1-кесте
«даму үрдісіндегі жаңа мен ескінің арасындағы қажетті обьективті байланыс, терісті-терістеу заңдылығының мәнді белгісі, бұрынғы сатыдағы жеткен нәтижесіз тұрмыста да танымда да алға жылжу мүмкін емес» (философиялық сөздік).
|
бір сатыдағы алған білім, меңгерген іскерлік пен дағдыларды, қалыптасқан тәлімдік нормалар мен ұстанымдарды екінші сатыда жаңа деңгейде ары қарай дамыту.
|
халыққа білім беру жүйесіндегі сабақтастық дегеніміз - оқыту және тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу мақсатында оның аралас буындары арасында өзара байланыс орнату.
|
«білім негіздерін белгілі бір логикалық байланыста, оқыту материалдарын бірізділік жүйемен оқыту» (И.А.Кайров).
|
«сабақтастық – оқыту сатысының мәні, оның алға қарай қозғалысы, жүйелілік, білім сабақтастығының шарты» (М.А.Данилов пен Б.П.Есипов).
|
«оқу – тәрбие үдерісіндегі әрбір келесі жаңа буында өткен сатыда алынған білім мазмұнын бекітіп, кеңейтіп, күрделендіріп және тереңдетіп отырудағы жүйелілік» (И.Я.Лернер).
|
«білім беру жүйесіндегі сабақтастық оқушының ойлау әрекетінің дамуындағы ең маңызды шартының бірі ретінде қарастырылады. Сонымен бірге қарапайым ұғымдар мен түсініктердің күрделі ұғымдар жүйесіне бірігуін қамтамасыз етеді» (Ш.И.Ганелин).
|
«Сабақтастық – ол дамудың сатылары мен буындары арасындағы байланыс» (Э.А.Баллер).
|
«бірізділік пен жүйеліліктің мағынасы ұқсас ұғым» (П.Н.Груздев).
|
«...білім бұрын алған біліммен байланыста болады, үнемі оны толықтырып, дамытып отырады, өз кезегінде келесі сабақтарда берілетін білім үшін негіз бола алады» (Б.Е.Райков).
|
Алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары:
арнайы білім беру кеңістігін құратын орта;
оқу, ойын, спорт, жатын бөлмелері;
жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;
гигиеналық талапқа сай зал, ойын алаңы, балабақша учаскесі;
сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;
баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы, құрал-жабдықтар, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |