29
Жұбановтың 115 жылдығына; қазақтың белгілі лирик ақыны, аудармашы
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар өткізу
маңызды рөл атқарады.
Бұл іс-шараларды «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары»,
«Адамзаттың ұлы ұстаздары», «Қазақстанның
ұлы ойшылдары мен
философтары» атты әдеби кеш, «Сұлулық әлемді құтқарады» атты поэтикалық
кеш, «Жақыныңа жанашыр бол» атты әдеби-музыкалық композициялар,
«Махаббат – адам өмірінің негізі», «Мейірімділік – адамның асыл қасиеті» атты
рухани-адамгершілік
мазмұндағы
тестілер
мен
сұхбаттар
түрінде
ұйымдастыруға болады.
Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап
оқу. 2021-2022 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және
оны қолдау, кітап мәртебесін
(«Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім
алушылар арасында
«Оқуға құштар мектеп» жобасы барлық өңірде біртіндеп
енгізіледі.
Мектеп
кітапханаларының
қорын
толықтыру
үшін
Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институты әзірлеген көркем әдебиеттер тізбесі ұсынылады. Бұл тізбе
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік
әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін,
оқу мәдениеті мен
оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық
зерттеулерге
қатысуын
жалғастыруды,
оқырмандар
қауымдастығын
қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздейді.
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған
түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту
бойынша
ресурстар
(интернет-викториналар,
сервистік
ұсынымдар,
кітапханалар туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс. Әрбір мектепте және
отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектеп холдарында
үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын
құру ұсынылады.
Кітаптарды
электронды
форматта,
соның
ішінде
мобильді
құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті
таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын
арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.
Қоғамда мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында:
«Отан оттан да ыстық», «Білекті
бірді жығар, білімді мыңды жығар»,
«Білім – теңіз, мектеп – кеме», «Татулық – табылмас бақыт», «Еңбек – ердің
көркі» және т.б. назар аудартатын қазақ мақал-мәтелдері жазылған баннерлерді
мектеп ғимаратына орналастыру – дәстүрлі құндылықтарды санада нығайтуға,
визуалды әсер етуге көмектеседі.
Мүмкіндігіне қарай мектептің таңдауы бойынша оқушылардың
жағымды көңіл-күйін қалыптастыру және психологиялық шиеленісті азайту
мақсатында фондық музыкалық әуендерді (классикалық, ұлттық музыка,
аспаптық шығармалар және т.б.) пайдалануға болады.
30
3)
Ұлттық тәрбие аясында жаңа оқу жылында білім алушылардың
бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында цифрлық дәуір
ерекшеліктерімен байланыстыра отырып «
Дәстүр мен ғұрып» жобасы іске
асырылатын болады.
Әрбір
халық өзінің төл мәдениетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын салт-
дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауы тиіс. Дәстүр жастарды тәрбиелеуде,
ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтау қажет.
Бұл жағдайда қазақ халқының мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, сондай-ақ
ұлттық тағамдарын т.б. зерделеу – өзекті міндеттердің бірі.
Оқушылар мемлекеттік тіл – қазақ тілін, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік атрибуттары: мемлекеттік рәміздерін білуі тиіс. Осы негізде
конкурстар мен олимпиадаларды тұрақты түрде өткізу; әрбір мектепте
мұражай ашу;
көрнекті тұлғалармен, даңқты спортшылармен, ғалымдармен,
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының білім алушылармен
кездесулерін өткізу; сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерінде
мектеп оқушылары үшін өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу
өзектілігін жоғалтпайды.
Аталған бағыт шеңберінде: «Менің Отаным – Қазақстан» (балалар мен
жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту, экспедициялар, саяхат,
экскурсиялар ұйымдастыру), «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық
білімі мен мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты жандандыру,
туған
өлкенің тарихын, мәдениетін, дәстүрін терең зерттеу) «Табиғатым – тал
бесігім» (туған жерге жауапкершілікпен, аялап қарау) жобаларын жүзеге
асыруды жалғастыру маңызды.
«Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру үшін академия әзірлеген
«Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»
жобасы бойынша тәрбие жұмысының модельдері» әдістемелік ұсынымдары
әдістемелік нұсқаулық болады
(https://www.nao.kz).
4)
Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды
Достарыңызбен бөлісу: