Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет187/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

«Физика» оқу пәні
10-11-сыныптарда «Физика» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 
1) 
білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің 
негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты 
танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету; 
2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік 
және рефлективтік мәдениетін дамыту, физикалық экспериментті және зерттеу 
жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мен 
қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз 
етуде қолдану. 
Жаңа оқу жылында 10-11-сыныптар үшін төмендегі Үлгілік оқу 
жоспарларын таңдау мүмкіндігі бар:
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік 
оқу жоспарлары (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 
наурыздағы № 125 бұйрығымен енгізілген) немесе жаңартылған мазмұндағы 
Үлгілік оқу жоспарлары.
2021 жылғы Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жалпы орта білім беру 
деңгейінде жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық 
бағытта оқытылатын «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
81-кестеде көрсетілген.
 
81-кесте. «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Сынып 
Жалпы оқу жүктемесінің көлемі, сағат
Төмендетілген оқу жүктемесімен 
Үлгілік оқу жоспары 
Жаңартылған мазмұнындағы 
үлгілік оқу жоспары 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 
10 (ҚГБ) 

68 

34 
10 (ЖМБ) 

102 

68 
11 (ҚГБ) 

68 

34 
11(ЖМБ) 

102 

68 
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары (соңғы 
өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен 
енгізілген) негізінде Үлгілік оқу бағдарламаларында жаңартылған мазмұнның 
Үлгілік оқу бағдарламаларымен салыстарғанда келесі оқу мақсаттары 
қысқартылған (82-кесте).


265 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет