамтиды.
II саты – мұнай өндірудің жоғары деңгейін бір қалыпты ұстап тұру –бұл сатыда 3-7 жыл аралығында мұнай өндірудің жоғары деңгейі тұрақты сақталады, кейде тұтқырлығы аз мұнай кен орындарын игеру кезінде бұл аралық бірнеше жылға созылуы мүмкін. Резервтегі қордың ессбінен ұңғылар саны максимуға дейін өседі. Өнімнің сулануы өсе түседі (65%-ке дейін) және сулануға байланысты ұңғылардың аздаған бір бөлігі жабылып қалады (тоқтатылады) және ұңғылардың көп бөлігі жабылып қалады және ұңғылардың көп бөлігі ұңғыны пайдаланудың механикалық тәсіліне ауысады.
III саты – мұнай өндірудің едәуір төмендеуі – мұнай өндірудің тез құлдырауымен, өнімнің сулануына байланысты (ұңғылар тоқтатылып ұңғылар қорының азаюымен), ұңғылар қорының барлығын пайдаланудың механикалық тәсіліне ауыстыруымен, ұңғы өнімінің 80-85%-ке дейін сулануымен сиппаталады, әсіресе тұтқырлығы жоғары мұнай кенорындарында сулану көрсеткіші қарқынды болады. Бұл сатының ұзақтығы алдыңғы сатылардың ұзақтығына байланысты және орта есеппен 5-10 жылды құрайды. Алғашқы үш сатыны игерудің негізгі кезеңі деп атайды.
Осы уақыт аралығында кеніштен (алынатын мұнай қорынан) 80 -90% -ке дейін мұнай алынады.

IV саты – игеруді аяқтау сатысы. Ол сұйық алу артып мұнай алу қарқынының баяу төмендеуімен, алдыңғы сатыларға қарағанда өнімнің сулануы тез өсіп, ұңғылар қорының азаюымен сипаталады. Бұл кезең аралығында жалпы өнім алу мұнайдың баланстық қорының 10-20% құрайды. Соңғы сатының ұзақтығы алдыңғы барлық игеру кезеңінің ұзақтығымен салыстырылады. Ол 15-20 жыл немесе оданда бірнеше ондаған жылды құрайды және экономикалық тиімділік щегімен (рентабелділікпен ) анықталады.


Ескере кететін жағдай осы барлық төрт сатыдан өту барысында мұнай, мұнай газын және суды өндірудің бірдей еместігі және уақыт өте құбырлар мен қондырғылардағы сұйықтар ағынының құрамы өзгере отырып ұңғы өнімдерін жинау және дайындауға арналған кәсіпшілік жабдықтарының жүктелуінің бірдей болмайтындығы байқалады.
Тұрғызу жобасына қажетті бастапқы мәліметтер:
1) жыл бойынша мұнай, газ және суды тиімді өндіру;
2) пайдалану және айдау ұңғыларын орналастыру торы, олардың саны және пайдалануға енгізу тәртібі;
3) жыл бойынша фонтанды ұңғылардың сағалық қысымының өзгеруі;
4) қабат мұнайының құрамы, тығыздығы, тұтқырлығы, шайырлық құрамы, парафинділігі, асфальтенділігі, күкіртсутектік және көмірқышқыл газылық құрамы.
5) мұнайдың газдылық құрамы, ілеспе газының құрамы,;
6) қабат суларының физика -химиялық сиппатамасы( құрамы, тығыздығы, сілтілігі, қышқылдылығы, коррозиылық әрекеттілігі);
7) ұңғылар орналасқан, мұнайлық, газдылық нұсқаулары көрсетілген құрылым картасы.
8) ауданның климаттық және метеорологиялық жағдайы;
9) су, электроэнергия көздері, темір жолдар мен тас жолардың болуы;
10) топпографиялық карта.
Тұрғызу жобасында мына мәселелер қарастырылады:

  • жыл бойынша мұнай мен газдың жоспарланған мөошерін жинау және дайындауды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы;

  • шығару желісі арқылы автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғыларына дейін ұңғы өнімдерін бірігей жинау және дайындауды қамтамасыз ететін жинау жүйесі;

  • АТӨҚ- нан әрбір жеке ұңғыдан шыққан мұнайды, газды және суды өлшеу;

  • АТӨҚ-нан мұнайды дайындау қондырғысына (МДҚ) дейін жинау коллекторлары бойымен суланған және суланбаған мұнайды бірге немесе бөлек тасымалдау;

  • Мұнайды тауарлы сапаға дейін дайындау және оны тұтынушыға өткізу;

  • Қабат суларын дайындау және пайдалану;

  • Ілеспе газды дайындау және утилизациялау;

Қазіргі кезде Қазақстан кент орындарында тауарлы мұнайды дайындау ережесі бойынша 1.1- кестедегідей топтарға бөлуге қарастырылған.


1.1 кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет