Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы


Құрылыс пен сатып алынатын заттар



бет50/54
Дата21.06.2016
өлшемі6.92 Mb.
#151447
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54

Құрылыс пен сатып алынатын заттар



Құрылыс объектілері мен сатып алынатын заттардың атаулары

2-ші орман орналастыру кеңесімен тексеру кезеңіне қабылданғаны

Орындалғаны

Орындау пайызы

1

2

3

4

5
















17 кесте

Ағымды өзгерістердің орман орналастыру материалдарына
енгізілуінің сапасын бағалау


Құжаттар

Тексерілген учаскелердің жалпы саны, дана

Алымы – жағдайлар саны бөлімі – тексерілген көрсеткіштер санынан пайызы

Бағасы

өзгерістер нұсқауларға сәйкес енгізілген

өзгерістер нұсқауларды бұзушылықпен немесе қателермен енгізілген

өзгерістер енгізілмеген

1

2

3

4

5

6

Планшеттер
















Таксациялық сипаттамалар
















Орман қорын есепке алу түрлері, орман кадастры кітаптары, орындалған орман шаруашылық шараларын есепке алу кітаптары
















Жалпы бағасы
















Ескерту:

«Қанағаттанарлықсыз» деген баға өзгертулер енгізілмеген немесе қателермен, нұсқаулардан ауытқуларымен (тексерілген, учаскелердің 10 пайызы жоғары) енгізілгенде қойылады. Басқа жағдайларда «қанағаттанарлық» деген баға қойылады

18 кесте

Аралап тексерілген учаскелердің салыстыру ведомосы

Орманшылық

Орамның №

Телімнің №

Ауданы, гектар

Орман орналастыру мәліметтері бойынша учаскелердің таксациялық сипаттамасы

Орман орналастыру белгілеген шаралар

Орындалған шара

Орындалған шараның сапасын бағалау және оның шаруашылық қажеттілігі. Учаскенің жағдайы

Орындалуға тиісті шаралар

1

2

3

4

5

6

7

8

9




Басты пайдалану
Күтіп-баптау кесулері мен санитарлық кесулер
Орманды қалпына келтіру шаралары т.б.

Орындаушы:
Орман орналастыру партиясының бастығы
Орман иеленушісінің өкілі:

Қазақстан Республикасы орман қорында
орман орналастыру жұмыстарын жүргізу
ережелерінің       
28-қосымшасы       

Орман кадастры мен орман қорын есепке алу және
орман орналастыру материалдарындағы ағымдағы
өзгерістерді енгізу жөніндегі
нұсқаулық 1. Жалпы қағидалар

      1. Орман ресурстарын ұтымды пайдалану және орман шаруашылығын жоғары сапада дұрыс жүргізе білу мақсатында барлық орман мекемелері мен ұйымдар табиғи апаттардан болатын (өрт, су басып кету және тағы басқа) және шаруашылық іс-шаралар нәтижесінде болатын орман қоры жерлеріндегі барлық өзгерістер міндетті түрде тіркеледі.


      2. Орман қорын есепке алу мен орман орналастыру материалдарындағы өзгерістер орман кадастры кітабына енгізіледі және бұл өзгерістер жөніндегі құжаттар әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша жүйелендіріледі.

2. Ағымдағы өзгерістерді енгізу негіздері

      3. Орман қорында болған өзгерістерді орман орналастыру материалдары мен орман қорын есепке алу және орман кадастры кітаптарына енгізуге құқық беретін, құжаттар:


      1) мемлекеттік орман қоры жерлерінен басқа ведомстваларға жер беру кезінде - сәйкестендірілген шешім және берілетін учаске сызылған сызбасы мен оның актісі, нақты шекарасы мен геодезиялық мәліметтер белгіленген сызбасы;
      2) ұзақ мерзімді пайдалануға жерді беру кезінде - жер беру актісі келісімшарт, учаскенің сызбасы, қолданушының міндеті мен құқығын анықтайтын құжаттар;
      3) басқа жер пайдаланушыдан жерді қабылдаған кезде - қабылдау актісі және шешімі, геодезиялық мәліметі бар сызбасы және учаскенің сипаттамасы;
      4) табиғи апаттар кезінде (жел, өрт және тағы басқа) - көзбен көріп зерттелген учаске актісі (съемка көмегімен);
      5) орман екпелерін орманды жерлер қатарына аудару кезінде - оларды аударғаны жөнінде акті;
      6) орман екпелерін отырғызу кезінде материалдарды түгендеу және орындаған жұмыстар актісі;
      7) табиғи жаңаруына қосымша жүргізілген шаралар арқасында орманды жерлердің көбеюі кезінде - зерттеген учаскелер актісі;
      8) табиғи жаңару салдарынан орманды жерлердің көбеюі кезінде - зерттелген учаскелердің актісі;
      9) басты мақсатқа пайдалану үшін кесу кезінде (жаппай, біртіндеп, таңдап, ұзақ мерзімді-таңдап) - кесуге белгіленген кеспеағаш пен кесілетін жерді куәландыратын акті;
      10) зерттеу және орман орналастыру нәтижесі бойынша қорлар мен жер көлемдерін бекіту кезінде – орман орналастыру материалдары;
      11) орман орналастыруда жіберілген қателіктер табылған кезде - учаскені зерттеу актісі;
      12) бір шаруашылықтан екіншіге күту үшін кесу жұмыстары жүргізілген орман учаскелерін аудару кезінде - өзгерістері көрсетілген кесілген жерді куәландыратын акті;
      13) қажетінше, қызығушылық танытатын ұйымның қатысуымен орман жетекшісі бекіткен актісі құрастырылады.
      4. Орман мекемесінде таулы жер бедерлерін есепке алу көлденең бағытта жүргізіледі.

3. Орман кадастры мен кітабы орман қорын
есепке алу және орман орналастыру материалдарына
ағымдағы өзгерістерді енгізу тәртібі

      5. Ағымдағы өзгерістер (орман қорында болған) орман кадастры кітабы мен орман қорын есепке алу пішініне, таксациялық сипаттамаға және планшеттерге енгізіледі.


      6. Планшеттерге өзгерістер тиісті шартты белгілермен осы Ережелердің 5 параграфына сәйкес енгізіледі:
      1) орман мекемесінің жер құрамынан шығарылған учаскелер, тиісті геодезиялық мәліметтеріне сәйкес толығымен қара түспен сызылады және сүлбесінің ортасына жер ауданы көрсетіледі;
      2) ұзақ мерзімге берілген учаскелер, қара түсті үзік сызықтармен сызылады және сызбасында берілген мерзімі және жер ауданы көрсетіледі;
      3) мекеме құрамына қабылданған учаскелер қара түсті үзік сызықпен сызылады және оның жер ауданы көрсетіледі;
      4) табиғи апаттан зақымданған алқаағашты учаскелер толығымен қызғылт сары түспен сызылып, жер ауданы, жылы және табиғи апат түрі көрсетіледі;
      5) кесу жасына келген кеспеағаш учаскелері, жаппай кесу белгісі қойылып белгіленеді;
      6) орманды жерлер қатарына жатқызылған орман екпелері учаскелері көк түспен сызылып, сүлбенің іші көлденең сызықтармен басты тұқым түсті бояумен сызылады. Сызбада басты тұқымы, орман екпелерін отырғызған жылы және жер ауданы көрсетіледі;
      7) ормансыз жерлерге отырғызған (себу немесе тігу әдісімен) жинақталмаған орман екпелерінің учаскелері жай қарындашпен көлденең сызықтармен сызылады. Сызбада тұқымдас индексі, жер ауданы және егілген жылы көрсетіледі;
      8) орман астарына отырғызылған орман екпелері жай қарындашпен 45 градус бұрышта сызықтармен сызылады. Сызбада жер ауданы, тұқымдас индексі және отырғызылған жылы көрсетіледі;
      Орман қорын есепке алу және олардың жер ауданы N 1 пішінде жинақталмаған орман екпелері - 5 бағанда көрсетіледі;
      9) алқаағаштарды (бұталар) қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген учаскелер жай қарындашпен тік бағытта сызылады және жер ауданы мен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген жылы көрсетіледі;
      10) жаппай кесілген жер учаскелері, жас өскіні жоқ немесе сақталмаған жерлер қызыл түспен жаппай сызықтармен белгіленіп, нақты жер ауданы мен кесілген жылы көрсетіледі;
      11) жаппай кесілген жерлер, жас өскіндері сақталған болса, (табиғи қайта жаңаруына қалдырылған) қызыл түспен сызылып, 45 градус бұрышта жіңішке сызықтармен сызылады және нақты жер ауданы мен кесілген жылы көрсетіледі;
      12) табиғи жолмен жаңаратын (орманды жерлер қатарына жатқызылған), соның ішінде табиғи жаңаруына қосымша іс-шаралар жүргізілген учаскелер, жаппай сызықтармен сызылып, 45 градус бұрышта жіңішке сызықтармен сызылады. Жер ауданы, басты тұқымы және жаңару түрі көрсетіледі («Т» - табиғи, «ТҚ» - табиғи қосымша іс-шаралар арқылы, «ТҚӨ» - табиғи қосымша іс-шаралар арқылы жас өскіндері сақталынған);
      13) жаппай санитарлық кесуге және басты мақсатқа пайдалану үшін жаппай кесуге белгі соғылған кеспеағашты учаскелер, қызыл түсті үзік сызықпен түсіріледі және кесу жылы, жер ауданы мен кесу түрі көрсетіледі (ЖК. ЖСК);
      14) жаппай санитарлық кесу жүргізілген учаскелер қызыл түспен белгіленеді және нақты жер ауданы, кесу жолы, кесу индексі көрсетіледі (ЖСК);
      15) біртіндеп кесу жүргізілген учаскелер, қызыл түспен жіңішке үзік сызықтармен сызылып, осы түспен көлденең сызықтармен сызылады. Мұнда да жер ауданы, кесу жылы, кесу түрі және кесу индексі қойылады – (БК);
      16) ерікті-таңдап кесу жүргізілген учаскелер, қызыл түсті жіңішке үзік сызықтарымен сызылады және осы түспен тік сызықтармен (90 градуста) жіңішке сызықтармен сызылады және мұнда да жер ауданы, кесу жылы, кесу индекстері қойылады – ЕТК;
      17) ұзартып-біртіндеп кесу жүргізілген учаскелер, қызыл түспен жіңішке үзік сызықтарымен сызылады және осы түспен 45 градус бұрышта жіңішке сызықтармен сызылады. Жер ауданы, кесу жылы, кесу индексі қойылады – (ҮБК);
      18) күту үшін кесу жүргізілген (кесудің барлық түрлері) учаскелер, көк түспен жаппай толық сызылады. Мұнда да жер ауданы, кесу жылы, кесу түрлері көрсетіледі (Жар - жарықтандыру, Тзу - тазарту, Сир - сирету, Өт.к - өтпелі кесу);
      19) таңдамалы санитарлық кесу жүргізілген учаскелер, көк түспен пунктирлі сызықпен сызылады. Мұнда да жер ауданы, кесу жылы, кесу индекстері – (ТСК) қойылады.
      7. Таксациялық сипаттамаларға өзгертулерді енгізу тәртібі:
      1) басқа мекемелерге тұрақты пайдалануға жерлерді беру кезінде, құжаттардың қысқаша мазмұны, айы-күні, нөмірі және учаскенің жер ауданы жазылады;
      2) жерді ұзақ мерзімді пайдалануға беру кезінде, учаскенің жер ауданы, нөмірі, айы-күні, құжат жөнінде қысқаша мазмұны және мерзіміі жазылады;
      3) басқа жер пайдаланушыдан жерді қабылдау кезінде, жерді қабылдау негізіне құжаттардың қысқаша мазмұны, айы-күні, нөмірі және учаскенің қысқаша сипаттамасы енгізіледі;
      4) табиғи апаттарға ұшырау, нәтижесінде зақымданған учаскелердің жер ауданы, табиғи апат түрі және болған жылы, зақымдануы және өлген ағаштардың қоры көрсетіледі;
      5) орман екпелері отырғызылған учаскелер үшін, табиғи жолмен жаңарған және орманды жерлер қатарына жатқызылған учаскелер үшін, осы учаскелердің сипаттамаларын негізге ала отырып, жаңадан таксациялық сипаттамалар келтіріледі (жер ауданы, құрамы, толымдылығы, жасы және қоры).
      Қ ұ р а м ы - құрамындағы тұқымдылар діңдері сандарының ара қатынасы бойынша анықталады;
      Т о л ы м д ы л ы ғ ы – желек жиынтығы дәрежесі бойынша анықталады;
      Ж а с ы – жаңару жасы бойынша немесе орман екпелерін (себу) отырғызу жылы бойынша анықталады;
      Қ о р ы – 1 га орманды жерлер қатарына жатқызылған балауса ағаштар және орман екпелері үшін, былай анықталады:
      қылқан жапырақтылар үшін – 2 жас класындағы қылқан жапырақты алқаағаштың 1 га орташа өсімінен 40 пайыз мөлшерде (ауыстырылатын екпелердің жасына көбейтіледі);
      жапырақтылар үшін - 2 жас класындағы жапырақты алқаағаштардың 1 га орташа өсімінен 60 пайыз мөлшерде;
      балауса ағаштар үшін – табиғи өсіп-өну жасы 10 жасқа дейінгілері көз мөлшермен анықталады.
      Ағаш тұқымдылары үшін 1 га қоры – 5 м3 - аз болмайды, ал сексеуілдерде - 0,1 м 3.
      Таксациялық сипаттамада жобаланатын іс-шаралар бағанында, іс шаралар атауы және жүргізілетін жылы мен жер ауданы көрсетіледі;
      6) ормансыз жерлерге отырғызылған жинақталмаған орман екпелері учаскелерінде - олардың нақты жер ауданы, отырғызылған жылы және технологиялық схемасы көрсетіледі;
      7) орман астарына отырғызылған орман екпелері учаскесінде - отырғызылған жылы, жер ауданы және технологиялық схемасы көрсетіледі;
      8) қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген орман екпелері учаскесінде де - жер ауданы, отырғызылған жылы және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген жердің технологиялық схемасы көрсетіледі.
      Орманды жерлер қатарына жатқызылатын учаскелер, басты тұқымдылардың бар болуына байланысты сол шаруашылықта қалдырылады немесе басқа шаруашылыққа жатқызылады.
      9) жаппай санитарлық кесу (ағашы кесілген жер) немесе басты мақсатқа пайдалану үшін жаппай кесілген учаскелер үшін, нақты жер ауданы, кесілген жылы, кесу түрлері және таксациялық көрсеткіштеріне сәйкес тұқымдылар бойынша кесілген ағаш сүрегінің көлемі мен өскіндердің сақталу жағдайы көрсетіледі.
      Есептен шығарылған қор таксациялық көрсеткіштердегі 1 га орташа қорға сәйкес келуі керек. Сонымен қатар, жалпы кеспеағаш бойынша анықталған және материалдық-ақшалай мәліметтері бойынша нақты қоры көрсетіледі;
      10) біртіндеп және ұзақ-біртіндеп кесу жүргізілген учаскелерде жер ауданы, тұқымы бойынша кесілген қоры, кесілген жылы және кесілгеннен кейінгі өскіндердің сипаттамасы көрсетіледі;
      11) ерікті-таңдамалы кесу жүргізілген учаскелерде жер ауданы, тұқым бойынша кесілген қоры, кесілген жылы және өскіндерінің жағдайы көрсетіледі;
      12) жаппай санитарлық кесу немесе басты мақсатқа пайдалану үшін кеспеағашты белгілегенде, олардың жер ауданы, кесу жылы, кесу түрі және тұқымы бойынша кесуге белгіленген ағаштардың көлемі көрсетіледі;
      13) таңдамалы санитарлық кесу және күту үшін кесу жүргізілген учаскелерде - жер ауданы, кесу түрлері, тұқым бойынша кесілетін қоры, ал өскіндері үшін - құрамы және кесілгеннен кейінгі толымдылығы көрсетіледі;
      14) бір шаруашылықтан екінші шаруашылыққа берілген кезде, күту үшін кесу жүргізілген орман учаскелерінде - тиісті бағандағы телімнің таксациялық сипаттамасы сызылып тасталады да қызыл түспен кесілген жерді куәландыратын актідегі жаңа көрсеткіші жазылады;
      15) алқаағаштар бір жас класынан екінші жас класына ауыстырылған кезде, орман орналастыру кезінде жіберілген қателер болса, тиісті бағандағы телімнің бұрынғы жасы мен жас класы сызылып тасталынып, үстіне қызыл түспен нақты мәліметі жазылады. Қоры зерттеу кезінде бекітілген көлемде қойылады;
      16) өзгерістер енгізілетін учаскелер нөмірі (телімі) қызыл түспен (қарындашпен, сиямен) шеңберленеді.
      8. Орман қорын есепке алу пішініне және орман кадастры кітабына  өзгерістер қара түспен (қарындашпен, сиямен) енгізіледі:
      1) жерді қабылдау немесе шығару кезінде орман кадастры кітабы мен № 1 пішінге, № 1 пішіннің 1 қосымшасына сәйкес графаға таксациялық көрсеткіштер енгізіледі;
      2) орман екпелері, сонымен қатар табиғи жаңарған учаскелерді орманды жерлер қатарына жатқызар кезде № 1 пішінге, № 1 пішіннің 1 қосымшасына сәйкес графаға осы учаскелердің нақтыланған таксациялық көрсеткіштері енгізіледі;
      3) жаппай кесу кезінде мыналар белгіленеді:
      алымында – таксациялық сипаттамасына сәйкес телімдегі 1 га-ғы орташа қоры бойынша кесілетін қоры және кесілетін жердің жер ауданы, ал бөлімінде – материалдық-ақшалай бағаланған мәліметі бойынша кеспеағаштың қоры жазылады;
      4) біртіндеп және ұзақ-біртіндеп кесу жүргізген кезде, тек кесілетін қоры ғана көрсетіледі.
      Бұдан басқа, жеке парақта бірінші тәсілмен кесу жүргізілген жердің ауданы есепке алынады. Соңғы кесу тәсілі кезінде, таксациялық сипаттамаларда көрсетілген учаскенің ауданы мен қоры есептен шығарылады;
      5) ерікті - таңдап кесу жүргізген кезде, тек кесіліп алынған қоры ғана есептен шығарылады;
      6) шаруашылық жағынан бағалы тұқымдыларды өсіру жолымен ағаштарда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген учаскелерде екпелер қатар түзегенше бұрынғы шаруашылығында қалдырылады, бірақ учаскедегі қоры кесілген сүрекдіңнің санына азаяды;
      7) өлген орман екпелері орман қорларын есепке алу N 1 пішіндегі тиісті бағаннан шығарылып, белгіленген тәртіпте рәсімделіп, орман екпелерін түгендеу актісі бойынша есептен шығарылады.
      9. N 1 пішіннің 1-қосымшасында басым тұқымдылар бойынша жер ауданының өзгеруін есепке алу жұмыстары күту үшін кесу жүргізілген кезде ғана жүргізіледі.
      Орман қорларында болған өзгерістер енгізілген барлық құжаттар әр жұмыс түрлері бойынша жүйелендіріліп, сақтауға жіберіледі.

4. Ағымдағы өзгерістерді енгізу сапасын бағалау

Өзгерістер енгізілген материалдар атауы

Алымы-жалпы тексерілген учаскелер саны,

Алымы-учаскелер саны, бөлімі-тексерілген учаскелер саны-ның %-ы

Өзгерістерді енгізу сапасын бағалау

бөлімі-100%

нұсқауларға сәйкес енгізілген өзгерістер

нұсқаулардан шамалы ауытқулармен енгізілген өзгерістер

қателермен енгізілген өзгерістер

өзгерістер енгізілмеген

1

2

3

4

5

6

7

Планшеттер

-/100
















Таксациялық сипаттама

-/100
















Орман қорын есепке алу пішіні, орман кадастры кітабы және орман шаруашылығы іс-шараларының орындалуын есепке алу кітабы



















Жалпы бағасы

-/100
















      Ескерту: "Қанағаттанарлықсыз" бағасы, тексерілген учаскелер санының 10 пайызында нұсқаулардан аздап ауытқулармен және қателермен енгізілген болса немесе өзгерістер енгізілмеген жағдайда қойылады. Ал қалған жағдайларда "қанағаттанарлық" бағасы қойылады.

5. Орман орналастыру материалдарына орман қорын есепке
алу материалдарына және орман кадастрына ағымды
өзгерістерді енгізу тәртібі

р/р


Есепке алу құжаттарынаенгізілетін шаралар


тізбегі

Ағымдағы өзгерістерді есепке алу құжаттарына енгізу

планшеттерге

таксациялық сипаттамаларға



енгізілетін
өзгерістер

толтыру
үлгісі




1

2

3

4

5

1.

Басқа орман иеленушілеріне тұрақты пайдалануға берілген жер учаскелері

Учаскенің сүлбесі бүтін қара түсті сызықпен сызылады. Учаскенің ортасында ауданы көрсетіледі (га).



Учаскенің нөмірлері қызыл түспен шеңберленеді. Ауданы, нөмірі, датасы, қысқаша мазмұны жазылады.

2.

Ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жер учаскелері

Учаскенің сүлбесі жіңішке үзік сызықтармен қара қарандашпен сызылады. Учаскенің ортасында ауданы (га) және кезеңі (жыл) көрсетіледі.



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен шеңберленеді. Ауданы, нөмірі, датасы, құжаттың қысқаша мазмұны және мерзімі көрсетіледі.

3.

Басқа орман иеленушілерінен алынған учаскелер

Учаскенің сүлбесі бүтін қара түсті сызықшаларымен сызылады. Учаскенің ортасында ауданы көрсетіледі (га).



Ауданы, нөмірі, датасы және қысқаша мазмұны жазылады. Учаскенің қысқаша сипаттамасы беріледі, датасы мен мазмұны жазылады.

4.

Табиғи аппаттардан зақымданғандықтан өсуін тоқтатқан алқаағаштар учаскелері

Учаскелердің сүлбесі қызыл-сары түсті бүтін сызықпен сызылады. Табиғи апаттың ауданы, жылы және түрі көрсетіледі (өртеңдер - 2000ж, 17,5 га)



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен шеңберленеді. Табиғи апаттың ауданы, түрі, жылы, зақымдану түрі, өлген ағаш қоры көрсетіледі.

5.

орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылған орман екпелері учаскелері

Учаскенің сүлбесі жасыл түсті бүтін сызықпен сызылады. Орман екпелерінің ауданы, себілген (отырғызылған) жылы және басты тұқымы көрсетіледі. Учаске басым тұқымы түстес көлденең сызықтарымен жаппай сызылады.



Учаскенің нөмірлері қызыл түспен шеңберленеді. Учаскені куәландыру негізінде жаңа таксациялық сипаттама жазылады

6.

Орманмен қамтылмаған жерлерде өсірілген жинақталмаған орман екпелері учаскелері (егілген немесе отырғызылған).

Учаскелердің сүлбелері қара қарындашпен көлденең сызықтармен сызылады. Тұқымның ауданы, индексі және себу (отырғызу) жылы көрсетіледі.



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Олардың ауданы, жылы, технологиялық схемасы жазылады.

7.

Орман астарында өсірілген орман екпелерінің учаскелері

Учаскелердің сүлбелері қара қа рындашпен қиғаштап сызылады. Олардың ауданы, тұқым индексі және егу (отырғызу) жылы көрсетіледі.



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Олардың жылы, ауданы және технологиялық схемасы көрсетіледі. Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Олардың жылы, ауданы, технологиялық схемасы (жүргізілген қайта құрудың) көрсетіледі.

8.

Алқаағаштары (бұталары) қайта құрылған учаскелер

Учаскелердің сүлбелері қара қарындашпен тік сызықтармен сызылады. Олардың жылы, ауданы және тұқым индексі көрсетіледі.


Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады.  Олардың жылы, ауданы, технологиялық схемасы (жүргізілген қайта құрудың) көрсетіледі.



9.

Ағашы жаппай кесілген, өскіні сақталмаған немесе жоқ учаскелер

Учаскелердің сүлбелері қызыл түсті бүтін сызықпен сызылады. Кесулердің нақты ауданы және жылы көрсетіледі.



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Кесілген сүрекдің тұқымдылар бойынша көлемі, ауданы және кесу жылы көрсетіледі.

10.

Ағашы жаппай кесілген, құнды тұқымдылардың өскіні сақталған (табиғи өсу) учаскелері

Учаскелердің сүлбелері қызыл түсті 450 бұрышпен сызылады. Кесудің нақты ауданы мен жылы көрсетіледі.



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Кесілген сүрекдің тұқымдылар бойынша көлемі, ауданы және кесу жылы, сақталған өскіннің сипаттамасы көрсетіледі.

11.

Табиғи жолмен орманданған (орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылған), с.і. табиғи жаңаруға жәрдемдесу жолымен орманданғандар

Учаскелердің сүлбелері жаңарған басты тұқымның түсімен (450 бұрышпен) сызылады. Жаңару түрі, басты тұқым, ауданы көрсетіледі.



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Нақты ауданы, жаңа таксациялық сипаттамасы, жаңару түрі көрсетіледі

12.

Басты пайдалану кеспеағашы мен жаппай кесуге белгіленген учаскелер

Учаскенің сүлбесі қызыл түсті үзік сызықтармен сызылады. Қарастырылған кесу жылы, ауданы және кесу түрі көрсетіледі



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен жазылады. Кесу түрі жылы, кесілетін сүрекдің көлемі тұқымдылар бойынша көрсетіледі

13.

Жаппай санитарлық кесулерден шыққан учаскелер

Учаскелердің сүлбесі қызыл түсті жіңішке үзік сызықтармен  сызылады. Ауданы (нақты), кесу жылы мен индексі көрсетіледі



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Кесу жылы, ауданы, кесілген қор, алқаағаштардың өлу себептері көрсетіледі.

14.

Біртіндеп кесілген учаскелер

Учаскелердің сүлбелері қызыл түсті жіңішке үзік сызықтармен сызылады және қызыл көлденең жіңішке сызықтармен боялады. Кесудің ауданы, жылы, кесудің қабылдануы, индексі көрсетіледі.



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Кесу жылы, ауданы, кесілген тұқымдылар бойынша қоры, кесу жұмыстарынан кейінгі өскіннің сипаттамасы.

15.

Ерікті-іріктеп кесілген учаскелер

Учаскелердің сүлбесі қызыл түсті жіңішке үзік сызықтармен сызылады және қызыл түсті жіңішке тік сызықтармен боялады. Ауданы, кесу жылы, индексі көрсетіледі.



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Кесу жылы, ауданы, тұқымдылар бойынша кесілетін қор, өскіннің жағдайы көрсетіледі.

16.

Ұзақ-біртіндеп кесілген учаскелер

Учаскелердің сүлбесі қызыл түсті жіңішке үзік сызықтармен сызылады және 450-ке қиғашталып қызыл жіңішке үзік сызықтармен боялады

БҰҚ-2000 ж.



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Кесу жылы, ауданы, тұқымдылар бойынша кесілетін қор, өскіннің сипаттамасы көрсетіледі.

17.

Күтіп-баптау кесулері жүргізілген учаскелер (барлық кесу түрлері)

Учаскелердің сүлбесі көк түсті сызықтармен сызылады. Кесу жылы, ауданы, кесу түрі көрсетіледі (жарық., тазарту, сирету)



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Кесу жылы, түрі, ауданы, тұқымдылар бойынша кесілетін қоры, ал балауса ағаштар үшін - кесуден кейінгі құрамы мен толымдылығы

18.

Таңдамалы санитарлық кесулер жүргізілген учаскелер

Телімдердің сүлбесі қызыл түсті үзік сызықтармен сызылады. Кесу жылы, ауданы, ТСК, индексі көрсетіледі



Учаскелердің нөмірлері қызыл түспен сызылады. Кесу жылы, түрі - ТСК, ауданы, тұқымдылар бойынша таңдалатын қор, кесуден кейінгі құрамы мен толымдылығы.

      Ескерту: Учаскенің сүлбесі өте кіші болған жағдайда, сол учаскелер жөніндегі мәліметтер көрші учаскенің сүлбесінде көрсетіледі. Мәліметтердің бағыты стрелкамен көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы орман қорында


орман орналастыру жұмыстарын жүргізу
ережелерінің
29-қосымшасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет