Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


Білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың кезеңдері



Pdf көрінісі
бет186/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

Білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың кезеңдері 
1-қадам. Олқылықтарды анықтау.
Диагностика жүргізу керек. Диагностикадан кейін білім алушылардың 
біліміндегі олқылықтар орын алған бөлімдер немесе тақырыптарды деңгейіне 
қарай күрделіден қарапайымға дейін жіктеп, бөлу қажет. Бірінші орында 
негізгі базалық білімдегі олқылықтарды ескеру керек: мысалы, жасушаның 
құрылысы мен химиялық құрамы, зат алмасу, бөліп шығару, тыныс алу сияқты 
тірі ағзаларда жүретін процестер туралы білуі керек. Мектепте ғана емес, 
жалпы өмірде бұл ұғымдар үнемі қажет, сондықтан оларды бірінші кезекте 
меңгеру қажет.
2-қадам. Уақытты белгілеңіз.
Анықталған олқылықтардың деңгейі мен оқу мазмұнының көлеміне қарай 
оған жұмсайтын уақытты жоспарлау қажет. Бір тақырыпқа бірнеше сағат керек
немесе керісінше бір сабақтың ішіндегі белгілі бір уақыт жеткілікті болуы 
мүмкін.
Мысалы химиялық байланыс түрлеріне бір сағат жетсе, химиялық 
реакциялардың жіктелуі өзара байланысты бірнеше кезеңдерден тұруы мүмкін 
т.с.с. 
3-қадам. Оқыту әдісін таңдау. 
Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша шараларды таңдау үш 
факторға байланысты:
- өткізілетін материалдың көлемі; 
- жоспарланған уақыт мөлшері; 
- баланың жас және жеке ерекшеліктері. 
Білімдегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарының формалары 
1. Өзіндік жұмыстар 
Тақырыпты және тапсырманы түсіндіре отырып, өз бетінше ізденуге 
тапсырма беру. 
2. Нақты мақсатқа бағытталған әрекет. 
Егер жекелеген оқушы немесе сыныптағы шағын топ қолдауды қажет 
етсе нақты мақсатқа бағытталған қысқа сессиялар ұйымдастыру қажет.
3. Сыныпты толық оқыту
Егер бүкіл сыныптың қажеттіліктері немесе олқылықтары шамалас болса 
бүкіл сыныпты қамтитындай жоспар жасау ұсынылады. Ол үшін тақырыпты 
немесе бөлімді жоспарлағанда білім алушылардың жеке қасиеттері мен 
қабілеттерін ескеру қажет. 
Білімдегі олқылықтарды толықтыруға бағытталған сабақтарды 
ұйымдастыру формалары 
1.Таза ауадағы сабақтар 
Жаратылыстану, биология, география, физика сабақтарын баланың 
денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін арасында саябақтарда немесе 
аулада, таза ауада өткізу ұсынылады.
2.Чартерлік сабақтар 
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білім алушылардың 
білімдеріндегі 
олқылықтарды 
толықтыру 
үшін 
чартерлік 
сабақтар 
ұйымдастыруға болады. Чартерлік сабақтарды «Биология», «Химия», «Физика» 
пәндерінен зертханалық, практикалық жұмыстар бойынша жүргізуге болады.


264 
3. Оқу мақсаттарының үйлесімділігі 
Олқылықтардың орнын толықтыру әрекетінің
сабақтың жеке кезеңі
ретінде жүргізілмей, жаңа білімді игерудегі дәстүрлі канваға қосылуы. 
Мысалы, «Биология» пәнінде 10-сыныпта «Жасушалық биология» 
бөліміндегі 
Жасуша 
органоидтерінің 
құрылысы 
мен 
қызметтерінің 
ерекшеліктері. 
Жасушаның 
негізгі 
компоненттері 
тақырыптарын
қарастырғанда, 9-сыныптағы «Жасушалық биология» бөліміндегі жасушаның 
негізгі компоненттерінің қызметтерін қайталап өтуге болады. 
Бөлімде жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша болжалды қиын 
тақырыптар тізімдері берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет