Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет16/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Құжаттарды зерттеуде кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Құжаттарға мұрағат мәліметтері, топ, сынып журналдары, сыныптың оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп, педагогикалық кеңестің хаттамалары, жылдық есеп, озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік баяндамалар, тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.
Балалардың жұмысын зерттеу. Балалардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері ( әртүрлі тақырыптарға жазылған баяндамалар, мәнжазбалар, еңбек сабақтарында жасаған заттары) зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Балалардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасын, тәжірибелік даярлығын, тәрбиешілердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Балалардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық зерттеулерге енгізу. Бұл әдістер әртүрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл үшін әртүрлі көрсеткіштерді, мысалы, баланың сабаққа қатысуын, алған мадақтауларын, таза, жинақты жүруін, т.б. белгілі уақыт ішінде қалай өзгеруін тіркеу, тәртіпке келтіру немесе реттендіру, яғни, бөліп отыру жүйелі жүргізіледі. Педагогикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану эксиперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу жасау үшін қажет.
Математикалық әдістер. Дене тәрбиесі теориясы жөніндегі зерттеулерде сыннан өтушінің әртүрлі көрсеткіштерін сипаттайтын материалдар алынады. Зерттеушінің міндеті - алынған көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті анықтаудан тұрады. Осы мақсатпен шыққан қорытындылардың қаншалықты тиянақты екенін, оларды ұқсас жағдайлардың бәріне де таратуға болар-болмастығын анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелерді математикалық өңдеу әдісі пайдаланылады. Дене тәрбиесі теориясында қолданылатын ғылыми зерттеулердің әртүрлі әдістерінің біршама өзіндік өзгешіліктері бар. Дене тәрбиесі үрдісін бір зерттеуде жан-жақты біліп шығу өте жиі жүзеге асырылады. Осыған байланысты зерттеудің әртүрлі әдістері бір мезгілде пайдаланылады. Мұның өзінде бір әдіс екінші әдісті толықтырып отырады. Зерттеу әдістері өзгереді, нақтыланады, жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді және дене тәрбиесі теориясын дамытуға көмектесді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет