Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет225/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

1. «Мобильді мұғалім» пилоттық жобасын енгізу 
«Мобильді мұғалім» – бірнеше елдімекендердің шағын жинақты 
мектептерінде бірнеше мектеппен қатар жұмыс жасау сипатындағы педагогикалық 
қызметті жүзеге асыратын педагог. 
«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтің мақсаты – ШЖМ 
білім алушыларының сапалы білім беру қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз 
ету. 
«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтің негізгі міндеттері: 
1) шағын жинақты мектеп білім алушыларының сапалы білім алуына 
қолжетімділік; 
2) ауылдық мектептерде білім беру сапасын арттыру; 
3) ауыл мектептерін білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету. 
«Мобильді мұғалім» пилоттық жобасын іске асыру облыстық білім 
басқармаларының бұйрығы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы 
әзірлеген 
әдістемелік 
ұсынымдар 
негізінде 
инварианттық 
компоненттің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық 
бағыттары бойынша сұранысқа ие оқу пәндері бойынша шағын жинақталған 
мектептер базасында жүзеге асырылады.
«Мобильді мұғалім» пилоттық жобасын жүзеге асыру талаптары: 
1) ауданның ауыл мектептерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету 
қажеттілігі; 
2) білім беру ұйымы басшыларының жобаға қатысуға келісімі; 
3) жобаға қатысуға кемінде үш пән мұғалімінің келісімі; 
4) бірнеше елдімекендердің шағын жинақты мектептері мен жол жүру 
сипатындағы педагогикалық қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген педагог 
арасында бір оқу жылына арналған келісімшарттың болуы; 
5) мұғалімнің денсаулығы туралы анықтамасы.
«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогке қойылатын 
талаптар:
 жоғары педагогикалық білімінің болуы;
 педагогикалық еңбек өтілінің он бес жылдан кем болмауы;
 біліктілік санатының «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» болуы;
 білім алушылардың оқу пәні және сабақтан тыс жұмыстар бойынша оқу 
жетістіктерінің жоғары нәтижелері. 
Жобаға қатысушылардың функциялары: 
1) «Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтің негізгі қызмет 
мектебі педагогтің жұмыс кестесін ескере отырып, ыңғайлы кесте жасайды және 
оның қызметін бақылауды жүзеге асырады; 
2) «Мобильді мұғалім» жобасына қатысатын педагог жүріп-тұру 
маршрутын жасайды және мектеп әкімшілігімен келіседі; 
3) «Мобильді мұғалімді» келісімшарты бойынша қабылдайтын ауыл 
мектептері сабақ кестесін құрады, сабақтарды кедергісіз өткізуге жағдай 
жасайды;


325 
4) ауыл мектептері қашықтан оқыту қажет болған жағдайда білім 
алушылар мен мобильді мұғалімді компьютерлермен және әдістемелік 
материалдармен қамтамасыз етуге ықпал етеді; 
5) ауылдық мектептер «Мобильді мұғалім» жобасына қатысатын 
педагогтің қызметін бақылауды жүзеге асырады. 
Мобильді мұғалімнің жол жүруіне, тұруына және жалақысына ақшалай 
қаражат төлеуді ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді. 
2. «Уақытша отбасы» жобасын масштабтау (2018-2021 жылдардағы 
102 уақытша отбасында шалғайдағы елдімекендерден 106 бала тұратын 
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесінен). 
«Уақытша отбасы» – шағын елдімекендерден білім беру процесі кезеңіне 
(бір оқу жылына) мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуге уақытша 
қабылдайтын отбасы. 
«Уақытша отбасы» – баланың (балалардың) ата-анасы болып табылмайтын, 
бірақ ол үшін ата-ана жауапкершілігін мойнына алатын, отбасына 
орналастырылған балаға (балаларға) олардың жазбаша келісімімен қамқорлық 
жасайтын және тәрбиелейтін заңды тұлға (тұлғалар). 
«Уақытша отбасы» жобасына қатысатын отбасының қызметі облыстардың 
білім басқармасының бұйрығы және «Уақытша отбасы» жобасын енгізу 
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады (ақпарат nao.kz 
сайтында қол жетімді). 
Балаларды уақытша отбасына беру үшін ата-аналар тиісті құжаттарды: 
1) үміткердің ғана емес, оның ата-анасының да денсаулық жағдайы туралы 
анықтаманы;
2) наркологиялық, психиатриялық, туберкулез, тері-венерологиялық 
диспансерлерден анықтаманы; 
3) соттылығының жоқтығы туралы анықтама және т.б. ұсынуы керек. 
Барлық талаптар сақталған жағдайда шешім қабылданады және баланы 
(балаларды) «Уақытша отбасына» беру туралы үшжақты келісімшарт жасалады.
Келісімшарт «Уақытша отбасының» тұрғылықты жері бойынша баланы 
(балаларды) өз отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар, баланың 
(балалардың) ата-аналары немесе заңды өкілдері және білім беру ұйымы 
арасында жасалады. 
Баланы күтіп-бағуға және жалақыға ақшалай қаражат төлеуді «Уақытша 
отбасының» тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. 
3. Үлгерімі төмен мектептерге «Мықты мектептердің» қамқорлығын 
ұйымдастыру. 
2021-2022 оқу жылында менеджмент, білім алушыларды психологиялық-
педагогикалық қолдау, оқу-әдістемелік сүйемелдеу мәселелерінде нәтижелілігі 
төмен ауыл мектептеріне «мықты мектептердің» қамқорлығын ұйымдастыру 
қажет. 
Үлгерімі төмен мектептерге «мықты мектептердің» қамқорлығының 
негізгі міндеттері: 1) нәтижелілігі төмен ауыл мектептерінің жұмысын жетілдіру 
және оларды сүйемелдеу; 2) ауыл мектептері педагогтерінің білім алушылардың 
оқу уәждемесін және кәсіби құзыреттілігін арттыру; 3) қала және ауыл 
педагогтері мен білім алушылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту; 4) қала 
және ауыл мектептерінің тиімді өзара іс-қимыл жүйесін құру болып табылады. 


326 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет