Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет129/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

26. «АБАЙ МЕКТЕПТЕРІ» ЖЕЛІСІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ- ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ




    1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 5-11-сыныптарда
«Қазақ әдебиеті» пәні міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнінен сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан сыныптарды топтарға бөлу қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі.

    1. Үлгілік оқу жоспары туралы

«Абай мектептері» желісіндегі оқу процесі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қаңтарда № 26658 болып тіркелді) Үлгілік оқу жоспарларымен жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болады (26.1-кесте).


26.1-кесте. 5-11-cыныптарда «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі

Сынып


Оқу пәнінің атауы

Үлгілік оқу жоспары (негізгі)

Апталық

Жылдық

5

Қазақ тілі

3

108

6

Қазақ тілі

3

108

7

Қазақ тілі

3

108

8

Қазақ тілі

4

144

9

Қазақ тілі

4

144

10

Қазақ тілі

4

144

11

Қазақ тілі

4

144

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес негізгі және жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі көрсетілген (26.2-кесте).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет