Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері



бет20/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері

Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
Сауықтыру міндеттері. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің міндеттері-өмір қорғау және денсаулық нығайту балалардың организмін шынықтыру болып табылады. Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала организімінің даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде анықталады: дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің қалыптасуына, табан үзінділігінің дамуына, байланыс буындық аппараттың нығаюына көмектесетін, дене бөліктерінің дұрыс арақатыста дамуына, сүйектердің өсуі мен салмағын реттеуге себепші болып; бұлшық еттердің барлық топтарын кеуде, арқа, аяқ-қол, алақан, табан, мойын, ішкі органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары, бұлшық еттерін дамыту, нашар дамыған иіп жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша көңіл бөлу; қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу; тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың тереңдеуіне ауаны үнемді жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, өкпенің ауа сыйымдылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы дем алуды үйрету; ішкі органдардың дұрыс қызмет етуіне көмектесу, теріні зақымданудан сақтау және оның дұрыс қызмет етуіне жәрдемдесу; қозу және тежелу процестерінің тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, белсенді тежелістің дамуына, сондай-ақ қимыл-қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің жетілуіне себепші болу.
Білім беру міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім беру міндеттерін шешудің де маңызы аз емес. Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, денені түзеу ұстау, гигиена дағдыларын бойға сіңіру, дене тәрбиесі туралы білімді игеру. Жүйке (нерв) жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл-қозғалыс дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың көпшілігін балалар күнделікті өмірде пайдаланады. Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді және оны танып білуге көмектеседі: мәселен, еңбектеуді үйренген бала оны қызықтыратын заттарға өзі жақындайды да олармен танысады, шаңғы, велосипед тебе білетін балалар қардың, желдің қасиеттерін оңай танып біледі, жүзу кезінде балалар судың қасиеттерімен танысады. Дене жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардың, сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсер етеді. Мысалы «қолды артқа сілтей құлаштап лақтыру» әдісін дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтыруды кеуде, аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық еттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай жасайды. Қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары баланың күш үнемдеуіне мүмкіндік береді. Осының арқасында жаттығуды көп рет қайталауға және жүрек қан тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға, сондай-ақ дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Нық қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдыларын пайдалану қимыл-қозғалыс және ойын іс-әрекетінің күтпеген жерден туатын міндеттерін ойластыруға мүмкіндік береді. Мәселен, жүгірген бетте ұзындықтан дұрыс секіруді үйренген бала, мысалы, «Жар астында қасқыр бар» ойынын ойнап жүргенде қалай секіру керек екендігін жайын ойламай, қасқырдан қалай құтылу жағдайын ойластырады. Жеті жасқа дейінгі қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары мектепте оларды одан әрі жетілдірудің іргетасын қалайды және алдағы уақытта спортта жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Көптеген атақты спортшылар (И.Тер-Овенесян, В.Брумль т.б) дене жаттықтырумен үзбей айналысуды балалық шақтан бастаған. Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын (сапта тұрып жаттығу, жалпы жетілу жаттығулары, негізгі қозғалыстар-жүру жүгіру, теңдік сақтау, өрмелеу, жер бауырлап қозғалу, асып түсу, лақтыру, секіру), спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки, велосипед тебу, жүзу) орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балаларды спорттық элементтері бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (теннис, бадминтон, городки, волейбол, баскетбол, хок­кей, футбол т.б.). Жас мөлшеріне қарай бөлінген топтар бойынша қалыптастырылатын қимыл-қозғалыс дағдыларының көлемі «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасында» берілген. Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен қатар алғашқы күндерден бастап, дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік, тепе-теңдік сақтау т. б.) дамыту қажет. Мұндай қасиеттерді дамытуға мүмкіндік бар екенін сандық көрсеткіштер дәлелдейді. Мысалы, күштің, шашаңдық пен ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі, ұзындыққа лақтыру алыстығы артады. Төзімділікті дамыту балаларға дене жаттығуларын шаршамай жасауға, ұзақ жол жүруге мүмкіндік туғызады. Лақтырғанда көздеген жерге тигізу, секіргенде діттеген жерге дәл түсу, жүргенде, жүгіргенде бағдар сақтау — балалардың көзбен шамалау қабілетінің жақсы екендігін дәлелдейді. Дене қасиеттерін дамытпайынша бала аса қарапайым жаттығуларды да орындау, қимыл-қозғалысты тілейтін іс-әрекетің алуан түрлерін жетілдіре алмас еді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны дұрыс ұстау дағдысына, яғни бала отырғанда, тік тұрғанда, жүргенде денені дұрыс қалыпта сақтай білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Тұлға дұрыстығының барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай қызмет етуі үшін үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның дұрыстығы дер кезінде қалыптастырылуы тиіс дағды. Бұл жаста жеке және қоғамдық гигиенаның бастапқы дағдыларын бойға сіңірудің (дене жаттықтырудың алдында қол жуу, мұрын тазалау, дәрет сындыру, костюмді, аяқ киімді күту, ойыншықтарды, дене шынықтыру құралдарын, бөлмені таза ұстау т. б.) үлкен маңызы бар. Балалардың денсаулығы көбіне, осы дағдыларға, әдеттерге байланысты. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қарапайым білімді хабарлаудың маңызы бар. Алған білім балаларға неғұрлым саналы түрде айналысуға және балабақша мен отбасында дене тәрбиесі құралдарын неғұрлым толық өз бетімен пайдалануға тұлғаның дұрыстығын, қозғалыс техникасы, қимыл-қозғалыстық ойындардың ережелері туралы мағұлматты, сондай-ақ жеке және қоғамдық гигиена туралы қарапайым білімі болуға мүмкіндік береді. Балалар дене мүшелерінің аттарын, қозғалыс бағыттарын, дене тәрбиесі жабдықтарының аттары мен атқаратын қызметін, оларды сақтау мен күту, киімді, аяқ киімді күту ережелерін білулері тиіс. Дене тәрбиесіне қатысты білімдер балалар өскен сайын кеңейе түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет