Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет25/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

«Ұшқыр 
ой 
алаңы» 
оқушылардың 
дебаттық 
қозғалысы» 
жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру білім алушылардың 
командада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға, қарама-қарсы пікірге 
құрметпен қарауға, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйретуге 
мүмкіндік береді. Пікірсайыс қозғалысының мақсаты-қоғамда орын алған 
проблемаларды жария талқылау және талдау арқылы білім алушылардың 
әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру. 
Пікірсайыс қозғалысының міндеттері: білім алушылардың құқықтық 
мәдениетін, азаматтық белсенділігін, жауапкершілігін, шығармашылық және 
сыни ойлау, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілетін 
қалыптастыру; мәдени-танымдық және ағартушылық қызметтің инновациялық 
модельдері мен технологияларын пайдалана отырып, еліміздің әрбір өңірінде 
әрбір білім беру ұйымында, клубтарда пікірсайыс орталықтарын құру. 
Пікірсайыс қозғалысына қатысушылар ашықтық, жүйелілік, еріктілік, 
ізгілендіру, қолжетімділік, адалдық және әріптестерді құрметтеу қағидаттарын 
басшылыққа алады. 
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» 
жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша 
білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК сайтында орналасқан. 
https://www.ziyatker.org/debatnoedvizheny). 


35 
Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі өзекті болып қалуда. Әлеуметтік 
сауалнаманың (Қазақстан Республикасы балаларының 2019 жылғы жағдайы 
туралы баяндама) деректері бойынша балалардың 70%-дан астамы интернетті 
пайдаланады, ұялы телефондары мен компьютерлері бар, сол арқылы кибер-
буллинг, электрондық кеңістіктегі алаяқтыққа осалдық танытады. Сауалнамаға 
қатысқандардың жалпы санының 6%-ы әлеуметтік желілерде виртуалды зорлық 
– зомбылық, 8,5%-ы дінді насихаттау, 5%-ы суицидті насихаттау жағдайларына 
тап болды. Алайда сауалнамаға қатысқан балалардың 86%-ы әлеуметтік 
желілерде танысуға оң көзқараспен қарайды. Ата-аналардың өз балаларының 
интернет-тәуелділігі қаупін бақыламайтыны және бейхабарлығы жағдайды 
ушықтырады. Орташа алғанда, ата-аналардың шамамен 36%-ы сауалнама 
аясында интернет-кеңістікте балаларды қудалау мен бопсалаудың әртүрлі 
түрлері бар екенін естіді. 
Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім алушыларға 
интернет-кеңістіктегі мінез-құлық мәдениеті: қарым-қатынас мәдениетіне, өз 
ойын білдіруге, әңгімелесушінің пікірін құрметтеуге, этикалық нормаларды 
сақтауға дағдыландыру маңызды. Отбасы мен мектептің ынтымақтастықтағы 
қызметі «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін 
ақпараттан қорғау туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-VI Заңы 
аясында зорлық-зомбылықты, суицидті насихаттайтын интернет желісіндегі 
белгілі бір сайттарға балалардың қол жеткізуін бақылауды қамтамасыз етуге 
бағытталуы тиіс. 
Жалпы білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстарының жоспарына 
кибермәдениет және кибергигиена, оның ішінде білім алушылардың кибер 
қауіпсіздігі мен ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды қосу қажет. 
Мектеп қабырғасынан бастап, халықаралық тәжірибені ескере отырып, 
балаларды киберқауіпсіздікке оқыту керек, онда олар хакерлердің желілік 
шабуылдарынан қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дағдыларды 
үйренеді. Киберқауіпсіздік, кибергигиена, кибермәдениет мәселелері бойынша 
мектепте оқыту семинарларын ұйымдастыру үшін материалдарды келесі 
сайттардан табуға болады: 
1.https://cybersecuritymonth.eu/press-campaign-toolbox/ecsm-
material/cybersecurity-spaces-workshops-on-cybersecurity-for-high-school-students 
(бұл сайтта «Ресурстар» бөлімінде пайдалы болатын құжаттар бар); 
2.https://www.mcafee.com/blogs/consumer/importance-cybersecurity-lessons-
schools/; 
3.https://eu-acerforeducation.acer.com/education-trends/cybersecurity-how-to-
teach-students-to-use-internet-responsibly/; 
4.https://www.youtube.com/watch?v=ULGILG-ZhO0 
(ағылшын тіліндегі 
бейнелер барлық негізгі қағидаларды түсіндіреді); 
5.https://www.edb.gov.hk/en/edu-system/primary-secondary/applicable-to-
primary-secondary/it-in-edu/information-security.html 
(Гонг Конгта мектеп 
оқушыларына арналған Киберқауіпсіздік бойынша PDF файлдары бар). 


36 
8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен 
спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына 
жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастырады. 
Орта білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлері (футбол, 
волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, 
тоғызқұмалақ, қазақ күресі) бойынша мектептік спорт лигалар желісі мен 
спорт секцияларын кеңейту маңызды. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері 
бойынша ұлттық спорт лигаларын, қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша 
оқушылар спартакиадасын дамыту қажет. 
«Дене шынықтыру» пәнінің әрбір мұғалімі қосымша ақы есебінен үш 
спорттық секция жүргізеді. 
Дене тәрбиесі міндеттерінің бірі – білім алушыларды республикалық 
көпдеңгейлі балалар-жасөспірімдер турнирлері мен жарыстарына, халықаралық 
жарыстарға (қысқы және жазғы Дүниежүзілік Гимназиада) қатысуға 
белсенділіктері мен мүмкіндіктерін арттыру. 
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлықтың, 
маскүнемдіктің, темекі шегудің, АИТ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты 
өмір салтының негіздері бойынша семинар-тренингтер өткізу тәрбие 
жұмысының ажырамас бөлігі. 
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізу үшін бұқаралық спорт түрлері 
(футбол, волейбол, баскетбол және т. б.) бойынша мектеп спорт лигасын 
ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар 
әдістемелік базасы
(https://www.nao.kz). 
Тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жоспарлаудың өзекті нысанын - 
ортақ мақсатпен, оларды орындау уақытымен біріктірілген өзара байланысты 
жобаларды қамтитын мегажобаны пайдалану ұсынылады.
Жобалар шеңберіндегі іс-шаралардың сәтті шарттарының бірі – сынып 
жетекшісінің барлық жүзеге асырылатын шаралардың маңыздылығын түсінуі, 
тәрбие беру процесі шеңберіндегі іс-әрекеттің өзін-өзі талдай алуы.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау кезінде үш деңгейді ескеру 
қажет.
Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білім алуы мен күнделікті өмірде 
әлеуметтік шынайылықты түсінуі.
Екінші деңгей – оқушының өмірлік тәжірибе мен қоғамның негізгі 
құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет) 
оң көзқарасы, жалпы әлеуметтік шынайылықты құндылық ретінде қабылдауы. 
Үшінші деңгей – оқушының әлеуметтік іс-әрекет тәжірибесіне өз бетінше 
ие болуы. Критерийлер: «Тәрбиелік іс-шара: қойылған мақсаттарға қол жеткізу 
деңгейін өлшеу критерийлері (бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық 
бірегейлікті сақтау; білімге табыну; Қазақстанның революциялық емес, 
эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы) әдістемелік ұсынымдарда 
сипатталған (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. –
120 б.). 


37 
Білім беру ұйымдарында:
1) білім алушылар педагогке аты-жөнін (есімі, әкесінің аты) немесе 
«Мұғалім» деп айтады; 
2) педагог білім алушылардың есімін айтуы тиіс; 
3) сабақтың басталуы мен аяқталуы туралы хабардар болу үшін 
мектептерге дәстүрлі қоңырау үнін таңдау немесе Ы. Алтынсарин атындағы 
Ұлттық білім академиясы ұсынымдарына сәйкес, музыкалық әуендерді 
пайдалану ұсынылады: сабақтың басталуына – «төкпе күй», сабақтың 
аяқталуына – «шертпе күй». 
4) мектептер мен кабинеттерді безендіру кезінде сәйкес келмейтін 
атрибуттарды шамадан тыс қолданбау ұсынылады.
Мектеп пен ата-аналардың өзара қарым-қатынасында балалардың 
мүддесі үшін өзара ынтымақтастық орнатуы тиіс. Осы мақсатта «Ата-
аналардың қонақ бөлмесі», «Директорлық сенбі», «Педагогикалық консилимум» 
жобаларын жүзеге асыру ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет