Метапәндік нәтижелер оқушылардың танымдық және практикалық шығармашылық іс-әрекеттегі әмбебап қабілеттерінің қалыптасу деңгейін сипаттайды:
салыстыру, талдау, негізгі нәрсені бөліп көрсету, жалпылау;
ұжымдық шығармашылық жұмысты орындау барысында диалог жүргізу, функциялар мен рөлдерді бөлу қабілетін меңгеру;
қосымша бейнелеу материалдарын іздеу барысында, шығармашылық жобалар мен жеке шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану;
қойылған міндетке сәйкес оқу іс-әрекеттерін сауатты жоспарлай және әр түрлі көркем-шығармашылық міндеттерді жүзеге асыра білу, шешім нұсқаларын таба білу;
өзіндік шығармашылық қызметті тиімді жоспарлай білу, жұмыс орнын ұйымдастыра білу;
жаңа білім мен дағдыларды игеруге және терең шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге саналы түрде ұмтылу.
Пәндік нәтижелер- оқу пәнін игеру барысында оқушылардың көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттегі алған тәжірибесін сипаттайды:
көркем іс-әрекет түрлерін білу: бейнелеу (кескіндеме, графика, мүсін), конструктивтік (дизайн және сәулет),
сәндік (халықтық және қолданбалы өнер түрлері);
бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын білу;
қоршаған әлем оқиғалары мен табиғи құбылыстарға эстетикалық баға беру;
-жұмысты орындау барысында шығармашылық дағдылар мен білім дағдыларын қолдану;
-өз пікірін білдіре отырып, өнер туындыларын талқылау және талдау қабілеті;
қоршаған өмірдегі өнер көріністерін көре білу;
шығармашылық қызметте түрлі көркем материалдар мен көркем техниканы пайдалану қабілеті;
шығармашылық қызметте эмоционалды жағдайларды және табиғатқа, адамдарға және қоғамға деген көзқарасын жеткізе білу;
жазықтықта көркем бейнені құрастыру қабілеті;
түстану негіздерін, композиция негіздерін, перспективаларды, графикалық және кескіндемелік сауаттылықты қолдану біліктерін игеру;
қағаздан, картоннан, пластилиннен, саздан модельдеу дағдыларын, аппликация және коллаж құралдарымен бейнелеу дағдыларын меңгеру;
Достарыңызбен бөлісу: |