Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет54/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Реттілік қағидасы. Қимыл-әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту реттілігіне арналған талаптар: 1. Жеңілден-қиынға. 2. Карапайымнан-күрделіге. 3. Меңгерілген қимыл әрекеттен-меңгерілмеген қимыл-әрекетке сияқты үш дидактикалық ережеден турады.
Қағиданы жүзеге асыру дене жаттығуларын рет-ретімен үйренуді және олардың арасындағы өзара байланысты ашып көрсететін оқу материалын жоспарлаудан басталады. Бұл жағдайда баланың жасына байланысты дамуының заңдылықтарын және оқу материалын құру логикасын бейнелейтін, дене жаттығуларын үйренудің реттілігінің көп жылдық болашағы ескеріледі. Бұрыннан қолданылып келген қимыл ептілігі мен енді ғана үйреніп жүрген қимыл ептілігін бір-бірімеи қауыштыра білу керек. Дене тәрбиесі процесінің әдістемелік ерекшелігі жаттығулардың сабақтастығын камтамасыз ету, яғни оқу материалын жоспарлағанда өткен сабақтың мазмұны келесі сабақпен жалғасып жатуы қажет. Реттілік қағидасының негізіне бір сабақ және сабақтар сериясының деңгейіне оқытудың міндеттерінің, құралдарының және әдістерінің сабақтастығы жатады. Сабақтастық оқыту міндеттерінен құралдарына және әдістеріне ауысуға негізделген реттіліктің шартты ретін білдіреді. Осы кездегі ең басты міндет өткізілгенге сүйену арқылы келесі міндеттерді шешу үшін алғышарттарды жасау болып табылады. Реттілік кағидасын жүзеге асыру оқу материалдарын жоспарлаудан басталады. Оқу материалдарында міндетті түрде дене жаттығуларының реттіліктері және байланыстары нақтылы түрде белгіленуге тиісті. «Жеңілден ауырға», «қарапайымнан күрделіге», «меңгерілгеннен меңгерілмегенге», «білімнен дағдыға» деген ережелердің дұрыс орындалуы реттілік қағидасын жүзеге асыруда үлкен табыстарға жеткізеді. Ережелерді орындай отырып, мына үш кезеңге аса назар аударуға тиіспіз. Біріншіден, қағиданы колдану тек қана реттілік қағидасын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар басқа да қағидалардың қолданылуын да талап етеді. Екіншіден, жекеленген талаптар реттілік кағидасының көп жағдайда жеке жақтарын ғана көрсетеді. Сондықтан да, үйретудің біртұтас процесінде барлық қағидалар байланысты болады. Yшіншіден, барлық қағидалар реттіліктің барлық белгілерінен алшақ болып келеді, тек жалпы тенденцияларды білдіруі мүмкін. «Жеңілден ауырға» деген ереже бойынша жаттығумен айналысушы салыстырмалы түрде көп дене күшін және психикалық күшті талап етпейтін жаттығуларды үйренуден бастағаны дұрыс. Бірақ жағымды ауыстыру әсерін қарастыру қажет. Мысалы, гранат лақтыру алдында кіші допты лақтыруды игеру жүргізілген болса, онда бірінші дағдыны калыптастыру процесі екінші дағдының жағымды әсерін сезетін болады. Алайда уақытты алдындағысы келесісіне кедергі келтірмейтіндей етіп бөлуге болады. «Біліммен дағдыға» ережесі, қажетті білімді пайдаланып соған сәйкес дағдыларды қалыптастырудың алдында жүретіндей реттілікті қарастырады. Бұл ереже дене тәрбиесіне тән, арнаулы білімнің бағалылығы қозғалыс қимылы түрінде көрінеді. Екінші жағынан, қимылдың түрі тиісті білімнің сапасы мен көлеміне де байланысты. «Қарапайымнан күрделіге» ережесі, үйренетін жаттығулар құрылымдық күрделілігі ретімен орналасатындай реттілікті қарастырады. «Қарапайым» және «күрделі» ұғымдары бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар. Кез келген жаңа жаттығу бала үшін әрқашан күрделі болатынын ұмытпау керек. Жаттығудың құрылымы жеңіл болса, ол шапшаң игеріледі деп қателесуге болмайды. «Меңгерілгеннен меңгерілмегенге» деген ереже бір жағынан бұрын үйренген дағдыларды қалыптастыру үшін пайдалануды, екінші жағынан – келесі жаттығуларды үйретуге алғышарттар жасауға мүмкіндік тудыратындай реттілікті ұсынады. Осы ережені пайдалана отырып жаттығушы қандай білім, дағдыларды меңгергендігін педагог анықтайды және осыған негіздеп оның білімі мен қозғалыс тәжірибесін кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Егер алғашқы қалыптасқан дағдының бұрын қалыптасқан дағдымен құрылымдық ұқсастық элементтері болса, онда үйрену шапшаң өтпек. Мысалы, жаттығушы белгілі бір жаттығудың үш тәсілін меңгерген болса, онда арқанға екі тәсілмен өрмелеуді тез арада меңгеріп алады. Бірақ, әлдеқашан өткен, нашар үйренген, ұмытылып қалған материалды игерілген деп есептеу қателік. Бұл жағдайда ережені сақтау көрінісі ғана пайда болады. Осы ережені физиологиялық негіз деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет