Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Бір жастағы сәбилердің дене жаттығуларымен шұғылдануын өткізудегі әдістемелік ұсыныстар



бет45/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Бір жастағы сәбилердің дене жаттығуларымен шұғылдануын өткізудегі әдістемелік ұсыныстар:
-баланы етбетінен жиі жатқызу керек ("арқаны жоғары қарата, әдеттегі жағдайға қарама-қайшы, қорғаныссыз қалып";
-еңбектеу үшін қауіпсіз және гигиеналық жағдайларды жасау (жол немесе еден, табиғи жамылғы, бірақ өте түкті, қылшықты болмасын);
-баланы қолдан ұстап тік қалыпта жиі, бірақ аз ғана уақыт ұстау маңызды (арқа мен мойын еттерін нығайту үшін).
-көрінетін және жететіндей жерге, өзі қозғалуға жағдай туғызу үшін, ойыншықтарды ілу және кою. Баланың алдына бір зат қойып, осы нысанаға жетуге оны қолдай, оған бірінші жетуге мүмкіндік жасаңыз. Мысалы, бала затқа жорғалап жетіп, оған бірінші болып қол тигізсін. Ата-аналарға тән қателік - бала жорғалайды, ойыншықты ұстағысы келеді, ал ата-аналар соңғы сәтте ойыншықты қайсыбір аралыққа қашықтатып қояды. Бала тағы да еңбектеп жеткенмен, ойыншықты кейін ысырады. Бұл соншалықты азапты шаруа екендігін түсінуге балаға онша көп уақыт кажет болмайды.
Жаттығуды тамақ ішкеннен кейін 40 минут өткесін ғана бастау керек, қолдардың, аяқтардың және кеуде қозғалыс-қимылдары кезектесуі тиіс. Әрбір жаттығуға арқа мен іштің еттерін дамытуға себепші болатын жаттығулар енгізілуі керек. Жаттығу орындау барысында айту, нұсқаулар қатар жүреді.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Бір жасар баланың дене даму ерекшеліктері қандай?

  2. Бір жасар баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін қалай түсіндірер едіңіз?

  3. Тұлғаның 1,5 айлықтан-3 айлығына дейінгі кезеңін сипаттаңыз.

  4. 3 айдан 4 айлыққа дейінгі кезеңге сипаттама.

  5. 4 айлықтан 6 айлыққа дейінгі кезеңге сипаттама.

  6. 6 айдан 9 айға дейінгі кезеңге сипаттама.



8-дәріс. Екі жастағы балалардың дене дамуындағы ерекшеліктері
Дәріс жоспары
1.Негізгі қимыл-қозғалыстарын дамыту
2.Күн тәртібі
3.Шынықтыру
4.Қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың ерекшеліктері
5.Қимыл-қозғалыс моторикасын дамыту жолдары.
6.Дене шынықтыру сабақтарын енгізу.
Негізгі әдебиеттер:

  1. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».

  2. А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011

  3. Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000

  4. «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл

  2. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008

  3. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



Ата-аналарға, олардың 1-ден 3 жас аралығындағы балаларына дене жаттығуларымен шұғылдану ауадай қажет екендігін айтып көріңізші. Көп жағдайда: "Қандай дене шынықтыру. Біздің баламыз бір минут те бір орында отырмайды. Барлық уақытта да қозғалыс-қимыл үстінде..." деген жауапты естисіз. Бұл жеткілікті физиологиялық тиімділікке қол жеткізбейді. Өйткені, тіпті, қозғалыс-қимыл көп болғанмен де, балалардың қозғалысы бірыңғай болатындығын, жұмысқа еттердің барлығы бірдей қосылмайтындығын, тек қана оның бір бөлігі, әдетте, бір және сол топтағы еттер ғана жұмысқа қосылатындығын мамандар байқаған. Оның үстіне, қозғалысты осы жаста дұрыс орындамау балада берік және ұзақ уақыт сақталады да бұлшық еттердің бірқалыпты дамымауы мен тұлғаның бұзылуына себепші болады. Сәбилер, сырт қарағанда басқарылмайтын ойындарда, бәрінен бұрын өздеріне белгілі әрекеттерді дербес қайталайтындығы, басқаша айтқанда, ересектердің, құрдастарының көмегімен немесе бастамасымен игерілгендерді орындайтындығы байқалды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жасқа байланысты психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дербес қозғалыс белсенділігінің мазмұнын бірте-бірте қалыптастыруға болады. Осы жаста, сезімтал тізе буындарын шамадан тыс ауырлататын, тіземен еңбектеудін орнына, балалар қол басы мен табанға сүйене, төрт тағандап жорғалауды жылдам бастауына ұмтылу кажет. Егер бір жастағы сәбилермен жұмыс жасауда, козғалысты дамытуда негізгі жаттығуларды орындау әдісі қолданылса, екі жастағы балалардың қозғалыс дайындығында айтып тапсырма беру және жаттығуды көрсету әдістеріне сүйенеді. Бұл сөйлей білудің қарқынды дамуымен және еліктеу қабілетімен түсіндіріледі. Балалардың сөйлеуі маңындағылармен қатынас жасау құралына айналады және олардың дамуы үшін шешуші мәнге ие болады. Еліктеу қабілетінің дамуы сөйлеуді меңгеру және мінез-құлықты жетілдіру үшін ғана емес, сондай-ақ қозғалыс қызметін жоғарырақ деңгейде күшейту үшін де ерекше маңызға ие. Сондықтан да жаңа қозғалыс-қимылдарды көрсете отырып балаларға арналған кітапшалардағы таныс кейіпкерлермен, жануарлар бейнесімен салыстыруды қатар жүргізу қажет. Екі жасқа аяқ басқан балалар дене тәрбиесіндегі басты міндет негізгі қимыл-қозғалыстарды (жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру) дамыту, жетілдіру, теңдік сақтауды қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту болып табылады. Екі жасқа аяқ басқанда күн тәртібі дене тәрбиесінің бас­ты құралы болып қалады. Күні бойы балалардың іс-әрекетін (ұйқы, сергектік, тамақтану) дәлме-дәл алмастырып отыру олардың 4-5 сағат бойғы белсенді іс-әрекеттік жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұның өзінде баланың таза ауада болуы 5 сағаттан кем түспеуі тиіс. Ұйықтауды верандаларда, егер ондай мүмкіндік жоқ болса, терезені немесе есік, форточканы ашып ұйымдастырған жақ­сы. Қыста, баланы ұзақ киіндіріп-шешіндіруге тура келетін кезде мұндай серуенді үй ішінде ұйымдастыруга болады. Балалаларға спорттық немесе жүн костюм кигізеді, топ бөлмесінің температурасын есікті, форточкаларды ашып +140-қа дейін төмендетеді. Балалардың қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырады немесе өз беттерімен жеткілікті түрде іс-әрекет етуін қамтамасыз етеді. Сөйтіп таза ауада болу уақыты кемімейді. Күн тәртібінде шынықтыру мақсатымен ауаны, суды, күнді пайдаланады. Екі жасқа аяқ басқан балалардың қимыл-қозғалыстарының дамуы ойындық іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру кезеңінде, өз бетімен қимыл-қозғалыстық әрекет етуде, дене шынықтырумен айналысу кезінде өтеді. Екі жасқа аяқ басқан шақта жүрудің дұрыс автоматтануын теңдік сақтауды сезінуді нығайтудың, қимыл-қозғалысты үйлестіруді, тұлғаны дұрыс ұстауды тәрбиелеудің, аяқты дұрыс ұстауды қалыптастырудың маңызы зор. Бұл үшін топ бөлмесінде және учаскеде балалардың еркін қимылдауына жағдай жасаудың маңызы үлкен. Бөлме іші кең болуы тиіс, бұған балалардың бойларына сәйкес іріктеліп алынатын жиһазды дұрыс орналастыру арқылы қол жетеді. Топ бөлмесінде әртүрлі қимыл-қозғалыстарды дамыту үшін арнаулы дене шынықтыру жабдықтары болуы тиіс: төбешікке, сатыға шығу, сырғанақ үстіне шығу және одан түсу, өз жүрісіңді айнала қоршаған заттармен сәйкестендіру, т. б. Топ бөлмесінде балаларды әртүрлі қимыл-қозғалыстарға итермелейтін ойыншықтар жиынтығы болуы қажет: доптар, шығырлар, секірмектер т. б. Балабақша жер телімі мен ойын алаңы арнаулы құралдармен (ұзын орындық,басқыш, бөрене т. б.) жабдықталуы керек. Балаларды тек тегіс жермен ғана емес, кедір-бұдыр жермен, көгалмен, құмның үстімен жүруге де үйрету керек. Тәрбиешінің балалардағы қимыл-қозғалысқа қажеттілікті белсене ынталандырып отыруының маңызы үлкен: оларды қимыл-қозғалысты ойындарға тарту, дұрыс қимыл-қозғалысқа үйрете отырып, өз бетімен әрекет жасауға итермелеу (сатыға қалайша дұрыс шығу және түсу, доп лақтыру т. б.), еліктеу жаттығуларын пайдалана отырып («қоянша орғиды», «құстай ұшады», т. б.) балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру. Балалардың неғұрлым еркін қимылдап-қозғалуын қамтасыз ету үшін оларға комбинезон немесе көйлек пен шалбар (ұлдарға да, қыздарға да) кигізген жақсы. Аяқ киімі аяққа шақ, 0,5 см өкшесі болуы қажет. Қимыл-қозғалыс ойындары дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады. 1,5 жасқа дейін ойындар негізінен балалардың әрқайсысымен екі немесе шағын топ болып (3-4 адам) өткізіледі. Ойындар балалардың өз беттерімен іс-әрекет жасап жүрген сағаттарында ұйымдастырылады және тәрбиеші әр баланың күні бойы ойынға қатысуын («Ит қуалау», «Жасырынбақ», «Tөбешіктен домалату») қадағалап отыруы тиіс. Бір жарым жастан кейін қимыл-қозғалысты ойынға 8-10 бала қатыстырылуы мүмкін. Қимыл-қозғалыс ойындарды өткізу кезінде балалар ұжым ішінде әрекет етуге, белгілі бір тапсырманы орындауға талпынуға тәрбиеленеді, қимыл-қозғалыстарды үйлестіру, еліктеу сезімі дамиды, қимыл-қозғалыстардың негізгі түрлері қалыптасады. Тәрбиеші көрсету, түсіндіру жолымен балаларды жаңа қимыл-қозғалыстарға баулиды. Қайталау санын реттей, белгілі бір қозғалысты орындауға қиындығы әркелкі ойындарды іріктей отырып, тәрбиеші денеге жүктің белгіленген мөлшерде түсуін қамтамасыз етеді. Бір жарым жастан асқан балалар бірқатар ойын тәртібін орындаулары тиіс: белгілі бағытпен жүгіру, сигнал бойынша топтау. Балаларды ойын кезінде бір-біріне кедергі жасамауға топырласпауға үйрету керек. Бұл шақта балаларды ойнар алдында арнайы сапқа тұрғызудың қажеті жоқ, бірден ойындық іс-әрекетке қосу керек. Тәрбиешінің өзі ойынға араласып, өзі жетекшілік рөлді алуы, нені қалай жасауды көрсетуі қажет. Оның көңілді де белсенді күйі балаларға беріледі. Қимыл-қозғалыстық ойындар өзінше өткізіліп қана қоймай, бір жарым жастан екі жасқа дейінгі балалардың дене шынықтыру сабақтарына да ендіріледі.
Дене шынықтыру сабақтары екі жасқа аяқ басқан балалар дене тәрбиесінің маңызды формасы болып табылады. Ұйымдастырылған сабақтарда балаларды қимыл-қозғалыстарға үйретудің мақсатты бағыттағы міндеттері шешімін табады. Бұл орайда сабақтарға негізгі қимыл-қозғалыстарды дамыту мен жетілдіруге, олардың сапасын арттыруға тұлғаны және аяқ басып тұруды дұрыс қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар, бұлшық еттердің барлық топтарын нығайтатын жаттығулар енгізіледі. Баланың осы шағында жүру және теңдік сақтауға көп орын беріледі. Осы мақсатпен сабақтарға кәдімгіше тік жүріс, ені жаттығу барысына қарай 30-дан 10 сантиметрге дейін азайтылатын ұзын орындық бойынша күрделенген жүріс, ойлы-қырлы тақтай бойынша жүріс т. б. жаттығулары енгізіліп отырады. Теңдік сақтау сезімі күрделенген жүріс кезінде, сондай-ақ кедергі арқылы (таяқтар, текшелер т.б.) аттап өту кезінде тәрбиеленеді. Сабақтар кезінде еңбектеу (шығыр ішінен еңбектеп өту, керілген жіптің астынан еңбектеп өту), өрмелеу (басқышқа шығу және түсу), лақтыру (кішкене және үлкен доптарды алысқа лақтыру) жаттығулары пайдаланылады. Ба­лалардың шамасы келерліктей бұлшық еттерінің барлық топ­тарын жалпы жетілдіретін жаттығулар да міндетті түрде қарастырылады (қол және иық, аяқ және табан, кеуде бұлшық еттерін жаттықтыру). Бұл жаттығулар әртүрлі қалыпта - тұрып, отырып (еденде, ұзын орындық, кішкене орындық үстінде), еденде етпетінен, шалқасынан жатып өткізіледі. Бұл жаттығуларды балалардың дұрыс орындауы үшін тәрбиеші тұру қалпын тексеруі, егер қажет болса, қимыл-қозғалысты орын­дауға көмектесуі керек. Сабақтарға бір немесе екі негізгі қимыл-қозғалысты және жалпы жетілдіру жаттығуын ендіреді. Сабақтарды топтанып жүру мен жүгіруден бастайды, содан соң 2-3 жалпы жетіл­діретін жаттығу және негізгі қимыл-қозғалысқа үйрету өткізі­леді де сабақ жүрумен аяқталады. Бір жарым жастан 2 жасқа дейінгі балалармен сабақтар жалпы қабылданған кесте бойынша (кіріспе, негізгі және қорытынды бөлім) өткізіледі.
Сабақтың кіріспе бөлімінің (мотивациялық кезең) мақсаты - балаларды ұйымдастыру және оларды негізгі бөлімде жаттығуларды орындауға әзірлеу, оған жалпы жетілдіру жаттығулары, негізгі қимыл-қозғалыстарды, қимыл-қозғалыс ойындарын дамыту жаттығу­лары енеді. Қорытынды бөлімінде тыныс алуды тереңдететін жаттығулар және жүріс беріледі, олар түскен салмақты бәсеңдету үшін қажет. Бұл шақта балалар қимыл-қозғалысты дәлме-дәл шығара алмайды, сондықтан сабақтарда жеке құралдарды (таяқтар, шығырлар, кегельдер т. б.) пайдалануы керек. Құралдар балаларға қимыл-қозғалыстарды әлдеқайда дұрыс және кең құлашты орындауға көмегін тигізеді (мысалы: кегельді жоғары көтеру — оған қарап, еденге аяқтың жанына қою). Сабақтарда дене шынықтыру құралдары: тақтайлар, жәшіктер, гимнастикалық орындықтар, басқыш-үзеңгі, үсті ойлы-қырлы тақтай қолданылады. Бұлар қимыл-қозғалыстарды мақсатты бағытта орындауды қамтамасыз етеді, балаларға жаттығуларды саналы түрде жасауға жәрдем етеді және баланың сабаққа деген ынтасын көтереді. Тәрбиеші қозғалыстарды қалай орындау керек екенін ұғындырады, қажеті болса көмектеседі, баланың өз қатесін түсінуіне және қозғалысты орындап шығуына күш салады. Ол балалардың табысына қуанады, қимыл-қозғалысты орындап шықса көтермелеп қошеметтейді, өз күшіне деген сенімділікке баулиды. Балалардың белгілі бір қимыл-қозғалысты игеруіне қарай оны едәуір қиын қимыл-қозғалыспен алмастырады немесе күрделендіре түседі. Мысалы, балалар еденде жатқан таяқтан аттап өтуге үйренген соң оларға еденнен 5 см, бұдан кейін 10 см жоғары көтерілген таяқтан аттап өту ұсынылады. Бұл шақтағы балалардың ерекшеліктерін - тез шаршайтындығын, сонымен қатар тез күш жинап алуға қабілеттілігін ескеру керек. Сондықтан сабақтарға демалыс элементтерін енгізу керек: балалардың бәрі орындайтын жаттығуларды басқа балалар тұрған немесе отырған күйінде, дем алатын кезде жеке тапсырмалармен алмастыру керек. Балалар­дың сабаққа деген ынтасы басылмауы үшін дем алу 1 минуттан аспауы тиіс. Демалыс ретінде балаларды орындық үстінде ұзақ отырғызуға болмайды, өйткені отырған кездегі статикалық шымырқану балаларды шаршатып тастайды. Сабақта денеге жүк түсіру оның ұзақтығымен, әр жаттығуды қайталау жиілігімен және олардың қиындығы дәрежесімен реттеліп отырады. Жүк түсіру сабақтың бастапқы жағынан ортасына таман артады да соңында бәсеңдетіледі. Дене шынықтыру сабақтары ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасының базистік оқу жоспарында (Астана, 2009) 2 жастағы балалар үшін (1 жастан 2 жасқа дейін–ерте жас тобы) «Денсаулық» білім саласы бойынша аптасына 2 рет, ұзақтығы 7-10 минут, 2 ден 3 жасқа дейінгі 1 кіші топта аптасына 2 сағат, ұзақтығы 10-15 минут болып жоспарланған. Бір жарым жастағы балалармен түскі астан екінші ұйқыға дейінгі кезеңде, бір жарым жастан екі жасқа дейінгі балалар­мен ертеңгі астан соң 30 минут өткеннен кейін өткізіледі. Бір жарым жасқа дейінгі балаларды жыл басында 2-3 адамнан тұратын топтарға, содан кейін 5-6 адамға дейін біріктіреді, бір жарым жастан 2 жасқа дейінгі балаларды 6-8 адамнан біріктіреді. Балаларды қосымша топтарға бөлген кезде тек жас шамасын ғана емес, қимыл-қозғалыстардың да­му деңгейін де ескеру керек (мысалы, қимыл-қозғалыстарының дамуы артта қалған балалар жасы едәуір кіші балалардың шағын топтарына қосылуы тиіс). Балалардың бір шағын тобымен сабақ өткізе отырып, тәрбиеші басқалардың өз беттерімен ойнауы үшін жағдай туғызады. Бұл үшін ол бөлменің екінші жағында байсалды ойындар ұйымдастыруы және балаларды ойыншықтармен жабдықтауы, ал күтуші тәрбиешінің тапсырмасы бойынша олардың ойнына бағыт беруі тиіс. Сабақтар гигиеналық талаптарға сай келетін топ бөлмесінде өткізіледі, сабақ басталар алдында еден жуылуы, бөлме желдетілуі, ауаның температурасы 18-20о-қа жеткізілуі қажет. Жазғы уақыттарда сабақ ашық ауада, ауа­ның температурасы 20оC-ден кем емес кезде өткізілуі тиіс. Балалар труси мен майка киіп, жазда - трусимен, аяғына тапочка (немесе жалаң аяқ) киіп айналысулары тиіс.
2 жастағы балалардың дене жаттығуымен шұғылдануын өткізудегі әдістемелік ұсыныстар:

  1. Балаларды қозғалыс-кимылға үйретуде ойындық тәсілдер (қозғалысқа ұқсас кимылдар, олардың бейнелілігі, тапсырманың мазмұны және басқалар) үлкен орынға ие болады. Бала кішкентай болған сайын "ойнау" мен "үйренудің" арасы соншалықты аз болмақ.

  2. Осы жастағы баланың 15-30 секундтан артық бір нәрсеге көңіл аударуы қиынға соғады, әрбір 10-15 секунд сайын жаттығуды алмастырып отыру қажет. Бұл үйлесімділік қабілеттерін дамытып қана қоймайды, сондай-ақ жаттығудағы кауіпсіздіктің де кепілі болады (дененің бір мүшесі жұмыс жасағанда, екіншісі демалады).

  3. Жанама кұралдарды, мысалы, басқышты, кішкентай тақтайшаларды, ауа толтырылған шарларды барынша көбірек пайдалану керек.

  4. Сәбилер музыкалық сүйемелдеумен шұғылданғаны жақсы.

  5. Жаңа қимыл-қозғалыстарды үйрететін сабақты ұзағырақ өткізген жөн болмайды. Ептілікке арналған жаттығуларды орындауда сәбилер жылдам шаршайды. Сондықтан да мұндай сабақтардың уақытын 10-15 минутпен шектеу керек.

  6. 3 жасқа дейінгі сәбилерге секіру жаттығуларын орындауға болмайтындығы міндетті түрде есте болсын (бір заттан секіріп түсу, секіріп шығу), өйткені табанның дөңесі (свод) әлі қалыптасуда және артық жүктеме түскенде ол тегістеліп, жазылып кетуі мүмкін.

  7. Дененің ең әлсіз дамитын бөлігі -іштің көк еттері, сондықтан да осы еттерді нығайтатын жаттығуларды күн сайын жасау ұсынылады.

Жүру дағдыларын жетілдіру үшін далалықтың кедергілері жоқ тегіс, баяу көтеріліп, түсетін, ойлы-қырлы жерлер бойынша серуендеу ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет