Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет74/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Қимыл-қозғалыстарға үйретудің қандай дидактикалық принциптерін білесіз?


2.Дене шынықтыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдерге сипаттаңыз.
3.Әдістерді жіктеңіз (көрнекілік, сөйлесу, тәжірибелік, жарыстық, проблемалық, оқыту және тәрбие әдістері).
4. «Оқыту», «тәрбиелеу», «дамыту» ұғымдары және олардың бірлігі туралы не айтар едіңіз?
5.Қандай жалпы педагогикалық принциптерді білесіз?
6.Оқыту әдістері және тәсілдеріне анықтама беріңіз.
7.Оқыту әдістердің жіктелу және оны мектепке дейінгі тәрбиеде қалай қолдануға болады? Ой-тұжырымыңыз.


10- дәріс. Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру


Дәріс жоспары
1.Қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгерту және оларды оқыту процесінде балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру заңдылықтары
2.Сана мен эмоцияның рөлі
3.Тапсырманы алға қоюдың, іс-әрекет мотивтерінің, психологиялық бағдардың әсері
3. Балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға музыканың әсері
4.Дене жаттығулары. Дене жаттығуларына үйрету кезеңдері мен әдістемесі


Негізгі әдебиеттер:

  1. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».

  2. А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011

  3. Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000

  4. «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл

  2. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008

  3. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Үйрету процесiнде балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру заңдылықтары. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру процесі оларды мектептегі жылдарда одан әрі дамыту және жетілдіру үшін іргетас болып табылады. Бұл заңды процесс үш сатыға бөлінеді.
Бірінші саты-бастапқы іскерлікті қалыптастыру-балалар жаңа қимыл-қозғалыстармен танысатын кездегі уақыт жөнінен қысқа сатыға ми қыртысында қозу процесінің кең иррадиациялануы және ішкі тежелістің жетімсіздігі тән. Осыған байланысты балалардың қимыл-қозғалыстарында сенімсіздік, бұлшық еттердің жалпы жиырылғыштығы, артық қимыл-қозғалыстардың болуы, кеңістікті және уақытты дұрыс бағдарламайтыны байқалады. Бұл қозудың иррадиациялағыш процесінің қимыл-қозғалыстық анализатордың басқа орталықтарына да тарауы салдарынан болып жатады.
Екінші саты – уақыт жөнінен әлдеқайда ұзақ. Ол шартты рефлекстік мамандандырылу процесімен айрықшаланады. Осы саты барысында балалардың дағдысының дамуы қайталау жаттығулары ыңғайында үйреніп жүрген қимыл-қозғалыстардың дұрыстығы бірте-бірте жақсара түседі. Бұл жеке қимыл-қозғалыстық рефлекстерді және олардың жүйесін тұтас нығайтудан болып жатады. Екінші сатыға қозу процестерінің тарауын шектейтін ішкі сараланған тежелістің бірте-бірте дамуы, екінші сигналдық жүйе рөлінің артуы тән. Осыған байланысты бала міндеттер мен өз әрекеттерін санаға молынан сіңіргендігін көрсетеді. Дегенмен, бұл сатыда қимыл-қозғалыс дағдылардың құрылуы толқынды түрде өтеді. Бұл әрекеттің жақсаруы немесе нашарлауының кезектесіп келуінен көрінеді. Зерттеулер үйрету кезіндегі қимыл-қозғалыс сатысының жалпы ілгерілеу процесінде мұндай ауытқулардың үйретудің алғашқы кезінде болатындығын көрсетті. Қимыл-қозғалыстық іскерліктердің барған сайын нығайып, жетілуіне қарай ми қыртысында уақытша байланыстардың күрделі жүйесі - динамикалық стереотип пайда болады.
Үшінші саты – әрекеттің негізгі нұсқасына сай дағдының тұрақтануы, динамикалық стереотиптің нығаюы. Бала дағдыны меңгереді. Оның қимыл-қозғалыстары екінші сигналдық жүйенің жетекші рөлінің арқасында ықтиярлы, үнемді, еркін, жеткілікті мөлшерде дәл бола түседі. Ол әрекетті оның негізгі міндетін жете түсіне отырып, өз бетімен және сенімді атқарады, пайда болған нақты жағдайда (ойындық және өмірлік) қалыптасқан дағдыны шығармашылықпен қолдана алады. Мұнымен бірге дағды дамуының осы сатысында қимыл-қозғалыстық әртүрлі нұсқалармен сәйкес қосымша қимыл-қозғалыс реакциялар қалыптасады. Қимыл-қозғалыс дағдылар өзара әрекеттес болуы мүмкін. Бұрын игерілген дағды тасымалдану механизмі бойынша жаңа іскерлік немесе дағдының пайда болуына көмектесе алады. Tасымал мәні - тәсілдер немесе амалдарды жаңа объектілерге, процестерге (коньки тебу - роликті коньки тебу) қолдануда. Дағдыны тасымалдаудың қажетті шарты - белгілі бір әрекетті орындау элементтерінің, олардың құрылымының ұқсастығы, орындаудың жалпы принциптерін жете түсіну болып табылады. Мұндай жағдайда бала өзінде бар тәжірибе мен іскерлікке сүйеніп, жаңа дағдыны тезірек меңгереді. Мұндай кезде қимыл-қозғалыс актілердің басты фазаларының ұқсастығы міндетті шарт болуы тиіс (мысалы, гимнастикада). Айтылған тасымал жақсы жағынан анықталады.
Дағдылар ұқсастығы олардың дайындық фазалары үшін тән, бірақ бұдан кейінгілері, әсіресе, бастылары арасында айырмашылық болса, кері өзара әрекеттесу - қимыл-қозғалыс актілерді меңгеруге жәрдемдеспейтін кері тасымал немесе интерференция тууы мүмкін. Дағдылар интерференциясының бір себебі - жаңа дағды пайда болуы кезінде кейін туғандарымен салыстырғанда, бұрынырақ пайда болған уақытша байланыстардың беріктігі бо­луы мүмкін. Сонымен бірге интерференцияның себебі жаңа әрекеттерде әр әрекеттің өзіндік ерекшеліктерін ажыратуға кедергі жасайтын бұрынғы әрекеттермен бірқатар ортақ компоненттердің сақталуы мүмкін. Күрделі қимыл-қозғалыс актілерін меңгеруге туа біткен автоматизмдер әсерін тигізуі мүмкін. Мәселен, дағдыны меңгеруге жүру, жүгіру т.б. сияқты әрекеттердің табиғи негізі болып табылатын туа біткен қарама-қарсы үйлесімділік жақсы әсерін тигізеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет