Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарына



Дата16.06.2016
өлшемі23.66 Kb.
#139972
2014 жылғы 28 шілде N 17-55/3394

Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің

депутаттарына
2014 жылгы 25 маусымдагы№ ДС-160


Құрметті депутаттар!
Сіздердің мемлекеттік және коммуналдық меншік ұйымдарын жеке секторға беру мәселелеріне қатысты сауалыңызды қарап, мынаны хабарлаймыз.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын (бұдан әрі - Кешенді жоспар) қабылдады, оны іске асыру ел экономикасына мемлекеттің қатысуын қысқаруға және жеке сектордың үлесін ұлғайту есебінен оның тиімділігін арттыруға бағытталған.

Меншіктің қүрамы мен құрылымын оңтайландыру жолымен басқарудың тиімділігін арттыру, білім мен жаңа технологияларды трансферттеу үшін шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ компанияларды жеке секторға сату жолымен табыстарды барынша көбейту Кешенді жоспардың мақсаттарының бірі болып табылады.

Осыған байланысты, Сараптама тобы орталық жэне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекеттік жэне коммуналдық меншік ұйымдарын жеке секторға беру ұсыныстарын әзірледі, бәсекелес ортаға беруге ұсынылған осы ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жұмысын жүргізіп, ол Үкіметтің а.ж. 30 сәуірдегі № 429 қаулысымен бекітілді.

Бұл ретте, бәсекелес ортаға берілетін объектінің қызмет бейінін сақтап қалу, сондай-ақ оны кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігі объектілерді іске асырудың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.

Жалпы, квазимемлекеттік сектордың 782 ұйымы бәсекелес ортаға ауысады, 380-і қайта ұйымдастырылады немесе таратылады.

Жекешелендіруге жататын объектілердің тізбесі www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланған.

Айқындылық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында Жекешелендіру жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері енгізілді.

Бұдан басқа, Қаржы министрлігінің жанында мүлікті сату жөніндегі бірыңғай электрондық алаң құрылып, онда алғашқы сатулар ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларына межеленген. Қазіргі уақытта іске асырылатын мүлікті бағалау аяқталуда.

Объектінің нарықтық бағасын тәуелсіз бағалаушылар анықтайды, оларды таңдау «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға сәйкес конкурстық негізде және тек электрондық түрде ғана жүргізіледі.



Жекешелендіруге жататын ұйымдардың объектілерінің құны, болжалды түсімдері мен қаржылық көрсеткіштері және сауалда көрсетілген өзге де мәселелер туралы нақты ақпаратты Сіздерге Қаржы министрлігі мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түсетін материалдарды жинау мен өңдеудің аяқталуына байланысты жіберетін әрі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастыратын болады.



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі


К. Мәсімов


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет