Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Төзімділік және оны дамыту әдістері



бет87/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Төзімділік және оны дамыту әдістері
Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз. Адамның берілген қарқынды әрекетке және болдыруға қарсылық ете алу уақытын төзімділік өлшемі деп атаймыз. Төзімділікті анықтаудың, түзу және жанама деген екі әдісі бар. Түзу әдісінде сыналатын спортшыға бір тапсырма беріледі де (мысалы, велоэргометрмен жұмыс істеу, стадионды айналып жүгіру, т.с.с), сол жұмыстың орындалған уақыты анықталады. Жанама жолмен төзімділікті ұзақ қашықтыққа (500,1000,3000 м.) жүгіру уақыты немесе белгілі уақытта бір жұмысты орындаумен анықтайды. Төзімділіктің екі: жалпы және арнайы түрі бар. Жалпы төзімділіктің сипаты-спортшының ұзақ уақытқа, жай қарқынды, бұлшық ет топтарының көпшілігін қатыстыра жұмыс істей алу қабілеттілігі (жүгіру, шаңғы тебу, ескек есу т.с.с.). Жалпы төзімділіктің физиологиялық негізі - адамның аэробты (тыныс алу деңгейін жоғары дамыту және сол деңгейді ұзақ уақыт ұстап тұра алу қабілеттілігі) мүмкіндігі. Белгілі әрекетке арналған спорт түріне бейімделген төзімділікті арнайы төзімділік дейміз. Мысалы, палуанның арнайы төзімділігі, шаңғышының арнайы төзімділігі, т.с.с. Арнайы төзімділіктің: шапшаңдық төзімділігі, күш төзімділігі, шапшаңдық күш төзімділігі, статикалық күш төзімділігі және аралас төзімділік сияқты көптеген түрлері бар. Жұмысты энергиямен қамтамасыз етуде аэробты, анаэробты және аралас (аэробты - анаэробты) деген төзімділіктің үш түрі бар. Аэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері. Аэробты төзімділіктің физиологиялық негізі, ол оттегін жұмыс күшіне сәйкес пайдалану немесе "дем жетімсіздігінің пайда болмауы". Аэробты төзімділікті дамытқанда үш негізгі міндетті орындаймыз:
1.Тыныс алу деңгейін жоғары дамыту.
2.Сол деңгейді ұзақ уақыт ұстау қабілеттілігін дамыту.
3.Тыныс алу процестерін тез өрістетуді жоғары шамаға көтеру.
Қалыпты күшпен ұзақ уақыт орындалған циклді (жүгіру, ескек есу т.б.) және ациклді (күрестегі лақтырулар т.б.) жаттығулар, тыныс, жүрек-қан тамыры жүйелерінің өнімділігін арттырады, аэробты төзімділікті дамыту амалдары табылады. Аэробты төзімділікті дамыту үшін стандартты үздіксіз, интервалды күш түсіру, қатаң тәртіп жаттығулары қолданылады.
Стандартты үздіксіз жаттығулар әдісі. Жаттығуды орындау уақыты интервалы 30 минутқа дейін, жүрек соғу жиілігі жұмыс кезінде минутына 150-170 рет. Осындай жаттығуларды орындау тәртібі жүректің соғу шамасын, тыныс алу деңгейін көтеруге көмектеседі. Бұл әдіс төзімділікті дамытудың бастапқы кезеңдерінде пайдаланылады.
Интервалды жаттығу әдісі. Бұл жаттықгыруды жүргізу, жүрек қызметінің мүмкіншіліктерін арттыруға бағытталған. Интервалды жаттықтыру кезінде жұмыс ұзақтығы 1-ден 3 минутқа дейін, күш түсіру қарқыны минутына 170-180 рет, тынығу ұзақтығы 45-90 секунд. Жаттығуды орындау ұзақтығы, жаттығушының дайындығына байланысты беріледі.


Анаэробты төзімділікті дамытудын амалдары мен әдістері. Анаэробты төзімділікті жаттықтыру анаэробты жағдайдағы жұмысты энергиямен қамтамасыз етудің екі негізі – алактатты және лактатты жолмен жұмыс қуаты деңгейін көтеруге бағытталған. Шегіне дейінгі және шегіне жақын күшпен орындалған, циклді немесе ациклді сипаттағы жаттығулар қолданылады.
Алактаттық төзімділікті арттыру үшін ұзақтығы 5-тен 10 секундқа дейінгі (мысалы, 30-70 метр жүгіру, т.б.) қатты қарқында орындалатын жаттығулар қолданылады. Тынығу аралығы 20-30 минут. Креатинфосфаттың қоры бұлшық еттерде өте аз, 3-4 әрекетке ғана жетеді, соңынан 7-10 минут тынығу қажет. Бір сабақта 4-5 серия орындалады. Қарқыны жұмыс шегі не 85-95 пайызға жетпей ұзақтығы 20 секундтан 2 минутке дейінгі (мысалы, 200- 600 метр жүгіру) жаттығуды орындау кезінде лактатты төзімділік дамиды. Қайталау арасындағы тынығу 20-40 секунд. Тез арада болдыру өрістейтіндіктен серияда қайталау саны 3-5 реттен аспайды. Орындайтын серия саны жаттығушының функционалды дайындығына байланысты 4-тен 10-ға дейін ауытқиды. Серия арасындағы тынығу 15-20 минут. Анаэробты сипаттағы ауырпалықты тиімді пайдалану бұлшық еттегі креатинфосфаттың гликогеннің көбеюіне, ферментті ауысу белсенділігі, гликолиздің қарқын белсенділігі өсуіне көмектеседі. Анаэробты төзімділікті дамыту организмнің алу (аэробты) мүмкіншілігіне байланысты. Ол неғұрлым жоғары болса, спортшы анаэробты жүктемеден кейін соғұрлым тез қалпына келеді. Дене тәрбиесі тәжірибесінде көптеген жаттығулар араласқан (аэробты, анаэробты) тәртіпте орындалады. Сондықтан да бірінші аэробты, сонан соң анаэробты төзімділікті дамыту қажет (гликолектикті, сонан соң креатин-фосфаты). Сонымен, төзімділік дегеніміз қандай да бір іс-әрекетте шаршауға карсы тұратын қабілет. Төзімділік жүйке орталықтарының функциялық тұрақтылығымен, қорғаушы аппарат пен ішкі органдар қызметінің үйлесімімен айқындалады (A.Н.Кре­стовников). Мектепке дейінгі жаста организмнің күш-қуат ресурстары жасқа қарай дамуға жұмсалады, сондықтан өте ауыр күш түсіру өсу процесіне зиянын тигізеді. Баланың бойында жалпы төзімдіділікті, яғни организмнің негізгі жүйелерінің қызметін арттыратын, баяу интенсивті ұзаққа созылған жұмыстағы төзімділікті біртіндеп қалыптастыру керек. Қызметтің сан алуан түрлері шаршаудың сан алуан түрлерін-ой қызметінің, сезіммен байланысты қызметін, эмоция қызметінің, дене күші қызметінің шаршауын туғызады. Кез келген қызмет қандай да дәрежеде шаршаудың тиісті компоненттерін туғызуы мүмкін, алайда, дене тәрбиесі процесінде бұлшық ет қызметімен байланысты дене күшінің шаршауы неғұрлым зор маңызға ие. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасында» баяу және бір қалыпты қарқында велосипедпен жүру, жүзу жүзеге асырылады. Орындалатын жаттығулардың көлемін, интенсивтілігін және ұзақтығын әр топта арттыру (жүру, жүгіру, секіру және т.б.), қимыл-қозғалысты ойындарда олардың ұзақтығын арттыру, қимылдау тапсырмаларын күрделендіру жолымен жалпы төзімділікке біртіндеп тәрбиелеуді көздейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы төзімділік көрсетудегі мүмкіндіктері мол. Балаларда бұл қасиеттің даму деңгейі олардың жасына, жынысы мен әзірлік дәрежесіне байланысты.
В.Г.Фроловтың деректеріне қарағанда, жалпы төзімділікке тәрбиелеу үшін орташа жылдамдықпен жүгіру, асықпай баяу жүгіру, ұзақ уақыт ырғу және секіру тиімді болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды төзімділікке тәрбиелеудің негізгі формасы таза ауада жүйелі түрде жаттығу өткізу болып табылады, оның негізгі мазмұны 2-3 қимыл ойынынан тұрады. Бұл ойындарда уақыттың жартысы жүрумен, денені дамытатын жалпы жаттығулармен, секірумен және лақтырумен кезектесетін жүгіруге бөлінеді. Төзімділікке тәрбиелеу спорттық жаттығулар процесінде (шаңғымен жүру, велосипедпен жүру, жүзу) жүзеге асырылады. Ал, бастауыш кластарда төзімділікті дамытқанда организмнің анаэробты мүмкіншілігіне үлкен талаптар қоймайтын, бірқалыпты және ауыспалы қарқында орындалатын жаттығулар қолданылады. Олар: ұзақ және қатты қарқында орындалатын қозғалмалы ойындар, біртіндеп ұзаратын қашықтыққа жүгіру (300, 500, 700, 1000 м), екі километр жүгіру мен жүруді алмастыру, т.с.с. Орта сыныптарда қарқынды жүгіруге көп маңыз беріледі (200-400 метр). Ақырын және орта қарқында жүруді алмастырып 2-3 шақырымға жүгіруге көп маңыз беріледі (200-400 метр) шақырымға жүгіру, шаңғымен 3-5 шақырымға жүру. Жоғары мектеп оқушыларына кросс дайындықтары 3-5 шақырымға жүгіру өзгермелі және қайталап жүгіру, т.б. жаттығулар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет