Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет53/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

4. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сай бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
Бұйрықтың 2-тарауына тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға сәйкес:
9. БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.
БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.

  1. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

  2. БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.

21-тармаққа сәйкес тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.
Төмендегі кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) саны көрсетілген (6.3 -кесте).

6.3 -кесте. «Қазақ тілі » пәні бойынша жиынтық бағалау саны








Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу

Сынып







жүктемесімен)

1-
тоқсан

2-
тоқсан

3-
тоқсан

4-
тоқсан

1-
тоқсан

2-
тоқсан

3-
тоқсан

4-
тоқсан

5

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

6

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

7

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

8

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

9

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

10(ҚГБ)

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

10(ЖМБ)

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

11 (ҚГБ)

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

11(ЖМБ)

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды. Білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.


«Қазақ тілі» пәні (жаратылыстану-математикалық бағыт) бойынша жиынтық бағалау саны «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 11-тармағына сәйкес «Қазақ тілі» пәнінен (жаратылыстану- математикалық бағыт аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).
13-тармағына сәйкес Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге болмайды. ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейді. Бір оқу пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді.
9-сынып білім алушыларына қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша ұсынымдар:
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығының 39-тармағында былай көрсетіледі: «9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан,
гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе)».
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау білім мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-тан күтілетін нәтижелермен анықталады. 11-сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтиханын өткізу
туралы
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 41-1-тармағына сәйкес: «11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан» деп көрсетіледі.
5 Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары
Элективті курстар мазмұнына білім алушыларға «Қазақ тілі» пәнінен берілетін білім мазмұны функционалды сауаттылыққа негізделе отырып, коммуникативтік тілдік қарым-қатынасқа кез келген уақытта, кез келген жағдайда еркін, ойын ашық та түсінікті, нақты жеткізе алатындай дәрежеде оқыту жатады. Яғни оқушы алған білімін өмірде қолдана алатындай дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар, ұлтының салт-дәстүрін, ділін, дінін, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді бала бойына сіңіруге бағытталған тақырыптар алынып, сол бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ тілі» пәні бойынша жүргізілетін элективті курсқа төмендегідей тақырыптар ұсынылады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет