Қазақстан Республикасының Орман кодексі



бет2/9
Дата03.07.2016
өлшемі0.81 Mb.
#173432
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5-бап. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi

1. Орман қоры жерлерiн, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектiсi болып табылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен ақылы жағдайда ормандардың көп функциялы маңызы ескерiле отырып пайдаланылады.

6-бап. Қазақстан Республикасының орман қоры

1. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi орман қоры) құрайды.

2. Орман қоры мемлекеттік және жекеше орман қорларынан тұрады.

3. Мемлекеттік орман қорына:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар;

2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;

3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулеріндегі енi он метр және одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады.

2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



4. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған:

1) қолдан өсірілген екпелер;

2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;

3) жекеше орман питомниктерi;

4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;

5) агроорман-мелиорациялық екпелер;

6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер жатады.

5. Орман қорына:

1) мемлекеттік орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) қала ормандарын қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегіндегі жасыл желектер;

3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар кiрмейдi.

7-бап. Орман қорына меншiк құқығы

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншiк объектілеріне жатады және республикалық меншiкте болады.

2. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.

8-бап. Орман қорының жерлерi

1. Орман қорының жерлерi мемлекеттік және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.

2. Мемлекеттік орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, бюджет қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады.

2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



3. Жекеше орман қоры жерлеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен берілген:

1) қолдан өсірілген екпелер;

2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;

3) жекеше орман питомниктері;

4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;

5) агроорман-мелиорациялық екпелер;

6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер орналасқан жерлер жатады.

4. Мемлекеттік орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады.

5. Мемлекеттік орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртібі осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Жер және Азаматтық кодекстерімен айқындалады.

9-бап. Орман ресурстары және орманның пайдалы қасиеттерi

1. Орман ресурстары сүрек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан, қосалқы сүрек ресурстарынан, жабайы өсетiн жемiстерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттан, орман қорында болатын, жинақталатын және өндiрiлетiн өзге де өсiмдiк пен мал өнiмдерi қорынан тұрады.

2. Орманның өсiп тұрған кезiнде өзiне тән экологиялық және әлеуметтiк мәнi бар функциялары (оттегiн бөлiп шығару, көмiр қышқыл газын бойына сiңiру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары қабатындағы ылғалды iшкi қабатына тарту, бальнеологиялық және климат реттеушiлiк қасиеттерi) оның пайдалы қасиеттерiне жатады.

10-бап. Орман құқығы қатынастарының субъектiлерi

Ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыруды, орман өсiру мен (немесе) орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар орман құқығы қатынастарының субъектiлерi болып табылады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-бөлімнің тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау

 

3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам және мемлекеттік органдар жүйесi

Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамға және мемлекеттік органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өз құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жатады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды



11-1-бап. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесі

Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;

2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;

3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;

4) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары;

5) орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары;

6) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары;

7) тармақшаның қолданысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатады

7) орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;

8) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы ғылыми ұйымдар;

9) орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар;

10) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер кiредi.

 

12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi



Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттік орман саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;

2) мемлекеттік орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;

3) осы Кодекстiң 22-бабының 2-тармағында аталған мемлекеттік заңды тұлғаларға орман пайдалану құқығымен мемлекеттік жер қоры учаскелерiн бередi;

4) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөніндегі бағдарламаларды бекiтедi;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5) мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлудi бекiтедi;

6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүрiктi түбірiмен босату және ағаш кесу ережелерiн бекiтедi;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

7) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу қағидаларын бекітеді;



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8) мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекітеді;

2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

10) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген өсiмдiктердi алып қою көлемiн бекiтедi;

11) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзу арқылы келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеудiң базалық ставкаларын бекiтедi;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

12) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, орман қорын пайдалану, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі нормалар мен нормативтердi бекiтедi;



13) ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды.

14) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

16) мемлекеттік орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын бекiтедi;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

17) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 17-1), 17-2), 17-3), 17-4), 17-5), 17-6), 17-7), 17-8), 17-9), 17-10), 17-11), 17-12), 17-13), 17-14), 17-15), 17-16), 17-17), 17-18) және 17-19) тармақшалармен толықтырылды

17-1) ормандарды молықтыру және орман өсіру қағидаларын бекітеді;

17-2) көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану қағидаларын бекітеді;

17-3) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін бекітеді;

17-4) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидатын бекітеді;

17-5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыру қағидаларын бекітеді;

17-6) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын бекітеді;

17-7) орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекітеді;

17-8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын бекітеді;

17-9) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;

17-10) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекітеді;

17-11) орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

17-12) орман қорын мемлекеттік есепке алуды; мемлекеттік орман кадастрын; ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді;

17-13) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесін бекітеді;



17-14) дериваттар тізбесін бекітеді;

17-15) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;

17-16) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекітеді;

17-17) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесiлуiнен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекітеді;



17-18) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларын бекітеді;

17-19) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

18) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертілді



13-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi

1. Уәкiлеттi орган:

1) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген құзыретi шегiнде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды және оны іске асырады;

2) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөнiнде бағдарламалар әзiрлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;



2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;

4) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi;



2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша өзгертілді

5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;



2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

7) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлердің материалдарын, сондай-ақ тендер жеңімпазымен жасалатын шарттардың жобаларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, аумақтық бөлімшелермен және өзге де мемлекеттік органдармен келіседі;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) 8) тармақша жаңа редакцияда

8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және оларды жүргізуді қамтамасыз етеді;

9) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қатынастары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;

13) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;

15) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

16) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)



2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

17) мынадай: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлейді және бекітеді;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7) 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-20), 18-21), 18-22), 18-23), 18-24), 18-25), 18-26), 18-27), 18-28), 18-29), 18-30), 18-31), 18-32), 18-33), 18-34), 18-35), 18-36), 18-37) және 18-38) тармақшалармен толықтырылды

18-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді;

18-2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

18-3) орман орналастыру жобаларын бекітеді;

18-4) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді және рұқсаттар береді;

18-5) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін қалыптастырады және бекітеді;

18-6) орман тұқымдарын аудандастыруды әзірлейді және бекітеді;

18-7) орман шаруашылығы саласында ынталандыру қағидаларын және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;



18-8) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

18-9) білім беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімі бойынша мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-10) орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

18-11) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;

18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;

18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;

18-14) дериваттардың тізбесін әзірлейді;

18-15) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді алып қою көлемі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

18-16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді;

18-17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

18-18) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын әзірлейді;

18-19) мемлекеттік орман қорын санаттарға бөлу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

18-20) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді;

18-21) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілері жағалауындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерінің енін белгілеу қағидаларын әзірлейді;

18-22) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;

18-23) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер әзірлейді;

18-24) мемлекеттік орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, жанама орман пайдалану қағидаларын әзірлейді;

18-25) ормандарды молықтыру және орман өсіру қағидаларын әзірлейді;

18-26) отырғызылатын материалдарды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді;

18-27) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін әзірлейді;

18-28) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидатын әзірлейді;

18-29) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді;

18-30) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын әзірлейді;

18-31) орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын әзірлейді;

18-32) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен анықтау қағидаларын әзірлейді;

18-33) мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындарда өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын әзірлейді;

18-34) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;

18-35) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын әзірлейді;

18-36) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесін әзірлейді;

18-37) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды әзірлейді;

18-38) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені әзірлейді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)



2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер):

1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi бойынша бағдарламалар әзiрлеуге және оны орындауға қатысады;



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 

1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауға және оны іске асыруға қатысады;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)



2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шаралары орындалуының сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;

4) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5) облыстың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері жөніндегі есебін қарайды;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 6) тармақша толықтырылды

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейдi және тоқтатады;

7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылды

9) мыналарға:

орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйiне;

мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;

ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің салдарларын жою жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығына;

ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының алдын алу жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығына, осы ошақтарды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуін және қурап-солып қалуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне;

кеспеағаштардың бөлінуіне;

мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінiң сақталуына;

мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргiзілуіне;

орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердiң қорғалуына;

құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін олар әзірлеген төлемақы мөлшерлемелерінің жобаларын келіседі (сүректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда);

11) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі тендерлердің материалдарына және шарттардың талаптарына тексеруді жүзеге асырады және уәкілетті органға қорытынды ұсынады;

12) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.

3. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз құзыреттерi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет