Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Пәндер бойынша БЖБ және ТЖБ өткізу кестесі



бет142/155
Дата01.03.2024
өлшемі1.59 Mb.
#493424
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   155
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

Пәндер бойынша БЖБ және ТЖБ өткізу кестесі:


Оқытудың барлық түрлері үшін Оқу жоспарында аптасына 1,5 сағат, яғни жылына 54 сағат бөлінген пәндер
Егер кестеде 1 жартыжылдықта 1 сағат, 2 жарты жылдықта 2 сағат болса, онда БЖБ мен ТЖБ төмендегі сызбаға сәйкес жүргізіледі:









1 БЖБ







1 ТЖБ




2 жартыжылдық бағасы

1 жартыжылдық бағасы
287
Оқытудың барлық түрлері үшін Оқу жоспарында аптасына 1,5 сағат, яғни жылына 54 сағат бөлінген пәндер
Егер кестеде 1 жартыжылдықта 2 сағат, 2 жарты жылдықта 1 сағат болса, онда БЖБ мен ТЖБ төмендегі сызбаға сәйкес жүргізіледі:







1 БЖБ










1 ТЖБ







1 жартыжылдық бағасы





1 БЖБ










2 жарты- жылдық бағасы





1 БЖБ


1 БЖБ











1 БЖБ







1 ТЖБ




1 БЖБ







1 ТЖБ



Білім алушыларды күндізгі оқу нысаны бойынша аттестаттау – тоқсан бойынша, сырттай оқу нысаны бойынша білім алушыларды аттестаттау – жартыжылдық, білім алушыларды жеке сырттай оқу нысаны бойынша аттестаттау – жартыжылдықта жүзеге асырылады.
Экстернат нысанында оқытудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген экстернат нысанында оқыту қағидалары «Экстернат нысанында оқыту және Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22
қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген (2020 жылғы 29 мамырдағы № 225 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
Экстернат нысанында оқыту қағидалары негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту тәртібін айқындайды:

  1. Экстернат нысанында оқытуды әрбір жалпы білім беретін мектепте жеке ұйымдастыру ұсынылады.

  2. Ережелерде көрсетілген санаттарға сәйкес мектепке экстерн қабылдау ұсынылады. Қандай да бір шектеулердің жоқтығына қарамастан, барлық білім алушылар экстернат арқылы білім ала алмайды. Бірінші кезекте бұл оқытудың осы түрінің ерекшелігіне байланысты.

Кешкі мектеп 18 жасқа толған, ҚР аумағында тұратын, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін, бірақ қандай да бір себептермен орта білім алмаған және күндізгі, сырттай, жеке, қашықтықтан оқыту нысандары бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ адамдарды экстернат нысанында оқыту үшін шешімді дербес қабылдайды.
Кешкі мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Кешкі мектепте тәрбие жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

  2. Рухани-танымдық тәрбие.

  3. Ұлттық тәрбие.

  4. Отбасылық тәрбие.

  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.

  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Оқу пәні бойынша мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде қаралатын тақырыптар:

  1. «Білім беру үдерісін модернизациялаудың маңызды шарты ретінде оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту».

  2. «Үлгерімі нашар оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін жобалық қызметті пайдалану процесінде мұғалімдердің сабақтағы және сабақтан тыс іс-әрекетінің байланысы».

  3. «Сабақта тиімді технологияларды қолдану».

  4. «Ақпараттық-коммуникациялық ресурстарды пайдалану кезінде тәрбие және білім беру процесінің тиімділігін арттыру».

  5. «Кешкі мектеп жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту».

  6. «Жобалау-зерттеу технологиясы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде».

  7. «Кешкі мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде тұлғалық-бағдарлы

әдіс».



Арнайы мектептерде / сыныптарда оқу-тәрбие процесін қамтамасыз етудің негізгі нормативтік-құқықтық актілері
2022-2023 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру кезінде арнайы мектептер Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарын басшылыққа алуы және оқу процесін мынадай нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
– «Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 жылғы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулармен 28.08. 2020 жылғы № 372);

  • «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар 26.01.2022 жылғы № 25);

  • «Жаңартылған мазмұн бойынша бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін, жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім беру үшін үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 03.04. 2013 жылғы №115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулармен 20.09.2017 жылғы № 352 бұйрығы, 20.09.2018 жылғы № 469 бұйрығы, 05.04. 2020 жылғы № 51

бұйрығы, 01.04. 2022 жылғы № 123 бұйрығы);

  • «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 30.10.2018 жылғы № 595 бұйрығына 29.12.2018 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен 2021 жылғы № 614);

  • «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 жылғы № 70 өзгерістер мен толықтырулармен 29.12.2017 жылғы № 662);

  • Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау ережелері (ҚР Білім және ғылым министрінің 12.01. 2022 жылғы № 4 бұйрығы);

  • Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау ережесі (ҚР Білім және ғылым министрінің 12.01. 2022 жылғы № 6 бұйрығы);

  • Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы (ҚР Білім және ғылым министрінің

    1. 2015 жылғы № 39 бұйрығына өзгертулермен және толықтырулармен

16.05. 2018 жылғы № 210).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет