Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет103/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Сабақтың мазмұны мен құрылымы. Әрбір жастағы топтарға арналған бағдарламадан туындайтын және балалардың қимыл әрекеттерінен көрінетін дене жаттықтырулары сабақтың мазмұнын құрайды. Дене жаттықтырулары мазмұны жағынан әр алуан. Бұл орайда айқын әрі дәл міндетті, бағдарламаның жүргізілу жүйелілігін сақтау, сондай-ақ балалардың жасына байланыс­ты, жеке басының ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде қажет. Сабақтың құрылымы дене жаттықтыруларын жүйелі түрде орындауынан көрінеді. Ол қойылған міндеттермен, жүйке жүйелерінің, баланың бүкіл организмінің жасына байла­нысты дамуының әрбір жекелеген кезеңінде жұмыс істеу қабілетінің ерекшеліктерімен анықталады. Бала организмі жағдайының динамикасына, оның сабақ жөніндегі психикасына бақылау жасау - тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі, үйрету мен тәрбие берудің бүкіл процесінің тиімділігі осыған байланысты. Баланың мүмкіндіктерін анықтау физиология мен психо­логия мәліметтеріне негізделеді. Сабақ кезіндегі қозғалыс әрекеті процесінде жүрек соғуы жиілігінің көрсеткіштерін зерттеу сабақтың бас кезінде оның біртіндеп жоғарылағанын және барынша жоғары дәрежеге жеткенін, одан соң сабақтың аяғына қарай біртіндеп төмендегенін көрсетеді. Мұндай жүйелілік, бір жағынан, қан айналысы жүйесінің қызметімен, организмнің жұмыс істеу қабілеті жағдайымен, екіншіден - психикалық процестердің ағымымен - назар аударумен, жинақылықпен, сезімталдық тездігімен және осыған байланысты қимылдың барынша дәлдігінен анықталады. Сабақ барысында организмде және психикада болатын өзгерістер орталық жүйке жүйесінің бақылауымен жүзеге асады. Бұл орайда оның өзінің жұмыс істеу қабілеті күшейеді, ол жүйке орталықтары қоздырғыштарының артуынан, жүйке процестерінің ширақ қимылынан көрінеді. Сабақ барысындағы бүкіл организмнің барынша жұмыс істеуі кезінде жұмыс істеп тұрған организмдер мен жүйелердің әрекет үйлесімі жақсарады, жұмыс істеудің дұрыс ырғағын табу мүмкіндігі және осыған байланысты эмоционалдық жағдайдың артуы пайда болады. Осы кезеңде жұмыс істеу қабілетінің барынша жоғары дәрежесі белгілі болады, ол әрекеттің кейбір жақтары сипатының өзгеруімен ауытқиды (қимылдарды орындау, тәрбиешінің қимыл үлгісін бақылау оның нұсқауларын ұғыну т.б.). Дене шынықтыру сабақтары өзара байланысты үш бөлімнен кіріспе-дайындық (мотивциялық-қозғаушылық), негізгі (ұйымдастыру-іздестіру) және қорытынды (рефлексивті-түзетушілік) бөлімдерден тұрады.
Сабақтың әрбір бөлімі үшін барлық-білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерінің бірдей зор маңызы бар. Көрсетілген міндеттердің орындалуы балаларға жан-жақты ықпал етуді қамтамасыз етеді. Баланың ойының ширақ жұмыс істеуіне, сезіміне, игерген дағдыларына байланысты тапсырмаға реакциясы сабақтың кез келген бөлімнен және әрекеттің бүкіл сан алуандығынан көрінуге тиіс.
Кіріспе-дайындық бөлімі сабағының міндеттері мен мазмұны. Дене шынықтыру сабағының бірінші бөлімі сабақтың негізгі бөліміндегі жаттығудың алға қойған міндеттері мен мазмұнына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан ол бір жағдайда тек қана кіріспе, ал екінші жағдайда кіріспе дайындық бөлімі болуы мүмкін. Бұл бөлімнің міндеттері балалардың сабаққа қызығушылығы мен эмоциялық көңіл күйін туғызу, көңіл аудару дайындығы дәрежесін тексеру, кейбір қимыл-қозғалыс дағдыларын пысықтау, бала организмін са­бақтың негізгі бөліміндегі неғұрлым интенсивті жұмысқа бір­тіндеп дайындау болып табылады. Осы мақсатпен балаларға тұлғаны дұрыс қалыптастыруға, жалпақ табандылықты болдырмауға көмектесетін, кеңістікте және ұжымда бағдар ұстаумен байланысты, орындауға көп уақытты талап етпейтін өздеріне таныс ойындар немесе олардың нұсқалары ұсынылады. Кіріспе бөлімі балаларды үш-төрт тізбекті сапқа, шең­берге, бытыраңқы, т. с.с. тұрғызумен аяқталады. Мұның өзі сабақтың негізгі бөлімінің басында балаларды денені жалпы дамытатын жаттығуларды үйренуге өту қызметін атқарады. Бұл бөлімнің ұзақтығы кішкентайлар тобында 2 минуттан 4 минутқа дейін, естиярлар тобында 3 минуттан 5 минутқа дейін, ересектер тобында 4 минуттан 6 минутқа дейін созылады. Егер сабақтың бірінші бөлімі кіріспе-дайындық ретінде жоспарланса, онда бұл жаттығулардың бас кезінде де кіріспе бөліміне арналған жоғарыда көрсетілген жаттығу беріледі. Алайда, сабақтың осы бөлімінің өзінде оның артынша денені жалпы дамытатын жаттығулар келеді, олар үйретуді қажет етпейтін қайталау және вариациялы жаттығуларға ғана құрылады. Белгілі бір жағдайдағы олардың міндеті - сабақтың негізгі бөлімінде балалардың организмін неғұрлым жоғары дене күшіне түсетін ауыртпалыққа дайындау, мұнда жеткілікті дәрежеде дене күшіне түсетін орасан зор ауыртпалықты туғызатын күрделі үйлесімді негізгі қимыл жаттығулары немесе жедел сипаттағы спорттық жаттығулар жоспарланады. Мұндай жағдайда сабақтың негізгі бөлімі балаларды негізгі қимылға үйретуден басталады.
Кіріспе дайындық бөлімінің ұзақтығы кішкентайлар тобын­да 3 минуттан 4 минутқа дейін, естиярлар тобында 4 минуттан 6 минутқа дейін, ересектер тобында 5 минуттан 10 минутқа де­йін созылуы мүмкін.
Сабақтың негізгі бөлімінің міндеттері мен мазмұны. Сабақтың бұл бөлімінде, бір жағдайда балаларды денені жалпы дамытатын жаттығуларға үйрету жөніндегі, одан кейін негізгі қимылдар мен дене қасиетін тәрбиелеу міндеті көзделеді, екінші бір жағдайда-негізгі қимылдардағы жаттығулар­ға үйрету жөніндегі міндет белгіленеді, олар жаңа қимыл материалдарымен таныстыруды, бұрыннан белгілі жаттығуды, оның әр түрлі нұсқаларын пайдалану арқылы қайталауды, толық игеру сатысындағы қозғағыш дағдыларды жетілдіруді көздейді. Бұдан кейін барлық балаларды шапшаң қимылға қатыстыратын ережесі бар қимыл-қозғалыс ойыны өткізіледі. Балалардың психикалық тиімді жұмыс істеу қабілетінің ұзақ еместігі ескеріліп, неғұрлым қиын міндеттер негізгі бө­лімнің бас кезіне белгіленеді (мысалы, балаларды жаңа материалдармен таныстыру немесе жаттығуларды неғұрлым күрделі үйлесіммен орындау). Денені жалпы дамытатын жаттығуларды балалар майда заттармен - жалаушалармен, таяқтармен, құрсау дөңгелектермен, ленталармен, жіптермен орындайды. Оларды іріктеп алу бүкіл организмнің функционалдық жағдайын жақсартуға әсер ететін ірі бұлшық ет топтарын бірте-бірте интенсивті жұмысқа тарту міндетінен туындайды. Ең алдымен, тұлғаны дұрыс қалыптастыру процесін тәртіпке келтіру мақсатында иіннің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығу беріледі (мысалы, қолдарды жан-жаққа сермеу және кеудеге айқастыру және т.б). Екінші, құрсақ шандырының және аяқтың, сондай-ақ табанның да бұлшық еттерін дамыту, нығайтуға арналған жаттығулар (жүрелеп отыру, аяқты көтеру, тізе бүгу т.б.). Yшіншісі - арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштігін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар (оңға, солға қарай қисайып, тіктелу, еңкею және оңға, солға бұрылу - кеудемен айналу). Бұл жаттығуларды орындау және оларды қайталау кезінде бала организмін біртіндеп үлкен ауыртпалыққа дайындау көзделеді. Бұдан кейін негізгі қимылдарды үйретуге көшеді, олардың ішінде біреуі балалар үшін жаңа болуы мүмкін, ал басқалары толық үйрену және жетілдіру кезеңінде болады.
Мектепке даярлық тобында, Ю.Ю.Рауцкистің деректері бойынша, бір дене шынықтыру сабағында негізгі қимылдармен орындалатын екі жаттығудан төрт жаттығуға дейін жоспарлау тиімді болады. Олардың бірі тәрбиешінің ерекше назар аударуын талап ететін жетекші жаттығу ретінде қабылданады, қалғандары қайталау және жетілдіру мақсатында балаларға бұрыннан белгілі жаттығулардан іріктеп алынады (мысалы, лақтыру мен жер бауырлап жүрумен ұштасқан секіру немесе балаларды лақтыруға үйрету үшін жүрумен, жүгірумен ұштасқан лақтыру). Бұл қимылдарды ұштастыру кезінде олардың шапшаңдығы ескеріледі. Шапшаңдық дәрежесі жоғары жаттығуларды шапшаңдық дәрежесі төмен жаттығулармен ұштастыру немесе шапшаңдық дәрежесі орташа әртүрлі жаттығуларды ұштастыру неғұрлым тиімді болады. Бұл арқылы балалар әрекетінің сан алуандығы, ауыртпалық дәрежесін түрлендіру көзде­леді, мұның өзі баланың жұмыс істеу қабілетінің қажетті дә­режесін қамтамасыз етеді (Ю. Ю. Рауцкис). Барлық бұлшық еттер жүйесінің қатысуын талап ететін негізгі қимылдарды орындау елеулі дәрежеде организмнің функционалдық жағдайын жақсартады және оны тез, күшті, нысаналы қимылдармен сипатталатын қимыл орындарында неғұрлым жоғары өрлеуге жеткізеді. Қимыл-қозғалыс ойыны эмоционалдық және физиологиялық өрлеудің неғұрлым жоғары дәрежесімен ерекшеленеді. Балаларды жарысу сәттері жиі кездесетін ойынның процесімен еліктіру, жинақылықты, өз бетінше қимылды реттеуді талап ететін ойын жағдайының сигналына қимыл реакциясының тездігі мен дәлдігі - осылардың бәрі баланың өмірлік күші өрлеуінің шарықтау шегі болып табылады. Денені жалпы дамытатын жаттығуларды үйрететін сабақтың негізгі бөлімінің ұзақтығы бірінші кішкентайлар тобында 10 минуттан 15 минутқа дейін, естиярлар тобында 15 минуттан 20 минутқа дейін, ересектер тобында 25 минуттан 30 минутқа дейін созылады. Денені жалпы дамытатын жаттығулар үйретілмеген жағдайда оның ұзақтығы кішкентайлар тобында 8-12 минутқа, естиярлар тобында 12-15 минутқа, ересек­тер тобында 15-20 минутқа созылады.
Сабақтың қорытынды бөлімінің міндеттері мен мазмұны. Ойынның соңындағы қорытынды бөлім жалпы қозушылықты төмендетуге және тамырдың соғуын қалыпқа келтіруге көмектесетін, біртіндеп баяулайтын шапшаң қарқынды жүрісті қамтиды. Жүру кейбір жағдайда барлық балаларды баяу қимылға қосатын, ширақ қимылдан кейін организмге кері өтетін статикалық жағдайды жоятын қимылы аз ойынмен алмастырылуы мүмкін («Tап та үндеме», «Өзіңе ұнағанын әкел» деген сияқты және қол ұстасып жүріп билейтін үлгідегі ойындар). Жүру немесе оны алмастырған ойын аяқталғаннан кейін өткізілген сабақтың қорытындысы жасалады да балалар әрекетке көшеді. Са­бақтың қорытынды бөлімінің ұзақтығы кішкентайлар тобында 2 минуттан 3 минутқа дейін, естиярлар мен ересектер тобында 3 минуттан 4 минутқа дейін созылады. Бүкіл дене шынықтыру сабағы процесінде балалардың қимыл дағдылары дамуымен бірге тездік, ептілік, төзімділік, икемділік, күш сияқты дене қасиеттері қалыптасады. Бұл қабілеттердің қалыптасуы балалардың барлық әрекеттерімен және көрінуге тиісті жекелеген қимыл тапсырмаларын (жүгіруде, лақтыруда, секіруде және басқа жаттығуларда) орындаумен байланысты. Дене шынықтыру сабақтары белгіленген оқу жұмысының сипатына сай жоспарланады. Олардың бірінде негізгі назар бала­ларды өздері бұрын игерген жаттығулармен-ұштастыра жаңа жаттығуды үйретуге аударылады; екіншісінде балалардың қимыл материалдарын игеру дәрежесі, оның орындалу сапасы және үйретудің белгілі бір кезеңі ішіндегі сандық нәтижелері тексеріледі; сабақта жетілдіру және с. с. мақсатта балаларға белгілі жаттығулар енгізу арқылы қайталануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет