Көркем - технологиялық тәсіл. Бұл бейнелеу өнерінің материалдары, құралдары, заңдары мен ережелері туралы білімдерін пайдалану, жобалау және модельдеу және шығармашылық объектілерді дайындаудың технологиялық бірізділігін таңдау мәселелерін шешуге бағытталған оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі АКТ-ның негізгі дағдыларына негізделген, қарым-қатынас үшін технологияны дұрыс және шығармашылықпен пайдалануды қамтиды.
Бұл тәсілдерді іске асыру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- оқушылардың пікіріне құрметпен қарау, олардың бойында бар құзыреттіліктерді одан әрі дамыту үшін пайдаланудың маңыздылығын мойындау;
мұқият таңдалған іс-әрекеттер мен тапсырмалар арқылы жүзеге асырылатын дамытушы және ынталандырушы оқыту;
оқушыларға түсінікті мысалдар арқылы мәселелерді шешу стратегияларын құру;
оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
шығармашылық орта құру мақсатында оқытуды саралау;
пәнаралық байланысты қолдау;
шығармашылық әрекет процесіне белсенді қатысу: оқу процесінде шығармашылық жұмысты зерттеу, бақылау, құру, бағалау және талдау;
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту;
оқушылардың шығармашылық жұмыстарының презентациясы (демонстрациясы), одан әрі шығармашылық белсенділікті ынталандыру.
«Бейнелеу өнері» оқу пәнін меңгерудің жоспарланған нәтижелері
Жалпы бастауыш білім беру деңгейінде:
Жеке нәтижелер оқушылардың жұмыс жасау процестерінде сапалық қасиеттерін көрсетеді.
«Бейнелеу өнері» бағдарламасы бойынша оқу пәнін меңгеру:
Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне деген мақтаныш сезімі;
еліміздің және әлемнің басқа халықтарының мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарау;
әрбір жеке адамның және жалпы қоғамның өміріндегі мәдениет пен өнердің ерекше рөлін түсіну;
-көркем-шығармашылық ойлау, байқау және қиял, эстетикалық сезім қалыптастыру;
-қажеттіліктердің қалыптасуы, табиғатпен қарым-қатынаста, қоршаған әлеммен еркіндікті сезіну арқылы өнерде орын алады;
мұғалімнің басшылығымен бірлескен ұжымдық және топтық іс-әрекет дағдыларын шығармашылық жұмыс процесінде меңгеру;
шығармашылық міндеттер оқушының көркемдік құралдары тұрғысынан белгілі бір тақырыпта сыныптастарының жұмысын талдау және талқылау қабілеті қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |