Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласы білім басқармасы



бет9/10
Дата21.12.2023
өлшемі78.52 Kb.
#487445
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жалғас жоба (5)

Қорытынды

Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні арқылы тіл дамытудың хал-жайын зерттеу ісі мектеп оқушыларының тілдік қорының жұтандығын, өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алмайтындығын көрсетті. Оның басты себептері мыналар деп тұжырымдалады:


- мектепте тіл дамыту мен тіл мәдениетін жетілдірудің тұтас жүйесі, көлемі белгіленіп, ұйымдастыру нұсқаларының анықталмағандығы;
- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің тіл дамыту жұмысында ұйымдастыру мақсатында пайдаланатын зерттеулер, тәжірибелер жинақталып әдістемелік жүйенің болмағандығы;
- тіл дамыту мақсатында қолданылып келе жатқан бағдарламасы нақты талап қойғанымен, оқулықтар мен дидактикалық оқу құралдарындағы, материалдардың жеткіліксіздігі, тілін дамыту мақсаты бойынша жетілдіру, толықтырудың қажеттігі.
Лексикалық қорды дамыта оқыту әдеби тіл нормасына орай жүргізіледі. Әдеби тіл нормасы білім 5-9-сыныптарда жүргізіледі. Ал 10-сыныпта тіл мәдениеті мақсаты бойынша қорытынды білім беріліп, тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Сондықтан біз зерттеуімізде бағдарлама талаптарына байланысты тіл мәдениетін дамыта оқытудың жүйесін бұрынғы игерген білім, білік дағдыларының негізінде құрдық. Бұл жүйе бойынша лексикалық құралдарды мына төмендегі мәселелер негізінде қарастырдық:
1. Лексикалық норма бойынша сөзді қолдана білу мәдениеті икемділіктері мен дағдыларын дамыту;
2. Грамматикалық норма бойынша сөз тіркесі сөйлем құрастырудағы лексикалық құралдардың қолданылуы;
3. Ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы сөздер дің қолданылуы.
Лексика бөлімінің білімдік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикасымен, морфологиясы, синтаксисі және стилистикасымен қатынасын түсінуіне, сөйтіп бүкіл тілдің жүйесін тұтас ұғынуына мүмкіндік береді, ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматика туралы білім барысында кеңейіп, тәжірибелік маңызы ашыла түседі.
Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыта оқыту мақсатындағы лексикалық білім беру мына бағытта ұйымдастыралады:
1. Сөзді мағынасына қарай дұрыс қолдана білу. Мұндағы мақсат – оқытылатын тақырып, мәселеге байланысты сөздерді, терминдерді игеру және оны өз тәжірибесінде пайдалана білу.
2. Игерген сөздерді, өз ойын жеткізуде, сауатты жазуда қолдана білу.
Ана тілі қарым-қатынасты жүзеге асырудағы тілдік құралдарды қолдана білудің жүйесі. Тілдік әрекет ойлау әрекетімен байланысты. Сондықтан әрекетті іске асыратын қабілеттілікті икемділік деп, амалды автоматты түрде жүзеге асыру қабілеттілігін дағды деп түсінеміз. Демек, жазбаша сөйлеу дағдысы дегеніміз – сөйлеу амалы, ал икемділік қарым-қатынастың әр түрлі ахуал мен жағдайындағы білім мен дағдыны қолдана білу қабілеттілігі. Сондықтан қатысымдық біліктілік деген мәнді білдіреді десек, екіншіден, қарым-қатынастың ахуалына орай сөйлеу әрекетін шешу болып табылады.
Бала тілінің дамуы өзі қарым-қатынас жасайтын ортасының ұйымдастырылуына байланысты, сондықтан баланы ең алдымен сөйлей білуге, қарым-қатынас жасауға жаттықтырылады.
Тіл мәні мен мазмұны баланың қарым-қатынас жасау үшін ана тілінің жүйесі мен заңдылықтарын игеруіне, сол игерілген білім мен дағдыларын өзін қоршаған өмірдегі ұғымдар, пайымдау негізінде ойлау икемділіктерін арттырып, күнделікті қарым-қатынас пен өз тәжірибесінде түрлі орындар мен ахуалдарға орай пайдалана білу шеберліктерін қарастыру болып табылады.
Ойлау мен сөйлеудің қатынасы жөніндегі мәселе психологиялық зерттеулерде орын алады. Оқушылардың ақыл-ой жағынан дамуы олардың тілінің дамуына да игілікті ықпал жасайды.
Қоршаған ортаны жеке адам тіл арқылы қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде толық біле алады. Бұл оқытудың негізі болып, таным мен қарым-қатынас арасындағы әр түрлі байланыстар оқу үдерісі нәтижесінде жан-жақты кеңейтіледі. Ол тек әрекет барысында ғана емес, таным қызметіне әсер етеді. Демек, мұғалім жетекшілігімен танымдық іс-әрекет оқушылар әлемді нақты, жүйелі тану, ғылыми ақиқаттарды меңгеруге көшеді, білімі артады. Нәтижеде бала жазбаша сөйлеуге, қатысым жасауға материал жинақтайды.
Адам ой әрекетімен ашылған заңдылық, байланыс, тәуелдік қатынастар тілдің сөздік және грамматикалық тұлғаларында өмір сүреді. Ой танымының жоғарғы сапасы ретінде де, үрдіс ретінде де ойлау мен сөйлеудің осы бірлігінен туындайды. Демек, тіл дамыту – ой дамыту. Ойлау, сөйлеу әрекетін туғызады. Сөйлеу әрекетінің жүйелі, мазмұнды болуы ақыл-ой амалдарына: талдау, жинақтак, нақтылау, абстракциялау, жалпылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау дағдыларына байланысты. Демек, тіл дамыту әрекет дәрежесінде жүргізіліп, қарым-қатынастың табиғи түрінде, пікір айту оқытудың түрткілері арқылы жүргізілсе нәтижелі болады.
Логикалық ойлау амалдары баланың ойлау-сөйлеу әрекетінің икемділіктері мен дағдыларын арттыруға негіз болады.
Қатысымдық іс-әрекет негізінде оқытудың мазмұны жалпы оқытудағы қарым-қатынас үрдісінің моделі ретінде қарастырылады. Тілді меңгеру дегеніміз жеке адамның әр түрлі орта мен ахуалда қарым-қатынас мақсатымен жасалатын сөйлеу әрекеті. Жазбаша сөйлеудің өзіндік тілдік біліктілігі, икемділік пен дағдылары болады. Сөйлеуде дамыту мәселесі ретінде сөйлеу біліктілігінің мазмұнына мына төмендегі мәселелер енгізіледі:
- қатысымдық әрекет мақсатына сай сөздік қорының болуы. Сөйлеу әрекеті лайық сөздік қоры мен өз ойын жеткізуде қолдана білу икемділігі мен дағдысының қалыптасуы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет