Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Қимыл-қозғалыстарға үйретуге дидактикалық принциптерді қолданудың ерекшеліктері



бет47/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Қимыл-қозғалыстарға үйретуге дидактикалық принциптерді қолданудың ерекшеліктері. Қимыл-қозғалыстарға үйретудің дидактикалық (оқыту) қағидаларының (принциптерінің) мазмұнын білу оқытушыға дене жаттығуларын үйрету процесінің заңдылықтарын көрсететін талаптарға сәйкес оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, оқу материалына оқушылардың саналы және белсенді қатынасуын бағыттау. Екіншіден, оқыту нәтижелілігін объективті бағалау. Yшіншіден, оқытуды оқушылар ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асыру. Төртіншіден, педагогикалық процесті қайталануымен, жүйелілігімен, біртіндеп және ретімен құрастыру. Педагогикалық ғылымда қағидалар деп педагогикалық процестердің заңдылықтарын ашып көрсететін аса маңызды бастапқы ережелерді, педагог және оқушы қызметін басқаратын қағидаларды айтады. Қағидаларда ғылыми фактілер мен көп ғасырлық педагогикалық практиканың біріккен жетістіктері жинақталып, іріктелген. Алайда, кағидалар ғылыми фактілер мен практиканың ғана жемісі емес. Сонымен қатар, олар бір талдауларды, осы фактілердің ашылуын және педагогикалық процестің тиімді жақтарын таратуды көрсетеді.
Дене тәрбиесі жүйесінің сипаттамасында „қағидалар" түсінігі күрделі әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың жетекші заңдылықтарының өмір сүретіндігін ашып көрсету үшін қолданылады. Нақты педагогикалық процесті жүзеге асыруда оларды басшылыққа алу міндетті. Мысалы, қазіргі кезеңдегі қоғамымыздың даму бағытындағы қағидаларға сәйкес оқытудың кезкелген процесі баланың жеке қасиеттерін қалыптастырумен бірге жүруі қажет. Әскери және еңбек практикасына байланысты қағидаларға сәйкес дене жаттығуларымен айналысудың мазмұны баланы өмірге дайындау қажеттілігін ашып көрсету. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту қағидасына сәйкес кезкелген қозғалыс қимылына үйрету баланың адамгершілігіне, ақыл-ой, эстетикалық дамуына ықпал етуі міндетті. Сауықтыру бағытындағы қағидаларға сәйкес әрбір педагогикалық процесті жоғарғы сауықтыру тиімділігіне бағыттаған жөн. Дене тәрбиесі жүйесіне тән жалпы қағидалар оқыту қағидаларымен қоса жеке қағидалар арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы, жекелілік қағидасын жүзеге асырғанда, баланың психофизиологиялық функциясына жағымсыз әсер етпейтіндей қозғалыстар қимылын іріктеуге мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларынан басқа, тек педагогикалық процесс заңдылықтарын ғана көрсететін қағидалар да болады. Дене тәрбиесінің теориясында олар дене тәрбиесінің қағидалары деп аталады (кейде, әдістемелік кағидалар деп аталуы мүмкін). Олар өзара байланысты: оқыту қағидалары немесе арнаулы білім мен қозғалыс дағдыларының заңдылықтарын қалыптастыратын қағидаларға, дене мүмкіншіліктерін тәрбиелейтін қағидаларға, сонымен бірге заңдылықтарды ашатын қағидаларға, дене жаттығуларымен айналысу кезінде жеке тұлға есебінде баланы тәрбиелеу қағидасына бөлінеді. Педагогиканың негізгі бір бұтағы бола отырып, дене тәрбиесінің теориясы жалпы педагогикалық қағидаларды пайдаланады, бірақ оны оқу материалдарының ерекшеліктерін есептей отырып жүзеге асырады. Оқыту, үйрету негізіндегі заңдылықтар өзінің қызмет ету мүмкіншіліктері бойынша бірыңғай емес. Осыған сәйкес оқыту қағидаларын өзара байланысты бірнеше топқа бөлуге болады. Қағида атауы шартты болады, бірақ педагогикалық міндеттерді шешуде қызмет ету мүмкіншіліктерін қолданып бағыттауға арналады. Сонымен қатар қағидалардың әрқайсының атауы педагогикада және дене тәрбиесі теориясында қалыптасқан терминологияға қарсылық келтірмейді.
Балалардың оқуға деген саналы, белсенді көзқарасын қалыптастыру қажеттілігі саналылық және белсенділік қағидаларында қаралған. Функционалды мүмкіншіліктерінің ұқсастығы негізінде оларды көзқарас қағидалары тобына біріктірген жөн. Оқу процесінің нәтижесін нақты бағалау қажеттілігі беріктік және ғылыми қағидаларында қарастырылған. Функционалды мүмкіндіктерінің ұқсастығы негізінде сұрыптау бағалау қағидалар тобына бірігеді. Баламен жеке, жыныстық және жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды жүргізу қажеттілігі жекелілік, тиімділік , көрнекілік қағидаларында қарастырылған. Белгілі қызмет етудегі ұқсастығына қарай оларды сәйкестік кағидалар тобына біріктірген дұрыс. Оқу материалының ең тиімді құрылымын жасау қажеттілігі қайталау, жүйелілік, реттілік, бірте-біртелік қағидаларымен қарастырылған. Бұлар функционалды мүмкіншіліктердің ұқсастық негізінде құрылым қағидаларын құрайды.
Қағидалар көп түрлі, бірақ олар тұтас жеке тұлға есебінде балаға педагогикалық әсер етудің әртүрлі жақтарын бейнелейді. Кез келген жастағы адамдарды, дене дайындығының әртүрлі деңгейіндегі балаларды оқьггу, үйрету кезінде үйретуші жоғарыдағы айтылған қағидаларды жүзеге асыру міндетті. Алайда, кейбір жағдайда оқытудың нақты міндеттері бір немесе өзге қағидаларының маңызын арттыруы, сонымен қатар оны жүзеге асыру әдістерінің түрін өзгертуі де мүмкін. Мысалы, жоғары деңгейде маманданған спортшыны даярлауда дербес жекелей үйрету, оқыту өте маңызды орын алады. Қарапайым қозғалыс қимылдарына үйрету кезінде көрнекілік қағидасын жүзеге асыру бейнелеп түсіндіру және көрсету мен шектелуі мүмкін. Ал, өте күрделі қимылдарды игеруде кинодемонстрацияға жүгінуге тура келеді. Кейбір қағидаларды жүзеге асыру оқытудың белгілі бір ережелерін орындау арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыру және дене қуаты қасиетін тәрбиелеу жалпы зандылықтарға бағынады, ол әдістемеде қағидалар (принциптер) деп аталады. Қағидаларды білу, оларды тәжірибеде қолдану дене тәрбиесі процесін жетілдіреді.
Дене тәрбиесі және үйрету процесінде жалпы педагогикалық—жүйелілік, саналылық және белсенділік, көрнекілік, қайталау, шамаға лайықты болу және индивидуалдандыру, жекелік, реттілік, беріктілік, талапты біртіндеп көтеру, т.б. қағидалар қолданылады. Олар педагогиканың неғұрлым маңызды қағидалары болып табылады және тәрбиелеу мен үйретудің бірегей педагогикалық процесінің әдістемелік заңдылықтарын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет