Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына сипаттама



бет102/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына сипаттама. Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады: 1) дене шынықтыру сабақтары: 2) дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, сергіту жаттығулары, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедуралары); 3) балалардың дене тәрбиесі жөніндегі күнделікті жұмысы (қимыл-қозғалыс ойындары, серуендеу, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысуы, мейрамдар).
Бұл формалардың бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн тәртібіндегі міндеттердің орнын анықтайды. Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардың жасын жә­не жеке басының типологиялық ерекшелігін, олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың, бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады.
Ерте жастағы топтың балаларымен жұмыс істеудің негізгі формасы дене жаттықтыруларымен жеке айналысу болып табылады (қимыл-қозғалыс ойындары, гимнастика, массаж). Ертеңгілік гимнастика және дене шынықтыру сабақтары ерте жас тобынан бастап барлық топтарда жүргізіледі, бірақ әрбір топта олар қозғағыш матери­ал мен сабақ өткізу әдістемесін іріктеу жөнінен өзіндік ерекшелікке ие болады.
Мектепке дейінгі балаларда сергіту минуттары жақсы тынығу және балалардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабаққа, екі сабақтың аралығына енгізіледі. Шынықтыратын процедуралар барлық топтарда пайдаланылады. Алайда, бөлме ішіндегі, даладағы қимыл-қозғалыс кезіндегі бірте-бірте температурасы төмендейтін таза ауа ваннасы көбінесе, ересектер тобында қолданылады.
Дене шынықтыру сабақтары. Сабақтың жалпы сипаттамасы. Дене шынықтыру сабақтары - балаларға дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арна­улы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалысқа үйрету, дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады. Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады, олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруін, дене тәрбиесі мен спортқа эмоционалды-жағымды қатынасын қалыптастыруды, оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз етеді.
Сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру тиімді гигиеналық жағдайда организмдегі бүкіл физиологиялық процестердің артуына, оның өмір іс-әрекетін күшейтуге көмектесетін сабақтарда балалардың жан-жақты қимыл әрекеттері жолымен қамтамасыз етіледі.
Тәрбие-білім беру міндеті оқу іс-әрекеті (сабақ) процесінде баланың жеке басының моральдық ерік-жігер белгілерін қалыптастыру, дене шынықтыру мен спорт саласының кейбір қарапайым білімдерін хабарлау, дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын және дене қасиетін тәрбиелеу жолымен шешіледі, Мұның бәрі баланың танымын, ерік және эмоционалдық күшін, оның ақыл-ой қабілетін, адамгершілік қасиеті мен шығармашылық белсенділігін кешенді дамытуға бағытталған. Сабақ қоршаған ортаға жақсы бейімделгіш, алға қойылған тапсырмаға сай нысаналы, тез әрі сенімді түрде әрекет ете алатын тәртіпті адамдарды тәрбиелеуге көмектеседі. Сөйтіп, алға қойылған барлық міндеттерді сабақ процесін­де жүйелі түрде орындау балалардың рухани және дене күшін қалыптастырады, оларды мектепке, спортпен және одан әрі қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет