Мектепке даярлау тобы. Бұл топтағы балаларды мүсіндеуге үйретуге тәрбиеші олардың өз жұмыстарын жоспарлауға, заттың формасы мен динамикасын бейнелеуді алдын ала ойластыруға көп көңіл бөледі. Бұл балалардың дербестігімен твочестволық белсенділігін дамыту үшін қажет. Ересектер тобындағы тәрізі мұнда да мүсіндеудің мазмұнын, бейнелеудің кейбір тәсілдерін, тіпті материялдың өзінде сабаққа дейін алдын ала ойластыру қарастырады. Мысалы, балалрға өз қалауы бойынша хайуанаттар паркіндегі кез келген хайуанатты мүсіндеуді ұсынады. Тәрбиеші балаларға бейнеленетін заттынын, мазмұнын, пропроцияларының формасын, орналасуын, сондай-ақ қаңқалардың ұзындығын, қанша саз балшық қажеттігін таңдау және орналастыру жөнінде тапсырма береді. Балалар міне осылардан соң барып мүсіндеуге кірседі.
Балалардың көзбен қабылдауын қалыптастыру үшін, тәрбиеші оларға адамдарды, жануарларды бейнелейтін ойыншықтарды, ертегілер мен әңгімелердегі жекелеген заттармен эпизодтарды таныстыратын суреттік кітапшаларды көрсетеді.
әр алуан заттарды жан жақты қарастырып бақылау кезінде тәрбиеші балаларға заттардың формасына, пропорцияларына, бөліктерінің орналасуына және образдардың сипатын күшейте түсетін қосымша заттарға, фактураға, әрекетке, кейбір детальдарға мұхия назар аударуды ұснады. Балалардың заттардың ерекше белгісін көре білуге, оларды таңдап алуға үйренгені өте маңызды, ол үшін оларды мүмкіндігінше есте жеңіл сақталатын мәнерлі образдармен піл, бегемот тәрізді және иттердің кейбір тұқымдармен (боксер, овчарка, такса ) таныстыру қажет. Балалар сонымен қатар, Мыстан кемпір, Ақшаққар, Патша-құрбаққа, Күн астындағы Күнекей қыз тәрізді ертегі кейпкерлерін де қызыға қарастыратын болады.
Даралаушы белгілері балалардың есінде тез сақталады, сондықтанда оларды бейнелеу көбіне жеңіл келеді. Мысалы, бала жирафтың ұзын мойының мүсіндей отырып, образды бірден мәнерлі әрі ұсақ етіп шығарады. Бірақ, жұмыс мұнымен айақтала қоймайды. Ең керегі жирафтың сирақтарына тән өзгеше пропроцияны бейнелеу керек, сонан соң тәрбиеші бірнеше ерекше белгілерін бөліп алады. Мәселен, жирафты мүсіндеу алдында тәрбиеші жирафтың пропроцияларына, формасының бөліктерін, басындағы құлақ мүйізді тәрізді детальдарға балалардың назарын алады.
Мектеп жасына дейінгі балалар сонымен қатар, затты белгілі бір қалыпта немесе қозғалыста бейнелеуді бір мезгілде меңгергені маңызды. Қозғалысты мүсіндеуде беру сурет салуға қарағанда жеңілдеу, өйткені олар заттардың бөліктерімен нақты әрекет ететін болса, ал оларға суреттегідей бейнелеудің шарты әдістеріне бой ұрудың керегі жоқ. Сәбилердің адамның қол аяғының жүгірі, секіру, жүру кезіндегі бүгілуін, сондай-ақ қорғанғандағы қаздын мойынын ұзауын, иттің жүгіргендегі қалпын және тағы басқа жақсы елестете алуы өте маңызды.
Қозғалыста айқын бейнелеу үшін айнала қоршаған ортаны тану процесінде біртіндеп жиналатын көзбен көру образдардың қоры мол болуы керек. Тәрбиеші шаңғышылардың, конькейшілердің мұзда қалай жүгіретіндеріне балалардың назарын аударады. Балаладың ертегі кейіпкерлерінің әрекеттері түсіну, үшін бір кейіпкерлердің әр түрлі қалыпта бейнеленген иллюстрацияларын көрсетуге болады. Тәрбиеші балаларға өздері бейнелемек болған кейіпте болып көруді ұсынады.
Мысалы, балалардың бірі жарыстағы жүгірген шаңғысының кейпінде тұрады. Тәрбиеші сабақтың бас кезінде ақ балаларды жұмыстың барсында дербес шешім табуға әкелу үшін жетекші сұрақтар қоятын болады. Мұнан соң тәрбиеші, жұмыста әр баланың даралығын сақтауға тырыса отырып, ол балаларға мүсіндеудің кейбір құралдарын пайдалануды көрсетеді. Мұндай құралдар образдың аса мәнерлі дәл шығуына септігін тигізеді.
Жекелеген тәсілдерді, мысалы, фактураны стекамен бейнелеуді балалардың барлығына бірдей көрсетуге болады, дегенмен негізінен әр балаға жеке-жеке көрсетіп, түсіндіруге тура келеді.
Мұнда мүсіндеудің әдістердің жаппай көрсетуге шек қойылады, өйткені, педагог барлық назарды балалардың творчесволық қабілеттерінің сақталуына бағыттайды. Тәрбиеші баланың өз жұмысын қалай жоспарлағанын, неден бастағанын қадағалайды. Тәрбиеші өзінің кейбір сұрақтары арқылы балаларды заттың өзіне тән формаларымен қозғалысын, динамикасын дұрыс бейнелеуге бағыттайды. Мысалы, «әтеш қай уақытта шақырады, және осы кезде оның басы мен мойыны қандай кейіпте болады? әтештің бас жағындағы және денесіне тақау тұстағы мойының жуандығы қандай?»-деген сұрақ қойған тәрбиеші бала назарын аударуға тиіс түстарды да меңзейді.
Егер балалар ойша мүсіндемей модельге қарап мүсіндеуде тәрбиеші қиналғандарға затты тағыда қарап анықтай түсуін ұсыну керек. Модельге қарап мүсіндеу балаларға тек заттың формасын, пропорцияларын терең талдау мақсатында аса сақтықпен ұсынылады.
Педагог балалардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту үшін белгілі бір тапсырманы және соған керекті нұсқауларды береді де өзі біраз уақыт сыртай бақылап отырады. Мұның өзі балаларға бейнелеуді өздігінен бастауға мүмкіндік береді. Балалар осылайша өздерінше жұмыс істей бастағанда тәрбиеші оларға келіп, қажетті нұсқаулар береді.
Егер ұжымдық мүсіндеу көзделсе, онда тәрбиеші балаларды топ-топқа бөледі де, әр қайсысына жеке-жеке тапсырма береді. Сабақ соңында олар мүсінделген фигуральы модельмен салыстырып, барлығы бірлесіп талқылайды.
Негізінен балалар бұйымдарға өздері баға береді. Егер істелген жұмыстар майда болып келсе, онда оларды фамилия бойынша арнаулы тақтайшаға қояды, ал істелген жұмыстар ірі бойынша сюжеттік мүсіндеу, онда балаларға әр түрлі таңбалар берледі де, олар мұны өз жұмыстарына қарастырады. Балаларды алдын ала ойлауға уйретуде оларға қарандашпен эскиз жасауды ұсынуға да болады. Бұл сәбилерді моншақтармен сәндік пластинкалар мүсіндеу кезінде өте қолайлы келеді.
Балаларға болшақ сәндік пластиканы қағазға салу кезінде оның өлшемін, мазмұнын,(ою-өрнек, сюжет) формасын шешу ұсынылады. Ал мүсіндеу сабағында балалар мұны өз эскиздерді бойынша мүсіндеу тиіс. Балаларды эскизбен жұмыс істеуге, сонан соң сол бойынша пластиканы жасауға үйрету үшін, педагог осы жұмыстарды басынан аяғына дейін өзі істеп көрсетуі тиіс, ал балалар бақылап отырады. Бұдан соң ғана балаларға ою-өрнекті пластиканы эскизен салу және оны сабақта мүсіндеуге тапсырма береді.
Рельефті бейнелі сәндік пластинкаларды дайындауды, солар туралы қысқаша әңгімелесумен немесе дайын бұйымдардың көрмесін ұйымдастырып таныстырудан бастауға болады.. Тәрбиеші пластинкаларды талдай отырып мұндай бұйымдардың сәндік ой-өрнекті және сюжетті келетін бір ғана заттың бейнеленумен болатынын түсіндіреді. Балалар осындай әңгімеден соң сәндік пластинкаларды қалай жасалатын, боялуын жарқырап мықты болуы үшін муфельді пеште күйдірлетін біледі.
Тәрбиеші осындай сәндік пластинкаларды блалардың да өздері жасай алатын, сөйтіп бөлмелерін безендіруге болатынын түсіндіреді. Ал бұл үшін олардың пластинканы жеке-жеке ойластыруын және сурет сабағы кезінде эскиздерін дайындауды ұсынады.
Балалар пластинканы мүсіндейтін саз балшықтың өте жұмсақ болотынын, ал оны бояйтын бояудың ангоб деп аталатынын, ол саз балшық пен судан жасалатынын( саз балшықты қаймақтың сұйығындай етіп суда ерітеді) тәрбиешіден білуі керек. Бұл бояуды балалар қылқаламның көмкгімен бұйымға қалыңдатып жағады. Егер бұйым ақ немесе күлгін саз балшықтан жасалса, онда ангоб бояуы қызыл болуға тиіс емес керісінше.
Тәрбиеші балаларға саз балшық пен ангобты бояуды сабақтан бір күн бұрын дайындап қоюды ұсынады.
Балалар тәрбиешімен бірге ылғалданған сазбалшықтың қолмен иін қандырып, қоспалардан тазартып, өте созылмалы етіп полиэтилен қапшығына немесе бакта дайын күйінде сақтайды. Суды саз балшықпен шыны банкаға оны таяқшамен араластырып ангобты бояуды дайындауға кіріседі. Дайындалған ангобты бояуды шыны ыдысқа құяды да, аузын мықтап жауып қояды.
Мұны бәрі дайындалып болған соң, яғни бір күннен кейін балалар сәндік пластинканы мүсіндеуге кіріседі. Бұл жұмыс екі сабаққа созылады. Балалар алғашқысында пластинканы дайындаса, ал екіншісінде рельфі мен бояу жұмыстарын орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |