Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет2/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

1.Қуыршақтың шығу тарихы.
Жоспар:
1.Әртүрлі материалдардан дайындалған ойыншық үлгілері.
Қуыршақтың жасалу жолдары
Қуыршақ - ойыншықтың ең көп тараған түрі,1-2 жасар қыз бала,әдетте, көзін ашып-жұматын, "сөйлейтін" қуыршаққа қызығады.
Онымен бірге қуыршақ баланың өзіне шақ болғаны абзал. Мұндай қуыршақтардың киімі шешілмейтін болуы да мүмкін. 1-4 жастағы сәбилерге шомылдыруға, құндақтауға, көрпемен орауға болатын "жалаңаш бөпені" (киімі жоқ қуыршақ) әперген жақсы. 3-5 жастағы балалар үшін киімі шешілетін үлкен қуыршақ (35-50 см.) шығарылады. Мұндай қуыршақтардың арнаулы мебелі,ыдыстары,арбасы болады. Қуыршақтар әр түрлі болуы тиіс, өйткені балалар олардың "мінез-құлқын", "көңілді-көңілсіздігін" айырып, ойынның барысында әрқайсысына өзінше міндеттер жүктейді. 5-7 жастағы балаларға қуыршақтың көлемі үлкені әрі кішісі (6-7 см.) де керек. Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға тұрқы 20-35 см.қуыршақтар ыңғайлы. Бұл қуыршақтардың "сөйлеу білуі" міндетті емес, өйткені олар үшін балалардың өздері сөйлейді. Мектеп жасындағы кішкене қыз балалар бұдан да гөрі ірірек "шын тәрбиелеуге келетін" үлкен қуыршақтарға (45-65 см.) қызығады.
Жұмсақ заттан жасалған аю,мысық,күшік сияқты ойыншықтар бір жастан асқан баларға дұрыс. Олармен де қуыршақ сияқты ойнайды. 1-3 жасар балаларға ертегілерден естіп, суреттерін көріп, таныс боп немесе өмірде кездестіріп жүрген жануарлардың резеңкеден не пластмассадан жасалған ойыншықтарын берген қолайлы, бұл әрі гигиеналық жағынан да дұрыс деп есептелінеді. Бұлармен балалар серуенге шыққан кезінде де ойнай береді. 5-7 жасар балаларға "аң мен мал" атаулының үйір-үйір болғаны ("зоопарк" т.б) қызғылықты. Баланың жас үлкейген сайын ойыншықтың нақты бейнеге ұқсас болуын талап етуі күшейе түседі. Үш жасынан бастап балалар қуыршақпен ойнаған кезде ойыншық арбаны,мебельді, ас үй және шай ыдыстарын т.б. қолданады.
Мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп жасындағы кішкене балалар жұмыс істеп тұрған ойыншықтарды: двигательі бар кір жуатын машина мен шаң сорғышты, ішінде шам жанып тұратын тоңазтқышты, жарық беретін электр лампасын т.б. ұнатады. Бұл жастағы балалар тұрғын үйді бейнелейтін күрке немесе жаппа тігіп,оқушы мен мұғалім болып тақта,парта қойып ойнауға бейім келеді.
Қуыршақты қозғалысқа келтіру
Қуыршағыңа «жан бітіру» үшін саусағыңа киіп, қозғалысқа келтіре алатындай етіп жасауың керек. Ол үшін қуыршақтың теріс бетіне алақаның мен ойыншығыңды жымдастырып ұстап тұра алатындай тартпалық резеңке бекітесің. Сондықтан, мұндай ойыншықтарға қолөткі немесе арнайы аяқ киім жасауы қажет. Қолөткі бітеу етік қонышының ішкі бетіне көлемі шағын (2,5x5 см) матадан тігіледі. Егер қолөткі жасағың келмесе аяқ киімді міндетті түрде қуыс етіп даярлайсың.
Шалбары матадан болуы шарт. Аяқ киім мен қолөткіні ортаңғы саусағың мен сұқ саусағыңа киілетіндей етіп жасайсың да, саусақтарыңды оған тартпалық резеңкеден өткізіп барып кигізесің. «Билетсең» де, «сөйлетсең» де қуыршағың сонда ырқыңа көнеді.
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.
Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.
11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Шіркеу мен бай-манаптарды келеке еткен халық қуыршақ театры діни театрмен қатар туды. Оларды, көбіне қудалап отырды. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған.
19-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақ әңгімелерге құрылды.
Ресейде қуыршақ театрының пайда болуы скоморохтар ойынымен тікелей байланысты. Қуыршақ театры Кеңес Одағында да кең қанат жайды.1930 ж. 25 мемлекеттік қуыршақ театры жұмыс істеді.
1931 ж. Мәскеуде бүкіл Кеңес Одағындағы қуыршақ театрының дамуына зор ықпал жасаған Мемлекеттік Орталық қуыршақ театры ашылды.
Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай “Ортеке” ойын көрсеткен.
1935ж.Алматы қаласында қазақтың қуыршақ театры ұйымдастырылды.
1938 ж. театрға республикалық қуыршақ театры дәрежесі берілді. Елімізде қуыршақ театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981), Шымкентте (1983) және Қостанай мен Петропавлда (1992) ашылды. Театр Ташкент (1969) пен Бішкек (1975) қалаларында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының қуыршақ театрлары фестивалінің, Ташкенттегі Халықаралық фестивальдің (1979) лауреаты атанды.
1981 ж. гастрольдік сапармен Въетнамда, Кампучияда болды.
2002 ж. Алматыда Қазақстан қуыршақ театрларының 1-фестивалі өтті. Қуыршақ театры, негізінен, балалар аудиториясына арнап спектакльдер қоюмен шұғылданады. Кейбір ұжымдардың қойылымдарында үлкендерге де арналған пьесалар бар.
Қазақстандағы қуыршақ театрлары «Буратино» (Қарағанды, Лобода к., 10), Балалар сарайының куыршақ театры 1959 ж. құрылған,қазір халық театры атағы берілді.


«Байыргы сак,, түн, үйсін өнері» деп атайды.
Төмендегі суреттерден қоладан құйылған кошқардың, саз балшықтан жасалған аттың,адамның, кірпінің бейнесін көріп отырсыңдар. Бұлардың барлығы қазба жүмыстары кезінде ежелгі қалалардың жүртынан, көнеден қалған обалардан табылған.
Ойыншықпен ойнамайтын бала болушыма еді. Онда ойыншықтың біздің төл топырағымызда ғана емес дүние жүзіндегі елдердің бәрінде де болуы заңды ғой. Мысалы, Ежелгі Мысыр жерінен (Египеттен) ағаштан жасалған куыршактар мен терінің пұшпағынан тігілген оныншықтар табылған. Ғалымдар ойыншыктың бул улгілері біздің заманымыздан бурынғы 3-мыңжылдықта жа-салған деп ұйғарды. Ал Италия мен Грекия өлкесінен — антик дәуірде шетінеген жас сэби зираттарынан мурдемен коса көмілген сылдырмак пен куыршактар шыққан. Ежелгі грек ғалымы Плутарх: «...кілтін бұраса қозғалыска тусетін «жанды» куыршақтар осы кезеңде жасала бастады».— деп мәлімдейді. Жоғарыдағы деректерге Қытай, Жапония, Ежелгі Русь сылдырмактары мен Ұратөбе-ден (Тәжікстандағы байырғы каланың жұрты) шыккан кыш куыршактарды коссақ, ойыншықтың тым ертеде болғандығына күмәнің қалмас.


Сонда бізден сандаған ғасырлар бурын өмірден өткен ежелгі дәуірлердегі өздерің тэрізді балаканлар кудды сендер секілді қу-ыршаққа кумарткан екен-ау,


Әрине. ежелгі дәуірлердегі адамдардың қазіргі біздерлен гөрі таным-түсінігі мүлде өзтеше болған. Түпкі шығу тегіміз төркіндес» деп, «бірімізге біріміздің өміріміз тікелей қатысты» деп. кейбір кустар мен аңдарды қасиетті санап. кие туткан. Жан-жануарларға зэбір, запа көрсетпеуге тырыскан. Оны сен-дер тулпар аттын. көк бөрінің, сырттан иттің адаммен ынтымағын баяндайтын аңыз-ертегілерден жаксы білесіңдер. Қазақта:
«Ойсыл кара оцдай гөр,
Қамбар ата цо.ідай гөр,
Зеңгі баба жарылқай гөр,
Шопан ата байыта гөр»,— деген тілек бар.
М ұнда аталатын Ойсыл қара — түйе, Қамбар ата — жылқы, Зеңгі баба — сиыр, Шопан ата — кой немесе «Жылқы желден, түйе сордан, сиыр судан, қой ауадан жаралған» деген сөз тағы да бар. Ал, осы төрт түлік те (түйе. жылқы, сиыр, қой) ауа, су, жер, жел, жұлдыз, аспан, ай, күн тәрізді ертеде тәңір немесе жаратушы деп танылғандығын білсек, ата-бабамыздың жан-жануар мен табиғатқа қаншалықты мән-мағына бергендігін түсіну оңай. Яки, киелі саналған аққуды, не болмаса, басқа да аңдардың мүсіндік бейнесін қуыршақ ретінде ғана емес, салт жоралғысы, ырыс-құттың ишара белгісі тұрғысында да жасаған. Ырым етіп шаңыраққа, төрге ілетін болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет