Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс төрағасы



бет2/3
Дата26.10.2022
өлшемі0.71 Mb.
#463396
1   2   3
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс төрағасы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ АППАРАТЫ)»
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ДЕПАРТАМЕНТ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СУДОВ ПРИ
ВЕРХОВНОМ СУДЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (АППАРАТ ВЕРХОВНОГО СУДА
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН)»




010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы,
Д. Қонаев көшесі, №39 үй, тел: 8 (7172) 71-00-00;
факс: 8 (7172) 71-03-14; email: vsrk@sud.kz






010000, г. Нур-Султан, левый берег реки Ишим,
ул. Д.Кунаева, дом 39, тел: 8 (7172) 71-00-00;
факс: 8 (7172) 71-03-14; email: vsrk@sud.kz

30.03.2021

№ 6001-21-5-11/1030





















Р.К.Сыдыковқа
Электрондық портал



Құрметті Ролан Керимбаевич!
Сіздің соттылық мерзімі аяқталмай, жұмыс орнына орналасу мәселесін қай заңның нормасына сілтеме беруді түсіндіру туралы өтінішхат қаралды.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 17 бабына сәйкес, Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндірулер беріп отырады.
Жоғарыда көзделген нормаға сай, жеке тұлғалардың арыздары бойынша қолданыстағы заңның ережелерін түсіндіру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзыретіне кірмейді.
Осыған орай, Сізге жергілікті заң консультанттар палатасына немесе қорғаушылар алқасына жүгінуге кеңес береміз.
Сот кеңсесі меңгерушісінің
орынбасары М.Кенжалиев


Орынд.:Е. Қ. Серікбаев
тел.: 8-7172-71-02-50



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ







МИНИСТЕРСТВО ТРУДА И СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ НАСЕЛЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН



010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы,8, Министрліктер үйі, 6-кіреберіс,
тел.: 7 (7172 ) 743603, факс: 7 (7172 ) 743603
e-mail: kense@enbek.gov.kz


010000, город Нур-Султан, проспект Мәңгілік ел,8, Дом Министерств, 6-подъезд,
тел.: 7 (7172 ) 743603, факс: 7 (7172 ) 743603
e-mail: kense@enbek.gov.kz

_______________
Р.К. Сыдыковқа
Түркістан облысы, Жетісай ауданы,
Ә. Оспанов ауылы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Сіздің хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.


Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әр кімнің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды.
Кодекстің 26- бабының 1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен еңбек шартын жасасуына жол берілмейді.
Алайда, 2014 жылы 31 наурыздағы Оңтүстік-Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық соты Сізді ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы 3-бөлігі «г» тармағы яғни, алаяқтық бойынша үш жылға бас бостандығынан айыру және білім беру саласында белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге жұмыс істеуге шектеу қойылған.
Осыған байланысты, егер Сіз жоғарыда айтылған жазаларды толық өтеп болсаңыз, онда білім беру саласында жұмыс істеуге кедергі жоқ деп санаймыз.
Сонымен қатар, Сізге колледжге немесе мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасу кезінде Кодекстің 26-бабының 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына басшылыққа алу қажет.
Егер, Сіз осы жауаппен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет