Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет28/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

 
Мектепалды 
даярлық 
сыныптарында 
оқу 
процесін 
ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту 
моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру 
жүйесінің негізі басым бағыттары айқындалған. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің
2021-2022 оқу жылындағы негізгі міндеттері мынадай 
бағыттарды қамтиды:
- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, 
жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта 
құруды; 
- балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) 
тәрбиелеу, оқыту және дамытуды; 
- баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану; 
- ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң 
көзқарасын қалыптастыруды; 
- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе 
қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы 
когнитивтік дамуы). 
Дамыту, тәрбиелеу және 
оқыту процестері 
тәсілдерін өзгерту 
Модельдің  22-35 т. 


40 
Әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке 
дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің 
маңыздылығын атап өтеміз. 
Педагогтердің назарын тәрбиелеу-білім беру қызметін ұйымдастырудың 
негізгі қағидаларына аударамыз:
1) ойын арқылы оқыту; 
2) білім беру салаларын кіріктіру арқылы дамыту.
Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін өте 
маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, 
сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді. 
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру барысында Мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатына сәйкес 
келесі күтілетін нәтижелерге жету ұсынылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет